2003 жылғы 2 шілдедегі № 58 "Курчатов қаласының жағдайы төмен көмекке аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмекті көрсету жөніндегі және төлеу Ережелерін бекіту жөніндегі және қалалық комиссия құрамы туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімдігінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 439 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 25 сәуірде № 2305 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 24 тамыздағы N 1192 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық әкімдігінің 2006.08.24 N 1192 қаулысымен.
      
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2003 жылғы 2 шілдедегі № 58 «Курчатов қаласының жағдайы төмен көмекке аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмекті бөлу және төлеу Ережелерін бекіту және қалалық комиссия құрамы туралы» қаулысына (2003 жылғы 19 тамыздағы тіркелу нөмірі 1365, 2003 жылғы 16 қыркүйектегі № 88 «Дидар», 2003 жылғы № 10 «Спектр. Резонанс» газеттерінде жарияланған) төмендегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) атауында «Ереже» сөзі «Қағида» сөзіне ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулыға «Курчатов қаласының жағдайы төмен көмекке аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмекті бөлу жөніндегі комиссия» 1-қосымша жаңа редакцияда берілсін (қосымша);
      3) «Курчатов қаласының жағдайы төмен көмекке аса мұқтаж азаматтарына біріңғай материалдық көмекті бөлу және төлеу тәртіптері туралы қағида» 2-қосымшасындағы «Біріңғай материалдық көмекті бөлу Тәртіптері» 7-тармақ 2-бөлімдегі «қаланың жағдайы төмен азаматтарына» деген сөзден кейін «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Курчатов қаласының жағдайы төмен көмекке аса мұқтаж азаматтарына материалдық көмекті бөлу жөніндегі комиссиясының жаңарған құрамы Курчатов қалалық мәслихаты сессиясына бекітіуге ұсынылсын.
      3. Аталмыш қаулының орындалуы Курчатов қаласының әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      4. Аталмыш қаулы Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген мерзімнен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған мерзімнен бастап әрекетке енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімі                         А. МУХТАРХАНОВ
      
      
      Келісілді:
      
      «Қазақстан Республикасының
      ардагерлер ұйымы» қоғамдық
      бірлестігінің Курчатов қаласының
      қалалық филиалының төрағасы                         Г. КУЛИКОВА
      
      
      «Курчатов қаласының қалалық
      ауруханасы» қазыналық коммуналдық
      мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері               А. СУЛТАНОВ
      
      
      Курчатов қалалық
      мәслихатының депутаты                                  Б. МУСИН

Курчатов қаласы әкімдігінің
2005 жылғы «13» сәуірдегі
№ 439 қаулысына қосымша

  Курчатов қаласының жағдайы төмен көмекке аса мұқтаж
азаматтарына материалдық көмекті бөлу жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Комиссия төрағасы

Старенкова Елена Васильевна, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары

Комиссия хатшысы

Логвинова Валентина Васильевна, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің бастығы міндетін атқарушы

Комисия мүшелері

Мусин Бауыржан Аяшевич, Курчатов қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Куликова Галина Ивановна, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Курчатов қаласының қалалық филиалының төрағасы

Мусагалиева Карлыгаш Ксатаевна, «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары

Пащенко Нина Николаевна, білім беру және спорт бөлімінің бастығы

Хусайнова Галия Маратовна, әкім аппаратның заңгер бас маманы

Білім беру және спорт бөлімінің жетекші бас маманы бос орын

      Курчатов қаласы
      әкім аппаратының жетекшісі                         А. ОНДАКАНОВ

Курчатов қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 13 сәуірдегі
№ 439 қаулысына 2 қосымша

Курчатов қаласының аз қамтылған көмекке аса мұқтаж
азаматтарына материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы
ҚАҒИДА

1. Жалпы ережелер

      1. Бір жолғы материалдық көмек Курчатов қаласының аз қамтылған азаматтарына, тұрғындарына беріледі.
      2. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға бір реттен артық көрсетілмейді.
      3. Материалдық көмек көрсету еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөліміне (бұдан әрі – бөлім) жергілікті бюджет қаржысынан, барлық жеке меншік түрлері кәсіпорындарынан және жеке тұлғалардан жәрдем көрсету мен қайырымдылық көмек түрінде ақшалай және табиғи түрінде (тамақ өнімдері, киімдер, дәрі-дәрмек, үй тұрмысына қажетті заттар) жүзеге асады.
      4. Бір жолғы материалдық көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар Курчатов қаласында тұрғылықты тұратын (тіркелімде бар) азаматтар құқылы.

2. Бір жолғы материалдық көмекті беру тәртібі

      5. Бір жолғы материалдық көмек аса мұқтаж жалғыз тұратын аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі.
      6. Материалдық көмек қайғылы жағдайлар нәтижесінде ауыр материалдық жағдайына және аурудың асқынған түрлерінде және басқа да себептермен азаматтарға беріледі.
      7. Жергілікті бюджет қаржысынан және қайырымдылық қаржыларынан материалдық көмек қаланың аз қамтылған азаматтарына, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға қоғамдық ұйымдардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің кеңесінің, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің ұсынуымен беріледі.
      8. Бір жолғы материалдық көмек келесі құжаттарды табыс еткенде бөлінеді:
      1) материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш;
      2) төлқұжат немесе бас куәлігі;
      3) салық төлушінің тіркеу нөмірі;
      4) азаматтық материалдық көмекті қажет ететіндігін анықтайтын, басқа да құжаттар (қайғылы жағдай туралы құжаттар, ауырғаны туралы дәргерлік анықтама, басқа да құжаттар).
      9. Өз өтініш көмек сұраған азаматтардың үйіне барып, оған сол аумақта тұратын өзін-өзі басқару комитетінің қатысуымен қаралады, тексеру нәтижесінде комиссияға ұсыну үшін жанұяның әлеуметтік картасы жасалады.
      10. Комиссияның қандай да болмасын көмек түрін (ақшалай немесе табиғи түрде) көрсету жөнінде шешім қабылдау құқығы бар.

3. Бір жолғы материалдық көмекті тіркеу тәртібі

      11. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен көмек сұраған азаматтардың жеке есеп-шотына қаржыны аудару жолымен төленеді.
      12. Бір жолғы материалдық көмек ұзақ уақыт бойы келмеген жағдайнда (3 ай мерзімінде) комиссия материалдық көмек көрсету жөніндегі мәселені қайта қарап, ол ақшаны басқа адамдарға қайта беруге құқылы.

4. Жергілікті бюджет қаржысын мақсатты пайдалауға бақылау жасау

      13. Курчатов қаласының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті төлеуге жауапкершілік бөлімнің жетекші маман-бухгалтеріне жүктеледі.
      14. Курчатов қаласының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылау жасауды қалалық қаржы және шаруашылық бөлімі жүзеге асырады.
      
      
      Курчатов қаласы әкім
      аппаратының жетекшісі                              А. Ондаканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады