Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарының оқулықтарды қайтарымды негізде ақысыз пайдалануы туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы № 233 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 28 қарашада № 2361 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 29 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.01.26 № 29 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысын орындау үшін, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің келесі санаттары оқулықтарды қайтарымды негізде тегін пайдалануға құқылы деп белгіленсін:
      - оқу озаттары мен екпінділер ("4" және "5" бағаларына оқитындар);
      - оралмандардың балалары;
      - әскери қызметті өткеру кезінде мүгедектікке ұшыраған бұрынғы әскери қызметшілер отбасыларының балалары.
      2. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы (Бисембаева) оқушылардың осы санаттарын жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартына сәйкес оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) осы қаулыға сәйкес оқушылардың оқулықтарды тегін пайдалануын қамтамасыз ету үшін тиісті жылға бөлінген қаржы шегінде облыстық бюджетте шығыстарға қаржы қарастырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.

      Облыс әкімі
 

О бесплатном пользовании учебниками на возвратной основе отдельными категориями обучающихся и воспитанников организаций образования

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 14 ноября 2003 года № 233. Зарегистрировано Управлением юстиции Западно-Казахстанской области 28 ноября 2003 года № 2361. Утратило силу - постановлением акимата Западно-Казахстанской области № 29 от 26 января 2009 года

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 26.01.2009 № 29.

      Во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2003 года № 173 "Об утверждении Правил обеспечения учебниками обучающихся и воспитанников организаций образования", а также в целях обеспечения учащихся и воспитанников организаций образования учебной литературой акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие категории обучающихся и воспитанников организаций образования, как имеющих право на бесплатное пользование учебниками на возвратной основе:
      - отличники и ударники (успевающих на оценки "4" и "5");
      - дети оралманов;
      - дети семей бывших военнослужащих, получивших инвалидность в период прохождения воинской службы.
      2. Западно-Казахстанскому областному управлению образования (Бисембаева) обеспечить данную категорию учащихся учебной литературой в соответствии с требованиями Государственного общеобязательного стандарта среднего общего образования.
      3. Западно-Казахстанскому областному управлению финансов (Хамитов) предусмотреть в бюджете образования расходы для обеспечения бесплатного пользования учебниками учащихся в соответствии с настоящим постановлением в пределах выделенных ассигнований на соответствующий год.
      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя Акима области Есенгалиева А. К.

      Aким области