Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы N 06-2-2/91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2792. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 25.07.2014 № 288 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы"  Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереже бекітілсін.
      2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві басқармасы (Ю.П.Гуськов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсін.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

"Спортшының бір дене     
шынықтыру - спорт ұйымынан 
(спорт клубынан) басқа   
дене шынықтыру - спорт   
ұйымына (спорт клубына)  
ауысуы жөніндегі Ережені 
бекіту туралы"      
Қазақстан Республикасы   
Туризм және спорт     
жөніндегі агенттігі    
Төрағасы міндетін     
атқарушысының       
2004 жылғы 15 наурыздағы 
N 06-2-2/91 бұйрығымен  
бекітілген        

Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереже 

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы Ереже Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) (бұдан әрі - ұйым) ауысуының тәртібін анықтайды.

      2. Ауысудың бірыңғай тәртібін белгілеу мөлдірлікті қамтамасыз ету және спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, республика құрама командаларының және жекелеген спортшылардың халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) трансферттік карта (сертификат) - спортшының шет елдік спорт клубы үшін өнер көрсетуіне құқық беретін рұқсат;
      2) дене шынықтыру-спорт ұйымы (спорт клубы) - меншік нысанына қарамастан дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

      4. Қазақстан Республикасының спортшыларын даярлау келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Спорттық қызмет туралы келісім-шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негізінде жасалады және жазбаша нысандағы келісім болып табылады әрі дене шынықтыру және спорт жөніндегі орталық атқарушы органда (бұдан әрі - орталық орган) есепке алынады.
      Спорттық қызмет туралы келісім-шартта спортшының құқықтары мен міндеттері, оның әлеуметтік-медициналық сақтандырылуы, осы келісім-шартты жасаудың және бұзудың шарттары көрсетілуі қажет. Спорттық қызмет туралы келісім-шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да шарттар мен міндеттер болуы мүмкін.

      5. Спортшының спорт қызметі туралы келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына немесе шетелдік дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдік спорт клубына) ауысуға құқығы бар.
      Егер спортшы басқа ұйымға спорт қызметі туралы келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ауысқан немесе келісім-шарт талаптарында көзделген міндеттемелерін орындамаған жағдайда, спортшы ұйымдардың өзара келісімімен ғана ауысуы мүмкін.

  2. Спортшының ауысуы және шарт (келісім-шарт) жасасуы

      6. Спортшылардың ауысу мәселелерін дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктер (бұдан әрі - федерация), дене шынықтыру және спорт саласындағы (бұдан әрі - аумақтық орган) аумақтық атқарушы органдар қарайды және дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы органдар мынадай тәртіпте келіседі:
      1) спортшының, облыстық, қалалық құрама команда мүшесінің Қазақстанның шегінде бір ұйымнан басқа ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген федерация, спорт мәселелеріне қарайды және аумақтық органмен келіседі;
      2) спортшының, облыстық, қалалық құрама команда мүшесінің шет елдік дене шынықтыру-спорт ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген федерация, спорт мәселелеріне аумақтық орган қарайды және орталық органмен келіседі;
      3) спортшының ауысуы кезінде құрама команда мүшесінің бір ұйымнан басқа (соның ішінде шет елдік) ұйымға ауысуы кезіндегі мәселені осы спорт түрі бойынша аккредиттелген федерация қарайды және орталық орган бекітеді.

      7. Ауысуға рұқсат алғысы келген спортшы жазбаша түрде өзінің тілегі туралы тиісті ұйымның басшысына және спорт түрі жөніндегі федерацияға шарттың (келісім-шарттың) қолдану мерзімінің аяқталуына кемінде бір ай қалғанда хабарлайды.

      8. Спортшы ауыстыру туралы мәселені қарау үшін мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) мүдделі ұйымдардың келісілген (келісілмеген);
      3) қолданыстағы шарттың көшірмесі;
шарттарын ұсынады.

      9. Өтінішті қарау және келісу мерзімі өтініш берілген күннен бастап бір айдан аспауы қажет.

      10. Спортшы бір ұйымнан басқа ұйымға мынадай негіздерге байланысты ауыса алады:
      1) әскери қызметке шақырылса;
      2) тұрғылықты жері өзгерсе;
      3) білім беру мекемесінің күндізгі бөлімінде оқыса;
      4) спортшымен ұйым арасындағы шарттың (келісім-шарттың) қолдану мерзімі аяқталса;
      5) тараптардың келісімі бойынша шарт (келісім-шарт) мерзімінен бұрын бұзылса.

      11. Шеттетуі бар спортшы жазалау кезінде басқа ұйымға ауысу құқығынан айрылады.

      12. Спортшы спорт клубын (команданы) қайта жасақтаған кезде Қазақстан чемпионаты басталардан бұрын немесе оның барысында өзі қатысатын басқа спорт клубына (командаға) кедергісіз ауысу құқығына ие болады.

      13. Бір ұйымнан басқа ұйымға өткен спортшы онымен шарт (келісім-шарт) жасасады.

      14. Спортшының бір ұйымнан басқа ұйымға негізгі ұйыммен ұйымдар арасындағы екі жақты келісім-шартпен ресімделетін шартты (келісім-шартты) бұзбай-ақ уақытша ауысуы мүмкін. Аталған келісімде спортшының уақытша ауысу шарттары мен мерзімі көрсетіледі.

      15. Орталық органмен келіскеннен кейін спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялардан спортшы шет елдік дене шынықтыру-спорт ұйымға ауысқан кезде оған трансферттік карта (сертификат) беріледі, ол спорт түрінен халықаралық федерациялардың талаптарына сай болады және спортшының Қазақстан Республикасының құрама командасы үшін ресми халықаралық жарыстарға қатысуын көздейді.

      16. Спортшының бір ұйымнан басқа ұйымға ауысу мәселесі шешілгенше спортшының жаңа ұйым үшін жарыстарға қатысуына рұқсат етілмейді.

      17. Осы Ережеге сәйкес спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялар тиісті халықаралық спорт федерацияларының талаптарын ескере отырып, спортшылардың бір ұйымнан басқа ұйымға ауысу ережесін әзірлейді және орталық органға келісімге ұсынады.

Об утверждении Правил перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации (спортивного клуба) в другую физкультурно-спортивную организацию (спортивный клуб)

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 15 марта 2004 года N 06-2-2/91. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 апреля 2004 года N 2792. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам спорта и физической культуры от 25 июля 2014 года № 288

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам спорта и физической культуры от 25.07.2014 № 288 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации (спортивного клуба) в другую физкультурно-спортивную организацию (спортивный клуб). 

      2. Управлению спорта высших достижений и спортивного резерва (Гуськов Ю.П.) в установленном порядке представить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением данного приказа возложить на заместителя Председателя Канагатова Е.Б.

      4. Приказ вступает в силу со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

       И.о. Председателя

      

     Утверждены                 
приказом и.о. Председателя       
Агентства Республики Казахстан     
по туризму и спорту           
от 15 марта 2004 года N 06-2-2/91    
"Об утверждении Правил перехода     
спортсмена из одной физкультурно-    
спортивной организации (спортивного  
клуба) в другую физкультурно-     
спортивную организацию (спортивный клуб)

              Правила перехода спортсмена из одной
   физкультурно-спортивной организации (спортивного клуба)
       в другую физкультурно-спортивную организацию
                     (спортивный клуб)

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перехода из одной физкультурно-спортивной организации (спортивного клуба) в другую физкультурно-спортивную организацию (спортивный клуб) (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и определяют порядок перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации (спортивного клуба) в другую физкультурно-спортивную организацию (спортивный клуб) (далее - организация) на территории Республики Казахстан и за ее пределами. 
      2. Установление единого порядка перехода осуществляется с целью обеспечения прозрачности и совершенствования системы подготовки спортсменов, обеспечения успешного выступления сборных команд республики и отдельных спортсменов на международных соревнованиях.
      3. В настоящих Правилах используются следующие определения:
      1) трансфертная карта (сертификат) - разрешение, выдаваемое спортсмену на право выступать за иностранный спортивный клуб;
      2) физкультурно-спортивная организация (спортивный клуб) - юридическое лицо, независимо от формы собственности, осуществляющее деятельность в сфере физической культуры и спорта.
      4. Подготовка спортсменов Республики Казахстан может осуществляться на контрактной основе. Контракт о спортивной деятельности заключается на основе трудового законодательства Республики Казахстан, представляет собой соглашение в письменной форме и подлежит учету в центральном исполнительном органе в области физической культуры и спорта (далее - центральный орган).
      Контракт о спортивной деятельности должен содержать права и обязанности спортсмена, его социально-медицинское страхование, условия заключения и расторжения такого контракта. Контракт о спортивной деятельности может содержать и другие условия и обязательства, не противоречащие законодательству Республики Казахстан.
      5. Спортсмен имеет право перехода из одной организации в другую организацию или иностранную физкультурно-спортивной организацию (иностранный спортивный клуб) (далее - иностранный клуб) после окончания срока действия контракта о спортивной деятельности. 
      В случае, если переход спортсмена в другую организацию происходит до истечения срока действия контракта о спортивной деятельности или при невыполнении предусмотренных условиями контракта обязательств, переход спортсмена возможен только по взаимному согласию организаций.  

