Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.10 N 689 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2691 тіркелген, "Юридическая газетаның" 2005 жылғы 18 қарашадағы N 214-215 сандарында жарияланған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 "Донорларды марапаттау ережесін бекіту туралы" бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3889 тіркелген, "Юридическая газетаның" 2005 жылғы 25 қарашада N 218 (952) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ережеде:
Ереженің атауындағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы "Денсаулық сақтау" деген сөздердің алдындағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы»"Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақта "денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақта "сондай-ақ" деген сөздерден кейін "министрліктің, ведомствоның, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Өзге ұйымдар наградтау материалдарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жібереді.".
24-тармақта "денсаулық сақтау" деген сөздерден кейін "және басқа да ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау наградтау комиссиясының төрағасы А.А.Белоногқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы