Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Туризм және спорт министрінің 2011.12.30 № 02-02-18/255 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстанда алдағы уақытта ішкі және өздігінен әрекет ететін спорттық туризмді одан әрі жетілдіру мен дамыту, жастарды саяхат жасауға қызықтыру, туризмнің негіздерін үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау, республика халқының көпшілігін денсаулықты нығайтудың және белсенді демалыстың маңызды құралы болып табылатын спорттық туризммен айналысуға тарту мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан саяхатшысы" белгісін алу Ережесі бекітілсін.
2. Туризм және халықаралық ынтымақтастық (Т.Б.Бекбергенов) және Спорттық бұқаралық жұмыстар (А.П.Бережной) басқармалары Білім және ғылым министрлігіне жалпы білім беретін мектептердің және орта арнаулы оқу орындарының оқу бағдарламаларына "Қазақстан саяхатшысы" белгісін алуға нормативтер мен қойылатын талаптарды қосу туралы ұсынысты енгізсін.
3. Туризм және халықаралық ынтымақтастық басқармасы (Т.Б.Бекбергенов) Туризм жөніндегі кеңестің кезекті отырысының қарауына "Қазақстан саяхатшысы" белгісін алу Ережесінің нормативтері мен талаптарын орындауды оқу орындарының, туристік және спорттық ұйымдардың жұмыс практикасына ендіру туралы мәселені енгізсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.С.Никитинскийге жүктелсін.
6. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 06-2-2/20 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Төраға
"Қазақстан саяхатшысы"
белгісін алу Ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 9 наурыздағы
N 06-2-2/77 бұйрығымен
бекітілген
"Қазақстан саяхатшысы" белгісін алу
Ережесі
1. "Қазақстан саяхатшысы" белгісімен бір жыл ішінде жиынтықты ұзақтығы кемінде 5 күн және жалпы ұзақтығы кемінде 75 км жаяу немесе шаңғымен; кемінде 100 км қайықпен, байдаркамен, плотпен, катамаранмен; кемінде 100 км атпен; кемінде 150 км велосипедпен; кемінде 500 км мотоциклмен немесе автомобильмен (жорық тек қана жүргізушіге есептеледі) төрт немесе бірнеше жорықтарға қатысқан (оның ішінде бір жорықта дала жағдайында түнеу керек) туристер марапатталады.
2. "Қазақстан саяхатшысы" белгісіне қойылатын талаптар мен нормаларды тапсыруға жасы 10-ға жеткен адамдарға рұқсат етіледі.
3. Облыстарда, аудандар мен қалаларда "Қазақстан саяхатшысы" белгісімен марапаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды туристік қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдар, білім беру органдары тиісті спорттық туризм федерацияларымен бірлесіп жүзеге асырады.
4. "Қазақстан саяхатшысы" белгісін алуға жорықтарға қатысқаны үшін берілген анықтама (N 1-қосымша) ұсынылады.
5. "Қазақстан саяхатшысы" белгісін алуға ұсынысты туристік жұмысты жүргізетін және туристік жорықтарды ұйымдастыратын туристік-экскурсия және спорттық ұйымдар, жас туристердің туристік клубтары мен секциялары, орталықтары мен станциялары, Оқушылар сарайы мен үйлері, оқу орындары және басқа да ұйымдар ресімдейді.
6. Осы Ереженің 1-тармағында белгіленген норманы толығымен орындаған адамдарға "Қазақстан саяхатшысы" белгісі және белгіленген үлгідегі куәлік (N 2-қосымша) беріледі.
7. Белгілер мен куәліктерді тапсыру туристік қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдар шешімінің негізінде бұқаралық іс-шараларды: слеттерді, жарыстарды, спорттық кештерді және басқаларын өткізу кезінде салтанатты түрде жүргізіледі.
8. Белгілер мен куәліктерді сатып алуға кеткен шығыстар туристік-экскурсиялық және спорттық ұйымдардың, ерікті спорт ұйымдары мен ведомстволардың, оқу орындарының, жас туристер клубтарының, секцияларының, орталықтары мен станцияларының есебіне жатқызылады.
9. Белгі оң жақ кеудеге тағылады.
10. Белгінің сипаттамасы: сопақша металл пластинкада көгілдір түсті астарға шатыр, оның алдында жанып тұрған алау суреттелген. Жоғарыда - таудың пішіні бейнеленген. Оның бейнесінде туризмнің бейнелік мәні болып табылатын "Еркін жел" суреті салынған. Белгінің жиегін айналдыра "Қазақстан саяхатшысы" деген мәтін жазылған (N 3-қосымша).
ЕСКЕРТУ: Таулы жерлердегі жағдайларда жаяу немесе шаңғымен жорық жасайтын туристер үшін норматив 20%-ке төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 9 наурыздағы
N 06-2-2/77 бұйрығымен
бекітілген
"Қазақстан саяхатшысы"
белгісін алу Ережесіне
N 1-қосымша
АНЫҚТАМА
___________________________________________________________________
берілді, өйткені ол жалпы ұзындығы __________км болатын ________
туристік жорық жасады.
Жолбағыт ұзындығы көрсетілген жорықтардың тізбесі
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
3.______________________________________________________________
4.______________________________________________________________
5.______________________________________________________________
Анықтама туристік немесе спорттық ұйымдарға "Қазақстан саяхатшысы" белгісін ресімдеу мен алу үшін ұсынылады.
М.О.
__________________________ (___________________)
(жауапты адамның қолы)
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 9 наурыздағы
N 06-2-2/77 бұйрығымен
бекітілген
"Қазақстан саяхатшысы"
белгісін алу Ережесіне
N 2-қосымша
КУӘЛІК "Қазақстан саяхатшысы"
белгісі
Белгі ____________________________________________________________
(аты-жөні)
__________________________________________________________________
(белгіні беретін ұйымның аты)
200_жылғы "__"____________ N____ бұйрықтың негізінде берілді.
М.О.
__________________ (___________________)
(басшының қолы)
N 3-қосымша
"Қазақстан саяхатшысы"
белгісі
Белгінің үлгісін қағаз мәтіннен қараңыз.