Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 29 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 16 ақпанда № 3020 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің төмендегі қаулыларына келесідей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" 2001 жылғы 13 қарашадағы N 48 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1143 тіркелген, 2001 жылғы 24 қарашада облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысының 2-тармағындағы "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Анищенко)" деген сөздер "О блыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы " деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" 2001 жылғы 13 қарашадағы N 49 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1144 тіркелген, 2001 жылғы 24 қарашада облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және олармен теңестірілген адамдарға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 заң күші бар Жарлығының 20-бабын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулылары мен шешімінің күштері жойылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.
      Облыс әкімі

  Облыс әкімдігінің
2009 жылғы 26 қаңтардағы N 29
қаулысына
ҚОСЫМША

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің
күші жойылатын қаулылары
мен шешімінің тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы" 2005 жылғы 31 наурыздағы N 102 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2925 тіркелген, 2005 жылғы 31 наурызда облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімінің "Батыс Қазақстан облысында кең таралған пайдалы қазба байлықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімдердегі қол қойылған бонустардың мөлшерін белгілеудің тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 16 қарашадағы N 196 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 630 тіркелген) шешімі.
      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарының оқулықтарды қайтарымды негізде ақысыз пайдалануы туралы" 2003 жылғы 14 қарашадағы N 233 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2361 тіркелген, 2003 жылғы 9 желтоқсанда облыстық "Орал өңірі" және "Приуралья" газеттерінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады