Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 11 шілдегі N 4/422 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 31 шілдеде N 545 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы N 1/200 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 370с Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" N 638  қаулысына  сәйкес Алматы қалалық Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
      2. Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
      3. Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң 2001 жылғы 14 тамыздағы "Тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы" N 1/25 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 

      
      Алматы қаласы Әкiмiнiң
      мiндетiн атқарушы
      Әкiмшiлiк хатшысы 

Әкiмшiлiктiң
2003ж. "11" шілдегі N 4/422
қаулысымен бекiтiлген
N 1 қосымша

Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияның
ҚҰРАМЫ

Комиссия төрағасы:

Храпунов Виктор
Вячеславович

-

Алматы қаласының Әкiмi

Комиссия төрағасының орынбасары :

Бүкенов Қайрат
Ахмадиұлы

-

Алматы қаласының Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

Комиссия хатшысы :

Кенжеғарин Болат
Фазыл-Сейiтұлы

-

бақылау-инспекторлық және кадр жұмысы бөлiмiнiң бас  маманы

Комиссия мүшелер i:

Заяц Яков Игнатьевич

-

Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары

Баяндаров Мағзам
Тоғжанұлы

-

Алматы қаласы Әкiмi аппаратының басшысы

Сатаев Жұманәлi
Құрманәлiұлы

-

Алматы қаласы Әкiмi аппараты  мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң меңгерушiсi

 
       Әкiмшiлiк хатшысы  

Әкiмшiлiктiң
2003ж. "11" шілдедегі N 4/422
қаулысымен бекiтiлген
N 2 қосымша

Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы 
Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер

 
      1. Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (әрi қарай Комиссия) туралы осы Ереже ел Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 мамырдағы N 638  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы Үлгiлiк ереже негiзiнде әзiрлендi. Ол құрамында мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтермен жұмыс жүргiзетiн қаладағы барлық кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге таралады.
      2. Комиссия құрамында мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтердiң жария болуы мүмкiн арналарды анықтау және уақтылы жабу, құпия құжаттардың жоғалуының алдын алу бойынша ұсыныстарды әзiрлеу үшiн құрылған, қала Әкiмi аппаратының жанындағы алқалы кеңесшi орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметiнде "Мемлекеттiк құпиялар туралы"  Заңды , Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимдi қамтамасыз ету туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы Үлгiлiк ереженi, осы Ереженi және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн басқа да мөлшерлемелiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
және қызметтерi

      Комиссия мемлекеттiк құпияларды қорғаудың қажеттi режимiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында қаладағы мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң жұмысын зерттеп-бiледi, мына мәселелер бойынша тәжiрибелiк ұсыныстарды әзiрлейдi:
      1) мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын, жүргiзiлген жұмыстардың құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi ведомстволық құжаттарды, құпия мәлiметтермен, құжаттармен танысуына рұқсат етiлген қызметкерлер қызметтерiнiң номенклатураларын әзiрлеу;
      2) құжаттардың құрамындағы мәлiметтердiң құпиялылық дәрежелерiн анықтау және өзгерту;
      3) құрамында мемлекеттiк құпиялары бар құжаттардың құпиялылық режимiнiң бұзылуына талдау жасау;
      4) мемлекеттiк құпиялар туралы мәлiметтерi бар жұмыстар жүргiзiлуi мүмкiн ғимараттар бойынша аттестаттау.

Комиссия мына мәселелер жөнiнде қорытындылар дайындауға қатысады:

      1) құпия мәлiметтердiң жария болуы мүмкiн жолдарды бағалау, құпия мәлiметтерi бар құжаттардың жоғалуы;
      2) жоғалған құжаттардағы мәлiметтердiң құпиялылық дәрежесiн анықтау.
      Комиссияның мәжiлiстерi қажетiне қарай, бiрақ әрбiр тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Мәжiлiстерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң өкiлдерi, құқық қорғау, арнаулы және фискальдық органдардың басшылары, басқа да мемлекеттiк құрылымдардың құпия құжаттардың тиiстi түрлерiмен танысуға рұқсаты бар жауапты қызметкерлерi қатысуы мүмкiн.
      Комиссия мәжiлiсiнде талқыланған мәселелер хаттамамен рәсiмделедi, оған комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды.

  3. Комиссияның жұмыс тәртiбi

      Комиссияға төраға Алматы қаласының Әкiмi жетекшiлiк етедi.
      Комиссия құрамына қала Әкiмiнiң орынбасарлары, қала Әкiмi аппаратының басшысы, қала Әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң жауапты қызметкерлерi, қалалық қызметтер мен бөлiмшелердiң басшылары енгiзiледi. Олардың барлығының мемлекеттiк құпиялардың тиiстi түрлерiмен танысуға рұқсаты болуы тиiс.
      Комиссияның дербес құрамын және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi қала Әкiмi бекiтедi.
      Комиссия мүшелерi санатынан комиссия төрағасының орынбасары, комиссия жұмысының нақты бағыттары үшiн жауапты адамдар, сондай-ақ хатшы тағайындалады.
      Комиссия хатшысы:
      1) барлық мүшелердi ертерек (комиссия мәжiлiсiнен бұрын) кезектi мәжiлiстiң материалдарымен және шешiмдердiң жобаларымен таныстырады;
      2) комиссия шешiмдерiнiң тиiстi лауазымды адамдарға уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      3) комиссия төрағасының нұсқауымен комиссияның ұсыныстарын жүзеге асыру мәселелерi бойынша шешiмдердiң, өкiмдердiң жобаларын әзiрлейдi;
      4) комиссия шешiмдерiнiң орындалуын тұрақты бақылайды және комиссия мүшелерiне осы шешiмдердiң орындалу барысы туралы тоқсан сайын хабарлайды.
      Комиссия хатшысы комиссияның кезектi мәжiлiсiнде қаралатын мәселелер бойынша материалдар мен шешiмдердiң жобаларын уақтылы тапсыруды орындаушылардан талап етуге құқылы.
      Комиссия мүшелерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына қажеттi құжаттармен, материалдармен танысуға құқылы.
      Комиссия өз жұмысын қала Әкiмi бекiткен жылдық жоспарларға сәйкес ұйымдастырып, жүзеге асырады. Жылдық жұмыс жоспарларында көрiнiс таппаған жекелеген мәселелер жоспардан тыс қаралады.
      Комиссияның жұмыс жоспарлары қаладағы барлық мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескерiп, жасалады. 

  4. Комиссияның есеп берушiлiгi

      Комиссия өз қызметiнде қала Әкiмiне есеп бередi.
      Комиссияның жұмысы туралы есеп берушiлiк жоғары тұрған ұйымға ұсынылатын мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша жұмыс жөнiндегi жылдық есептерде көрiнiс табады.

       Әкiмшiлiк хатшысы 

      

      

О постоянно действующей комиссии по защите государственных секретов Республики Казахстан при аппарате Акима города Алматы

Постановление Акимата города Алматы от 11 июля 2003 г. N 4/422. Зарегистрировано Управлением юстиции г.Алматы 31 июля 2003 г. за N 545. Утратило силу постановлением Акимата города Алматы от 7 марта 2006 года N 1/200

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 11 апреля 2000 года № 370с и  постановлением  Правительство Республики Казахстан за № 638 от 15 мая 2001 года "Об утверждении Типового положения о постоянно действующей комиссии по защите государственных секретов Республики Казахстан", акимат города Алматы  ПОСТАНОВЛЯЕТ: 

      1. Создать постоянно действующую комиссию по защите государственных секретов Республики Казахстан при аппарате Акима города Алматы (Приложение 1).

      2. Утвердить Положение о постоянно действующей комиссии по защите государственных секретов Республики Казахстан при аппарате Акима города Алматы (Приложение 2).

      3. Постановление акимата города Алматы за 1/125 от 14 августа 2001 года "О постоянно действующей комиссии" признать утратившим силу.

      

       И.о. акима 
      города Алматы                   К. Букенов

      Секретарь Акимата               К. Тажиева  

      

      

Приложение 1
Утверждено
постановлением акимата
от 11 июля 2003 года № 4/422

Состав постоянно действующей комиссии
по защите государственных секретов Республики
Казахстан при аппарате Акима города Алматы

Председатель комиссии:

Храпунов Виктор Вячеславович - Аким города Алматы

Заместитель председателя:

Букенов Кайрат Ахмадиевич    - первый заместитель Акима города Алматы

Секретарь комиссии:

Кенжегарин Болат Фазыл-Сейтович - главный специалист отдела
                                  контрольно-инспекторской
                                  и кадровой работы аппарата
                                  Акима города Алматы

Члены комиссии:

Заяц Яков Игнатьевич            - первый заместитель Акима
                                  города Алматы

Баяндаров Магзам Тогжанович     - руководитель аппарата 
                                  Акима города Алматы

Сатаев Джуманалы Курманалиевич  - заведующий государственно-
                                  правовым отделом аппарата
                                  Акима г.Алматы

       Секретарь Акимата          К. Тажиева

      

      

Приложение 2
Утверждено
постановлением акимата
от 11 июля 2003 года № 4/442

П О Л О Ж Е Н И Е
о постоянно действующей комиссии
по защите государственных секретов Республики
Казахстан при аппарате Акима города Алматы

1. Общие положения

      1. Настоящее положение о постоянно действующей комиссии по защите государственных секретов при аппарате Акима города Алматы (далее - комиссия) разработана на основании Типового положения о постоянно действующей комиссии по защите государственных секретов Республики Казахстан, утвержденное  постановлением  Правительство страны за № 638 от 15 мая 2001 года. Оно распространяется на все государственные предприятия, организации и учреждения города, где ведется работа со сведениями, составляющими государственные секреты.

      2. Комиссия является коллегиальным консультативным органом при аппарате Акима города, созданная для выработки рекомендации по выявлению и своевременному закрытию возможных каналов утечки сведений, содержащих государственные секреты, предотвращению утрат секретных документов.

      3. В своей деятельности комиссия руководствуется  Законом  "О государственных секретах", Инструкцией по обеспечению режима секретности в Республике Казахстан, Типовым положением о постоянно действующей комиссии по защите государственных секретов Республики Казахстан, настоящем Положением и другими нормативными правовыми актами, регулирующие отношения в области защиты государственных секретов.

2. Основные задачи и функции комиссии

      В целях содействия обеспечению необходимого режима защиты государственных секретов комиссия изучает работу государственных предприятий, организаций и учреждений города, разрабатывает практические рекомендации и предложения по вопросам:
      1) подготовки ведомственных документов по обеспечению защиты государственных секретов, режима секретности проводимых работ, разработке номенклатур должностей работников, подлежащих оформлению на допуск к секретным сведениям и документам;
      2) определения и изменения степени секретности сведений, содержащихся в документах;
      3) анализа нарушений режима секретности документов, содержащих государственные секреты;
      4) аттестации помещении на возможность проведения в них работ, содержащих сведения о государственных секретах.

Комиссия участвует в подготовке заключений по вопросам:

       1) оценки возможных путей утечки секретных сведений, утраты документов, содержащих секретные сведения;
      2) определения степени секретности сведений, содержащихся в утраченных документах.
      Заседания комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал. На заседаниях могут присутствовать представители Агентства Республики Казахстан по защите государственных секретов, руководители правоохранительных, специальных и фискальных органов, ответственные работники других государственных структур, имеющих допуск соответствующей формы к секретным документам.
      Обсуждение вопросов на заседании комиссии оформляется протоколом, который подписывается председателем и секретарем комиссии.

3. Порядок работы комиссии

      Комиссия возглавляется председателем - Акимом города Алматы.
      В состав комиссии включаются заместители Акима города, руководитель аппарата Акима города, ответственные работники структурных подразделений аппарата Акима города, руководители городских служб и подразделений. Все они должны иметь допуск к государственным секретам соответствующей формы.
      Персональный состав комиссии и вносимые в него изменения утверждается Акимом города.
      Из числа членов комиссии назначаются заместитель председателя комиссии, ответственные за конкретные направления работы комиссии, а также секретарь.
      Секретарь комиссии:
      1) заблаговременно (до заседания комиссии) ознакамливает всех членов с материалами и проектами решений очередного заседания;
      2) обеспечивает своевременное доведение решений комиссии до соответствующих должностных лиц в части, их касающейся;
      3) по указанию председателя комиссии готовит проекты решений и распоряжения по вопросам реализации рекомендаций и предложений комиссии;
      4) осуществляет постоянный контроль за выполнением решений комиссии и ежеквартально информирует членов комиссии о ходе выполнения этих решений.
      Секретарь комиссии имеет право требовать от исполнителей своевременного представления материалов и проектов решений по вопросам, рассматриваемым на очередном заседании комиссии.
      Члены комиссии вправе знакомиться с документами и материалами, необходимыми для выполнения возложенных на них задач.
      Комиссия организует и осуществляет свою работу по годовым планам, утвержденным Акимом города. Отдельные вопросы, не нашедшие отражения в годовых планах работы, рассматриваются во внеплановом порядке.
      Планы работ комиссии разрабатываются с учетом предложений всех заинтересованных государственных органов и организаций города.

      

4. Подотчетность комиссии

      Комиссия в своей деятельности подотчетна Акиму города.
      Отчетность о работе комиссии отражается в годовых отчетах о работе по защите государственных секретов, представляемых в вышестоящую организацию.

      

       Секретарь Акимата                       К. Тажиева