Аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 104 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 қыркүйекте N 1005 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңының 13-бабына және облыс әкімдігінің 2003 жылғы 26 мамырдағы N 114 "Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы" 2003 жылғы 5 маусымда N 941 тіркелген, 2003 жылғы 11 маусымдағы N 69 "Северный Казахстан" газетінде жарияланған қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілетін аудан әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р.Төлегеновке жүктелсін.

      Аудан әкімі

  Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 18 тамыздағы
"Аудан әкiмдiгiнiң резервін
пайдалану Ережесi
туралы" N 104 қаулысымен
Бекiтiлген

Аудан әкiмдiгiнiң резервін пайдалану
Ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты бекіткен сома шегінде, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі резервіндегі қаражатты бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.

      2. Тиісті қаржы жылында күтілмеген шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімдігінің резервi Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңының 13-бабына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 261 Заңының және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерiстерiмен "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi N 19 Заңына сәйкес аудандық бюджет құрамында қалыптастырылады.

      Аудан әкiмдiгiнiң резервiмен мыналар ескеріледі:

      аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, олардың алдын алуға және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат.

      3. Аудан әкімдігі резервінен қаражатты бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгiленген, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 3 бұйрығымен бекiтiлiп, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 16 қазанда N 2012 тiркелген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшерi және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетiлген тәртiпте жүзеге асырылады.

      4. Аудан әкімдігінің резерв қаражаты мақсатты белгіленген және қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысында көрсетілмеген мұқтаждықтарға қолдануға болмайды.

      Аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты аудандық бюджетке қайтарылады.

      5. Аудан әкімдігінің резерві аудан бюджетіне түскен түсімнің көлемінен 2 пайыздан аспау керек.

2. Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайларды жоюға бөлінген қаржы

      6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оларды алдын-ала ескерту үшін аудан әкімдігінің резервінен осы шараларды қаржыландыру үшін, апаттан құтқару жұмыстарына, басқа да төтенше жағдайларды жою шараларына кеткен шығын есебімен айналысатын төтенше комиссияның материалдары негізінде жүзеге асырылады.

3. Басқа да күтілмеген шығындарға қаржы бөлу

      7. Аудан әкімдігі резервінен өзге де күтілмеген шығындарды қаржыландыру ағымдағы және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін аудандық бюджетті және аудан бюджетін толығымен қалыптастыруға көзделмеген шығыстарды қаржыландыруда жүзеге асырылады.

      8. Аудан әкімдігінің резервінен өзге де күтілмеген шығындарға қаражат бөлу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аудандық қаржы басқармасына негіздемелер мен есептерге сәйкес қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады.

      9. Аудандық қаржы басқармасы ұсынылған өтініш негізінде аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместегі туралы қорытынды береді.

      10. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қолдаухаты бойынша оң қорытынды болған жағдайда, өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы ұсыныс берген аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері заңда белгіленген тәртіпте бағдарламалар дайындайды.

4. Есеп және бақылау

      11. Аудандық қаржы басқармасы әр тоқсанда аудан әкімдігіне, аудан әкімдігінің резерв қаржысының нақты барын және қайда пайдаланған есебінің мәліметін береді.

      12. Аудан әкімдігі резервінен қаржы алған бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері, әкімдік резерві қорынан алынған қаржының пайдаланған есебін, істелген жұмыстың уақытында, көлемі және бағасы туралы бір тәртіппен берілген мезгілінде аудандық қаржы басқармасына есебін тапсырады.

      13. Аудан әкімдігінің резервін мақсатты пайдалану үшін аудандық қаржы басқармасы, қазынашылық бөлімі бақылау және қаржы бақылау комитетінің басқармасы жүргізеді.

      14. "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудан әкiмдiгiнің резерв қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаментінiң бас маманы жүзеге асырады.

      15. Бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қаражат алушыға жүктеледі.

О Правилах использования резерва акимата района

Постановление Акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 18 августа 2003 года N 104. Зарегистрировано Управлением юстиции Северо-Казахстанской области 8 сентября 2003 года N 1005. Утратило силу постановлением акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 17 февраля 2021 года № 34

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 17.02.2021 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года N 357-1 "О бюджетной системе" и постановления акимата области от 26 мая 2003 года N 114 "О правилах использования резерва акимата области" (регистрационный номер N 941 от 5 июня 2003 года, газета "Северный Казахстан" N 69 от 11 июня 2003 года) акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования резерва акимата района.

      2. Контроль за использованием настоящего постановления возложить на заместителя акима района Тулегенова Б.Р.

      Аким района

  Утверждены
постановлением акимата района
имени Габита Мусрепова
от 18 августа 2003 года N 104
"О Правилах использования
резерва акимата района"

Правила
использования резерва акимата района имени Габита Мусрепова
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют механизм выделения и расходования средств резерва акимата района имени Г.Мусрепова в пределах сумм, утвержденных решением сессии маслихата района имени Г.Мусрепова на соответствующий финансовый год.

      2. Резерв акимата района формируется в соответствии со

      статьей 13 Закона Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года N 357-1 "О бюджетной системе" и от 6 декабря 2001 года N 261 "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О бюджетной системе" и от 5 июля 1996 года N 19 "О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера" с изменениями от 19 мая 2000 года в составе районного бюджета на соответствующий финансовый год для финансирования непредвиденных расходов. Резервом акимата района предусматриваются:

      - средства для ликвидации чрезвычайных ситуации природного и техногенного характера и иных непредвиденных расходов, определяемых постановлением акимата района.

      3. Выделение средств из резерва акимата района осуществляется в установленном порядке постановлением акимата района, где указываются получатель, объем средств и направление их целевого использования в соответствии с Единой бюджетной классификацией, утвержденной приказом Министра экономики и бюджетного планирования от 23 сентября 2002 года N 3, зарегистрированной в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 16 октября 2002 года N 2012.

      4. Средства резерва акимата района имеют целевое назначение и не могут быть использованы на нужды и не предусмотренные в постановлении акимата района о выделении средств. Постановление акимата района о выделении средств из резерва акимат района уплачивают ему по истечении финансового года. Остатки неиспользованных средств, а также средства резерва акимата района, использованные не по целевому назначению, подлежат возврату в бюджет.

      5. Размер резерва акимата района не должен превышать двух процентов объема поступлений районного бюджета.

2. Выделение средства на ликвидацию чрезвычайных
ситуаций природного и техногенного характера

      6. Финансирование мероприятий по ликвидации чрезвычайных ситуации природного и техногенного характера из резерва акимат района осуществляется на основании представленных обосновывающих материалов районной чрезвычайной комиссии на возмещение затрат аварийно восстановительных работ и других мероприятий, связанных с ликвидацией чрезвычайных ситуаций.

3. Выделение средств на иные непредвиденные расходы

      7. Финансирование иных непредвиденных расходов из резерва акимата района осуществляются на расходы, не предусмотренные при оформлении районного бюджета, или предусмотренные в недостаточном объеме на текущий год и требующие безотлагательного решения в текущем финансовом году.

      8. Для выделения средств из резерва акимата района на иные непредвиденные расходы, администраторы районных бюджетных программ представляют в районное финансовое управление ходатайство о выделении средств с соответствующими обоснованиями и расчетами.

      9. Районное финансовое управление на основании представленного ходатайства дает заключение о возможности либо невозможности выделения средств из резерва акимата района.

      10. При положительном заключении по ходатайству администраторов районных бюджетных программ, проект постановления акимата района о выделении средств из резерва акимата района на иные непредвиденные расходы подготавливается данным администратором районных бюджетных программ в установленном законодательством порядке.

4. Контроль и отчетность

      11. Районное финансовое управление ежеквартально представляет в районный акимат информацию о наличии и использовании средств резерва акимата района.

      12. Администраторы бюджетных программ, получившие средства из резерва акимата района, должны представить отчет в районное финансовое управление об использовании выделенных средств, объемах и стоимости выполненных работ в порядке и сроки, установленные районным финансовым управлением.

      13. Контроль за целевым использованием резерва акимата района осуществляются районным финансовым управлением, управлением казначейства и управлением комитета финансового контроля.

      14. Контроль за использованием средств резерва акимата района в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" осуществляется главным специалистом департамента организации и контроля государственных закупок.

      15. Ответственность за целевым и эффективным использованием выделяемых бюджетных средств возлагается на получателя в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.