--------------Бұйрықтан үзінді--------------
"Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнің
2005 жылғы 3 маусымдағы
N 211 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
22. "Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және қаржылық рұқсат беруде көзделмеген мақсаттарға мемлекеттiк мекемелер пайдаланған бюджеттiк қаражатын қайтарып алу Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 607 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2004 жылғы 23 ақпандағы N 85 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 18 наурызда N 2747 тiркелген)...
--------------------------------------------
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" және "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Заңдарына және "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу "мерзiмдiк және жылдық" жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. "Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және қаржылық рұқсат беруде көзделмеген мақсаттарға мемлекеттiк мекемелер пайдаланған бюджеттiк қаражатын қайтарып алу Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 12 қарашадағы N 607 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 9 желтоқсандағы N 995 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және қаржылық рұқсат беруде көзделмеген мақсаттарға мемлекеттiк мекемелер пайдаланған бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алу ережесiнде:
барлық мәтiн бойынша "қаржылық" және "және бюджеттiк" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтiн бойынша "өкiмдер", "өкiм", "бюджеттiк қаражатты керi қайтарып алуға нұсқау", "керi қайтарып алуға нұқсаудың", "керi қайтарып алуға нұсқауын", "керi қайтарып алу туралы нұсқау", "бюджеттi қаражатты керi қайтарып алу өкiмiнiң" деген сөздер тиiстi септiктер мен жалғауларда "нұсқама" деген сөзбен ауыстырылсын;
барлық мәтiн бойынша "шығыстар сметасын", "шығыстар сметасы" деген сөздер "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
барлық мәтiн бойынша "тексеру", "тексерулер", "тексерудi" деген сөздер тиiстi септiктер мен жалғауларда "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген және мемлекеттiк мекемелер рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланған бюджет қаражатын қайтарып алу тәртiбiн анықтайды.
Жергiлiктi уәкiлеттi органдар нұсқамалар бойынша рұқсаттармен көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған қаражатты қайтарып алуды жүргiзедi.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
Кодексiнiң
177-бабына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға құқығы бар.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың), сондай-ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасының тағайындауына сәйкес келмейтiн мақсаттарға пайдалануы, жеке және заңды тұлғалардың жергілiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты мемлекеттiк мекемелермен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, оның iшiнде кредиттiк шарттардың ережелерiне сәйкес келмейтiн мақсаттарға пайдалануы болып табылады.";
5-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "(2-қосымша)" деген сөздер "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832
қаулысымен
белгiленген нысан бойынша бақылау жүргiзу (бұдан әрi - акт)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "Тексерушi орган" деген сөздер "Бақылауды жүзеге асыратын орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Акт екi данада жасалады. Ұйғарым төрт данада жасалады. Актi мен ұйғарымның бiрiншi даналары бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органда қалдырылады, актi мен ұйғарымның екiншi даналары бақылау объектiсiнде қалдырылады, тиiсiнше ұйғарымның үшiншi және төртiншi даналары бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне берiлген рұқсаттар шегiнде бюджет қаражатын керi қайтарып алу жөнiндегi мiндеттеменi қабылдауға арналған өтiнiмдердi қалыптастыратын бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне және мемлекеттiк мекемеге жiберiледi.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Әкiм уәкiлеттiк берген жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар тоқсан сайын есептiден кейiнгi келесi айдың 5 күнiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне оның ұйғарымының негiзiнде мақсатына сай пайдаланылмаған жергiлiктi бюджет қаражатын керi қайтарып алудың атқарылуы туралы ақпаратты ұсынады";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бюджеттiк бағдарламаның, кiшi бағдарламаның, ерекшелiктiң мақсаттарына сәйкес келмейтiн шығыстарын мемлекеттiк мекеменiң жүзеге асыруына байланысты жергiлiктi бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын айқындаған жағдайда, қаражатты керi қайтарып алу iс жүзiнде жүргiзiлген шығындарға сәйкес келетiн бюджеттiк сыныптаманың сол кодынан бастап жүргiзiледi.
Ағымдағы жылдың қаржыландыру жоспарында көзделмеген өткен жылдардың бағдарламалары бойынша жергiлiктi бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын айқындаған жағдайда керi қайтарып алу:
жергiлiктi бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнде - жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн қамтамасыз етумен байланысты шығындарға көзделген қаражаттан шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша;
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемеде - осы мемлекеттiк мекеменi ұстауға көзделген бағдарлама шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жүзеге асырылады.
