"Туу, өлім және перенатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын медициналық құжаттарды енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2505 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 03 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2677. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 520 Бұйрығымен

       Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007.08.27.  N 520  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.  

      "Келісілді"                      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасы
      Әділет министрінің м.а.          Статистика жөніндегі
                                       агенттігінің төрағасы
      13 қаңтар 2004 жыл               16 қаңтар 2004 жыл

      Медициналық ұйымдарда туу, өлім және перинатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туу, өлім және перинатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын медициналық құжаттарды енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2505 тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 664  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген туу, өлім және перинатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын медициналық құжаттарды толтыру, беру жөніндегі Нұсқаулықта:
      1-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өлі туғандар - жүктіліктің 28 және одан да көп аптасында, салмағы 1000 грамм және одан да көп және бойы 35 см және одан да көп және тіршілік белгісі болмаған жағдайдағы ұрықтану өнімін ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алғанға дейінгі баланың өлімі;
      2) перинатальдық кезең - жүктіліктің 28 аптасынан басталады, оған босану кезеңі қосылады және жаңа туған нәрестеге 7 күн толғанда аяқталады";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) тірі туу - жүктілікке 28 апта болғанда ананың ағзасынан баланы толық алу немесе нәрестені шығарып алу (нәрестенің бойы 35 см және одан да көп, салмағы 1000 грамм және одан да көп), туғаннан кейін, анасынан бөлінгеннен кейін демалатын немесе жүректің соғуы, кіндік тамырының соғуы, немесе дене құрылысының қимылдауы, немесе жүктіліктің 28 аптасына дейін туған нәресте (яғни бойы 35 см және салмағы 1000 граммға дейін), 7 тәуліктен (168 сағат) өмір сүрген тіршіліктің өзге де белгілерін білдіретін тіршілік иесі.".

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің
      міндетін атқарушы

О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 сентября 2003 года N 664 "О введении медицинской документации, удостоверяющей случаи рождения, смерти и перинатальной смерти" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан N 2505)

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 января 2004 года N 3. Зарегистрированный Министерством юстиции Республики Казахстан от 21 января 2004 года N 2677. Утратил силу - приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 августа 2007 года N 520 (вводится в действие с 1 января 2008 года).

       Сноска. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 января 2004 года N 3 утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 августа 2007 года  N 520  (вводится в действие с 1 января 2008 года).

 

       «Согласовано»                              «Согласовано»
      Министр юстиции                            Председатель Агентства
      Республики Казахстан                       Республики Казахстан
      "13" января 2004 г.                        по статистике
                                                 "16" января 2004 г.

      В целях упорядочения ведения в медицинских организациях первичной медицинской документации, удостоверяющей случаи рождения, смерти и перинатальной смерти, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ  и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 сентября 2003 года N 664 "О введении медицинской документации, удостоверяющей случаи рождения, смерти и перинатальной смерти" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан N 2505, опубликованный в "Официальной газете" 25 октября 2003 года N 43) следующие изменения и дополнение:
      в Инструкции по заполнению, выдаче медицинской документации, удостоверяющей случаи рождения, смерти и перинатальной смерти, утвержденной указанным приказом:
      в пункте 1:
      подпункты 1) и 2) изложить в следующей редакции:
      "1) мертворождение - смерть продукта зачатия до полного изгнания или извлечения из организма матери при сроке беременности 28 недель и более, массе тела 1000 грамм и более и росте 35 см и более без признаков жизни;
      2) перинатальный период - начинается с 28 недель беременности, включает период родов и заканчивается через 7 полных дней жизни новорожденного."; 
      дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) живорождение - полное выделение или извлечение из организма матери плода при сроке беременности 28 недель и более (то есть плода ростом 35 см. и более, массой тела 1000 грамм и более), который после отделения от тела матери дышит или проявляет другие признаки жизни, такие как сердцебиение, пульсация пуповины, или произвольные движения мускулатуры, или плоды, родившиеся до 28 недель беременности (то есть с ростом менее 35 см и массой тела менее 1000 грамм), прожившие свыше 7 суток (168 часов) после рождения.".

      2. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Диканбаеву С.А.

      И.о. Министра здравоохранения 
          Республики Казахстан