Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 70/4 қаулысымен.
Ескерту. Атауына өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 131/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi N 1095
қаулысымен
мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамаларын» жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру Ережелерiн бекiту туралы" N 336
қаулысына
сәйкес облыс әкiмияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi мүлiктiк жалға берудiң қоса берiлiп отырған нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) бекiтiлсiн.
<*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi және коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың уәкiлеттi органдары шаруашылық иелену немесе жедел басқару құқығында коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға берген кезде ведомстволық қарамағындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың осы қаулымен бекiтiлген Нұсқаулық сақтауларын қамтамасыз етсiн.
<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
3. Облыс коммуналдық меншiк департаментi ұйымдарды беру мен мемлекеттiк мекемелердiң коммуналдық меншiкке жататын мүлiктерiн сатып алу құқығынсыз жалға немесе сенiмдi басқаруға берудi реттейтiн ережелердi дайындасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Н. Оспановқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 7 тамыздағы
N 48/5 қаулысымен бекiтiлдi
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi мүлiктiк жалға беру бойынша Нұсқаулық <*>
Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 131/3 қаулысымен.
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру Ережелерiн бекiту туралы" N 336
қаулысына
, Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексiне
, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық кесiмдерiне сәйкес дайындалды және коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, мүлiктiк жалға берудiң ерекшелiктерiн реттейдi.
<*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
2. Осы Нұсқаулық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру тәртiбiн анықтайды.
<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
3. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру, мына жағдайлардан басқа, тендерлiк негiзде жүзеге асырылады:
1) облыс әкімдігінің жекелеген қаулылары негізінде жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңыздағы объектілерін мүліктік жалға беру;
2) алаңы 15 шаршы метрге дейiн, орындарды, баланстық құны төменгі есептік көрсеткішінен 150-еседен аспайтын құралдар мен оқу орындарын, спорттық мекемелерді, мәдени және бос уақытты өткізу ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми ұйымдарды мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкілетті органның жазбаша келісімімен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер мен спорттық іс-шаралар өткізу үшін көп дегенде бір ай мерзімге беру.
<*>
Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 208/9
қаулысымен
; 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулыларымен.
3-1. Жалға алған мүлікті пайдаланғаны үшін ақшалай ақы төленеді.
Жалдау ақысының есептік мөлшері аймақтық жағдайларды ескере отырып анықталады және уәкілетті органның келісімі бойынша жалға беруші бекітеді. <*>
Ескерту. 3-1 тармағымен толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 208/9
қаулысымен
.
4. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн, мүлiктiк жалға беру кейiннен сатып алу құқығынсыз жүзеге асырылады.
5. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi, соның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға берерде, мемлекеттiк кәсiпорындар жалға берушiлер болып табылады.
6. Коммуналдық кәсiпорынның шаруашылық иелiгiндегi мүлiктi мүлiктiк жалға үш жылға дейiн мерзiмге беру туралы шешiмдi кәсiпорын өз бетiмен қабылдай алады.
Кәсiпорын коммуналдық кәсiпорынның шаруашылық иелiгiндегi мүлiктi, сол сияқты коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы мүлiктi мүлiктiк жалға үш жылдан артық мерзiмге берудi мемлекеттік басқару органымен келістіргеннен кейін және уәкілетті органның жазбаша келісімінен кейін iске асыра алады.
<*>
Ескерту. 6 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 208/9
қаулысымен
.
7. Жалға берушi мына функцияларды атқарады:
1) мүлiктi мүлiктiк жалға беру туралы, тендер өткiзу туралы шешiмдердi қабылдайды;
2) тендердiң өту мерзiмi мен өту орнын, оның шарттарын, сол сияқты тендер жеңiмпазын таңдаудың өлшемдерiн анықтайды;
3) тендер құжаттамасын бекiтедi;
4) тендерлiк комиссияны қалыптастырады;
5) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
6) тендерлiк комиссия мәжiлiстерiнiң хаттамаларын бекiтедi;
7) тендер жеңiмпазымен мүлiктiк жал шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
8) заңдық кесiмдермен бекiтiлген кейбiр жағдайлардан басқа, тендер аяқталысымен, оған қатысушылардың кепiлдiк жарналарын қайтарып бередi;
9) тендер өткiзуге қажет басқа да қызметтер.
8. Тендерлiк комиссия тендердi ұйымдастырушысы болып табылады немесе жалға берушi тендер ұйымдастырушысын өзi анықтайды.
9. Тендерлік комиссия жалға берушінің және уәкілетті органның өкілдерінен құралады. Тендерлік комиссияның құрамына сондай-ақ жалға берушінің мемлекеттік басқару органының өкілдері және өзге де мүдделі ұйымдар қосылуы мүмкін.
<*>
Ескерту. 9 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 208/9
қаулысымен
.
10. Тендерлiк комиссия мына қызметтердi атқарады:
1) тендерлiк құжаттамаларды және басқа тендердi жариялауүүшiн қажеттi құжаттарды дайындайды;
2) тендерге қатысушыларды тендерлiк құжаттамамен және тендер объектiсiмен таныстырады;
3) тендердiң өтуi жөнiнде хабарлама жариялайды;
4) қабылдау жүргiзедi, түскен өтiнiмдердi тiркейдi және сақтайды;
5) қабылдаудың және өтiнiмдердi тiркеудiң аяқталғаны жөнiнде хаттама дайындайды;
6) тендерлiк және басқа да қажеттi құжаттамаларды дайындау, өтiнiмдердi жинау мен талдау жұмыстарының барысында қажет жағдайда мамандар мен сарапшыларды қатыстырады;
7) тендер жеңiмпазын анықтайтын қорытындысы бар немесе тендер нәтижесi бойынша басқа шешiмдерi бар тендерлiк комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын ресiмдейдi.
11. Тендерлiк комиссияның шешiмдерi комиссия мүшелерiнiң дауыс беруi арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
12. Тендерлiк комиссияның мәжiлiсi тендерлiк комиссия мүшелерiнiң кем дегенде 2/3 қатысқан уақытта құқықты болып есептеледi.
13. Тендер ұйымдастырушысы жалға берушi анықтаған жағдайда ол тендерлiк комиссия қызметiнiң осы Нұсқаулықтың 10 тармағындағы 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетiлген бөлiктерiн орындайды.
<*>
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
14. Тендерлiк құжаттаманы дайындаудың нақты тәртiбiн, құрамы мен шарттарын жалға берушi анықтайды.
15. Тендердi ұйымдастырушы тендердiң өтуiне 15 күннен кем емес уақыт қалғанда қазақ және орыс тiлiндегi облыстық ресми баспаларда тендердiң өтуiне туралы хабарламаны жариялауды қамтамасыз етуi керек.
16. Тендердiң өтуi туралы хабарламада мыналар көрсетiледi:
1) жалға берушiнiң аты;
2) мүлiктiк жалға берудiң мерзiмi туралы ақпарат және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі көлемінде (осы Ереженің 3-1 тармағына сәйкес жалға беруші бекіткен есептік көрсеткіштен кем болмайтын);
<*>
3) тендердiң шарты мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерi жөнiндегi ақпарат;
4) тендер объектiсiне қысқаша мiнездеме;
5) тендерге қатысуды ресiмдеудiң тәртiбi туралы мәлiметтер;
6) тендерге қатысу үшiн қажет құжаттардың тiзбесi;
7) мүлiктiк жалдау келiсiмiн жасасу мерзiмi туралы ақпарат;
8) мекенжай, тендерлiк құжаттарды алу шарты мен мерзiмi және тендер объектiсiмен танысқаны туралы мәлiмет;
9) тендердiң өту орны, уақыты және күнi туралы мәлiмет,
10) өтiнiмдердi қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты, мерзiмi.
Ескерту. 16 тармақтың 2) тармақшасына өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 208/9
қаулысымен
.
17. Тендерлiк құжаттама тендерге қатысушының жазбаша сұранымы бойынша тендерлiк комиссия анықтаған тәртiпте толық жинақпен берiледi.
18. Тендерлiк құжаттама мына негiзгi бөлiмдерден тұруы керек:
1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
2) өтiнiмнiң мазмұны бойынша және онымен бiрге берiлетiн құжаттардың талаптары;
3) тендердiң өту тәртiбi мен шарты туралы мәлiметтер;
4) тендер жеңiмпазын таңдаудың өлшемдерi;
5) мүлiктiк жалдау келiсiмiнiң жобасы,
6) тендерге қатысуы туралы өтiнiмнiң түрi.
4. Тендерге қатысу үшiн өтiнiм
19. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген тұлға тендер объектiсiн көруге, сол сияқты тендердiң шарты мен өту тәртiбi туралы ақпарат алуға құқылы.
20. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген тұлға тендерлiк комиссияға мына құжаттарды ұсынуы керек:
1) тендерге қатысуына үмiткердiң келiсiмi және тендер шарттарын орындау жөнiндегi мiндеттерi, мүлiктiк жалдау келiсiмiн жасайтыны бар өтiнiмi;
2) нотариалды куәландырылған мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк пен жарғының көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн);
3) кепiлдiк жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсыр-масының көшiрмесi;
4) тендер шарты бойынша өз ұсыныстары (жабық конвертте);
5) ақпараттық хабарда көрсетiлген басқа да құжаттар.
21. Тендерге қатысу туралы өтiнiм тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптар мен шарттарға сай болуы керек. Өтiнiмдер қос бүктелiнген конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте мыналар болуы керек:
1) өтiнiмнiң өзi;
2) нотариалды куәландырылған мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк пен жарғының көшiрмесi (заңды тұлғаларүүшiн);
3) кепiлдiк жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсыр-масының көшiрмесi;
4) ақпараттық хабарда көрсетiлген басқа да құжаттар.
Iшкi конвертте үмiткердiң өз ұсыныстары болады. Өтiнiм берiлген сәтте iшкi конверт жабық болуы тиiс, оны үмiткердiң өзi ашады және тендер комиссиясына үмiткердiң өзi беруiне болады.
22. Өтiнiм қабылдауда тендерлiк комиссия iшкi конверттегiден басқа қажеттi құжаттардың барлығын тексередi. Егер құжаттар осы Нұсқаулықтың 21 тармағында көрсетiлген талапқа сай болмаса, тендерлiк комиссия дәл сол күнi оның өтiнiмiн қабылдау мен тiркеуiнен бас тарту себебiн көрсетiп, жазбаша түрде хабардар етедi.
<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
23. Барлық қажеттi құжаттар бар болған жағдайда тендерлiк комиссияның өтiнiмдi қабылдау уақытын көрсетiп тiркеуi мiндеттi. Мұнда iшкi конверт ашылмауы керек.
24. Тендерге қатысамын деп тiлек бiлдiрген тұлға өтiнiм қабылданғаннан кейiн, тендерге қатысушы болып есептеледi.
25. Тендерге қатысушы қосымша мәлiметтердi тегiн алуға, тендерге шығарылған объектi туралы нақтылауға құқықты.
26. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендердiң өтуi туралы ақпараттық хабардың жариялану күнiнен бастап, тендер өтуге қалған бiр күннiң 17 сағатына дейiн созылады. Бұл мерзiм аяқталғаннан кейiн құжаттар мен өтiнiмдердi қабылдау доғарылады.
27. Өтiнiмдердi қабылдау мен тiркеу аяқталған күнi тендерлiк комиссия өтiнiмдi қабылдау мен тiркеудiң аяқталғаны туралы хаттамаға қол қояды.
Өтiнiмдердi қабылдау мен тiркеудiң аяқталғаны туралы хаттамада мыналар болуы керек:
1) тендер объектiсi туралы мәлiметтер;
2) тiркелген өтiнiмдердiң саны мен тiзбесi;
3) қайта шақырылған өтiнiмдердiң саны мен тiзбесi (олар болған жағдайда).
28. Өтiнiмнiң қабылдау мерзiмiнiң аяқталған уақытына бiр өтiнiмнен (екінші және кейінгі тендерлерді есепке алмағанда) басқаөөтiнiм болмаса, тендер өткiзiлмейдi.
<*>
Ескерту. 28 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 208/9
қаулысымен
.
29. Тендер өткiзiлетiн күнгi мәжiлiсте тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашып, бұл ұсыныстардың мазмұнымен таныстырады. Конверттердi ашпас бұрын комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендерлiк комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасында көрсетiледi. Конверттердi ашуда және ұсыныстарды оқығанда тендерге қатысушылар және олардың уәкiлеттi өкiлдерi қатысуға құқылы.
30. Тендерлiк комиссия айтылған ұсыныстардың тендерлiк құжаттама талаптарына сәйкестiгiн тексередi. Егер ұсынылған ұсыныстар бұл талаптарға сай емес болса, олар әрi қарай қарастырылуға жатпайды және мұндай өтiнiмдi тапсырған тұлға тендерге қатысушы мәртебесiнен айырылады, бұл тендерлiк комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасында көрсетiледi.
31. Конверттер ашылып және ондағы ұсыныстар оқылғаннан кейiн тендерлiк комиссия ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi. Тендерге қатысушылар (олардың өкiлдерi) ұсыныстарды талқылаған және бағалаған кезiнде оған қатысып отыруға құқықтары жоқ.
32. Тендер объектiсiн пайдаланғаны үшiн неғұрлым көп ақы төлеген, тендерлiк құжаттардағы талаптардың барлығына жауап беретiн тендердiң басқа да ұсыныстарын орындау жөнiнде мiндеттеме қабылдаған қатысушы тендер жүлдегерi болып табылады.
6. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу
33. Тендер жеңiмпазын анықтайтын тендерлiк комиссияның қорытындысы, не тендер нәтижелерi бойынша басқадай шешiм тендерлiк комиссияның мүшелерi қол қойған және жалға берушi бекiткен хаттамамен ресiмделедi.
Сонымен қатар тендер жеңiмпазын анықтайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы да қол қояды.
34. Хаттамада:
1) тендер объектiсi туралы мәлiметтер;
2) тендер жеңiмпазы туралы мәлiметтер немесе жеңiмпаздың болмауының себебiн көрсететiн тендер нәтижелерi бойынша басқадай шешiм;
3) жеңiмпазды тендерде жеңiске жеткiзген жағдайлар көрсетiлуi керек.
35. Тендерлiк комиссия тендер нәтижелерi туралы қатысушыларды жазбаша хабардар етедi.
36. Тендердiң нәтижелерi шығарылғаннан кейiн жеңiмпаз аталмаса қатысушыларға кепiлдiк жарна қайтарылады.
37. Тендер нәтижелерi жөнiндегi хаттамаға сай тендер жеңiмпазы оның ұсыныстарына сай келетiн шарттар негiзiнде мүлiктiк жалдау келiсiмiн жасасуға мiндеттi.
38. Салынған кепiлдiк жарнаның сомасы жеңiмпазға жасалған мүлiктiк жалдау келiсiмi бойынша тендер объектiсiн пайдалануға төлем ретiнде алынады.
39. Тендер жеңiмпазының ұсынысына сай келетiн шарттар негiзiнде тендер объектiсiне мүлiктiк жалдау келiсiмiн жасасудан бас тартса, тендер жеңiмпазына кепiлдiк жарна қайтарылмайды.
40. Тендер жеңiмпазы өз ұсынысына сай келетiн шарттар негiзiнде тендер объектiсiн мүлiктiк жалдау келiсiмiн жасасудан бас тартқан жағдайда жалға берушi жеңiмпазды қалған тендерге қатысушылардан (егер қалғандардың саны екiден кем болмаса) анықтауға не жаңа тендер өткiзуге шешiм қабылдауға құқықты.
7. Мүлiктiк жалдау келiсiмiнiң мазмұны
41. Мүлiктiк жалдау келiсiмiне, тендердi өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мерзiмде екi жақ қол қоюлары керек.
