Туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына (бұдан әрі - қосымша) сәйкес туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы     
Туризм және спорт министрінің 
2011 жылғы 30 желтоқсандағы  
№ 02-02-18/255 бұйрығына қосымша

Күші жойылды деп танылған туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт салаларындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1) «Қазақстан саяхатшысы» белгісін алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 наурыздағы № 06-2-2/77 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 25 наурызда № 2769 тіркелді, Қазақстан Республикасының құқықтық актілер бюллетенінде басылды, 2004 ж. № 17-20, 921-құжат);
      2) «Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 1-2/35 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 16 наурызда № 4576 тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында басылды, 2007 ж., наурыз);
      3) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 1-2/112 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 11 шілдеде № 4797 тіркелді, ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде басылды, 2007 ж. тамыз, № 8, 270-құжат);
      4) «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 01-01-07/217 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 қаңтарда № 5993 тіркелді, «Заң газеті» 2010 жылғы 6 сәуір, № 47 (1669) басылды);
      5) «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 02-02-18/2 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 29 наурызда № 6850 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 5 мамырда № 184-185 (26587) басылды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады