Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа тапсыру және жою ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 932 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа тапсыру және жою ережесінде:
6 тармақта:
бесінші абзацта "мәслихаттардың өкілеттік мерзімі" деген сөздер "сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац алынып тасталсын.
2. Бұл қаулы облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне және сайлау комиссияларының төрағаларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі оны тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрайымы
Астана, 2004 жылғы 17 ақпан
N 97/118