Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 932 тіркелген "Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа тапсыру және жою ережесі туралы"» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 17 ақпандағы N 97/118 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2732. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа тапсыру және жою ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/251 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 932 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа тапсыру және жою ережесінде:

      6 тармақта:
      бесінші абзацта "мәслихаттардың өкілеттік мерзімі" деген сөздер "сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзац алынып тасталсын.

      2. Бұл қаулы облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне және сайлау комиссияларының төрағаларына жіберілсін.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі оны тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрайымы

      Астана, 2004 жылғы 17 ақпан
             N 97/118

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады