Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2750 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 245 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3103. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 (V064175) қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62  қаулысымен .
___________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабының  2-тармағының 8)-тармақшасына,  65-бабының  1-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  12-бабының  10)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 16 ақпандағы N 32  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2750 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" N 2-3 журналында 2004 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесінде:
      кіріспеде:
      "және "Акционерлік қоғамдар туралы" деген сөздер ", "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Инвестициялық қорлар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "акционерлердің" деген сөз "бағалы қағаздарды ұстаушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шоты - айналыста болып табылатын пайлық инвестициялық қордың орналастырылған пайларының санын есепке алатын тізілімдер жүйесіндегі жеке шот;
      1-2) пайлық инвестициялық қордың оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздарды есепке алатын тізілімдер жүйесіндегі жеке шот;";

      5-тармақта:
      1)-тармақшада "эмитент" деген сөзден кейін ", оның ішінде пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) пайлық инвестициялық қордың атауы;";

      7-тармақтың 3)-тармақшасы ", пайлық инвестициялық қордың пайларынан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Пайлық инвестициялық қордың пайларын есепке алу үшін тіркеуші пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания берген құжаттардың негізінде, орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотын ашады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:
      "9-1. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотына пайларды есепке алу мен осы жеке шоттан пайларды есептен шығару кастодиан растаған, пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      Орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотына пайларды есепке алу ұстаушының жеке шотына пайлардың осындай санын бір мезгілде есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      Орналастырылған пайларды есепке алу үшін пайлық инвестициялық қордың жеке шотынан пайларды есептен шығару пайлық инвестициялық қордың пайларын осы қорды басқарушы компания сатып алған кезде ұстаушының жеке шотына пайлардың осындай санын бір мезгілде есептен шығара отырып жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Пайлық инвестициялық қорға тізілімдер жүйесіндегі оған тиесілі бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шот ашуды тіркеуші мынадай құжаттардың:
      1) жеке шотты ашуға пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания бұйрығының;
      2) пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмелерінің;
      3) пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның статистикалық карточкалары көшірмелерінің;
      4) пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның бағалы қағаздармен болатын мәмілелерді тіркеу үшін тіркеушіге берілген құжаттарға қол қою, сонымен қатар жеке шоттан көшірмелер мен өзге ақпаратты алу құқығы бар өкілдерінің мөр бедері бар қойылған қолдарының үлгілерін нотариалды түрде куәландырушы карточкалардың негізінде жүзеге асырады.";

      15-тармақта:
      бірінші абзацта "тұлғаның өкілі" деген сөздерден кейін ", оның ішінде пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) пайлық инвестициялық қордың атауы;";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Пайлық инвестициялық қордың жеке шоттарында оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат бар және осы Ереженің 17-тармағының 1) және 6)-тармақшаларында көрсетілген ақпарат жоқ. Орналастырылған пайларды есепке алуға арналған пайлық инвестициялық қордың жеке шоты бойынша, сондай-ақ осы Ереженің 17-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрінбейді.";

      мынадай мазмұндағы 18-2-тармақпен толықтырылсын:
      "18-2. Пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания лицензияларының қолданылуын тоқтатқан немесе лицензияларды қайтарып алған жағдайда пайлық инвестициялық қордың жеке шоттарын басқару тіркеушінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен пайлық инвестициялық қордың кастодианына көшеді.";

      22-тармақта:
      2)-тармақша ", пайлық инвестициялық қор немесе пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      6)-тармақшадағы "бағалы қағаздарды басқару және бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруды тоқтату" деген сөздер "және сенімгерлік басқару туралы жазбаларды алып тастауды басқару";

      24-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1. пайлық инвестициялық қордың атауы;";
      8)-тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын.
      Мынадай мазмұндағы 9) және 10)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "9) мәміленің мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың бағасы туралы мәліметтер;
      10) мәміленің қандай рынокта (бастапқы немесе қайталама) жүзеге асырылатындығы туралы мәліметтер.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның пайлармен болатын мәмілелерді тіркеу туралы бұйрығына оның өкілдері қол қояды, мөрмен куәландырылады, сонымен қатар пайлық инвестициялық қордың активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды.";

      28-тармақта:
      "тіркелген тұлға туралы" деген сөздерден кейін ", пайлық инвестициялық қор немесе пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "көрсетілген тұлғаның" деген сөздер "тіркелген тұлғаның немесе пайлық инвестициялық қорды басқарушы компанияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ол туралы" деген сөздер "олар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Жеке шотқа бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаны енгізу жөніндегі операцияны тіркеуші сенімгерлік басқару құрылтайшысының және сенімді басқарушының бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруға беру туралы қарама-қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді. Бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы жазбаларды жоюды тіркеуші сенімгерлік басқарушы - азаматтың қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы - заңды тұлғаның таратылуына байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайды қоспағанда, құрылтайшы сенімгерлік басқаруға және сенімгерлік басқарушыға берген бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару тоқтатылғаны туралы қарсы бұйрықтың негізінде жүргізеді.
      Сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және жою жөніндегі операцияны тіркеуші пайлық инвестициялық қордың жеке шоты бойынша жүргізбейді.";

      34-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жарияланған акциялардың шығарылымын заңды тұлғаны таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты жойған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу тіркеуші мен эмитент арасында жасалған тізілімдердің жүйесін жүргізу жөніндегі шарттың бұзылғандығын растайтын құжаттың негізінде тоқтатылады. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді тоқтатқанда көрсетілген заңды тұлғаның акциялары ұстаушылардың жеке шоттарының есебінен шығарылады.";

      36-тармақтағы "тұлғаның" деген сөзден кейін ", пайлық инвестициялық қор кастодианының" деген сөздермен толықтырылсын;

      38-тармақтағы "акционерлердің жалпы жиналысын" деген сөздер "бағалы қағаздарды ұстаушылардың жалпы жиналысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "пайлық инвестициялық қордың атауы;";

      40-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Пайлық инвестициялық қордың пайларын ұстаушылардың тізілімінде осы Ереженің 39-тармағының 2) және 4)-тармақшаларында атап көрсетілген мәліметтер берілмейді.";

      41-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Бағалы қағаздарды ұстаушының" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "пайлық инвестициялық қордың атауы;".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті:
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және тіркеушілерге жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады