"Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 13 қарашадағы N 594 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5381 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 689 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.10 N 689 бұйрығымен.

       "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 944 қаулысымен бекітілген ереженің 14-тармағына сәйкес
Б Ұ ЙЫРАМЫН:
       1. "Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2691 болып тіркелген, 2005 жылғы 18 қарашадағы N 214-215 (948-949) "Заң газетінде" жарияланған), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4374 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 170 (1150) "Заң газетінде" жарияланған), "Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 19 қыркүйектегі N 4938 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 қазандағы N 1159 (1362) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін көтермелеу тәртібі туралы ереженің 9, 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
       "9. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісі алқа мен планкадан тұрады.
      Белгі алқасы шеңбері сызылған 34 мм диаметрлі тең емес шеңбер түрінде жасалған, алқа мен планка сары түсті металдан (латунь) жасалған.
      Аверс: жылтыр фонда әріптер мен суреттері шығып тұрған, күңгірттелген түрде болады. Алқаның ортасында - көгілдір эмальмен боялған шеңбер фонында шаңырақтың рельефтік бейнесі. Шеңбердің ішінде фоны қызыл түсті эмальмен боялған кіші көлемді шеңбер орналасқан және ортасында тосағанды ораған жылан түріндегі медицина эмблемасы бейнеленген. Белгі жиегінде бейне бойы ақ эмальмен боялған фонда "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" деген қазақ тіліндегі жазу бар, жазулар нүктелермен бөлінген. Төменде лавр бұтақтарымен айналдыра жазылған "Қазақстан" деген жазу бар.
      Реверс: күңгірттелген фонда әріптері шығып тұрған, жылтыр түрінде болады. Ортасында "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" деген жазу бар.
      Бекіткіші: визорлық түйреуіш.
      10. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісімен марапатталған тұлғаларға осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі куәлік беріледі;
      Куәлік көгілдір түсті қатты мұқабалы екі беттен тұрады. Мұқабасында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі", "Министерство здравоохранения Республики Казахстан", "Куәлік", "Удостоверение" деген жазулар бар.
      Сол жақ бетінің ішкі жағында кеуде белгісінің суреті, астында мынадай мазмұндағы жазу болады:
      N ______ куәлік, удостоверение N ________;
      оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазулар болады:
      марапатталатын адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
      парақтың ортасында мынадай мазмұндағы жазулар болады:
      Қазақстан Республикасы халқының денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" кеуде белгісімен марапатталғаны туралы осы куәлік беріледі.
      Министр ____________________;
      "марапатталған "күні" айы жылы".
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылымды және адам ресурстарын дамыту департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                            А. Дерновой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады