Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62
қаулысымен
.
___________________________
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы
қаулы етеді
:
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының орталық депозитарийі туралы, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу туралы, Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ережелерді бекіту туралы" 1996 жылғы 29 шілдедегі N 944
қаулысының
күші жойылған күннен бастап күшіне енеді.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
"Бағалы қағаздарды ұстаушылар
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 32 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін
жүргізу ережесі
Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "
Бағалы қағаздар рыногы туралы
", "
Акционерлік қоғамдар туралы
" және "
Инвестициялық қорлар туралы
" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібін, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.
Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ортақ өкілдің жеке шоты - ортақ меншікке қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот, ол бойынша меншіктеу құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылады;
1-1) орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шоты - айналыста болып табылатын пайлық инвестициялық қордың орналастырылған пайларының санын есепке алатын тізілімдер жүйесіндегі жеке шот;
1-2) пайлық инвестициялық қордың оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздарды есепке алатын тізілімдер жүйесіндегі жеке шот;
2) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, қайталама бағалы қағаздар рыногында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
3) эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
4) тізілімдер жүйесіндегі операция - тіркеушінің тізілімдер жүйесіне деректер енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпарат дайындау және беру нәтижесі болып табылатын іс-әрекеттерінің жиынтығы;
5) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі - белгілі бір күнге бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы және осы ұстаушыларды бірегейлендіруге мүмкіндік жасайтын мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны.
Ескерту: 1-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
2. Тіркеуші жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушыларды, эмитенттерді және олардың өкілдерін бұйрықтар беру және тізілімдер жүйесінен ақпарат алу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
2-тарау. Тізілімдер жүйесін қалыптастыру
3. Тіркеушінің тізілімдер жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттері эмитенттің және бағалы қағаздарды ұстаушының тізілімдер жүйесіне берген мәліметтерді қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден және енгізуден тұрады.
4. Тізілімдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:
1) операцияларды жүргізуге бұйрықтар;
2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;
3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4) негізінде тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген өзге құжаттар;
5) эмитенттен (бұрынғы тіркеушіден) тіркеуші алған және тіркеуші шартты қолдану мерзімінде эмитентке жіберген құжаттар;
6) операцияларды тіркеу журналы;
7) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;
8) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;
9) сенімхаттарды есепке алу журналы;
10) жіберілген құжаттарды тіркеу журналы;
11) мұрағатты жүргізу журналы.
5. Тізілімдер жүйесінде:
1) эмитент, оның ішінде пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания туралы, және эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымдары туралы;
1-1) пайлық инвестициялық қордың атауы;
2) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкілдері туралы;
3) жеке шоттарда есепке алынған бағалы қағаздардың түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру нөмірі туралы;
4) тізілімдер жүйесінде жүргізілген операциялар және оларды жүргізу негіздері туралы;
5) тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы мәліметтер болады.
Ескерту: 5-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
6. Тізілімдер жүйесінде эмитент туралы мынадай мәліметтер болады:
1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ эмитенттің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні;
3) орналасқан жері, почталық мекен-жайы;
4) телефон, факс және басқа байланыс құралдарының нөмірлері;
5) эмитенттің атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің аты-жөні;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
7) кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуіш коды.
7. Тізілімдер жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздары туралы мынадай мәліметтер болады:
1) бағалы қағаздардың шығарылымы мемлекеттік тіркелген күн және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;
2) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі, шығару нысаны, оның ішінде бағалы қағаздарды айырбастау туралы ақпарат;
3) жарияланған бағалы қағаздардың саны, пайлық инвестициялық қордың пайларынан басқа;
4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
5) облигациялардың номиналдық құны;
6) облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу күні.
Ескерту: 7-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі шартты (бұдан әрі - шарт) жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент ұсынған құжаттар негізінде тіркеуші тізілімдер жүйесіне эмитент туралы мәліметтерді енгізеді және оған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шот ашады.
Пайлық инвестициялық қордың пайларын есепке алу үшін тіркеуші пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания берген құжаттардың негізінде, орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотын ашады.
Ескерту: 8-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
9. Эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотына есепке алуды тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің көшірмесі негізінде жүзеге асырады.
9-1. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотындағы пайлар санын өзгерту кастодиан растаған, инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Ұстаушының жеке шотына пайларды есепке алу үшін пайлардың дәл ұқсас саны орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотында көрсетіледі.
Ұстаушының жеке шотынан пайларды есептен шығарған кезде орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотында орналастырылған пайлардың азаюы көрсетіледі.
Ескерту: 9-1-тармақпен толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
10. Жеке тұлғаға тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуды тіркеуші жеке шот ашуға берілген бұйрық және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат негізінде жүзеге асырады.
11. Заңды тұлғаға жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1) жеке шот ашуға бұйрық;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
3) статистикалық карточканың көшірмесі;
4) заңды тұлғаның бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу үшін, сондай-ақ жеке шоттан үзінді-көшірме және өзге ақпарат алу үшін тіркеушіге ұсынылған құжаттарға қол қоюға құқығы бар өкілдерінің қол қою үлгілерінің мөр басылған, нотариат куәландырған карточка.
11-1. Пайлық инвестициялық қорға тізілімдер жүйесіндегі оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттардың:
1) жеке шотты ашуға пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания бұйрығының;
2) пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмелерінің;
3) пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның статистикалық карточкалары көшірмелерінің;
3-1) пайлық инвестициялық қор кастодианының бағалы қағаздармен болатын мәмілелерді тіркеу үшін тіркеушіге берілген құжаттарға қол қою, сонымен қатар жеке шоттан көшірмелер мен өзге ақпаратты алу құқығы бар өкілдерінің мөр бедері бар қойылған қолдарының үлгілерін нотариалды түрде куәландырушы карточкалардың;
4) пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның бағалы қағаздармен болатын мәмілелерді тіркеу үшін тіркеушіге берілген құжаттарға қол қою, сонымен қатар жеке шоттан көшірмелер мен өзге ақпаратты алу құқығы бар өкілдерінің мөр бедері бар қойылған қолдарының үлгілерін нотариалды түрде куәландырушы карточкалардың негізінде жүзеге асырады.
Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
12. Бағалы қағаздарды ұстаушының өкіліне жеке шот ашылған жағдайда тіркеушіге өкілдің атына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген сенімхат ұсынылады.
13. Осы Ереженің 10, 11-тармақтарының талаптары тізілімдер жүйесін қалыптастыру кезінде жаңа тіркеуші эмитенттен немесе бұрынғы тіркеуші тізілімдер жүйесін қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қабылдаған жағдайда, сондай-ақ тіркеуші соттың орындау парағын орындау кезінде қолданылмайды.
14. Егер бағалы қағаздарды меншіктеу құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот олардың ортақ өкілінің жеке шот ашуға бұйрығы негізінде ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны сайлау туралы жазбаша келісімін қоса бере отырып ашылады.
15. Жеке шотты ашуға бұйрыққа заңды тұлғаның өкілі, оның ішінде пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания (жеке тұлға немесе оның өкілі) қол қояды және мынадай мәліметтер болады:
1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні);
1-1) пайлық инвестициялық қордың атауы;
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;
3) жеке тұлғаның туған күні;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күні және нөмірі;
5) заңды тұлғаның орналасқан жері (жеке тұлғаның тұрғылықты жері), почталық мекен-жайы;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Ескерту: 15-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
16. Эмитентті, орталық депозитарийді және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.
17. Тіркеуші жеке шотқа жеке нөмір береді. Жеке шотта:
1) жеке шотты ашуға бұйрыққа сәйкес тіркелген тұлға;
2) бағалы қағаздардың саны, түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
3) жүк артылған бағалы қағаздардың саны;
4) оқшауланған бағалы қағаздардың саны;
5) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;
6) сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтер болады.
18. Нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізілетін орталық депозитарийдің жеке шотында осы Ереженің 17-тармағының 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.
18-1. Пайлық инвестициялық қордың жеке шоттарында оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат бар және осы Ереженің 17-тармағының 1) және 6)-тармақшаларында көрсетілген ақпарат жоқ. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шоты бойынша, сондай-ақ осы Ереженің 17-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрінбейді.
Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
18-2. Пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания лицензияларының қолданылуын тоқтатқан немесе лицензияларды қайтарып алған жағдайда пайлық инвестициялық қордың жеке шоттарын басқару тіркеушінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен пайлық инвестициялық қордың кастодианына көшеді және пайлық инвестициялық қор пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.
Ескерту: 18-2-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
19. Жеке шотта жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) операцияның түрі;
2) оны жүргізілген күн және уақыты;
3) операцияны жүргізудің негізі;
4) операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
5) оларға қатысты операция жүргізілген бағалы қағаздардың саны, түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі.
3-тарау. Тізілімдер жүйесін жүргізу
20. Тізілімдер жүйесін жүргізу электрондық нысанда жазбалар жүргізу арқылы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда құжаттандырылған нысанда жүзеге асырылады.
21. Тіркеуші тізілімдер жүйесінде операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке шоттар бойынша операциялар;
2) ақпараттық операциялар.
22. Жеке шоттар операциялар бойынша операцияларға мыналар жатады:
1) жеке шот ашу;
2) тіркелген тұлға туралы мәліметтерді өзгерту, пайлық инвестициялық қор немесе пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания туралы;
3) бағалы қағаздарды бір жеке шоттар басқа жеке шотқа аудару;
3-1. жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтпастан орналастырылған акциялардың санын ұлғайтумен байланысты (акцияларды ұсақтау) тіркелген тұлғаның жеке шотына акциялардың санын ұлғайту туралы жазба жазу;
4) бағалы қағаздарға жүк арту және жүк артуды алып тастау;
5) бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;
6) сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және сенімгерлік басқару туралы жазбаларды алып тастау;
7) акциялар шығарылымын жою.
Ескерту: 22-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 25 маусымдағы N 217
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз
).
23. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:
1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлердің тізімін) жасау және беру;
2) жеке шоттан үзінді-көшірмелер жасау және беру;
3) есептер, хабарламалар және анықтамалар дайындау және беру.
24. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы бұйрықта мынадай мәліметтер болады:
1) бұйрықтың нөмірі және күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
2-1. пайлық инвестициялық қордың атауы;
3) мәмілеге қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
4) мәмілеге қатысқан тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
7) бағалы қағаздарға қатысты белгілі бір іс-әрекеттер жасауға нұсқау;
8) мәміле түрі;
9) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер.
Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы бұйрыққа мәмілеге қатысқан тұлға немесе оның өкілі қол қояды, егер мәміленің тарабы заңды тұлға болып табылса мөрмен бекітіледі.
Пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның пайлармен болатын мәмілелерді тіркеу туралы бұйрығына оның өкілдері қол қояды, мөрмен куәландырылады, сонымен қатар пайлық инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Ескерту: 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
24-1. Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер бар:
1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
4) тіркелген тұлға жеке шотының нөмірі;
5) бағалы қағаздардың түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) акцияларды ұсақтау үйлесімдігі;
7) операцияларды жүргізуге арналған бағалы қағаздардың саны;
8) акцияларды ұсақтауға берілген нұсқау;
9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
Акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.
Ескерту: 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз
).
25. Ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілінің жеке шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайда тіркеушіге ортақ меншіктің барлық қатысушыларының операция жүргізуге жазбаша келісімі ұсынылады.
26. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде тіркеуші бұйрықтардағы қолдардың заңды тұлғаның өкілдерінің қолдары үлгілерінің карточкасында немесе мәміленің тарабы болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қолдарға сәйкестігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
27. Осы Ереженің 13-тармағына сәйкес ашылған жеке шот бойынша осы Ереженің 22-тармағының 2)-4), 6) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы өткен жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды қоспағанда) тіркелген тұлға осы Ереженің 10, 11-тармақтарында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
28. Жеке шоттағы тіркелген тұлға туралы, пайлық инвестициялық қор немесе пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания туралы мәліметтерді өзгерту операциясын тіркеуші тіркелген тұлғаның немесе пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның олар туралы мәліметтерді өзгертуге бұйрығы және осы өзгерістерді растайтын құжаттар негізінде жүргізеді.
Ескерту: 28-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
29. Бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды тіркеуші, осы Ереженің 29-1-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы қарама-қарсы бұйрықтарды және осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті құжаттарды алған кезде жүргізеді.
Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз
).
29-1. Тіркеуші акцияларды ұсақтау операциясын эмитент ұсынған жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және жарияланған акциялардың саны орналастырылған акциялар санын ұлғайту есебінен ұлғайтылғанына нұсқауы бар уәкілетті орган эмитентке берген ілеспе хаты, сондай-ақ жарияланған бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару арқылы акциялар ұсақталған жағдайда тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлуге шығарған эмитенттің бұйрығы негізінде жүргізеді.
Ескерту: 29-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз
).
30. Бағалы қағаздарды мұраға қалдырған жағдайда тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы бұйрықтар, мұраға қалдыру құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда осы Ереженің 10, 11-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды жүргізеді.
31. Бағалы қағаздарды ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды шектеуді тіркеуші бағалы қағаздарына жүк артылған бағалы қағаздарды ұстаушының және пайдасына оларға жүк арту жүргізілетін тіркелген тұлғаның жүк арту туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүк арту операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Тіркеуші тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға жүк артуды алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың жүк артуды алып тастау туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.
32. Бағалы қағаздарды оқшаулау және оқшаулауды алып тастау жөніндегі операцияларды тіркеуші тізілімдер жүйесінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай құқықты иеленген мемлекеттік органдардың актілері негізінде жүргізеді.
33. Жеке шотқа бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны тіркеуші сенімгерлік басқару құрылтайшысының және сенімді басқарушының бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруға беру туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаларды жоюды тіркеуші сенімгерлік басқарушы - азаматтың қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы - заңды тұлғаның таратылуына байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайды қоспағанда, құрылтайшы сенімгерлік басқаруға және сенімгерлік басқарушыға берген бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару тоқтатылғаны туралы қарсы бұйрықтың негізінде жүргізеді.
Сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және жою жөніндегі операцияны тіркеуші пайлық инвестициялық қордың жеке шоты бойынша жүргізбейді.
Ескерту: 33-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
34. Акциялар шығарылымын жою операциясын тіркеуші уәкілетті органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алғаннан кейін жүргізеді. Акциялар шығарылымын жою операциясын жүргізу тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның ережесімен белгіленеді.
Жарияланған акциялардың шығарылымын заңды тұлғаны таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты жойған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу тіркеуші мен эмитент арасында жасалған тізілімдердің жүйесін жүргізу жөніндегі шарттың бұзылғандығын растайтын құжаттың негізінде тоқтатылады. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тоқтатқанда көрсетілген заңды тұлғаның акциялары ұстаушылардың жеке шоттарының есебінен шығарылады.
Ескерту: 34-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
35. Облигацияларды өтеу кезінде тіркеуші облигацияларды оларды ұстаушылардың жеке шотынан эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу жөніндегі жеке шотына аудару операциясын эмитенттің оның облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын хабарламасы негізінде жүргізеді.
36. Ақпараттық операцияны жүргізуді тіркеуші эмитенттің жазбаша өкімі немесе тіркелген тұлғаның, пайлық инвестициялық қор кастодианының бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
Ескерту: 36-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
37. Осы Ереженің 28, 31, 33, 36-тармақтарында көрсетілген бұйрықтардың нысаны және мазмұны өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелерімен белгіленеді.
38. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды, бағалы қағаздарды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуді, акциялардың он және одан көп процентін иеленген ұстаушылар туралы анықтамаларды дайындауды тіркеуші эмитенттің өкімінде көрсетілген күннің басында (00 сағат 00 минут) жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасаудың өзге жағдайларында және (немесе) тізілімдер жүйесінен кез келген басқа ақпаратты дайындауды тіркеуші эмитенттің өкімінде көрсетілген күні және уақытта жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасау немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау кезінде, сондай-ақ тізілімдер жүйесінен өзге ақпаратты берген кезде тіркеушінің бас офисі орналасқан сағаттық белдеудің уақыты қолданылады.
Ескерту: 38-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
39. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде мынадай мәліметтер болады:
1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
1-1) пайлық инвестициялық қордың атауы;
2) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
3) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
4) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны;
5) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) бағалы қағаздарды ұстаушының заңды тұлғасының атауы (жеке тұлғаның аты-жөні);
7) бағалы қағаздарды ұстаушы болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні (жеке тұлғаның және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері);
8) жүк артылған және (немесе) оқшауланған бағалы қағаздардың санын көрсете отырып бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотындағы бағалы қағаздардың саны;
9) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
10) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған күн және уақыт.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Ескерту: 39-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
39-1. Акционерлер тізімінде мынадай мәліметтер бар:
1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) жарияланған акциялардың саны;
3) орналастырылған акциялардың саны;
4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
5) акциялардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) заңды тұлғаның акционердің атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты);
7) акционер болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері);
8) ауыртпалылық салынған және (немесе) оқшауланған акциялар санын көрсете отырып акционердің жеке шотындағы акциялар саны;
9) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесінің номиналды ұстауындағы және оған тиесілі акциялардың саны;
10) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның нақты мекен-жайы, телефоны, факсы;
11) акционерлердің тізімі жасалған күн және уақыт.
Акционерлер тізіміне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Ескерту: 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
40. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде немесе акционерлердің тізімін эмитенттің өкіміне сәйкес бағалы қағаздар рыногында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, осы Ереженің 39 және 39-1 тармақтарында аталғандардан басқа өзге мәліметтер болады.
Пайлық инвестициялық қордың пайларын ұстаушылардың тізілімінде осы Ереженің 39-тармағының 2) және 4)-тармақшаларында атап көрсетілген мәліметтер берілмейді.
Ескерту: 40-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
,
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
41. Жеке шотынан үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер болады:
1) жеке шоттың нөмірі;
2) бағалы қағаздарды ұстаушының заңды тұлғасының атауы (жеке тұлғаның аты-жөні);
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері);
4) эмитенттің атауы және орналасқан жері;
4-1) пайлық инвестициялық қордың атауы;
5) бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
6) облигацияларды өтеу күні;
7) жүк артылған және (немесе) оқшауланған бағалы қағаздардың санын көрсете отырып бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің саны;
8) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған (дауыс беретін) бағалы қағаздарының санына арақатысы;
9) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
10) жеке шоттан үзінді-көшірме қалыптастырылған уақыт және күн.
Жеке шоттан үзінді-көшірмеге тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Ескерту: 41-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245
қаулысымен
.
42. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін және/немесе жеке шоттан үзінді-көшірмені жасаған кезде орталық депозитарийден және эмитенттен оны жасау үшін қажетті ақпаратты сұратады. Орталық депозитарий және (немесе) эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін, акционерлер тізімін және/немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау үшін қажетті ақпаратты бермеген немесе оларда осындай ақпарат болмаған жағдайда тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне, акционерлер тізіміне және/немесе жеке шоттан үзінді-көшірмеге оның тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттар негізінде жасалғаны туралы жазба енгізеді.
Ескерту: 42-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
43. Тізілімдер жүйесіндегі операциялар жүргізу мерзімі тіркеуші немесе тіркеушіге трансфер-агенттік қызметтер көрсететін ұйым ұсынған құжаттар тіркелген сәттен бастап есептеледі.
44. Тіркеуші жеке шот бойынша операцияны үш күнтізбелік күн ішінде жүргізеді. Тіркеуші жеке шоттан үзінді-көшірме жасау және беру жөніндегі ақпараттық операцияны бес күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.
45. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістер төлеу үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды және беруді тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістер төленген күннің алдындағы күні жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырады.
Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
46. Өткен күнге бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды тіркеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай құқықты иеленген тұлғадан жазбаша сұрату алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
Ескерту: 46-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
47. Тіркеуші бұйрықты орындаудан бас тартуды бұйрықта алған сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздарды ұстаушыға жібереді. Бұйрықты орындаудан бас тартуды тіркеуші бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша нысанда жасайды және тіркеушінің басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды.
4-тарау. Тіркеушінің құжат айналымы. Тізілімдер жүйесін
құрайтын құжаттарды және электрондық деректерді сақтау
48. Тіркеушіге келіп түскен құжаттар келіп түскен құжаттарды, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алуды, сенімхаттарды есепке алуды тіркеу журналдарында тіркеледі. Тіркеуші құжатты қабылдағаннан кейін өтініш білдірген тұлғаға қабылдаған күнін (уақытын) және құжатты қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырған тіркеушінің қызметкерінің аты-жөнін көрсете отырып оны қабылдау фактісін растайтын құжат береді.
51. Орындалуы туралы белгісі бар құжаттар тіркеушінің мұрағатына өткізіледі, олар мұрағат жүргізу журналында тіркеледі. Құжаттарды мұрағат жүргізу журналында тіркеу кезінде олардың тұтастығы, парақтары мен данасының саны, сондай-ақ олардың қосымшалары тексеріледі.
52. Тізілімдер жүйесін құрайтын мынадай құжаттар кемінде бес жыл сақталады (мерзім бағалы қағаздарды ұстаушының осындай болуы тоқтаған немесе тіркеуші мен эмитент арасында жасалған шарт бұзылған күннен бастап есептеледі):
1) операцияларды жүргізуге бұйрықтар;
2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер;
3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4) негізінде тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген өзге құжаттар;
5) шартты қолдану кезеңінде эмитенттен тіркеуші (бұрынғы тіркеуші) алған және эмитентке тіркеуші жіберген құжаттар;
6) операцияларды тіркеу журналы;
7) келіп түскен құжаттарды тіркеу журналы;
8) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу журналы;
9) сенімхаттарды есепке алу журналы;
10) жіберілген құжаттарды тіркеу журналы;
11) мұрағатты жүргізу журналы.
53. Тіркеуші мынадай талаптарды сақтай отырып тізілімдер жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшіруді және сақтауды жүзеге асырады:
1) резервтік көшірме аптасына кем дегенде бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте резервтік көшірмелер ақпаратқа санкцияланбаған енуден қорғалады;
2) резервтік көшірмелерді сақтау сейфтік операцияларға лицензиясы бар ұйымда жүзеге асырылады;
3) резервтік көшірмелер олар жаңартылған резервтік көшірмелерге ауыстырылғанға дейін сақталады.
Ескерту: 53-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы N 316
қаулысымен
.
54. Тізілімдер жүйесін құрайтын, электрондық тасымалдағыштардағы (қағазға басылған) мәліметтер жоғалған немесе жоғалтып алған жағдайда тіркеуші:
1) эмитентке және уәкілетті органға құжаттардың жоғалғаны немесе жоғалтып алғаны туралы бір күн ішінде хабарлайды;
2) тізілімдер жүйесін құрайтын деректерді қалпына келтіру мақсатында баспасөз басылымында мүдделі тұлғалардың құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы ақпарат жариялайды;
3) деректерді олар жоғалған немесе жоғалтып алған күннен бастап екі апта ішінде қалпына келтіреді.
5-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін және
тізілімдер жүйесін құрайтын өзге құжаттарды өткізу
55. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған кезде тіркеуші уәкілетті органның бұл туралы хабарламасын алған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған күні ондағы шарт жасалған бағалы қағаздар эмитенттеріне жазбаша хабарлама жібереді.
Лицензия қайтарылып алынған жағдайда тіркеуші үш күнтізбелік күн ішінде лицензия қайтарып алынған күні шарт жасалған бағалы қағаздар эмитенттеріне лицензияны қайтарып алу туралы және олармен шарттарды бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.
56. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда тіркеуші эмитенттің жазбаша хабарламасында көрсетілген жаңа тіркеушіге осы эмитенттің бағалы қағаздары бойынша мынадай құжаттарды өткізеді:
1) жаңа тіркеушіден немесе эмитенттен алынған бағалы қағаздарды ұстаушылардың бастапқы тізілімін және шарттарды бұзған күнге бұрынғы тіркеушілер эмитентпен жасаған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін;
2) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, операцияларды тіркеу, сенімхаттарды есепке алу, жіберілген құжаттарды тіркеу журналдарын;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары және эмитенттің өкімдері;
4) операциялар жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар;
5) өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса шарт жасау кезінде тіркеушіге эмитент ұсынған құжаттар;
6) лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күнге тіркеуші жасаған бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі.
57. Шартты бұзу тіркеушіден лицензияны қайтарып алуға байланысты болмаған жағдайда тіркеуші жаңа тіркеушіге осы эмитенттің бағалы қағаздары бойынша мынадай құжаттарды өткізеді:
1) жаңа тіркеушіден немесе эмитенттен алынған бағалы қағаздарды ұстаушылардың бастапқы тізілімін және шарттарды бұзған күнге бұрынғы тіркеушілер эмитентпен жасаған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін;
2) эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, операцияларды тіркеу, сенімхаттарды есепке алу, жіберілген құжаттарды тіркеу журналдарын;
3) шарт бұзылған күнге қалыптастырылған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін.
58. Осы Ереженің 56, 57-тармақтарында көрсетілген құжаттар қағазға басып және (немесе) электрондық нысанда ұсынылуы мүмкін.
59. Қағазға басылып жасалған және осы Ереженің 56, 57-тармақтарына сәйкес жаңа тіркеушіге өткізілген құжаттар тігілуі, нөмірленуі және соңғы парақта бір бөлігі қағаз пломбаға, бір бөлігі параққа қойылу тиіс мөр таңбасы қойылатын және құжаттарды өткізген тараптың бірінші басшысы немесе уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз пломбамен бекітіледі.
60. Құжаттарды өткізу тіркеушілердің бірінші басшылары қол қоятын және олардың мөрлерімен бекітілетін қабылдау-өткізу актісін жасау арқылы жүзеге асырылады.
61. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
62. Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды одан әрі инвесторларға сату бойынша мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Ескерту: 62-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 114
қаулысымен
.