Ерiктi өртке қарсы құрылымдар туралы

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімиятының 2003 жылғы 28 шілдедегі N 318/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 7 тамызда N 1984 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 189/7 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 189/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес, ауданда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Меншiктiң барлық нысанындағы ауданның кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнiң iшiнен өртке қарсы iс-шараларды өткiзу үшiн ерiктi өртке қарсы құрылымдары құрылсын.
      2. Қоса берiлген ауданда ерiктi өртке қарсы құрылымдарын ұйымдастыру және қызметiнiң қағидалары (бұдан әрi - қағидалар) бекiтiлсiн.
      3. Павлодар облысы Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң Павлодар ауданы 35 өрт сөндiру бөлiмiнiң бастығына меншiктiң нысанына қарамастан кәсiпорын мен ұйымдардың басшыларына өртке қарсы құрылымдардың құрылуына және қызметiне практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Осы қаулы аумақтық әдiлет органында мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн екi апта iшiнде аудандық "Нива" газетiнде жариялансын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.О.Қожановқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi

      "Келiсiлдi"

      Павлодар облысы
      Мемлекеттiк өртке
      қарсы қызметiнiң
      Павлодар ауданы
      35 өрт сөндiру
      бөлiмiнiң бастығы
      iшкi қызмет майоры

      2003 жылғы 28 шiлде

Павлодар ауданы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 28 шiлдедегі N 318/8
"Ерiктi өртке қарсы құрылымдары
туралы" қаулысымен бекiтiлген

Ауданда ерiктi өртке қарсы құрылымдарының қызметi және ұйымдастыру ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар меншiк нысанына қарамастан ауданның кәсiпорындары мен ұйымдарында ерiктi өртке қарсы құрылымдарының қызметi мен ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi-Объект).
      2. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-I "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi N 19 "Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi Ережелерiн бекiту туралы" қаулысының негiзiнде ұйымдастырылды.
      3. Ерiктi өртке қарсы құрылымдары меншiк нысанына қарамастан ауданның кәсiпорындары мен ұйымдарында 15 адамнан аз емес қызметкерлер санымен ұйымдастырылады.
      4. Өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру, оның қызметiн басқару, өртке қарсы iс-шараларды өткiзу және қызметкерлер арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу Объектiлердiң басшыларына жүктеледi.
      5. Ерiктi өртке қарсы құрылымдардың бастықтарын, олардың орынбасарларын және бөлiмшелердiң бастықтарын Объект басшысы тағайындайды.

2. Ерiктi өртке қарсы құрылымның мiндеттерi

      6. Ерiктi өртке қарсы құрылымның негiзгi мiндеттерi:
      1) Объектiде өрт қауiпсiздiгiнiң жағдайын және өртке қарсы режимiнiң сақталуын тексеру;
      2) Объектiде қызметкерлер арасында өртке қарсы режимдi орындау жөнiнде түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;
      3) өрт сөндiру жүйесi мен құралдарын үнемi әзiрлiкте ұстау;
      4) өрт пайда болған жағдайда Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бөлiмшелерiн шақыру және Объектiде бар өрт сөндiру құралдарымен пайда болған өрттi сөндiруге шұғыл шаралар қолдану.

3. Ерiктi өртке қарсы құрылымын ұйымдастыру тәртiбi және оның жұмысы

      7. Ерiктi өртке қарсы құрылымның сандық құрамын Объект басшысы белгiлейдi, бiрақ 5 адамнан кем емес.
      8. Ерiктi өртке қарсы құрылымдары 18-ден жас емес Объект жұмыскерлерiнiң арасынан ұйымдастырылады.
      9. Ерiктi өртке қарсы құрылымына қабылдау ерiктi түрде, жеке өтiнiшiнiң негiзiнде, тұрғылықты жер бойынша медициналық тексеруден, Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бөлiмшелерiнде бастапқы дайындықтан өткеннен кейiн жүргiзiледi.
      Өртке қарсы құрылымға жүргiзушi ретiнде жеке өтiнiштерiнiң негiзiнде 1,2 класты жүргiзушiлер қабылданады.
      10. Лауазымға тағайындау Объект басшысының бұйрығымен жүргiзiледi.
      11. Ерiктi өртке қарсы құрылымның мүшесi құрамынан шығару:
      1) өртке қарсы режимдi бұзғаны үшiн;
      2) құрылым басшысының нұсқауларын орындамағаны үшiн;
      3) өз еркiмен құрылым басшысының атына өтiнiш жазу арқылы жүргiзiледi.
      12. Ерiктi өртке қарсы құрылымдары мүшелерiмен оқу сабақтары Объект басшысы бекiткен кесте бойынша жұмыстан бос, айына 4 сағаттан артық емес уақытта жүргiзiледi.

4. Ерiктi өртке қарсы құрылым бастығының мiндеттерi

      13. Ерiктi өртке қарсы құрылымның бастығы:
      1) Объектiде өртке қарсы iс-шаралардың уақытында орындалуын және өртке қарсы режимнiң сақталуын қадағалауға;
      2) өрт сөндiру жүйесi мен құралдарын, олардың басқа мақсатқа пайдаланылуын жiбермей, үнемi әзiрлiкте ұстауға;
      3) ерiктi өртке қарсы құрылымның жеке құрамымен өрт-техникалық бiлiмiн арттыру және алған бiлiмдерiн практикада бекiту жөнiнде өрттермен нәтижелi күресу үшiн тұрақты сабақтар жүргiзуге. Күрделi тәртiптер жөнiндегi сабақтарды өткiзу үшiн инженерлiк-техникалық қызметкерлердi және Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң мамандарын шақыруға;
      4) өртке қарсы үгiттеу жұмыстарын жүргiзу, сондай-ақ Объект жұмыскерлерiне өрт қауiпсiздiгi шараларын үйретуге;
      5) ерiктi өртке қарсы құрылымның бөлiмшелерi бастықтарының жұмысын басқаруға және жауынгерлiк есептердiң iс-әрекетке әзiрлiгiн тексеруге;
      6) Объектiде Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бөлiмшелерi келгенше өрт сөндiрудi басқаруға;
      7) Объект басшылығын өртке қарсы режимiнiң бұзылуы туралы хабардар етiп отыруға;
      8) Мемлекеттiк өрттi қадағалау органдарымен бiрлесiп ерiктi өртке қарсы құрылымды оқыту жөнiндегi жұмысты, Объектiлерде алдын алу iс-шараларын өткiзуге мiндеттi.
      14. Объектiде ерiктi өртке қарсы құрылымның бастығы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн орынбасары атқарады.

5. Ерiктi өртке қарсы құрылымның бөлiмшесi (жауынгерлiк есеп) бастығының мiндеттерi

      15. Ерiктi өртке қарсы құрылым бөлiмшесiнiң (жауынгерлiк есеп) бастығы:
      1) Объектiде өртке қарсы режимiнiң сақталуын және барлық өрт сөндiру құралдарының әрекетке әзiрлiгiн қадағалауға;
      2) жұмыстың соңында Объектiнiң өртке қарсы жағдайын тексеруге, айқындалған жетiспеушiлiктердi жоюға шаралар қолдануға және өрт сөндiру құралдарын тапсыруға;
      3) ерiктi өртке қарсы құрылым мүшелерiнiң оқу сабақтарына келуiн қамтамасыз етуге;
      4) Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң бөлiмшелерi немесе өртке қарсы құрылымның бастығы келгенше өрттi сөндiрудi басқаруға мiндеттi.

6. Ерiктi өртке қарсы құрылым мүшелерiнiң мiндеттерi

      16. Ерiктi өртке қарсы құрылымның мүшелерi:
      1) Объектiде және жұмыс орнында өртке қарсы режимiнiң Ережелерiн бiлуге және сақтауға;
      2) өз мiндеттерiн бiлуге және өрт пайда болған жағдайда оның сөндiруiне белсендi қатысуға;
      3) бастапқы өрт сөндiру құралдарының iс-әрекетке әзiрлiгiн қадағалау, айқындалған жөндеусiздiктердi ерiктi өртке қарсы құрылым бөлiмшесiнiң бастығына хабарлау, ал мүмкiндiк болған кезде жөндеусiздiктердi өздерi жоюға;
      4) ерiктi өртке қарсы құрылымның мүшелерiне жүктелген мiндеттердi, құрылым (бөлiмше) бастығының өкiмдерiн орындауға және кестемен қарастырылған сабақтарды қатысу арқылы өрт-техникалық бiлiмдерiн жоғарылатуға мiндеттi.

7. Ерiктi өртке қарсы құрылым бастығының құқықтары

      17. Ерiктi өртке қарсы құрылымның бастығы:
      1) Объект құрамына кiретiн барлық өндiрiстiк және қосалқы учаскелердiң, бөлiмдер мен бөлiмшелердiң өрт қауiпсiздiгi жағдайын тексеруге, тексеру қорытындылары бойынша айқындалған жетiмсiздiктердi жоюға бағытталған нақты ұсыныстармен акт жасауға;
      2) Объект құрамына кiретiн өндiрiстiк және қосалқы учаскелердiң, бөлiмдер мен бөлiмшелер басшыларының Мемлекеттiк өрттi қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауларын тексеруге және өрт қаупiне әкелетiн жетiмсiздiктердi уақытында жою туралы талаптарды ұсынуға;
      3) өрт қауiпсiздiгi Ережелерiн орындамағаны және бұзғаны үшiн, өрт сөндiру жүйесi мен құралдарын қажеттi жағдайда ұстамағаны үшiн кейiннен Объект басшысына немесе Мемлекеттiк өрттi қадағалау органына жiберумен актiлер жасауға;
      4) Объект басшысының қарауына өрт қауiпсiздiгi шараларын күшейту жөнiндегi мәселелердi ұсынуға құқылы.

8. Ерiктi өртке қарсы құрылымды ұстау

      18. Ерiктi өртке қарсы құрылымдарын ұстау жөнiндегi барлық шығыстар Объектiлер есебiнен жүргiзiледi.
      19. Объект басшылары ерiктi өртке қарсы құрылым мүшелерiн ынталандыру мақсатында өрттердi жою кезiнде ерекшеленген азаматтарды мадақтауға құқылы.

О добровольных противопожарных формированиях

Постановление акимата Павлодарского района от 28 июля 2003 года N 318/8. Зарегистрировано Управлением юстиции Павлодарской области 7 августа 2003 года за N 1984. Утратило силу постановлением акимата Павлодарского района Павлодарской области от 23 июля 2009 года N 189/7

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарского района Павлодарской области от 23 июля 2009 года N 189/7.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности" в целях обеспечения пожарной безопасности в районе акима района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать добровольные противопожарные формирования из числа работников предприятий и организаций района независимо от форм собственности для проведения противопожарных мероприятий.
      2. Утвердить прилагаемые правила организации и деятельности добровольных противопожарных в районе (далее Правила).
      3. Рекомендовать начальнику ПЧ 35 Павлодарского района Государственной противопожарной службы Павлодарской области оказать руководителям предприятий и организаций независимо от форм собственности практическую и методическую помощь в создании и деятельности противопожарных формирований.
      4. Произвести опубликование настоящего постановления в районной газете "Нива" в течение двух недель с момента его государственной регистрации в территориальном органе юстиции.
      5. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кожанова Ж.О.

      Аким района                                Т. Бастенов

      Согласовано
      Начальник ПЧ-35 Павлодарского района
      Государственной противопожарной службы
      Павлодарской области,
      майор внутренней службы                    С. Казангапов

Утверждены       
постановлением акимата  
Павлодарского района   
от 28 июля 2003 года N 318//8
"О добровольных противопожарных
формированиях"     

ПРАВИЛА
организации и деятельности добровольных
противопожарных формирований в районе 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок организации и деятельности добровольных противопожарных формирований на предприятиях, в организациях района независимо от форм собственности (далее - Объект).
      2. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности", постановлением Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 9 июля 1999 года N 19 "Об утверждении Правил пожарной безопасности в Республике Казахстан".
      3. Добровольные противопожарные формирования организуются на предприятиях, в организациях района независимо от форм собственности с количеством работников не менее 15 человек.
      4. Организация противопожарных формирований, руководство их деятельностью, выполнение противопожарных мероприятий и проведение разъяснительной работы среди работников возлагаются на руководителей Объектов.
      5. Начальники добровольных противопожарных формирований, их заместители и начальники отделений назначаются руководителем Объекта.

2. Задачи добровольного противопожарного формирования

      6. Основными задачами добровольного противопожарного формирования являются:
      1) проведение проверок состояния пожарной безопасности и соблюдения противопожарного режима на Объекте;
      2) проведение разъяснительной работы среди работников по соблюдению противопожарного режима на Объекте;
      3) содержание в постоянной готовности систем и средств пожаротушения;
      4) вызов подразделений Государственной противопожарной службы в случае возникновения пожара и принятие немедленных мер к тушению возникшего пожара имеющимися на Объекте средствами пожаротушения.

3. Порядок организации добровольного
противопожарного формирования и его работа

      7. Численный состав добровольного противопожарного формирования определяется руководителем Объекта, но не менее 5 человек.
      8. Добровольные противопожарные формирования организуются из числа работников Объекта в возрасте не моложе восемнадцати лет.
      9. Прием в добровольное противопожарное формирование производится добровольно, на основании личного заявления гражданина, после прохождения им медицинской комиссии по месту жительства, первоначальной подготовки в подразделениях Государственной противопожарной службы.
      В качестве водителей в противопожарное формирование принимаются водители 1, 2 класса на основании их личных заявлений.
      10. Назначение на должность производится приказом руководителя Объекта.
      11. Исключение из членов добровольного противопожарного формирования производится:
      1) за нарушение противопожарного режима;
      2) за невыполнение указаний начальника формирования;
      3) по собственному желанию путем подачи об этом заявления начальнику формирования.
      12. Учебные занятия с членами добровольного противопожарного формирования проводятся по расписанию, утвержденному руководителем Объекта, в свободное от работы время не более 4 часов в месяц.

4. Обязанности начальника добровольного
противопожарного формирования

      13. Начальник добровольного противопожарного формирования обязан:
      1) следить за своевременным выполнением противопожарных мероприятий и соблюдением противопожарного режима на Объекте;
      2) содержать в постоянной готовности системы и средства пожаротушения, не допуская использования их не по назначению;
      3) регулярно проводить с личным составом добровольного противопожарного формирования занятия по повышению пожарно-технических знаний и закрепления полученных знаний на практике для успешной борьбы с пожарами. Для проведения занятий по сложным дисциплинам приглашать инженерно-технических работников и специалистов Государственной противопожарной службы;
      4) проводить противопожарную пропаганду, а также обучать работников Объекта мерам пожарной безопасности;
      5) руководить работой начальников отделений добровольного противопожарного формирования и проверять готовность к действию боевых расчетов;
      6) руководить тушением пожаров на Объекте до прибытия подразделений Государственной противопожарной службы;
      7) информировать руководство Объекта о нарушениях противопожарного режима;
      8) совместно с органами Государственного пожарного надзора проводить работу по обучению добровольного противопожарного формирования, профилактические мероприятия на Объектах.
      14. Во время отсутствия на объекте начальника добровольного противопожарного формирования его обязанности выполняет заместитель.

5. Обязанности начальника отделения (боевого расчета)
добровольного противопожарного формирования

      15. Начальник отделения (боевого расчета) добровольного противопожарного формирования обязан:
      1) следить за соблюдением противопожарного режима и готовностью к действию всех средств пожаротушения на Объекте;
      2) по окончании работы проверять противопожарное состояние Объекта, принимать меры к устранению выявленных недочетов и передать заступающему начальнику отделения добровольного противопожарного формирования средства пожаротушения;
      3) обеспечить явку на учебные занятия членов добровольного противопожарного формирования;
      4) руководить тушением пожара до прибытия подразделений Государственной противопожарной службы или начальника противопожарного формирования.

6. Обязанности членов добровольного
противопожарного формирования

      16. Члены добровольного противопожарного формирования обязаны:
      1) знать и соблюдать Правила противопожарного режима на Объекте и на рабочем месте;
      2) знать свои обязанности и в случае возникновения пожара принимать активное участие в его тушении;
      3) следить за готовностью к действию первичных средств пожаротушения, обо всех обнаруженных неисправностях сообщать начальнику отделения добровольного противопожарного формирования, а при возможности самим устранять эти неисправности;
      4) выполнять возложенные на членов добровольного противопожарного формирования обязанности, распоряжения начальника формирования (отделения) и повышать свои пожарно-технические знания путем посещения занятий, предусмотренных расписанием.

7. Права начальника добровольного
противопожарного формирования

      17. Начальнику добровольного противопожарного формирования предоставляется право:
      1) проводить проверку состояния пожарной безопасности всех производственных и вспомогательных участков, отделов и отделений, входящих в состав Объекта, по результатам проверки составлять акты с конкретными предложениями, направленными на устранение выявленных противопожарных недостатков;
      2) проверять выполнение предписаний органов Государственного пожарного надзора руководителями производственного и вспомогательного участков, отделов и отделений, входящих в состав Объекта и предъявлять требования о своевременном устранении недостатков, влекущих пожарную опасность;
      3) за невыполнение и нарушение Правил пожарной безопасности, ненадлежащее содержание систем и средств пожаротушения составлять акты с последующим направлением их руководителю Объекта или органа Государственного пожарного надзора;
      4) вносить вопросы об усилении мер пожарной безопасности на рассмотрение руководства Объекта.

8. Содержание добровольного
противопожарного формирования

      18. Все расходы по содержанию добровольных противопожарных формирований производятся за счет Объектов, на которых они организуется.
      19. В целях стимулирования деятельности членов добровольного противопожарного формирования, руководители Объектов вправе поощрять граждан, отличившихся в ликвидации пожаров.