Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 67
қаулысына
сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелерін бекіту туралы" N 48/5
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді мүліктік жалға беру ережелеріндегі:
3-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық иелігіндегі немесе жедел басқаруындағы мүліктерді, соның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру, мына жағдайлардан басқа, тендерлік негізде жүзеге асырылады:
1) облыс әкімдігінің жекелеген қаулылары негізінде жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңыздағы объектілерін мүліктік жалға беру;
2) алаңы 100 ш.м., орындарды, баланстық құны төменгі есептік көрсеткішінен 150-еседен аспайтын құралдар мен оқу орындарын, спорттық мекемелерді, мәдени және бос уақытты өткізу ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми ұйымдарды мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкілетті органның жазбаша келісімімен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін көп дегенде бір ай мерзімге беру."
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жалға алған мүлікті пайдаланғаны үшін ақшалай ақы төленеді.
Жалдау ақысының есептік мөлшері аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және уәкілетті органның келісімі бойынша жалға беруші бекітеді."
6-тармақтың екінші азат жолындағы "уәкілетті органның келісуімен" деген сөздер "мемлекеттік басқару органымен келістіргеннен кейін және уәкілетті органның жазбаша келісімінен кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тендерлік комиссия жалға берушінің және уәкілетті органның өкілдерінен құралады. Тендерлік комиссияның құрамына сондай-ақ жалға берушінің мемлекеттік басқару органының өкілдері және өзге де мүдделі ұйымдар қосылуы мүмкін."
16-тармақтың 2) тармақшасы "және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі көлемінде (осы Ереженің 3-1 тармағына сәйкес жалға беруші бекіткен есептік көрсеткіштен кем болмайтын);" деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақ "бір өтінімнен" деген сөздерден кейін "(екінші және кейінгі тендерлерді есепке алмағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
46-тармақта "мен уәкілетті органға" деген сөздер "және мемлекеттік басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С. Демеуовке жүктелсін.
Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов