Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.10 N 689 бұйрығымен.
"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын :
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мынадай марапаттау түрлерi:
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi" кеуде белгiсi;
"Құрметтi донор" кеуде белгiсi;
Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісі;
Құрмет грамотасы;
Алғыс бекiтiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2007.09.02. N 531 Бұйрығымен.
2. Қоса берiлiп отырған Денсаулық сақтау жүйесi қызметкерлерiн марапаттау тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр А.Белоногқа жүктелсiн.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы
N 39 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін
марапаттау тәртібі туралы ереже
Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
1. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде әзірленген. K090193
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
2. Марапаттау денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
3. Денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлерді еңбектегі табыстары үшін марапаттаудың әрқилы түрлерін қолдануға құқығы бар. Марапаттаудың түрлері мен тәртібі денсаулық сақтау ұйымы басшысының актілерімен айқындалады.
4. Денсаулық сақтау жүйесінде марапаттаулар:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісімен наградтау;
2) алынып тасталды ;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен наградтау;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау болып табылады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз ).
5. Кеуде белгілері кеуденің оң жағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.
6. Аталған екі кеуде белгісімен де наградтау қайталап жүргізілмейді.
2. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің
үздігі" кеуде белгісімен наградтаудың шарттары
7. Кеуде белгісімен халықтың денсаулығын сақтау ісіне ерекше үлес қосқан денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері:
1) ұзақ жылғы еңбегі және практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін;
2) диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін әзірлегені, енгізгені үшін;
3) денсаулық сақтау саласын жетілдіруге және реформалауға белсенді қатысқаны үшін;
4) медицина ғылымын, білім беруді және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті дамытқаны үшін наградталады.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
8. Кеуде белгісімен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 10 жыл жұмыс стажы бар денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері марапатталады.
9. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісі алқа мен планкадан тұрады.
Белгі алқасы шеңбері сызылған 34 мм диаметрлі тең емес шеңбер түрінде жасалған, алқа мен планка сары түсті металдан (латунь) жасалған.
Аверс: жылтыр фонда әріптер мен суреттері шығып тұрған, күңгірттелген түрде болады. Алқаның ортасында - көгілдір эмальмен боялған шеңбер фонында шаңырақтың рельефтік бейнесі. Шеңбердің ішінде фоны қызыл түсті эмальмен боялған кіші көлемді шеңбер орналасқан және ортасында тосағанды ораған жылан түріндегі медицина эмблемасы бейнеленген. Белгі жиегінде бейне бойы ақ эмальмен боялған фонда "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" деген қазақ тіліндегі жазу бар, жазулар нүктелермен бөлінген. Төменде лавр бұтақтарымен айналдыра жазылған "Қазақстан" деген жазу бар.
Реверс: күңгірттелген фонда әріптері шығып тұрған, жылтыр түрінде болады. Ортасында "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жазу бар.
Бекіткіші: визорлық түйреуіш
Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2008.11.13 N 594 бұйрығымен .
10. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісімен марапатталған тұлғаларға осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі куәлік беріледі;
Куәлік көгілдір түсті қатты мұқабалы екі беттен тұрады. Мұқабасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі", "Министерство здравоохранения Республики Казахстан", "Куәлік", "Удостоверение" деген жазулар бар.
Сол жақ бетінің ішкі жағында кеуде белгісінің суреті, астында мынадай мазмұндағы жазу болады:
N ______ куәлік, удостоверение N ________;
оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазулар болады:
марапатталатын адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
парақтың ортасында мынадай мазмұндағы жазулар болады:
Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісімен марапатталғаны туралы осы куәлік беріледі.
Министр ____________________;
марапатталған "күні" айы жылы.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2008.11.13 N 594 бұйрығымен .
3. "Құрметті донор" кеуде белгісімен
наградтаудың шарттары
Ескерту: 3-тарау (11-14-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз ).
3-1. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде
белгісімен наградтаудың шарттары
Ескерту: 3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2007.09.02. N 531 Бұйрығымен.
11. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне айрықша үлесін қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар:
1) денсаулық сақтау саласындағы көрнекті әзірлемелер үшін;
2) белсенді және табысты қайырымдылық қызметі және мейірімділігі үшін;
3) қызметтік міндеттерді орындау кезінде көрсеткен кәсібилік және жан қиярлылығы үшін марапатталады.
12. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісі алтын түсті шеңбер арасын қосқан мерейтой медалі мен түйреуіш түрінде жасалған.
13. Медаль сары түсті металдан (латунь) жасалған диаметрі 30 мм дөңгелек нысанда болады.
Аверс: жылтыр фонда әріптер мен суреттері шығып тұрған, күңгірттелген түрде болады. Ортасында тосағанды ораған жылан түріндегі медицина эмблемасы, үстіңгі жағында - шығып келетін күн сөулесі, төменде - жапырақтарымен лавр бұтағы бейнеленген. Медальдің жиегінде: "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" деген жазу бар.
Реверс: күнгірттелген фонда әріптері шығып тұрған, жылтыр түрінде болады. Ортасында "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жазу бар.
Планкасы көгілдір түсті муарлы лентасымен көлемі 18х25мм сары түсті металл (латунь) түрінде болады. Бекіткіші: визорлық түйреуіш.
14. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен марапатталған тұлғаларға осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі куәлік беріледі;
Куәлік көгілдір түсті қатты мұқабалы екі беттен тұрады. Мұқабасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі", "Министерство здравоохранения Республики Казахстан", "Куәлік", "Удостоверение" деген жазулар бар.
Сол жақ бетінің ішкі жағында кеуде белгісінің суреті, астында мынадай мазмұндағы жазу:
N_____
Оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазулар болады:
марапатталатын адамның тегі, аты, әкесінің аты;
парақтың ортасында мынадай мазмұндағы жазулар:
"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" кеуде белгісімен марапатталады.
Министр_____;
марапатталған "күні" айы жылы
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Құрмет грамотасымен наградтаудың
шарттары
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар:
1) азаматтардың денсаулығын сақтау ісіндегі мінсіз адал еңбегі және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі;
2) медицина ғылымын, білім беруді және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі;
3) денсаулық сақтау саласын жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін наградталады.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен денсаулық сақтау жүйесінде кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар қызметкерлер наградталады.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің Алғысын жариялаудың шарттары
17. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысы денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атаулы тапсырмаларын тиісті деңгейде және адал орындағаны;
2) лауазымдық міндеттерін және аса маңызды әрі күрделі тапсырмаларды мүлтіксіз орындағаны үшін жарияланады.
6. Наградтау материалдарын берудің және
қараудың тәртібі
18. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін наградтау үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне мынадай материалдар беріледі:
1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес наградтау парағы ("Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісімен наградтау үшін);
2) үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме, ұсыныс (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Құрмет Грамотасымен наградтау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жариялау үшін).
Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз ).
19. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жататын ұйымдар, сондай-ақ министрліктің, ведомствоның, Қазақстан Республикасы Президентінің»"Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің, басқа министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқарушы органдардың құрған ұйымдары наградтау материалдарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне береді.
Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
20. Меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық және фармацевтикалық практикамен айналысатын жеке тұлғалар наградтау материалдарын денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына береді, ал олар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне береді.
20-1. Өзге ұйымдар наградтау материалдарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жібереді.
Ескерту: 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
21. Наградтау материалдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Наградтау жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ресімделеді.
22. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісін Құрмет грамотасын және Денсаулық сақтау министрінің Алғысын табыс етуді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі жүргізеді.
Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз ).
23. Марапаттау марапатталушыға жеке табыс етіледі.
24. Денсаулық сақтау және басқа да ұйымдардың кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.
Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .
25. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің барлық марапаттау түрлерін есепке алуды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның кадр қызметі жүзеге асырады.
26. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы мен Денсаулық сақтау министрінің Алғысын жоғалтқан жағдайда, наградталғандарға телнұсқалар берілуі мүмкін.
Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз ).
27. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісімен наградталған қызметкерлер жат әрекеттер жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен кеуде белгісінен айрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы
N 39 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін марапаттау
тәртібі туралы ережеге
1-қосымша
РҚАО-ның ескертуі: 1-қосымшаның үлгісін қағаз мәтіннен қараңыз.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы
N 39 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін марапаттау
тәртібі туралы ережеге
2-қосымша
РҚАО-ның ескертуі: 2-қосымшаның үлгісін қағаз мәтіннен қараңыз.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы
N 39 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін марапаттау
тәртібі туралы ережеге
3-қосымша
РҚАО-ның ескертуі: 3-қосымшаның үлгісін қағаз мәтіннен қараңыз.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы
N 39 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін марапаттау
тәртібі туралы ережеге
4-қосымша
РҚАО-ның ескертуі: 4-қосымшаның үлгісін қағаз мәтіннен қараңыз.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 15 қаңтардағы
N 39 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерін марапаттау
тәртібі туралы ережеге
5-қосымша
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
ісінің үздігі" кеуде белгісіне наградтау
парағы
Қазақстан Республикасы
______________________
(берілген жері)
Наградтау парағы
1. Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________
__________________________________________________________________
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның,
министрліктің, мемлекеттік комитеттің бөлімшелерінің дәл атауын
көрсету керек)
3. Жынысы ________________________________________________________
4. Туған жылы мен туған жері _____________________________________
5. Білімі _________________
6. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі__________________________________
__________________________________________________________________
7. Үйінің мекен-жайы _____________________________________________
__________________________________________________________________
8. Жалпы жұмыс стажы _____________________________________________
9. Саладағы жұмыс стажы __________________________________________
10. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс стажы _____________________________
11. Наградталушының айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген
мінездеме
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кандидатура талқыланды және ұсынылды _____________________________
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, талқыланған күні, хаттаманың N)
"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде
белгісімен наградтауға ұсынылады
Денсаулық сақтау жүйесі
ұйымының басшысы
_________________________
(қолы)
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___ жылғы "____" ________
(толтырылған күн)
мөрдің орны
Ескерту: наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік
бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде
транскрипциясы көрсетіледі.