Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 Қаулысы.

      Ескерту. 1-тармақты қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес ұйымдар қайта аталсын.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже;

2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 56 Қаулысымен.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 56 Қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.

5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының                                         

Премьер-Министрi                                                К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
1-қосымша

Қайта аталатын кәсіпорындардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 17.05.2018 № 273 қаулысымен.

      1. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" республикалық мемлекеттiк мекемесiне.

      2. "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" республикалық мемлекеттiк мекемесiне.

      3. Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" республикалық мемлекеттiк мекемесiне.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Алматы қаласы "Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Алматы қаласы "Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" республикалық мемлекеттiк мекемесiне.

      5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      6. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      7. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      8. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      9. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      11. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      13. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      14. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.

      15. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      16. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      17. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      18. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      19. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      20. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      21. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      22. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Сарыарқа" республикалық велотрегi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Сарыарқа" республикалық велотрегi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      23. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алатау" шаңғы және биатлон стадиондарының кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

      24. "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы "Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамына.

      25. "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" акционерлік қоғамы "Қазспортинвест" акционерлік қоғамына.

      26. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.05.2018 № 273 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
бекітілген

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі туралы
ереже

Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 56 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Агенттік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Агенттіктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Агенттіктің заңды орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 2 кіреберіс.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2013 № 1219 қаулысымен.

9. Агенттіктің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі" мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Агенттіктің миссиясы – дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы тиімді мемлекеттік басқаруды, үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

14. Агенттіктің міндеттері:

1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15. Агенттіктің функциялары:

1) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік басқаруды, үйлестіруді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;

4) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

5) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;

6) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

7) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

8) спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткізеді;

9) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға дайындауды әрі олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

10) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорттың практикасына енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;

11) спорттағы допингке қарсы іс-шараларды жүргізуге бақылауды жүзеге асырады;

12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.11.2013 № 1219 қаулысымен;

13) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорттық ұйымдарда және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;

14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды береді: "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" құрметті атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" құрметті атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, спорттан жоғары санатты ұлттық төреші, спорттан ұлттық төреші;

15) спорт түрлерінен республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;

16) Президенттік тестілерді өткізу қағидаларын әзірлейді;

17) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;

18) спорт құрылыстарын пайдалану нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

19) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз етудің және республикалық спорттық іс-шаралардың қатысушыларын және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеудің нормативтерін әзірлейді;

20) дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

21) жаттықтырушылар, нұсқаушы-спортшылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

22) спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

23) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;

24) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды берудің тәртібін айқындайды;

25) Дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорттық) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

26) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері мен спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

27) Спорт түрлерi бойынша жарыстар қағидаларын бекiтедi;

28) Спортшының бір дене шынықтыру-спорттық ұйымынан, дене шынықтыру-спорттық қоғамынан (спорттық клубтан) басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымына, дене шынықтыру-спорттық қоғамына (спорттық клубқа) өту қағидаларын бекітеді;

29) дене шынықтыру-спорттық және балалар мен жасөспірімдер спорттық ұйымдарында оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;

30) жыл сайын түрлі спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамын бекітеді;

31) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

32) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

33) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

34) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық төлемақыларды қамтамасыз етеді;

35) Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелеріне, олар республикалық жарыстардан жарақат алған және мертіккен кезде бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады;

36) Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға дайындау мен қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады;

37) ойын бизнесін ұйымдастырушының "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді;

38) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

39) ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

40) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;

41) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

42) ойын бизнесі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануды жүзеге асырады;

43) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;

44) мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

45) гендерлік саясатты жүзеге асырады.

Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.11.2013 № 1219 қаулысымен.

16. Агенттіктің құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға құқылы;

2) азаматтардың өтініштерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға құқылы;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

4) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді көтереді;

5) өзінің құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде көрсетуді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді көтереді;

6) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау бойынша міндеттерді көтереді;

7) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуын бақылау бойынша міндеттерді көтереді;

8) спорттағы допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді көтереді.

3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру

17. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Агенттіктің төрағасы жүзеге асырады.

18. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Агенттік төрағасының өкілеттігі:

1) Агенттікті Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіреді;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;

3) Агенттікте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

4) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

5) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

22. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Агенттіктің мүлкi

23. Агенттіктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі тапсырған мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1528; 13.03.2014 N 238; 17.04.2014 N 372 қаулыларымен.
1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1528 қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Республикалық спорт колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

6. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

7. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

8. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

9. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

10. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

11. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

12. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

13. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

14. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

15. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

16. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

17. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

18. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Сарыарқа" республикалық велотрегі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

19. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1528 қаулысымен.

20. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

20-1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

20-2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

21. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 372 қаулысымен.

22. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

23. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 372 қаулысымен.

24. "Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" акционерлік қоғамы.

25. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы.

26. "Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлік қоғамы.

Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Допингке қарсы ұлттық орталық" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 56 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіңде:

"Астана қаласы" деген бөлімде реттік нөмірлері 21-72, 21-73-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"21-72. "Қазспортинвест" АҚ

21-73 "Спорт индустриясын материалдық техникалық қамтамасыз ету" АҚ";

"Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 123-116-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"123-116. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС.

3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне";

реттік нөмірлері 297, 298 және 298-2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"297. "Қазспортинвест" АҚ

298. Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ";

298-2. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" ЖШС";

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетіне" деген бөлімнің тақырыбы алып тасталсын.

4. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 15 2006 ж., 145-құжат):

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары, 5-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

5. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген бөлім алып тасталсын;

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті" деген бөлім жаңа редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

52. "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамы 100%

52-1. "Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" акционерлік қоғамы 100%

51-2. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы 100%";

2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген бөлімде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі";

реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"21. "Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлік қоғамы 100%";

реттік нөмірі 23-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"23-2. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігі тиісті саланың уәкілетті органы болып табылатын

республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1528; 13.03.2014 N 238 қаулыларымен.
1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1528 қаулысымен.

2. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

6. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

7. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

8. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

9. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

10. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

11. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

12. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

13. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Күрес түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

14. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

15. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

16. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Атыс спорты түрлерiнен олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

17. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

18. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Сарыарқа" республикалық велотрегi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

19. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1528 қаулысымен.

20. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

21. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 244 қаулысына
3-қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттеріне жарғылық капиталындағы
қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері

агенттігіне берілуі тиіс акционерлік
қоғамдардың,
жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің
тізбесі

Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 372 қаулысымен.
1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 372 қаулысымен.

2. "Су спорты түрлерiнiң республикалық орталығы" акционерлік қоғамы.

3. "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы.

4. "Спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлік қоғамы.

5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2014 N 372 қаулысымен.

6. "Спорт объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады