Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2003 жылғы 8 қыркйүектегі N 664 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2505. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы N 520 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007.08.27.  N 520  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Келісілген»          
Қазақстан Республикасының  
Әділет министрі      
2003 жылғы 13 қыркүйектегі 

Келісілген           
Қазақстан Республикасының  
Статистика жөніндегі    
агенттігінің төрағасы   
2003 жылғы 15 қыркүйектегі 

      Медициналық ұйымдарда туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы жүргізуді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Туу туралы медициналық куәлік" N 103/у-03, "Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік" N 106/у-03, "Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік" N 106-2/у-03 медициналық құжаттамасының есептік нысандары (1-қосымша);
      2) туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттаманы толтыру, беру жөніндегі нұсқаулық (2-қосымша) бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары, меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдарда бастапқы медициналық құжаттаманың есептік нысандарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізуді назарға алсын және қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

"Туу, қайтыс болу және     
перинаталдық өлім        
жағдайларын куәландыратын   
медициналық құжаттаманы    
енгізу туралы"         
Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің 
2003 жылғы 8 қыркүйектегі  
N 664 бұйрығына        
1-қосымша            

______________________________________
ОКПО бойынша мекеменің коды _________ 
______________________________________

____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының          N 103/у-03 нысанды медициналық
Денсаулық сақтау министрлігі       құжаттама ҚР Денсаулықминінің
Ұйымның атауы                      2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 664
                                   бұйрығымен бекітілген
____________________________________________________________________

ТУУ ТУРАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛІК

(АХАТ органдарында тіркеу үшін беріледі)     Сериясы ___ N _____

      Берілген күні 20_______ ж. "____"__________

1. Анасының тегі, аты, әкесінің аты _______________________________
___________________________________________________________________

2. Анасының тұрақты мекен-жайы:
Облысы/респ. маңызы бар қала ______________________________________
Ауданы/обл.маңызы бар қала ________________________________________
Округі ____________________________________________________________
Елді мекені ______________________________________ (1-қала, 2-ауыл)
Көшесі __________________________ үйі ___________ пәтері __________
3. Анасының туған күні: жылы____________, айы _______, күні _______
4. Анасының ұлты __________________________________________________
5. Босану күні және уақыты: жылы__, айы__, күні__, сағат__, мин ___
6. Босану орны: 1-стационарда, 2-үйде, 3- басқа жерде
7. Баланың жынысы: 1- ұл, 2-қыз, 3-анықталған жоқ
8. Бала: 1-бір ұрықты, 2-егіздердің бірін, 3-егіздердің екіншісін, 4-өзге де көп ұрықты туу кезінде туды
9. Бала: 1 - күні жетіп, 2 - күні жетпей, 3 - күні асып туды
10. Баланың туған кездегі салмағы ______________________________ г
11. Баланың туған кездегі бойы ________________________________ см
12. Куәлік беруші ұйымның атауы, мекен-жайы ______________________
__________________________________________________________________
13. Куәлік беруші медицина қызметкерінің а.,ж.,т., қызметі
__________________________________________________________________
Денсаулық сақтау ұйымының     Куәлік беруші медицина қызметкерінің
немесе жеке медициналық       қолы _____________________
практикамен айналысатын
жеке тұлғаның мөрі
===================================================================

Ата-аналардың назарына
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  174-бабына  сәйкес баланы АХАЖ органдарында тіркеу міндетті. Баланың тууы туралы өтініш бала туғаннан кейін екі айдан кешіктірмей жасалуы тиіс.

----------------------- Кесу сызығы--------------------------------

СЕРИЯСЫ________ N_________
ТУУ ТУРАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛІКТІҢ ТҮБІРТЕГІ

      Берілген күні  20_____ж.  "_____"__________________

1. Анасының тегі, аты, әкесінің аты _______________________________
2. Анасының тұрақты мекен-жайы:
Облысы/респ.маңызы бар қала _______________________________________

Ауданы/обл.маңызы бар қала ________________________________________
Округі ____________________________________________________________
Елді мекені ______________________________________ (1-қала, 2-ауыл)
Көшесі _________________________ үйі ______________ пәтері ________
3. Босану күні және уақыты: жылы__, айы__, күні__, сағат__, мин ___
4. Баланың жынысы: 1-ұл, 2-қыз, 3-анықталған жоқ
5. Куәлік беруші ұйымның атауы, мекен-жайы ________________________
___________________________________________________________________
6. Куәлік беруші медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________

                                  Алушының қолы ___________________

________________________________ 
Мекеменің ОКПО бойынша коды ____ 
________________________________ 

____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының       N 106/у-03 нысанды медициналық
Денсаулық сақтау министрлігі    құжаттама ҚР Денсаулықминінің
Ұйымның атауы                   2003 жылғы 8 қыркүйектегі
                                N 664 бұйрығымен бекітілген
____________________________________________________________________

ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ДӘРІГЕРЛІК КУӘЛІК

      (АХАЖ органдарында тіркеу үшін беріледі)   СЕРИЯ ____ N _____
      (алдын ала, түпкілікті, алдын аланың, түпкіліктінің орнына
      сериялары ___ N____)
      Берілген күні "___"__________ 200__ ж.
1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
2. Жынысы: ер - 1, әйел - 2
3. Туған уақыты: :күні ____________ айы ___________ жылы __________
4. Қайтыс болған уақыты: :күні_______ айы ____________ жылы _______
5. 7 күннен 1 айға дейінгі жаста қайтыс болған балалар үшін:
айы-күні жеткен - 1, айы-күні жетпеген - 2
6. 7 күннен 1 айға дейінгі жаста қайтыс болған балалар үшін: туған кездегі салмағы: ________  грамм - 1, өмір сүрген айы ____ және күні ____ - 2, анасының ____ баласы - 3, анасының жасы _____ - 4.
*7. Тұрақты мекен-жайы:
      Облысы/респ.маңызы бар қала _________________________________
      Ауданы/обл.маңызы бар қала __________________________________
      Округі ______________________________________________________
      Елді мекені _________________________________(1-қала, 2-ауыл)
      Көшесі ________ үйі ________ пәтері____________
*8. Қайтыс болған жері:
      Облысы/респ.маңызы бар қала _________________________________
      Ауданы/обл.маңызы бар қала __________________________________
      Округі ______________________________________________________
      Елді мекені _________________________________(1-қала, 2-ауыл)
      Көшесі _______ үйі ________ пәтері____________
9. Қайтыс болды: стационарда - 1, үйде - 2, басқа жерде - 3.
10. Ұлты __________________________________________________________
11. Отбасы жағдайы: некеге тұрған - 1, некеге тұрмаған - 2, жесір - 3, ажырасқан - 4, белгісіз - 5.
12. Білімі: жоғары - 1, аяқталмаған жоғары - 2, орта арнаулы - 3,
жалпы орта - 4, аяқталмаған орта - 5, бастауыш - 6, белгісіз - 7.
13. Жұмыс орны және лауазымы ______________________________________
14. Қайтыс болу себебі: ауру - 1, өндірістен тыс бақытсыз жағдай -
2, өндірістегі бақытсыз жағдай - 3, өлтірілген - 4, өзін-өзі
өлтірген - 5, анықталмады - 6.
15. Бақытсыз жағдайда қайтыс болғанда: улану немесе жарақаттану:
а) уақыты: күні _________ айы ___________ жылы ___________
б) өндірістен тыс бақытсыз жағдайдағы жарақат түрі: тұрмыстық - 1, жол-көліктен басқа, көшеде болған - 2, жол-көлік - 3, мектепте болған - 4, спорттық - 5, басқа да - 6.
в) жарақаттанған немесе уланған кездегі уақыт және жағдай _________
16. Қайтыс болу себебін анықтаған: тек өлімді анықтаған дәрігер - 1, емдеуші дәрігер - 2, фельдшер - 3, патолог-анатом - 4, сот-медициналық сарапшы - 5.
17. Мен, ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                              (лауазымы)
мәйітті тексеру - 1, медициналық құжаттама жазбасы - 2, бұрынғы тексеру - 3, ашу - 4 негізінде өлімге әкеп соқтырған патологиялық процестің (жағдайдың) салдарын анықтап, мынадай себебін белгіледім:
18. Қайтыс болу себебі:
1) а) _________________________________           (аурудың) күні
                                                 басталуы аяқталуы
                                                    |_|_|_|_|_|_|

