N 2140 тіркелген "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2905. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 128 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 N 128 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерінің қызметкерлеріне ғылыми атақтар беру жөніндегі талаптарды жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2140 тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені" журналының 2003 жылғы N 37-42, 881-б. жарияланған") "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде:

      5-тармақта:
      1) тармақшада "ғылыми-педагогтік" деген сөзі "ғылыми" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "тiзбесiн ЖАК бекiткен басылымдарда үш ғылыми жұмыстары" сөздері "ЖАК бекіткен тізбесіндегі басылымдарда бес және кем дегенде үш жеке жарияланымдары" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "екі" сөзі "төрт" сөзімен ауыстырылсын;

      11-тармақта: 
      1) тармақшада "ғылыми-педагогтік" деген сөзі "ғылыми" сөзімен ауыстырылсын;
      2) және 3) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:
      "2) жоғары оқу орнындағы немесе кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарындағы педагогтік жұмыс стажы бір жылдан кем емес немесе олардың жетекшілігімен алты бітіруші білікті жұмыс қорғалған, немесе ЖАК-тың ғылыми дәрежесі берілген бір оқушы дайындаған;
      3) диссертация қорғағаннан кейін сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде алты ғылыми жұмысы жарияланған, оның ішінде кем дегенде үшеуі ЖАК бекіткен тізбесіндегі басылымдарда және кем дегенде өзінің екі жеке жарияланымы";

      19-тармақта "(шағын кәсіпорындар, қоғамдық академиялар, академияаралық комиссиялар және т.б.)" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады