Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.01.26 № 29 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысын орындау үшін, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің келесі санаттары оқулықтарды қайтарымды негізде тегін пайдалануға құқылы деп белгіленсін:
- оқу озаттары мен екпінділер ("4" және "5" бағаларына оқитындар);
- оралмандардың балалары;
- әскери қызметті өткеру кезінде мүгедектікке ұшыраған бұрынғы әскери қызметшілер отбасыларының балалары.
2. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы (Бисембаева) оқушылардың осы санаттарын жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартына сәйкес оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) осы қаулыға сәйкес оқушылардың оқулықтарды тегін пайдалануын қамтамасыз ету үшін тиісті жылға бөлінген қаржы шегінде облыстық бюджетте шығыстарға қаржы қарастырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Облыс әкімі