42. Мүлiктiк жалдау келiсiмiнде:
1) мүлiктiк жалдауға берiлетiн объектiнiң техникалық мiнездемесi туралы деректер;
2) жалға берiлген мүлiктiң жалдаушыға берiлетiн мерзiмдерi туралы мәлiметтер;
3) жалданған мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлем төлеу мерзiмдерi мен ретi туралы мәлiметтер;
4) келiсiмдi мерзiмнен бұрын бұзу негiздерi мен шарттары;
5) мыналарды қарастыратын жалдаушы мiндеттемелерiнiң тiзбесi: келiсiмнiң шарттарына сәйкес жалданған объектiнiң пайдалануы, жалдау құнының келiсiмде белгiленген мөлшер мен тәртiпте уақытында төленуi;
объектiнi тиiстi тәртiп бойынша, мемлекеттiк инспекторлық қызметтердiң талаптарына сәйкес жағдайда, объектiнiң сыртқы түрiн келiсiм бойынша мақсаттық бағытына сәйкес ұстау, объектiге немесе оның инженерлiк коммуникацияларына зиян келтiретiн әрекеттердi болдырмау;
жалданған объектiнi жеңiл-желпi жөндеуiн өткiзу, объектiнiң күрделi жөндеуiне және оған жататын территорияны өз қаражаттары есебiнен көрiктендiруге үлестiк қатысу;
өз кiнәсынан объектiге зиян келген жағдайда өз қаражатынан жөндеу жүргiзу;
объектiнiң және ондағы торап пен коммуникациялардың қайта жоспарлануын, қайта жабдықталуын, күрделi жөнделуiн жалға берушiнiң алдын ала жазған рұқсаты болғанда ғана iстеу;
объектi мен оның айналасындағы жер телiмiне жалға беру өкiлдерiнiң, ғимаратта жұмыс iстеу және пайдалануға беру, анықталған жөнсiздiктердi белгiленген уақытында жою тәртiбiне қатысты заңнамалар мен басқа ада нормалардың сақталуын қадағалаушы санитарлық қадағалау және басқа мемлекеттiк органдар қызметтерiнiң кiруi;
объектiнi жалға берушiнiң келiсуiмен ғана қайта жалға беру; жалданушының құқығы мен мiндеттерiн мүлiктiк жалдау келiсiм шарты бойынша басқа адамға (қайта жалдау) беруiне, сондай-ақ бұл құқықтарды кепiлдiк ретiнде беру мен оларды үлес ретiнде шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына немесе өндiрiстiк кооперативтiң жарнасына енгiзуге тыйым салу;
баланс иесi мен (немесе) қызмет берушiлерге коммуналдық қызметтер мен объектiге қызмет көрсету мен ұстап тұру үшiн басқа да төлемдер ақысын уақытында өткiзу;
объектiнi баланс иесiне объектiнi мүлiктiк жалдау мерзiмi өткен соң немесе келiсiм мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, сонымен бiрге қарыздары мен басқа да мiндеттерi болмаған жағдайда қалыпты пайдалануға мүмкiндiк беретiн жағдайда қабылдау-тапсыру кесiмi бойынша қайтару туралы жазып көрсетiлуi керек.
Жалдау құнына коммуналдық қызметтер ақысы, күрделi жөндеуге арналған аударылымдар, жер телiмiн жалдау құны, басқа да мүлiкке қызмет көрсету және ұстау төлемдерi кiрмейдi. Оларды жалданушы өзi қосымша төлейдi.
43. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткiштерiн мүлiктiк жалға берген кезде мүлiктiк жалдау келiсiм шартына объектiнi сәулет, тарих және мәдениет ескерткiшi ретiнде сақтауға бағытталған қағида қосымша енгiзiледi.
44. Келiсiм оны жасасқан кездегi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн келiсiлген мәмiлелердiң ерекшелiктерiн де көрсетуi мүмкiн.
45. Мүлiктiк жалдау келiсiмiнiң шарттары бұзылған болса екi жақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы мен осы келiсiмге сәйкес жауап бередi.
46. Мемлекеттiк мекемелер облыс қаржы департаментi бекiткен нысандар бойынша тендердiң өтуi мен мүлiктi жалға беру нәтижелерi туралы есептi тоқсан сайын, есептiк кезеңнiң соңғы айының жиырма бесiне дейiн, облыс қаржы департаментi мен мемлекеттiк басқару органына ұсынып отырсын.
<*>
Ескерту. 46 тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі
N 208/9
; жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулыларымен.
47. Жедел басқару (қазыналық) құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынды жалдаудан түскен аударылымдар мемлекеттiк басқару органымен бекiткен "Жалдау құны" кiрiс көзi бойынша шығындар сметасында қарастырылған сома шеңберiнде кәсiпорын кiрiсiне жiберiледi. Сметаныңүүстiнде алынған кiрiстер жергiлiктi бюджетке аударылуы керек.
<*>
Ескерту. 47-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
48. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық иелену құқығында мүлiктi жалдаудан алған қаражаты кәсiпорын кiрiсiне жiберiледi және оны өздерi дербес пайдалана алады.
49. осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен реттеледi.
<*>
Ескерту. 49-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 12 сәуірдегі
N 131/3
қаулысымен.
50. Объектiнi мүлiктiк жалға берген кезде туындаған даулар екi жақтың өзара түсiнiстiгiмен немесе Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiпте қаралатын болады.