 

2. Переход спортсмена и
заключение контракта (договора)

      6. Вопросы перехода спортсмена рассматриваются республиканскими общественными объединениями в области физической культуры и спорта (далее - федерации), территориальными исполнительными органами в области физической культуры и спорта (далее - территориальный орган) и согласовываются с центральным органом в следующем порядке:
      1) при переходе спортсмена, члена сборной команды области, города из одной организации в другую в пределах Казахстана вопрос рассматривается федерацией по данному виду спорта и согласовывается с территориальным органом;
      2) при переходе спортсмена, члена сборной команды области, города в иностранную организацию, вопрос рассматривается аккредитованной федерацией по данному виду спорта, территориальным органом и согласовывается с центральным органом;
      3) при переходе спортсмена, члена сборной команды республики из одной организации в другую, в том числе иностранную, вопрос рассматривается аккредитованной федерацией по данному виду спорта и утверждается центральным органом.
      7. Спортсмен, желающий получить разрешение на переход, в письменной форме сообщает о своем желании руководству соответствующей организации и в федерацию по виду спорта не менее чем за один месяц до окончания срока действия контракта (договора).
      8. Для рассмотрения вопроса о переходе, спортсмен представляет следующие документы:
      1) заявление;
      2) документ, подтверждающий согласие (не согласие) заинтересованных организаций;
      3) копию действующего контракта (договора);
      4) проект договора с организацией в которую спортсмен переходит.
      9. Срок рассмотрения и согласования заявления не должен превышать одного месяца со дня подачи заявления.
      10. Переход спортсмена из одной организации в другую возможен при наличии следующих оснований:
      1) призыв на военную службу;
      2) перемена места жительства;
      3) обучение на очном отделении учреждения образования;
      4) истечение срока действия контракта (договора) между спортсменом и организацией;
      5) досрочное расторжение контракта (договора) по соглашению сторон.
      11. Спортсмен, имеющий дисквалификацию, не может перейти в другую организацию на срок дисквалификации.
      12. При расформировании спортивного клуба (команды), до начала или в ходе чемпионата Казахстана, спортсмен выступавший за него, получает право беспрепятственного перехода в другой спортивный клуб (команду).   
      13. Спортсмен, перешедший из одной организации в другую организацию заключает с ней контракт (договор). 
      14. Возможен временный переход спортсмена  из одной организации в другую без расторжения контракта (договора) с основной организацией, который оформляется двусторонним соглашением между организациями. В данном соглашении оговариваются условия и сроки временного перехода спортсмена.
      15. При переходе спортсмена в иностранную организацию аккредитованными республиканскими федерациями по видам спорта после согласования с уполномоченным органом спортсмену выдается трансфертная карта (сертификат), которая соответствует требованиям международной федерации по виду спорта и предусматривает участие спортсмена в официальных международных соревнованиях за сборную команду Республики Казахстан.
      16. До решения вопроса перехода спортсмена из одной организации в другую организацию, спортсмену не разрешается выступать на соревнованиях за новую организацию. 
      17. В соответствии с настоящими Правилами, аккредитованные республиканские федерации по видам спорта разрабатывают с учетом требований соответствующих международных спортивных организаций Правила перехода спортсменов из одной организации в другую организацию и представляют на согласование в центральный орган.