   (тікелей өлімге әкелген ауру немесе жағдай)
б) ______________________________________           |_|_|_|_|_|_|
   (тікелей себептердің туындауына әкеп
   соқтырған патологиялық жағдайлар)

в) ______________________________________           |_|_|_|_|_|_|
 (өлімнің негізгі себебі соңынан көрсетіледі)
г) ______________________________________           |_|_|_|_|_|_|
 (жарақаттану және улану кезіндегі сыртқы
 себептер)
2) Өлімге себепші болатын, бірақ аурумен немесе патологиялық
жағдаймен байланысты емес оған әкелетін басқа да маңызды жағдайлар
___________________________________________________________________

19. Ана өлімі болған жағдайда жүктілік аяқталғаннан, босанғаннан (жүктілікке, салмақ салуға байланысты қандай да бір себептерден, бірақ бақытсыз жағдай немесе аяқ астынан болған жағдайдан емес) кейінгі 42 күннің ішінде - 1; жүктілік аяқталғаннан, босанғаннан (тікелей акушерлік себептен немесе соған байланысты жанама себептен) кейінгі 43-365 күннің ішінде - 2.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 
20. Куәлікті берген денсаулық сақтау ұйымының атауы, оның мекен-жайы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

21. Куәлік берген медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты,
лауазымы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

 
Денсаулық сақтау ұйымының немесе      Куәлік берген медицина
жеке медициналық практикамен          қызметкерінің қолы
айналысатын жеке тұлғаның мөрі        ______________________
* қайтыс болған 1 жастағы бала үшін анасының қатысымен толтырылады
___________________________________________________________________

-------------------------- Кесу сызығы ----------------------------

ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ДӘРІГЕРЛІК КУӘЛІКТІҢ ТҮБІРТЕГІ

СЕРИЯ _________ N _________

      (алдын ала, түпкілікті, алдын аланың, түпкіліктінің орнына
      сериялары ________ N_________)
      Берілген күні "___"__________ 200__ ж.
1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
2. Туған уақыты: :күні ___________ айы __________ жылы ____________
3. Қайтыс болған уақыты: :күні ___________ айы _______ жылы _______
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар үшін:
4. Туған уақыты: :күні _______ айы __________ жылы ________________
5. Қайтыс болған уақыты: :күні _________ айы ________ жылы ________
6. Туған жері: ____________________________________________________
               (денсаулық сақтау ұйымының атауы, оның мекен-жайы)
7. Анасының тегі, аты, әкесінің аты:
___________________________________________________________________
8. Куәлікті берген денсаулық сақтау ұйымының атауы
___________________________________________________________________
9. Куәлік берген медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты,
лауазымы __________________________________________________________
                                  Алушының қолы ___________________

________________________________ 
Мекеменің ОКПО бойынша коды ____ 
________________________________ 

____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының       N 106/у-03 нысанды медициналық
Денсаулық сақтау министрлігі    құжаттама ҚР Денсаулықминінің
Ұйымның атауы                   2003 жылғы 8 қыркүйектегі
                                N 664 бұйрығымен бекітілген
____________________________________________________________________

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ӨЛІМ ТУРАЛЫ ДӘРІГЕРЛІК КУӘЛІК

      (АХАЖ органдарында тіркеу үшін беріледі)    Сериясы ___ N ____
      (алдын ала, түпкілікті, алдын аланың, түпкіліктінің орнына
      сериялары ________ N_________)
      Берілген күні 20_______  ж.  "____"__________

      1-өлі туған               2-туғаннан соң 1-аптадан кейін өлді

1. Өлген баланың тегі, аты, әкесінің аты __________________________
 __________________________________________________________________

2. Жынысы: 1-ер, 2-әйел
3. Туған, өлі туған күні мен уақыты: жылы___, айы___, күні___,
сағ___, мин ___
4. Өлген күні мен уақыты: жылы__, айы___, күні__, сағ__, мин _____
5. Өлім, өлі туу 1-стационарда, 2-үйде, 3-басқа жерде болды.
6. Өлген, өлі туған жері:
Облысы/респ. маңызы бар қала ______________________________________
Ауданы/обл.маңызы бар қала ________________________________________
Округі ____________________________________________________________
Елді мекені ______________________________________ (1-қала, 2-ауыл)
Көшесі _________________ үйі ______________ пәтері ________________
____________________________________ облысы _______________________
___________________________аудан, елді мекен (1-қала, 2-ауыл)
7. Анасының тегі, аты, әкесінің аты _______________________________
8. Анасының туған күні: жылы ___, айы __________, күні ____________
9. Анасының тұрақты мекен-жайы:
Облысы/респ. маңызы бар қала ______________________________________
Ауданы/обл.маңызы бар қала ________________________________________
Округі ____________________________________________________________
Елді мекені_______________________________________ (1-қала, 2-ауыл)
Көшесі _____________________________ үйі __________ пәтері ________
10. Бала, ұрық 1-бір ұрықты, 2-егіздердің бірін, 3-егіздердің екіншісін, 4-өзге де көп ұрықты туу кезінде туды
11. Баланың, ұрықтың туған кезіндегі салмағы ____________________ г
12. Баланың, ұрықтың туған кезіндегі бойы ______________________ см
13. Бала, ұрық 1-күні жетіп, 2-күні жетпей, 3-күнінен асып туды
14. Баланың, ұрықтың өлуі 1-босанудан бұрын, 2-босану кезінде,
3-босанғаннан кейін, 4-белгісіз жағдайда болды
15. Баланың  өлуі, өлі тууы мынадай себептерден болды: 1-аурудан,
2-бақытсыз жағдайдан, 3-өлтіруден болды, 4-анықталған жоқ
16. Перинаталдық өлімнің себебі:
а) Баланың (ұрықтың) шетінеуіне себеп болған негізгі ауруы
немесе патологиялық жағдайы (тек бір ғана ауруы көрсетіледі)
___________________________________________________________________
                                                      |_|_|_|_|_|_|

б) Баланың (ұрықтың)  өзге де ауруы немесе патологиялық жағдайы
___________________________________________________________________
                                                      |_|_|_|_|_|_|

в) Балаға қолайсыз әсер еткен анасының негізгі аурулары мен
патологиялық жағдайы ______________________________________________
                                                      |_|_|_|_|_|_|

г) Балаға қолайсыз әсер еткен анасының өзге де аурулары мен патологиялық жағдайы ______________________________________________
                                                      |_|_|_|_|_|_|
д) өлімге себеп болған өзге де жағдайлар __________________________
___________________________________________________________________
                                                      |_|_|_|_|_|_|
17. Өлімнің, өлі туудың себебін:
а) 1-өлімді куәландырған дәрігер, 2-босандырған акушер-дәрігер, 3-балаға байқау жасаған педиатр-дәрігер, 4-патологоанатом, 5-сот-медицина сарапшысы, 6-акушерка, 7- фельдшер
б) 1-мәйітті тексеру, 2-медициналық құжаттамалардағы жазбалардың, 3-бұрынғы байқаулардың, 4-ашудың негізінде анықтады
18. Куәлік беруші денсаулық сақтау ұйымының атауы, мекен-жайы ___________________________________
19. Куәлік беруші медицина қызметкерінің а.,ж.,т., қызметі және қолы ______________________
*20. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы ____________________________
                                             (а.,ж.,т., қолы)
Денсаулық сақтау ұйымының
немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке
тұлғаның мөрі
___________________________________________________________________

*жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға толтырмайды

---------------------------- Кесу сызығы---------------------------

СЕРИЯСЫ________ N_________
ПЕРИНАТАЛДЫҚ ӨЛІМ ТУРАЛЫ ДӘРІГЕРЛІК КУӘЛІКТІҢ ТҮБІРТЕГІ

      (алдын ала, түпкілікті, алдын аланың, түпкіліктінің орнына
      сериялары ________ N_________)
      Берілген  күні 20_______  ж.  "____"__________
Денсаулық сақтау органының атауы __________________________________
Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның Т.А.Ә.______
1. 1-өлі туған, 2-туғаннан соң 1-аптадан кейін өлді
2. Өлген баланың тегі, аты, әкесінің аты __________________________
___________________________________________________________________

3. Жынысы: 1-ер, 2-әйел, 3-анықталған жоқ
4. Туған, өлі туған күні мен уақыты: жылы __________, айы _______,
күні ___, сағ ____,  мин_______
5. Өлген күні мен уақыты: жылы _______,  айы ________, күні _____,
сағ ____,  мин _______
6. Өлім, өлі туу 1-стационарда, 2-үйде, 3-басқа жерде болды.
7. Өлген, өлі туған жері:
Облысы/респ. маңызы бар қала _____________________________________
Ауданы/обл.маңызы бар қала _______________________________________
Округі ___________________________________________________________
Елді мекені
__________________________________________________ (1-қала, 2-ауыл)
Көшесі ___________________________ үйі __________ пәтері___________
___________________________________________________________________
                  аудан, елді мекен (1-қала, 2-ауыл)
8. Анасының тегі, аты, әкесінің аты _______________________________
9. Анасының туған күні: жылы _________, айы _________, күні________
10. Перинаталдық өлім туралы куәлік беруші медицина қызметкерінің
тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________
                          Алушының қолы ___________________________

"Туу, қайтыс болу және     
перинаталдық өлім        
жағдайларын куәландыратын   
медициналық құжаттаманы    
енгізу туралы"         
Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің 
2003 жылғы 8 қыркүйектегі  
N 664 бұйрығына        
2-қосымша           

  Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы толтыру,
беру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) өлі туғандар - жүктіліктің 28 және одан да көп аптасында, салмағы 1000 грамм және одан да көп және бойы 35 см және одан да көп және тіршілік белгісі болмаған жағдайдағы ұрықтану өнімін ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алғанға дейінгі баланың өлімі; <*>
      2) перинатальдық кезең - жүктіліктің 28 аптасынан басталады, оған босану кезеңі қосылады және жаңа туған нәрестеге 7 күн толғанда аяқталады; <*>
      3) өлім себептері - өлімге әкеп соқтырған немесе оның болуына душар еткен барлық аурулар, патологиялық жағдайлар немесе жарақаттар, сондай-ақ бақытсыз жағдайлар немесе кез келген жарақаттарды туғызатын күш көрсету жағдайлары;
      4) медициналық ұйым - ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншігіне қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға - медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсетуге бағытталған медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы болғанда тиісті бейіндегі медициналық білімі бар жеке тұлғалардың жеке медициналық қызметі;
      6) АХАЖ органдары - азаматтық хал актілері жазбасы мемлекеттік органдары - азаматтық хал актілері жазбасы бөлімдері, ал мұндайлар жоқ жерлерде - жергілікті атқарушы органдар немесе аудандық және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғалары;
      7) тірі туу - жүктілікке 28 апта болғанда ананың ағзасынан баланы толық алу немесе нәрестені шығарып алу (нәрестенің бойы 35 см және одан да көп, салмағы 1000 грамм және одан да көп), туғаннан кейін, анасынан бөлінгеннен кейін демалатын немесе жүректің соғуы, кіндік тамырының соғуы, немесе дене құрылысының қимылдауы, немесе жүктіліктің 28 аптасына дейін туған нәресте (яғни бойы 35 см және салмағы 1000 граммға дейін), 7 тәуліктен (168 сағат) өмір сүрген тіршіліктің өзге де белгілерін білдіретін тіршілік иесі. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 03   бұйрығымен .

      2. Осы нұсқаулық "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321-І  Заңына  сәйкес әзірленген және туу (N 103/у-03 нысаны), қайтыс болу (N 106/у-03 нысаны), перинаталдық өлім (N 106-2/у-03 нысаны) жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы толтырудың және берудің бірыңғай талаптарын белгілейді.

      3. Бұл нұсқаулық жұмысқа қолдануда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық медициналық ұйымдарда сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар үшін міндетті.

      4. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың бланкілері және олардың түбіртектері куәліктердің бөлек кітаптарында жинақталады. Кітаптың соңына жазумен бет саны көрсетіледі. Кітаптар тігіледі, медициналық ұйымдардың немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардың мөрімен бекітіледі және медициналық ұйымның басшысында немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда сақталады.

      5. Медициналық ұйымның есеп жасау үшін пайдаланатын туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың түбіртектері дәрігерлік куәліктердің берілген жері бойынша куәлік берілген жылдан кейін 5 жылға дейін сақталуы тиіс, кейін қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жойылуы керек.

      6. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттама жоғалған жағдайда жазбаша өтініш бойынша оның нөмірі және "телнұсқа" деген белгісімен берілген күні көрсетіле отырып, бастапқы данаға (түпнұсқасына) тура сәйкес келетін жаңа дәрігерлік (медициналық) куәлік ресімделеді.

      7. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы куәліктерді тіркеу кітаптарында нөмірлеу бірінші нөмірден басталады да жыл бойына бірінші қаңтардан бастап отыз бірінші желтоқсанға (қоса алғанда) дейін жүйелі түрде жүргізіледі.

      8. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың бүлінген бланкісі сызылады және куәлік кітабында қалдырылады.

      9. Бланкілердің барлық бағандары толық жауаптармен, жекелеген сөздер қысқартылмай, сиямен немесе шарикті пастамен анық жазумен толтырылады. Түзетуге және өшіруге болмайды.
      Сұрақтарға қайшы жауаптар берілген бағандар "жоқ" деген сөзбен толтырылады. Қажетті мәліметтер болмаған кезде тиісінше«"белгісіз", "анықталмаған"»және т.б. көрсетіледі.

      10. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың дұрыс толтырылуына, уақытылы берілуін бақылауды медициналық ұйымның басшысы немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға жүзеге асырады.

      11. Өлімнің себептерін кодтаудың дұрыстығын бақылауды аумақтық денсаулық сақтау органдарының уәкілетті тұлғалары жүзеге асырады.

  2. Туу туралы медициналық куәлікті толтыру және беру
(N 103/у-03 нысаны)

      12. Туу туралы медициналық куәлікті ресімдеудің уақытылылығы мен дұрыстығын бақылауды босандырған жердегі медициналық ұйымның басшысы, медициналық ұйымнан тыс босандырып алған медицина қызметкері немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаға жүктеледі.

      13. АХАЖ органдарында тууды тіркеу үшін туу фактісін растайтын N 103/у«"Туу туралы медициналық куәлік"»медициналық құжаттамасының есептік үлгісі беріледі.

      14. Дәрігерлік лауазым қарастырылған елді мекендерде туу туралы медициналық куәлікті тек дәрігер ресімдейді, ол болмаған жағдайда фельдшер ресімдейді.

      15. Түсік тастаған, өлі туған жағдайда туу туралы медициналық куәлік ресімделмейді.

      16. Туу туралы медициналық куәлікті:
      1) бейініне қарамастан, босандырған медициналық ұйымдар;
      2) босанғаннан кейін анасы өз бетімен қаралған медициналық ұйымдар;
      3) медициналық ұйымдардан тыс босандырған жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға немесе медицина қызметкері ресімдейді.

      17. Көп ұрықты босану кезінде туу туралы медициналық куәлік туған баланың әрқайсысына туу ретіне байланысты жеке ресімделеді.

      18. Тауып алған баланың тууын және АХАЖ органдарында бұрын тіркелмеген баланы АХАЖ органдарында тіркеген жағдайда медициналық ұйым заңнамада белгіленген тәртіппен баланың жасы туралы анықтаманы ресімдейді.

      19. Куәлік ата-аналарына немесе біреуінің қолына, ондай болмаған жағдайда - АХАЖ органдарында тіркеу үшін тәрбиесінде болатын баланың асыраушыларына, қамқоршыларына немесе балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі.

      20. Куәліктің нөмірі, сериясы, берілген күні, тууды тіркеу жүргізілген АХАЖ органы, туу актісі жазбасының нөмірі мен күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1993 жылғы 20 қазандағы N 437 бұйрығымен бекітілген N 097/у "Жаңа туған нәрестенің даму тарихы"»бастапқы медициналық құжаттамасының есептік үлгісінде көрсетіледі.

      21. 1-4-тармақтарда ұсынылған құжаттарға сәйкес анасы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұрақты мекен-жайы, туған күні, ұлты көрсетіледі.
      5-11-тармақтарда босану тарихына сәйкес бала туралы мәліметтер: туған күні мен уақыты, туған жері, жынысы, бір ұрықты немесе көп ұрықты босануда туғандығы, көп ұрықтылардың нешіншісі, күні жетіп туғандығы, туған кезіндегі салмағы мен бойы көрсетіледі.
      7-тармақта көзбен байқау негізінде баланың жынысы көрсетіледі. Егер туу кезінде жынысы анықталмаған болса, ата-анасының тілегі бойынша олардың бірі көрсетіледі.
      12-тармақта куәлік берген медициналық ұйымның атауы немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және олардың пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
      13-тармақта дәрігерлік туу туралы медициналық куәлік берген медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы толық көрсетіледі.

      22. Туу туралы медициналық куәлік медициналық ұйымдардың немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның дөңгелек мөрімен және куәлікті ресімдеген медицина қызметкерінің қолымен куәландырылады.

      23. Туу туралы медициналық куәліктің түбіртегіндегі жазбалар куәліктегі жазбалармен толық сәйкес келуі тиіс.

      24. Туу туралы медициналық куәліктің үзіндісін алушы оны алғанда куәліктің түбіртегіне қол қояды.

  3. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті
толтыру және беру
(N 106/у-03 нысаны)

      25. Өлімді АХАЖ органдарында тіркеу үшін медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар N 106/у-03 "Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік" бастапқы медициналық құжаттаманың есептік нысанын қолданады.

      26. Дәрігерлік лауазым қарастырылған елді мекендерде қайтыс болғаны туралы куәлікті тек дәрігер, ал ол болмағанда фельдшер ресімдейді.

      27. Нәресте өлі туғанда, бала туғаннан кейінгі 0-7 тәулік ішінде шетінеген жағдайларда перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік ресімделеді.

      28. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдарға беріледі, ал ондай адамдар болмаған жағдайда мәйітті тапқан ішкі істер органдарына беріледі.

      29. Өлім медициналық ұйымда болған жағдайда өлімнің себебін анықтау, өлім себебінің мемлекеттік статистикалық деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету және өзге де мақсаттар үшін қайтыс болған адамды патологиялық анатомиялық тексеру жүргізіледі. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті тексеру жүргізген күні оның нәтижелерін ескере отырып, тексеру жүргізген патолог-анатом ресімдейді.

      30. Заңнамада белгіленген тәртіппен сот-медициналық сараптау белгіленген жағдайда қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті сараптама нәтижелерін ескере отырып, сот-медициналық сарапшы ресімдейді.

      31. Өлім фактісін медицина қызметкері жеке анықтамай, қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті сырттай ресімдеуге тыйым салынады.

      32. АХАЖ органдарына "алдын ала",«"алдын аланың орнына", "түпкілікті"»немесе "түпкіліктінің орнына"»деген белгілері бар қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті жіберуге болады.
      Өлімнің себебі туралы қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда "алдын ала" белгісімен қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік алдын ала беріледі. Кейіннен«"алдын аланың орнына"»белгісімен нөмірі мен берілген күні көрсетілген жаңа куәлікті бұрынғы куәлікті берген медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға ресімдеп, тікелей аумақтық статистика органына жібереді.
      Бұдан әрі қосымша нақты мәліметтерді анықтауда "түпкілікті"» белгісі бар қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік берген жағдайда қосымша мәліметтерімен және "түпкіліктінің орнына" белгісі бар жаңа куәлік ресімделеді де, нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, бұрынғы куәлікті берген медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға тікелей аумақтық статистика органына жібереді.

      33. Куәліктің нөмірі мен сериясы, берілген күні, өлімнің себебі, тіркеуді жүргізген АХАЖ органы, өлім актісі жазбасының нөмірі мен күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1993 жылғы 20 қазандағы N 437 бұйрығымен бекітілген N 025/у "Амбулаториялық науқастың медициналық картасы", N 003/у "Стационарлық науқастың медициналық картасы" немесе N 096/у "Босану тарихы" бастапқы медициналық құжаттамасының есеп нысандарында көрсетіледі.

      34. Өлім медицина ұйымында болған жағдайда мәйітті беру қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік ресімделгеннен кейін  жүзеге асырылады.

      35. Өлім медициналық ұйымда болған жағдайда қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті мәйітті тексерудің, медициналық құжаттамадағы жазбалардың, науқасты бұрынғы бақылаудың немесе ашып тексеру нәтижелерінің негізінде медициналық ұйымның дәрігері (фельдшері) немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға береді.
      Патологиялық-анатомиялық тексеруге медициналық ұйымдарда қайтыс болғандардың барлығы жатады. Медициналық ұйымның басшысына тексеруден бас тарту құқығы ерекше жағдайларда: қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің жазбаша өтініші болғанда; қайтыс болған адамның тірі кезінде жасаған, белгіленген тәртіпте куәландырылған өтініш-тілегі тексеруден бас тарту себептері негізделе отырып, ауру не босану тарихында немесе амбулаториялық науқастың картасында жазбаша белгіленгенде беріледі.
      Патологиялық-анатомиялық тексеруден:
      1) науқастың стационарда не амбулаториялық бақылауда болу ұзақтығына қарамастан, өлімге әкелген және (немесе) өлімге тікелей себепші болған аурудың қорытынды клиникалық диагнозын анықтау мүмкін болмағанда;
      2) дәрілік заттардың немесе диагностикалық препараттардың шамадан тыс мөлшеріне немесе аса ауырлығына күмән туғанда;
      3) мынадай:
      қан құю операциясы кезіндегі немесе кейінгі алдын алу диагностикалық аспаптық, анестезиологиялық, реанимациялық немесе емдік шаралар жүргізумен байланысты;
      жұқпалы аурудан немесе оған сезік туған;
      ісіктің гистологиялық верификациясы болмаған кездегі онкологиялық аурудан;
      экологиялық апаттардың салдарымен байланысты аурудан;
      жүкті, босанатын және босанған әйелдердің;
      сот-медициналық сараптауды қажет ететін барлық жағдайлардағы өлім болғанда бас тартуға болмайды.

      36. Күш көрсету салдарынан болған немесе оған сезік туған, механикалық зақымнан, уланудан, оның ішінде этил спиртінен, механикалық асфикциядан, аса күшті температуралардан, электрден, медициналық ұйымнан тыс жүргізілген жасанды түсіктен кейінгі өлім жағдайларында, сондай-ақ қайтыс болған адамның кім екені анықталмағанда мәйіт сот-медициналық зерттеуге жатады.
      Мұндай жағдайларда медициналық ұйымның басшысы немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға сот-медициналық сараптауды белгілеу туралы мәселені шешу үшін дереу құқық қорғау органына хабарлауға міндетті.
      Жоғарыда көрсетілген ереже медициналық ұйымда емделіп жатқан адам қайтыс болған жағдайда, өлім күш қолдану салдарынан, немесе медицина қызметкерінің өзінің лауазымдық және (немесе) кәсіби міндетін дұрыс орындамау жағдайынан болған деген сезік туғанда қолданылады.
      Кенеттен қайтыс болған адамдардың мәйіттері патологиялық-анатомиялық зерттеуге жіберіледі. Өлімнің күш қолданудан болған белгілері анықталғанда ашып тексеру тоқтатылып, сот-медициналық сараптауды белгілеу мақсатында құқық қорғау органдарына хабарланады.
      Сот-медициналық сарапшы қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік береді.
      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері мен басқа да қажетті мәліметтерді алғаннан кейін сот-медициналық сарапшы "алдын аланың орнына" деген белгісі бар қайтыс болғаны туралы жаңа дәрігерлік куәлік жасайды және мемлекеттік статистиканың тиісті аумақтық органына жібереді.

      37. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті өлім күш көрсетуден болған деген күдік болмағанда мәйітті тексеру негізінде ғана өлімді анықтаған дәрігер береді.
      Экологиялық немесе техногендік апаттарға (жер сілкіну, әуе, көлік, шахталық және адамдар жаппай қырылатын басқа да жарақаттар) байланысты ерекше жағдайларда және алдын ала тергеу жүргізген құқық қорғау органдарының келісімімен сот-медициналық сарапшыларға мәйіттің сыртынан қарау негізінде қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік беруге болады.

      38. Медициналық ұйымдардың басшылары қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің дұрыс толтырылуын, олардың қайтыс болған адамның туыстарына уақытылы берілуін, сондай-ақ қайтыс болған адамды денсаулық сақтау ұйымы жерлеген жағдайда қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті азаматтық хал актілері жазбасы органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.

      39. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің бланкісінде "алдын ала", "алдын аланың орнына", "түпкілікті" немесе "түпкіліктінің орнына" деген тиісті белгілердің астын сызу арқылы оның сипаты көрсетіледі.

      40. 1-6-тармақтар белгілерге сәйкес толтырылады, мұнда көрсететін құжатқа сәйкес тегі, аты және әкесінің аты толтырылады.
      7-8-тармақтарда тұрғылықты жері мен қайтыс болған жері туралы мәліметтер сол жердегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша көрсетіледі, ал мұны анықтау мүмкін болмаған жағдайда бұрын болған әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша көрсетіледі.
      9-тармақта тиісті белгілер жазылады.
      10-тармақта ұлты жеке басты куәландыратын құжат бойынша, онда ұлты туралы жазба болмаған жағдайда көрсетілмейді.
      Шетелдік азаматтың өлімін тіркеу кезінде ұлтынан басқа оның қай елдің азаматы екендігі, сондай-ақ оның азаматтығы көрсетіледі.
      Азаматтығы жоқ адамдарға "азаматтығы жоқ адам" деген сөздер қосыла отырып, ұлты көрсетіледі.
      11-12-тармақтарда тиісті белгілер жазылады.
      13-тармақта қайтыс болған адам жұмыс істеген кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, оның лауазымы немесе атқаратын жұмысы көрсетіледі;
      әскери қызметшілерге - әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес әскери бөлімнің немесе мекеменің атауы;
      зейнеткерлерге - "зейнеткер" деп жазылады және бұрынғы негізгі жұмысы көрсетіледі.
      14-16-тармақтарда тиісті белгілер жазылады.
      17-тармақта қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті толтырған медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіліп, одан әрі тиісті белгілер жазылады.
      18-тармақта міндетті түрде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының денсаулыққа байланысты оныншы отырысында ұсынған Аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ-10) өлімнің бастапқы себебі, коды (шифры) және аурудың басталған және аяқталған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Жарақаттанған және уланған жағдайда міндетті түрде АХЖ-10 бойынша өлімнің сыртқы себептері және коды қосымша көрсетіледі.
      Өлім себептерінің жазбасы, тәртіп бойынша өлімнің өзара ұштасқан және жүйелі себептерінің негізгі түйіні бақыланатын 18-тармақтың екі бөлімінде жүргізіледі.
      1-бөлім төрт жолдан тұрады: "а)", "б)", "в)", "г)".
      "а)" жолы тікелей өлімге әкелетін өлімнің бір себебін (ауру, жарақат және басқа да патологиялық жағдай) жазуға және кодтауға арналады.
      "б)" жолы өлімнің аралық себебін, яғни өлімнің тікелей себебінің туындауына әкелген аралық патологиялық жағдайды жазуға және кодтауға арналады.
      "в)" жолы өлімнің негізгі (бастапқы) себебін, яғни өлімге әкелген патологиялық процестің негізгі басты түйіні болып табылған ауруды, жарақатты немесе жағдайды жазуға және кодтауға арналады.
      "г)" жолы өлімге әкелген сыртқы себептерді жазуға және кодтауға арналады.
      2-бөлім өлімге себепші болатын, бірақ өлімнің негізгі (бастапқы) себебімен байланысы жоқ басқа да маңызды аурулар мен жағдайларды жазуға және кодтауға арналады. Мысалы, хирургиялық әрекеттердің көлемі мен күні, жүктілік мерзімі және т.б.
      Өлім себептерінің жазбасына арналған аурулардан болған өлім жағдайында тек үш жол "а)", "б)", "в)" пайдаланылады, ал "г)" жолы бос қалдырылады.
      Өлімнің негізгі (бастапқы) себебі ғана кодталуы тиіс.
      Жарақаттанудан, уланудан болған өлім жағдайларында олардың түрі мен сипаты, сондай-ақ өлімге әкелген патологиялық процестердің тізбегі "а)", "б)", "в)" жолдарында, ал сыртқы себебі "г)" жолында көрсетіледі. Мұндай жағдайда екі жол кодталуы керек, біріншісі түрі мен сипаты бойынша жарақаттанудан, уланудан (ХІХ класс АХЖ-10) болған өлімнің негізгі (бастапқы) себептері көрсетілетін жол, екіншісі - барлық уақыттағы жарақаттану мен уланудың сыртқы себептері (ХХ класс АХЖ-10) көрсетілетін жол.
      Егер өлімге әкелген патологиялық процестердің тізбегін толық және бөлшектеп анықтау мүмкін болмаса, онда өлімнің негізгі (бастапқы) себебінің жазбасы аурудың, жарақаттың өзі өлімнің негізгі (бастапқы) себебі болатын "а)" жолында көрсетіледі.
      Егер өлімге әкелген патологиялық процестердің бөлшек тетігі айқындалса, жазба "б)" жолымен аяқталады.
      Әрбір жолда тек бір диагноз көрсетіледі, ал жолдар жоғарыдан төмен қарай толтырылады.
      1-үлгі. 1) а) Іріңді менингит
                 б)
                 в)
                 г)
              2)
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Анықталмаған бактериалды менингит" (G00.9.) есептеледі.
      2-үлгі. 1) а) Қабыну
                 б) Қызылша
                 в)
                 г)
              2)
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Қабынудан асқынған қызылша" (В05.2) есептеледі.
      3-үлгі. 1) а) Уремия
                 б) Атеросклеротикалық нефросклероз
                 в) Бүйректің айрықша зақымдалуымен
                    гипертензиялық ауру
                 г)
              2)
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Бүйрек кемістігімен бүйректің айрықша зақымдалуынан болған гипертониялық ауру" (І12.0.) есептеледі.
      4-үлгі. 1) а) Миокардтың алдыңғы жағының жіті
                    трансмуральды инфаркті
                 б)
                 в)
                 г)
              2)
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Миокардтың алдыңғы жағының жіті трансмуральды инфаркті" (І21.0) есептеледі.
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып әрбір жеке патологияға арналып сипатталған барлық критерийлер ескеріледі.
      Сондай-ақ, жарақаттану себебінен болған өлім жағдайларында жарақаттың дәл орны, түрі мен сипаты көрсетіледі. "а)", "б)", "в)" жолдарында жарақаттың сипаты бойынша өлімге әкелетін себептердің тізбегі көрсетіледі, ал "г)" жолында өлімнің сыртқы себебі көрсетіледі.
      5-үлгі. 1) а) Бас миының жарақатты ісінуі
                 б) Негізгі бас сүйектің жабық сынуы
                 в)
                 г) Қатты зат қолданылған көшедегі шабуыл
              2)
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Бас сүйек негізінің жабық сынуы" (S02.10) есептеледі. Сонымен бірге сыртқы себебі бойынша "Қатты зат қолданылған көшедегі шабуыл" (YІ21.0)
екінші коды қойылады.
      6-үлгі. 1) а) Сепсис
                 б) Қабырға сүйегінің созылмалы остеомиелиті
                 в) Оң жақ қабырға сынуының салдары
                 г) Пәтердің балконынан құлаудың салдары
              2) Инсулинге тәуелді қант диабеті
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Қабырғаның сыну салдары" (Т93.1) есептеледі және "в" жолында коды көрсетіледі. Сонымен бірге "г" жолында "Басқа да сыртқы жағдайлардың салдарлары" (Y86.9) сыртқы себептердің екінші коды көрсетіледі.
      "Салдарлар" ұғымы бұрын болғанды сипаттайтын немесе кейіннен байқалған, оқиға болғаннан кейін бір жылдан не одан көп уақыттан кейін пайда болған жағдайларды білдіреді.
      7-үлгі. 1) а) Жарақатты шок
                 б) Қаңқа сүйектерінің көптеген сынықтары, ішкі
                    ағзаның жыртылуы
                 в)
                 г) Автобустың поезбен соқтығысуы кезінде онда
                    отырған адам
              2) 28 апталық жүктілік
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Дененің бірнеше жерін қамтыған басқа да анықталған жарақаттар" (Т06.8), ал сыртқы себебі бойынша "Автобустың поезбен соқтығысуы кезінде онда отырған адам" (V75.6) болып есептеледі.
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып әрбір жеке патологияға арналып сипатталған барлық критерийлер ескеріледі.
      Сондай-ақ жарақаттану себебінен болған өлім жағдайларында жарақаттың дәл орны, түрі мен сипаты көрсетіледі. "а)", "б)", "в)" жолдарында жарақаттың сипаты бойынша өлімге әкелетін себептердің тізбегі көрсетіледі, ал "г)" жолында өлімнің сыртқы себебі көрсетіледі.
      Жүкті, босанатын, босанған әйелдер қайтыс болған жағдайда жазбалар мына үлгіде жүргізіледі.
      Жүктіліктің, босанудың немесе босанғаннан кейінгі кезеңнің акушерлік асқынулары нәтижелерінен, сондай-ақ босандыру және басқа да дұрыс жүргізілмеген медициналық әрекеттер нәтижесінен болған өлім жағдайында өлімнің себебі туралы мәліметтер 1-бөлімнің "а)", "б)", "в)" жолдарында көрсетіледі.
      Жазбада жүктілікке, босануға, босанудан кейінгі кезеңге байланыстылығы анық көрсетілуі керек, өлім болған әрбір кезең үшін сипаттық патология көрініп тұруы тиіс.  Мысалы: "Жүктіліктің 20-аптасындағы қауіп төндіретін түсік", "Босанған кезде анестезия жағдайындағы жіті жүрек кемістігі", "Босанғаннан кейінгі сепсис".
      8-үлгі. 1) а) Қан кету
                 б) Афибриногенемия
                 в) Медициналық түсік
                 г)
              2) 10 апталық жүктілік
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Қан кеткен кездегі медициналық түсік" (О04.6) есептеледі.
      9-үлгі. 1) а) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
                 б) Босануға дейінгі үлкен күре тамыр тромбозы
                 в)
                 г)
              2) 32 апталық жүктілік
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Босану кезіндегі үлкен флеботромбоз" (О22.3) есептеледі.
      Жүкті, босанатын, босанған әйелдер бұрынғы ауруларынан немесе жүктілік кезеңінде пайда болған аурулардан (қант диабеті, жүрек-қан тамыры, туберкулез және т.б.) қайтыс болған жағдайда мыналар басшылыққа алынады:
      Егер ауру тікелей акушерлік себепке байланысты болып, бірақ жүктіліктің физиологиялық әсерінен ауырласа немесе жүктілік кезінде ауырлайтын болса, өлім себебі туралы мәліметтер 1-бөлімнің "а)", "б)", "в)" жолдарында жазылады, бірақ бұл ретте 2-бөлімде жүктілік пен оның мерзімі туралы жазба жүргізіледі.
      Босанғаннан кейінгі өлімнің барлық жағдайларында (1 жылға дейінгі кезеңде) 2-бөлімде жазба жүргізіледі: босанғаннан кейінгі кезең (күнінің саны көрсетіледі).
      10-үлгі. 1) а) Өкпенің ісінуі
                  б) Митральды стеноз (ревматикалық)
                  в)
                  г)
               2) 28 апталық жүктілік
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Жүктілікті асқындыратын қан айналымы жүйесі аурулары, босану және босанғаннан кейінгі кезең" (О99.4) есептеледі.
      11-үлгі. 1) а) Жіті тыныс жеткіліксіздігі
                  б) Оң жақтың вирусты қабынуы
                  в) Тұмау (вирусқа ұқсамайтын)
                  г)
               2) 40 апталық жүктілік
      Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып "Жүктілікті асқындыратын тыныс алу мүшелері аурулары, босану және босанғаннан кейінгі кезең" (О99.5) есептеледі.
      19-тармақта тиісті тақырып жазылады.
      Ана өлімі жүктіліктің (оның ұзақтығы мен орнығуына қарамастан) жүктілік кезеңінде немесе ол аяқталғаннан кейінгі 42 күн ішінде жүктілікке, оған салмақ түсуінен немесе оның жүрісіне байланысты қандай да бір себептен, бірақ бақытсыз жағдай не оқыс оқиға салдарынан болған деп түсіндірілетін өлім ретінде айқындалады.
      Кеш болған ана өлімі босанғаннан кейін 42 күннен аспайтын, бірақ босанғаннан кейінгі бір жылдан кем емес мерзімде болған, онымен жанама байланысты өлім ретінде айқындалады.
      20-тармақта куәлікті берген медициналық ұйымның атауы немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, олардың пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      41. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік медициналық ұйымның немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның дөңгелек мөрімен куәландырылып, куәлікті ресімдеген медицина қызметкерінің қолы қойылады.

      42. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің түбіртегіндегі жазбалар қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктегі жазбаларға толықтай сәйкес болуы тиіс.
      1 жасқа дейін қайтыс болған балалар үшін:
      4-тармақта туған жылы, айы, күні көрсетіледі.
      5-тармақта қайтыс болған жылы, айы, күні, өмір сүрген айы және күні көрсетіледі.
      6-тармақта медициналық ұйымның атауы мен оның мекен-жайы жазыла отырып, туған жері көрсетіледі.
      7-тармақта анасының тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі.

      43. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің үзіндісін алушы оны алған кезде куәліктің түбіртегіне қолын қояды.

  4. Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік
куәлікті толтыру және беру
(N 106-2/у-03 нысаны)

      44. Бастапқы медициналық құжаттаманың есептік нысандарын жүргізу АХАЖ ұйымдарында өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін тіркеу перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәліктің  негізінде жүргізіледі (N 106-2/у-03 нысаны).

      45. Өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәресте өлімінің әрбір жағдайын:
      1) өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімі болған медициналық ұйым;
      2) медицина қызметкері денсаулық сақтау ұйымынан тыс болған өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін анықтаған медициналық ұйым;
      3) медициналық ұйымнан тыс болған өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін анықтаған жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға;
      4) сот-медициналық сараптау кезіндегі сот медицинасы орталығы АХАЖ органдарында тіркейді.

      46. Жаңа туған нәресте шетінеген жағдайда туғаннан кейін 168 сағат ішінде туу туралы дәрігерлік куәліктің негізінде жаңа туған нәресте бастапқыда тірі туған бала ретінде содан кейін перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәліктің негізінде өлі туған нәресте ретінде АХАЖ органдарында тіркеледі.

      47. АХАЖ органдарында өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін тіркеу үшін өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімі фактілерін куәландыратын N 106-2/у "Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік" медициналық құжаттамасының есептік үлгісі беріледі.

      48. Дәрігерлік лауазым қарастырылған елді мекендерде перинаталдық өлім туралы куәлікті тек дәрігер, ол болмаған жағдайда фельдшер немесе акушер ресімдейді.

      49. Өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімінің әрбір жағдайына арналған перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлікті барлық медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар ресімдейді.

      50. Өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімі фактісін медицина қызметкері жеке анықтамай, перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік ресімделмейді.

      51. Көп ұрықты босану кезінде өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімінің әрбір жағдайына перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік жеке ресімделеді.

      52. Өлі туған немесе нәресте өмірінің алғашқы аптасында шетінеген жағдайда медициналық ұйымда өлім себебін анықтау, өлімнің себептерін мемлекеттік статистикалық мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету және өзге де мақсаттар үшін өлі туған ұрықты немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестені патологиялық-анатомиялық тексеру жүргізіледі.

      53. Орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық тексеру бөлімшесінде тексеру жүргізілген жағдайда оның қорытындысын ескере отырып, ашып тексерген күні перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлікті патолог-анатом ресімдейді.
      АХАЖ органдарында тіркеу үшін перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестелерді әкелген медициналық ұйымдарға беріледі.

      54. Күш қолданудан болған өлімге, медицина қызметкерінің көмегінсіз босану кезіндегі өлі тууға, медицина қызметкерінің бақылауынсыз өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өліміне сезіктенген жағдайларда ішкі істер органдарын хабардар ету міндетті.

      55. Босану тарихындағы немесе баланың даму тарихындағы патологиялық-анатомиялық тексеруден бас тарту себебінің жазбаша негіздемесі арқылы ерекше жағдайларда ғана өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің ата-анасының жазбаша өтініші бойынша тек медициналық ұйымның басшысы рұқсат етеді.

      56. Өлімнің тікелей себептерін немесе оған әкелген басқа да патологиялық жағдайларды, оның ішінде:
      1) жұқпалы аурулардың немесе соған сезіктенудің болуын;
      2) қатерлі ісіктің гистологиялық верификациясы болмаған жағдайдағы онкологиялық ауруларды;
      3) экологиялық апат зардаптарына байланысты ауруларды;
      4) "кенеттен қайтыс болу" белгісін;
      5) қан құю кезіндегі немесе құйғаннан кейінгі диагностикалық аспаптық, анестезиологиялық, реанимациялық және емдік іс-шараларды анықтамай, патологиялық-анатомиялық тексеруден бас тартуға болмайды.

      57. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестелерді жерлеуді өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімі жағдайы болған медициналық ұйым жүзеге асырады. Ата-аналары өздері жерлеуге ниет білдірген жағдайда мәйіт өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестені АХАЖ органдарында тіркегеннен кейін беріледі.

      58. "Алдын ала", "алдын аланың орнына" немесе "түпкілікті", "түпкіліктінің орнына" деген белгісі бар перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік АХАЖ органдарына жіберіледі.

      59. Перинаталдық өлім туралы қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда "алдын ала" деген белгісі бар алғашқы дәрігерлік куәлікті беруге болады. Кейіннен толықтырылған мәліметтермен "алдын аланың орнына" белгісімен жаңа куәлік ресімделеді де, нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, алғашқы куәлік берген медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға тікелей аумақтық статистика органына жіберіледі.

      60. "Түпкілікті" деген белгісі бар дәрігерлік куәлікті берген жағдайда, бірақ алдағы уақытта қосымша нақты мәліметтерді белгілеу кезінде қосымша мәліметтерімен перинаталдық өлім туралы "түпкіліктінің орнына" белгісімен жаңа дәрігерлік куәлік ресімделеді де, нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, алғашқы куәлік берген медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға тікелей аумақтық статистика органына жібереді.

      61. Өлі туған жағдайда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1993 жылғы 20 қазандағы N 437 бұйрығымен бекітілген N 096/у "Босану тарихы", перинаталдық өлім болған кезде - N 097/у "Жаңа туған нәрестенің даму тарихы" бастапқы медициналық құжаттамаларының есептік үлгісінде перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәліктің нөмірі, сериясы, берілген күні, өлімнің себебі, тіркеу жүргізген АХАЖ органы, перинаталдық өлім немесе туу актісі жазбасының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      62. Толтырылатын дәрігерлік куәліктің сипаты туралы белгілеу ("алдын ала", "алдын аланың орнына" немесе "түпкілікті", "түпкіліктінің орнына") тиісті белгілердің астын сызу арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ өлі туған немесе перинаталдық кезеңде өлген деген тиісті белгілердің де асты сызылады.

      63. 1-6-тармақтар босану тарихының мәліметтері ескеріле отырып толтырылады.
      1-тармақта перинаталдық кезеңде өлген баланың тегі, аты, әкесінің аты, өлі туған жағдайда тек әкесінің аты ғана көрсетіледі.
      2-тармақта сәйкес жынысының асты сызылады. Жынысы анықталмаған жағдайда ата-анасының тілегі бойынша көрсетіледі.
      3-тармақта перинаталдық кезеңде өлген немесе өлі туған баланың туған күні мен уақыты көрсетіледі.
      4-тармақта перинаталдық өлімнің күні мен уақыты көрсетіледі. Өлі туған жағдайда толтырылмайды.
      5-тармақта перинаталдық өлім болған жер: стационарда, үйде немесе басқа жерде деген белгілердің тиістісінің асты сызылады.
      6-тармақта өлі туған немесе перинаталдық өлім болған жердің пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
      7-9-тармақтарда анасы туралы мәліметтер: аты, тегі, әкесінің аты (7-тармақ), туған күні (8-тармақ), тұрақты мекен-жайы (9-тармақ) көрсетіледі.
      10-15-тармақтарда босану тарихынан енгізілген бала туралы мәліметтер көрсетіледі.
      16-тармақ балаға (ұрыққа) қолайсыз әсер еткен бала (ұрық) өлімінің себебі ретіндегі және ана ағзасы тарапынан патология ретіндегі нұсқауды қарастыратын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынымдарына сәйкес әзірленген. Мәліметтер жаңа туған нәрестенің даму тарихынан, ал өлі туған жағдайда босану тарихынан көрсетіледі. Перинаталдық өлім себептерінің толықтығы мен нақтылығы перинаталдық өлімнің әрқилы себептерін талдауды қамтамасыз ету үшін қажет.
      Бала (ұрық) өлімінің және өлі туу себептерін жазу 16-тармақтың "а)", "б)", "в)", "г)", "д)" деген әріптермен белгіленген бес жолында жүргізіледі.
      "а)" жолы өлімге себеп болған ұрықтың немесе жаңа туған нәрестенің бір негізгі ауруларын немесе жағдайын жазуға және кодтауға арналған.
      "б)" жолы өлімге себеп болған ұрықтың немесе жаңа туған нәрестенің өзге де ауруларын немесе жағдайын жазуға және кодтауға арналған.
      "в)" жолы ұрыққа немесе жаңа туған нәрестеге (оның ішінде баланың жолдасының жағдайы) қолайсыз әсер еткен анасының негізгі ауруларын немесе жағдайын жазуға және кодтауға арналған.
      "г)" жолы ұрыққа немесе жаңа туған нәрестеге (оның ішінде баланың жолдасының жағдайы) қолайсыз әсер еткен анасының өзге де ауруларын немесе жағдайын жазуға және кодтауға арналған.
      "д)" жолы ұрыққа немесе жаңа туған нәрестеге әсер еткен ұрықтың немесе жаңа туған баланың немесе анасының ауру деп бағаланбайтын өлімге себеп болған өзге де жағдайларды-ұрықты тірілту жөніндегі іс-шараларды, босандыру мақсатындағы операциялар мен анестезиологиялық құралдарды және басқаларды жазу мен кодтауға арналған.
      Ұрыққа немесе жаңа туған нәрестеге қолайсыз әсер еткен ауруды немесе ананың жағдайын (оның ішінде баланың жолдасының жағдайы) анықтау мүмкін болмаған жағдайда "в)" және "г)" жолдарында "белгісіз", "анықталған жоқ" сәйкес көрсетіледі.
      1-үлгі. Плацентаның алдыңғы жақта жатуынан қан кетуге байланысты жүктіліктің 32-аптасында жүктілік токсикозы бар әйелге кесар тілу операциясы жасалды. Салмағы 1480 г нәресте 16 сағаттан кейін қайтыс болды. Тексерген кезде гиалинді жарғақша ауруы анықталды. Дәрігерлік куәлікте:
      а) гиалинді жарғақша ауруы;
      б) күні жетпейтіндігі;
      в) плацентаның алдыңғы жақта жатуы;
      г) жүктілік токсикозы;
      д) кесар тілігі көрсетіледі.
      Кодтау кезінде "Плацентаның алдыңғы жақта жатуы" (О44.1) перинаталдық өлімнің негізгі себебі деп есептеледі.
      2-үлгі: Әйел жүкті болғанға дейін несеп-тас ауруы мен созылмалы пиелонефритпен ауырды. Жүктіліктің бірінші жартысында созылмалы пиелонефрит өршіді. 38-аптада қызуы көтерілді, бактериуриясы бар созылмалы пиелонефрит қайталап өршіді. Алғашқы тәуліктерде созылмалы пиелонефриттің өршуінен ұрықтың жатырда өлуі анықталды. Екінші тәулікте өз бетімен салмағы 2600 г. өлі ұрық туды. Тексергенде гипотрофия жағдайындағы антенаталды асфиксия белгілері анықталды. Куәлікте:
      а) антенаталды асфиксия;
      б) жатырдағы гипотрофия;
      в) созылмалы пиелонефрит;
      г) несеп-тас ауруы көрсетіледі;
      д)
      Кодтау кезінде "Босанғанға дейін алғаш анықталған жатырдағы гипоксия" (Р20,0) немесе "Созылмалы пиелонефрит" (О99.8) перинаталдық өлімнің негізгі себебі деп есептеледі.
      Өлі туудың, перинаталдық өлімнің себебін кім анықтағандығы туралы 17 а)-тармақта астын сызу арқылы көрсетіледі.
      Өлімнің себебі ненің негізінде анықталғандығы 17 б)-тармақта астын сызу арқылы көрсетіледі.
      18-тармақта медициналық ұйымның атауы, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты, жұмыс орны мен пошталық мекен-жайы толық көрсетіледі.
      19-тармақта куәлік берген медицина қызметкерінің аты, тегі, әкесінің аты, лауазымы және қолы көрсетіледі.
      20-тармақта медициналық ұйым басшысының аты, тегі, әкесінің аты, лауазымы және қолы көрсетіледі. Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға толтырмайды.

      64. Куәлік медициналық ұйымның немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның дөңгелек мөрімен және куәлікті ресімдеген медицина қызметкерінің қолымен куәландырылады.

      65. Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәліктің түбіртегіндегі жазбалар куәліктегі жазбалармен толық сәйкес келуі тиіс.

      66. Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәліктің үзіндісін алушы оны алғаны туралы куәліктің түбіртегіне қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады