Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 316 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3855. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 (V064175) қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62  қаулысымен .
___________________________ 

      Нормативтік құқықтық актілерді " Бағалы қағаздар рыногы туралы " және " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32  қаулысына  (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2750 тіркелген, 2004 жылы Қаржы хабаршысы N 2-3 журналында жарияланған), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245  қаулысымен  (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3103 тіркелген, 2004 жылы Қаржы хабаршысы N 11 журналында жарияланған), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 114  қаулысымен  (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3577 тіркелген, 2005 жылы Қаржы хабаршысы N 5 журналында жарияланған), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 217   қаулысымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3730 тіркелген, 2005 жылы Қаржы хабаршысы N 8 журналында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесінде:
      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-1. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотындағы пайлар санын өзгерту кастодиан растаған, инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
      Ұстаушының жеке шотына пайларды есепке алу үшін пайлардың дәл ұқсас саны орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотында көрсетіледі.
      Ұстаушының жеке шотынан пайларды есептен шығарған кезде орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотында орналастырылған пайлардың азаюы көрсетіледі.";

      11-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) пайлық инвестициялық қор кастодианының бағалы қағаздармен болатын мәмілелерді тіркеу үшін тіркеушіге берілген құжаттарға қол қою, сонымен қатар жеке шоттан көшірмелер мен өзге ақпаратты алу құқығы бар өкілдерінің мөр бедері бар қойылған қолдарының үлгілерін нотариалды түрде куәландырушы карточкалардың;";

      18-2-тармақта "пайлық инвестициялық қордың кастодианына көшеді" деген сөздерден кейін "және пайлық инвестициялық қор пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді" деген сөздермен толықтырылсын;

      24-тармақта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) мәміле түрі;";
      10) тармақша алынып тасталсын;

      38-тармақта:
      бірінші абзацта:
      бірінші сөйлемде "(акционерлердің тізімін)" деген сөздерді "немесе акционерлердің тізімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(халықтық қоғамда бес және одан көп)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші сөйлемде "(акционерлердің тізімін)" деген сөздерді ", акционерлердің тізімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "(акционерлердің тізімін)" деген сөздерді ", акционерлердің тізімін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39-тармақта:
      бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарда "(акционерлердің тізімінде)", "(акционерлердің тізімі)", "(акционерлердің тізіміне)" деген сөздер алынып тасталсын;
      9) тармақшада "нақты" деген сөз "заңды" деген сөзге ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:
      "39-1. Акционерлер тізімінде мынадай мәліметтер бар:
      1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) жарияланған акциялардың саны;
      3) орналастырылған акциялардың саны;
      4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
      5) акциялардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
      6) заңды тұлғаның акционердің атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, болса әкесінің аты);
      7) акционер болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері);
      8) ауыртпалылық салынған және (немесе) оқшауланған акциялар санын көрсете отырып акционердің жеке шотындағы акциялар саны;
      9) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ меншік иесінің номиналды ұстауындағы және оған тиесілі акциялардың саны;
      10) тіркеушінің атауы, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның нақты мекен-жайы, телефоны, факсы;
      11) акционерлердің тізімі жасалған күн және уақыт.
      Акционерлер тізіміне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды және мөрмен бекітіледі.";

      40-тармақта "(акционерлердің тізімін)" деген сөздерді "немесе акционерлердің тізімін", "39-тармағында" деген сөздер "39 және 39-1 тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "42. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін және/немесе жеке шоттан үзінді-көшірмені жасаған кезде орталық депозитарийден және эмитенттен оны жасау үшін қажетті ақпаратты сұратады. Орталық депозитарий және (немесе) эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін, акционерлер тізімін және/немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау үшін қажетті ақпаратты бермеген немесе оларда осындай ақпарат болмаған жағдайда тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне, акционерлер тізіміне және/немесе жеке шоттан үзінді-көшірмеге оның тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттар негізінде жасалғаны туралы жазба енгізеді.";

      45-тармақта "(акционерлердің тізімін)" деген сөздерді "немесе акционерлердің тізімін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46-тармақта "(акционерлердің тізімін)" деген сөздерді "немесе акционерлердің тізімін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53-тармақтың 1) тармақшасындағы "айын" деген сөз "аптасына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан тізілім ұстаушылардың қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және тіркеушілерге жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады