Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімдігінің 2006.08.24 N 1192 қаулысымен.
Ескерту. Атауында «Ереже» сөзі «Қағида» сөзіне ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімдігінің 2005.04.13 № 439 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарма туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-П Заңының 31 бабы 1 тармағымен 14) тармақшасымен, "Курчатов қаласының 2003 жылға арналған бюджеті туралы" қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 9 қаңтардағы N 123 шешімімен, "Шығыс Қазақстан облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету бойынша бағдарлама туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2002 жылғы 27 қыркүйектегі ХҮІІ сессиясының N 17/8 шешімін жүзеге асыру шеңберіндегі және 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету бойынша іс-шаралардың қалалық жоспарына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласының аз қамтылған аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмекті төлеу бойынша қалалық комиссия құрамы құрылсын (N 1 қосымша).
2. Курчатов қаласының аз қамтылған аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмекті бөлу және төлеу тәртібі туралы Ереже бекітілсін (N 2 қосымша).
3. Курчатов қаласының аз қамтылған аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмекті төлеу бойынша қалалық комиссияның жеке құрамы Курчатов қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды қала әкімінің орынбасары М. С. Егізбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Курчатов қаласының әкімі
Курчатов қалалық әкімдігінің
2003 жылғы 2 маусымдағы
N 58 қаулысына N 1-қосымша
Курчатов қаласының аз қамтылған аса мұқтаж азаматтарына
материалдық көмекті бөлу бойынша қалалық комиссия
ҚҰРАМЫ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімдігінің 2005.04.13 № 439 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз).
Комиссия төрағасы |
Старенкова Елена Васильевна, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары |
Комиссия хатшысы |
Логвинова Валентина Васильевна, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің бастығы міндетін атқарушы |
Комисия мүшелері |
Мусин Бауыржан Аяшевич, Курчатов қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша) Куликова Галина Ивановна, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Курчатов қаласының қалалық филиалының төрағасы Мусагалиева Карлыгаш Ксатаевна, «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары Пащенко Нина Николаевна, білім беру және спорт бөлімінің бастығы Хусайнова Галия Маратовна, әкім аппаратның заңгер бас маманы Білім беру және спорт бөлімінің жетекші бас маманы бос орын |
Курчатов қаласы әкімі
аппаратының басшысы
Курчатов қаласы әкімдігінің
2003 жылғы 2 маусымдағы
N 58 қаулысына N 2-қосымша
Курчатов қаласының аз қамтылған көмекке аса мұқтаж
азаматтарына материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы
ҚАҒИДА
1. Жалпы ережелер
1. Бір жолғы материалдық көмек Курчатов қаласының аз қамтылған азаматтарына, тұрғындарына беріледі.
2. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға бір реттен артық көрсетілмейді.
3. Материалдық көмек көрсету еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөліміне (бұдан әрі – бөлім) жергілікті бюджет қаржысынан, барлық жеке меншік түрлері кәсіпорындарынан және жеке тұлғалардан жәрдем көрсету мен қайырымдылық көмек түрінде ақшалай және табиғи түрінде (тамақ өнімдері, киімдер, дәрі-дәрмек, үй тұрмысына қажетті заттар) жүзеге асады.
4. Бір жолғы материалдық көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар Курчатов қаласында тұрғылықты тұратын (тіркелімде бар) азаматтар құқылы.
2. Бір жолғы материалдық көмекті беру тәртібі
5. Бір жолғы материалдық көмек аса мұқтаж жалғыз тұратын аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі.
6. Материалдық көмек қайғылы жағдайлар нәтижесінде ауыр материалдық жағдайына және аурудың асқынған түрлерінде және басқа да себептермен азаматтарға беріледі.
7. Жергілікті бюджет қаржысынан және қайырымдылық қаржыларынан материалдық көмек қаланың аз қамтылған азаматтарына, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға қоғамдық ұйымдардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің кеңесінің, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің ұсынуымен беріледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімдігінің 2005.04.13 № 439 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз).
8. Бір жолғы материалдық көмек келесі құжаттарды табыс еткенде бөлінеді:
1) материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш;
2) төлқұжат немесе бас куәлігі;
3) салық төлушінің тіркеу нөмірі;
4) азаматтық материалдық көмекті қажет ететіндігін анықтайтын, басқа да құжаттар (қайғылы жағдай туралы құжаттар, ауырғаны туралы дәргерлік анықтама, басқа да құжаттар).
9. Өз өтініш көмек сұраған азаматтардың үйіне барып, оған сол аумақта тұратын өзін-өзі басқару комитетінің қатысуымен қаралады, тексеру нәтижесінде комиссияға ұсыну үшін жанұяның әлеуметтік картасы жасалады.
10. Комиссияның қандай да болмасын көмек түрін (ақшалай немесе табиғи түрде) көрсету жөнінде шешім қабылдау құқығы бар.
3. Бір жолғы материалдық көмекті тіркеу тәртібі
11. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен көмек сұраған азаматтардың жеке есеп-шотына қаржыны аудару жолымен төленеді.
12. Бір жолғы материалдық көмек ұзақ уақыт бойы келмеген жағдайнда (3 ай мерзімінде) комиссия материалдық көмек көрсету жөніндегі мәселені қайта қарап, ол ақшаны басқа адамдарға қайта беруге құқылы.
4. Жергілікті бюджет қаржысын мақсатты пайдалауға бақылау жасау
13. Курчатов қаласының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті төлеуге жауапкершілік бөлімнің жетекші маман-бухгалтеріне жүктеледі.
14. Курчатов қаласының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылау жасауды қалалық қаржы және шаруашылық бөлімі жүзеге асырады.
Курчатов қаласы әкімі
аппаратының басшысы