Жергiлiктi бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бағдарлама, кiшi бағдарлама болмаған жағдайда, ол бойынша өткен жылдарда жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражатты мақсатсыз пайдалану айқындалғанда керi қайтарып алу ағымдағы қаржы жылының жергiлiктi бюджетiнде шығыстар көзделген бағдарлама, кiшi бағдарлама бойынша ағымдағы қаржыландыруды азайту ("Қайтарып алу" белгiсiмен рұқсат бepу) жолымен жүргiзiледi. Ағымдағы қаржы жылының жергiлiктi бюджетiнде осындай бағдарламалар болмаған кезде жергiлiктi бюджет қаражатын керi қайтарып алу:
жергiлiктi бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнде - жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн қамтамасыз етумен байланысты шығындарға көзделген қаражаттан шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша;
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемеде - осы мемлекеттiк мекеменi ұстауға көзделген бағдарлама шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жүргiзiледi.";
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Керi қайтарып алу сомасына бухгалтерлiк жазбалар жүргiзу үшін жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне жергiлiктi атқарушы орган 280-нысанының хабарламасы (4-қосымша) жiберiледi. Хабарламаның "Операцияларды ұстау" бағанында экономикалық сыныптаманың мекемесiн, бағдарламасын, кiшi бағдарламасын, ерекшелiгiн көрсете отырып "жергiлiктi уәкiлеттi орган берген рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты керi қайтарып алу" жазбасы жүргiзiледi, олар бойынша жергiлiктi уәкiлеттi орган берген керi қайтарып алу, рұқсаттардың нөмiрлерi және күндерi жүргiзiлген ол бойынша ағымдағы қаржыландыру азайған. Бұл ретте хабарламада қайтарып алынған бюджеттiк қаражаттың жалпы сомасы санмен және жазумен, сондай-ақ ол бойынша керi қайтарып алу жүргiзiлген әрбiр мекеме, экономикалық сыныптаманың бағдарламасы, кiшi бағдарламасы, ерекшелiгi бойынша керi қайтарып алу сомасы көрсетiледi.
10-2. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк мекемелермен (жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен) жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң талаптарына сәйкес, оның iшiнде кредиттiк шарттар бойынша да қабылданған мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, жоғарыда көрсетiлген мақсаттарға мемлекеттiк мекемелерге жергiлiктi бюджеттен бөлiнген бюджет қаражатын керi қайтарып алу осы Ереженiң 10-тармағында көзделген тәртiппен шарттық мiндеттемелердi орындамау сомасына мемлекеттiк мекемеге (жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне) ағымдағы қаржыландыруды азайту ("Қайтарып алу" белгiсiмен рұқсат беру) жолымен жүргiзiледi. Жергілiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өз кезегiнде сот, немесе сотсыз тәртiппен заңды және/немесе жеке тұлғалардан осы қаражатты өндiрiп алуы тиiс.
Бұл ретте, егер керi қайтарып алу ағымдағы жылы жергiлiктi бюджеттен бөлiнген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактiлерi бойынша өткен жылдарда сияқты, ағымдағы қаржы жылында да жүргiзiлсе, және мақсатсыз пайдалану сомасы сот тәртiбiмен немесе сотсыз тәртiппен жергiлiктi бюджет кiрiсiне ағымдағы жылы да өндiрiлiп алынса, онда мемлекеттiк мекеме (жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi) қаржыландырудың керi қайтарып алынған лимиттерiн қалпына келтiру үшiн аумақтық қазынашылық органына осы факт туралы хабарлайды.
Жергiлiктi бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол берген мемлекеттiк мекемелер қайта ұйымдастырылған жағдайларда керi қайтарып алулар олардың құқықтық мирасқорларында жүргiзiледi.";
13-тармақта:
"бюджет шығыстарының тiзiмдемесiне" деген сөздер "бюджеттiң жиынтық қаржыландыру жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта:
"230 (140) "Мемлекеттiк мекемелер мен басқа да шаралар шығыстарына бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шот" деген сөздер "140 "Мемлекеттiк мекемелер мен басқа да iс-шаралар шығыстарына бюджеттен алынатын қаржыландыру жөнiндегi есеп айырысулар" 230 қосалқы шоттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бюджет бойынша" деген сөздерден кейiн "бекiтiлген қаржыландыру жоспарының шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
"230 (140) қосалқы шот" деген сөздер "140, 230 қосалқы шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта "Қазақстан Ре~публикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру департаментiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
"Тапсырма" деген сөз "Бұйрық (Шешiм) деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi абзацта "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Бюджет жүйесi туралы" және "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.