Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 N 128 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерінің қызметкерлеріне ғылыми атақтар беру жөніндегі талаптарды жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2140 тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені" журналының 2003 жылғы N 37-42, 881-б. жарияланған") "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:
5-тармақта:
1) тармақшада "ғылыми-педагогтік" деген сөзі "ғылыми" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада "тiзбесiн ЖАК бекiткен басылымдарда үш ғылыми жұмыстары" сөздері "ЖАК бекіткен тізбесіндегі басылымдарда бес және кем дегенде үш жеке жарияланымдары" сөздерімен ауыстырылсын;
3) тармақшада "екі" сөзі "төрт" сөзімен ауыстырылсын;
11-тармақта:
1) тармақшада "ғылыми-педагогтік" деген сөзі "ғылыми" сөзімен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:
"2) жоғары оқу орнындағы немесе кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарындағы педагогтік жұмыс стажы бір жылдан кем емес немесе олардың жетекшілігімен алты бітіруші білікті жұмыс қорғалған, немесе ЖАК-тың ғылыми дәрежесі берілген бір оқушы дайындаған;
3) диссертация қорғағаннан кейін сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде алты ғылыми жұмысы жарияланған, оның ішінде кем дегенде үшеуі ЖАК бекіткен тізбесіндегі басылымдарда және кем дегенде өзінің екі жеке жарияланымы";
19-тармақта "(шағын кәсіпорындар, қоғамдық академиялар, академияаралық комиссиялар және т.б.)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы