Шал ақын ауданы әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 6 қазандағы N 241 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 қазанда N 1046 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы N 238 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңының 13-бабына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 26 мамырдағы N 114 "Облыс әкімдігінің резервін пайдалану Ережесі туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкiмдiгiнiң резервiн пайдалану Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Аудан әкiмдiгiнiң 2002 жылы 3 мамырдағы N№42 "Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң резервiн пайдалану тәртiбi туралы" қаулысының және 2002 жылы 3 мамырдағы "Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң резерв  қаражатын пайдалану ережесi туралы" қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары О.В.Ткаченкоға жүктелсiн.

      Аудан әкімі

Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 6 қазандағы
"Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң
резервін пайдалану Ережесi
туралы" N 241 қаулысымен
Бекiтiлді

Аудан әкiмдiгiнiң резервін пайдалану
Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң резерв қаражаттарын (әрi қарай - әкiмдiк резервi) аудандық Мәслихаттың шешiмiне сәйкес қаржы жылында бекiтiлген сомалар шеңберiнде бөлiп алу және шығындау механизмiн белгiлейдi.
      2. Аудандық бюджет құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшiн тиiстi қаржы жылына аудан әкiмдiгiнiң резервi "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңының 13-бабына және "Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 261 Заңына және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерістерімен "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N 19 Заңына сәйкес қалыптастырылады. Аудан әкiмдiгінің резервiнде мыналар:
      аудан әкімдiгiнің қаулысымен айқындалған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат;
      сот шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар мiндеттемелерiн өтеуге арналған қаражат көзделедi.
      Сот шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн аудан әкiмi резервiнiң құрамында қарастырылған қаржы толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген мiндеттемелер болса, онда аудан әкiмi жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне өзгертулер енгiзу жолымен аудан әкiмi резервiнiң көлемiн ұлғайту туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгiзедi. 
      3. Аудандық әкiмдiк резервiнен қаражат бөлу аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен белгiленген, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылдың 16 қазанында N 2012 тіркелген Бірыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшерi және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетiлген тәртiпте жүзеге асырылады.
      4. Аудан әкiмдiгiнің резерв қаражатын мақсатты белгiленген және қаражат бөлу туралы аудан әкiмдiгiнiң қаулысында көрсетiлмеген мұқтаждықтарға пайдаланыла алмайды. Аудан әкiмдiгiнің резервiнен қаражат бөлу туралы аудан әкiмдiгiнiң қаулысы қаржы жылы өткеннен кейiн күшiн жояды. Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ аудан әкімдiгi резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты аудандық бюджетке қайтарылады.
      5. Аудан әкiмдiгiнiң резерв мөлшері аудандық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауы тиіс.
      6. Бюджеттiң атқарылу процесiнде тапшылықтың нақтыланған деңгейiнiң жоғарылауы немесе бюджетке түсетiн кiрiстердiң едәуiр төмендеуi қалыптасқан жағдайда, белгiленген тәртiпте аудан әкiмдiгiнiң резерв шығыстары бойынша секвестрлеу енгiзiледi.

2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      7. Аудан әкiмдiгi резервiнен төтенше жағдайларды жоюға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне қаражатын бөлу мәселелерiн аудан әкiмдiгi қарастырады. Бұл ретте негiзделген материалдар мен олардың тiзбесiн ұсыну ережесін ауданның жергілікті қаржы органдары анықтайды.
      8. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мәселесі селолық аймақтар мен Сергеевка қаласы әкімдерінің қаржы басқармасына жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуы және оның көлемі туралы ақпаратты міндетті түрде ұсынғанда, қаралады.
      9. Сондай-ақ, төтенше жағдайларды жою үшiн аудан әкiмдiгi резервiнен қаржы бөлу:
      төтенше жағдайлардың туындау нәтижесiнде зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетуге;
      зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамақтанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға;
      шұғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен жарақтармен қосымша жабдықтауға;
      кәсiпорындар мен ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылған құтқару және апаттық-қалпына келтiру жұмыстарын өткiзуге арналған шығыстарды, олардың меншік түрінен тәуелсіз өтеуге;
      төтенше жағдайлар зонасын тасымалдармен, күштермен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеуге;
      төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да іс-шараларға жүргізіледі.

3. Сот шешiмдерi бойынша аудандық бюджет есебінен
ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың
мiндеттемелерiн өтеуге қаржы бөлу

      10. Сот шешiмдерi бойынша жергілікті атқарушы органдардың  мiндеттемелерiн өтеуге арналған аудан әкiмдiгi резервiнен қаржы бөлу туралы аудан әкiмдiгi қаулысының жобасын белгiленген заңды тәртiпте аудан әкiмі аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлімі немесе аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган дайындайды.
      11. Сот шешiмдерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу соттың атқарушы құжаттары болған және мекеме сметалары есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда аудан әкiмдiгiнiң резервi есебiнен қамтамасыз етiледi.

4. Басқа да көзделмеген шығындарға қаражат бөлу

       12. Ағымдағы жылы және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін аудандық бюджетті және аудан бюджетін қалыптастыруда толығымен көзделмеген немесе жеткіліксіз көлемде көзделген шығыстарды, өзге де күтілмеген шығыстарды қаржыландыру аудан әкімдiгi резервінен жүзеге асырылады.
      13. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, селолық аймақтар мен Сергеевка қаласы әкімдері өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкiмдiгi резервінен қаражат бөлу үшін ауданның қаржы басқармасына қаражат бөлу туралы қажетті негіздемелері және есептерімен өтінім ұсынады.
      14. Ауданның қаржы басқармасы ұсынылған өтінім негізінде аудандық әкімдiк резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
      15. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі бойынша оң қорытынды болған жағдайда, өзге де күтілмеген шығыстарға аудан әкімдiгi резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдiгi қаулысының жобасы белгіленген заңды тәртіпте осы аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дайындайды.

5. Бақылау және есеп беру

      16. Аудандық қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкiмдiгi резервiндегі қаржы және оны пайдалану туралы мәлiметтердi аудан әкiмдiгiне ұсынады.
      17. Облыс әкімдiгi резервінен қаржы алған бюджеттік бағдарлама әкімшілері, селолық аймақ әкімдері, қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражат мөлшері мен орындалған жұмыстардың құны туралы есепті қаржы басқармасына ұсынуы тиіс.
      18. Аудан әкiмдiгi резервiнiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды аудандық қаржы басқармасы, ауданның қазынашылық бөлімі  жүргiзедi.
      19. "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес аудан әкімдiгi резервінің қаражатын пайдалану ережесін бақылауды мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау департаменті жүзеге асырады.
      20. Бөлінетін бюджеттiк қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалану жауапкершілігі Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртiпте алушыға жүктеледi.

О Правилах использования резерва акимата района Шал акына

Постановление Акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 6 октября 2003 года N 241. Зарегистрировано Управлением юстиции Северо-Казахстанской области 29 октября 2003 года за N 1046. Утратило силу - постановлением Акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 7 октября 2011 года N 238

      Сноска. Утратило силу - постановлением Акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 07.10.2011 N 238

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года N 357-1 "О бюджетной системе", руководствуясь Постановлением акимата Северо-Казахстанской области N 114 от 26 мая 2003 года "О Правилах использования резерва акимата области" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Правила использования резерва акимата района.
      2. Постановление акимата района от 3 мая 2002 года N 42 "О Порядке использования резерва акимата района Шал акына" и от 3 мая 2002 года "Правила использования средств резерва акимата района Шал акына" считать утратившим силу.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ткаченко О.В.

      Аким района

Утверждены
постановлением акимата
района Шал акына
от 6 октября 2003 года N 241
"О Правилах использования резерва
акимата района Шал акына"

Правила
использования резерва акимата района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют механизм выделения и расходования средств резерва акимата района Шал акына в пределах сумм, утвержденных решением Маслихата района на соответствующий финансовый год.
      2. Резерв акимата района формируется в соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года N 357-1 "О бюджетной системе" и от 6 декабря 2001 года N 261 "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О бюджетной системе" и от 5 июля 1996 года N 19 "О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера" с изменениями от 19 мая 2000 года в составе районного бюджета на соответствующий финансовый год для финансирования непредвиденных расходов. Резервом акимата района предусматриваются:
      средства для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иных непредвиденных расходов, определяемых постановлением акимата района;
      средства для погашения обязательств местных исполнительных органов по решениям судов.
      В случае использования в полном объеме средств, предусмотренных в составе резерва акимата района для погашения обязательств местных исполнительных органов по решениям судов при наличии непогашенных обязательств, акимат района вносит в маслихат района предложение об увеличении размеров резерва акимата района путем внесения изменений в решение маслихата о местном бюджете.
      3. Выделение средств из резерва акимата района осуществляется в установленном порядке постановлением акимата района, где указываются получатель, объем средств и направление их целевого использования в соответствии с Единой бюджетной классификацией, утвержденной приказом Министра экономики и бюджетного планирования от 23 сентября 2002 года N 3, зарегистрированной в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 16 октября 2002 года N 2012.
      4. Средства резерва акимата района имеют целевое назначение и не могут быть использованы на нужды и не предусмотренные в постановлении акимата района о выделении средств. Постановления акимата района о выделении средств из резерва акимат района уплачивают ему по истечении финансового года. Остатки неиспользованных средств, а также средства резерва акимата района, использованные не по целевому назначению, подлежат возврату в бюджет.
      5. Размер резерва акимата района не должен превышать двух процентов объема поступлений районного бюджета.
      6. Если в процессе исполнения бюджета складывается превышение утвержденного уровня дефицита или значительное снижение поступлений доходов в бюджет, то в установленном порядке вводится секвестрирование по расходам резерва акимата района.

2. Выделение средств на ликвидацию чрезвычайных
ситуаций природного и техногенного характера

      7. Вопросы выделения средств из резерва акимата района администраторам бюджетных программ на ликвидацию чрезвычайных ситуаций рассматривает акимат района. При этом порядок представления обосновывающих материалов и их перечень определяется местными финансовыми органами района.
      8. Вопросы выделения средств из резерва акимата района рассматриваются по ходатайству акимов сельских округов и города Сергеевка, согласованным представлением информации в управление финансов о наличии и объемах использованных средств местных бюджетов.
      9. Выделение средств из резерва акимата района для ликвидации чрезвычайных ситуаций производиться также на:
      оказание материальной помощи пострадавшим гражданам в результате возникновения чрезвычайной ситуации;
      развертывание и содержание временных пунктов проживания и питания для пострадавшего населения;
      дополнительное оснащение аварийно спасательных и аварийно восстановительных подразделений экстренного реагирования техническими средствами спасения, оборудованием и снаряжением;
      возмещение расходов на проведение спасательных и аварийно восстановительных работ, осуществленные привлекаемыми предприятиями и организациями, независимо от их формы собственности;
      возмещение затрат по обеспечению перевозок, сил и средств в зону чрезвычайных ситуаций;
      другие мероприятия, связанные с ликвидацией чрезвычайных ситуаций.

3. Выделение средств на погашение обязательств местных
исполнительных органов, содержащихся за счет районного
бюджета, по решениям судов

      10. Проект постановления акимата района о выделении средств из резерва акимата района на погашение обязательств местных исполнительных органов по решениям судов подготавливается аппаратом акима района или исполнительным органом, финансируемым из районного бюджета в установленном законом порядке.
      11. Погашение обязательств местного исполнительного органа по решениям судов обеспечивается за счет резерва акимата района при наличии судебных исполнительных документов и невозможности погашения за счет смет учреждений.

4. Выделение средств на иные непредвиденные расходы

      12. Финансирование иных непредвиденных расходов из резерва акимата района осуществляется на расходы, не предусмотренные при формировании районного бюджета или предусмотренные в недостаточном объеме на текущий год и требующие безотлагательного решения в текущем финансовом году.
      13. Для выделения средств из резерва акимата района на иные непредвиденные расходы администраторы районных бюджетных программ, акимы сельских округов представляют в управление финансов района ходатайство о выделении средств с соответствующими обоснованиями и расчетами.
      14. Управление финансов на основании представленного ходатайства дает заключение о возможности либо невозможности выделения средств из резерва акимата района.
      15. При положительном заключении по ходатайству администраторов районных бюджетных программ, проект постановления акимата района на иные непредвиденные расходы подготавливается данным администратором районных бюджетных программ в установленном законодательном порядке.

5. Контроль и отчетность

      16. Управление финансов района ежеквартально представляет в акимат района информацию о наличии и использовании средств резерва акимата района.
      17. Администраторы бюджетных программ, акимы сельских округов, получившие средства из резерва акимата области, должны представить отчет в управление финансов об использовании выделенных средств, объемах и стоимости выполненных работ в порядке и сроки, установленные управлением финансов.
      18. Контроль за целевым использованием резерва акимата района осуществляется управлением финансов, отделением казначейства района.
      19. Контроль за использованием средств резерва акимата района в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" осуществляется департаментом организации и контроля государственных закупок.
      20. Ответственность за целевым и эффективным использованием выделяемых бюджетных средств возлагается на получателя в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.