Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 N 128 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Жоғары біліктi кадрларды аттестаттаудың нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми атақтар беру ережелерi бекiтiлсiн.
2. Жоғары аттестациялық комитет (Құсайынов А.Қ.) жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогтiк кадрларды аттестаттау мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарын осы бұйрыққа сәйкес келтiрсiн.
3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (Күзембаев М.М.) осы бұйрықты белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге тапсырсын.
4. Осы бұйрық 2003 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізiледі.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі мiндетiн атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы "Ғылыми атақтар беру ережелерiн бекiту туралы" N 421 бұйрығы күшiн жойды деп саналсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр F.M. Мұтановқа жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым Министрiнiң
2003 жылғы 10 қаңтардағы
N 15 бұйрығымен бекiтiлген
ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Ескерту: Барлық мәтіндегі "ЖАК" сөзі тиісті септікте "Комитет" сөзімен ауыстырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 127 бұйрығымен .
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер терең кәсiби бiлiмдi, ғылыми және ғылыми-педагогтiк қызметте жетiстiктерге қол жеткiзген тұлғаларға профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдардың қызметкерлеріне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерінің ұсынысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төралқасының және Алқасының шешімдері негізінде Комитет береді.
Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 127 бұйрығымен .
3. Осы Ережелерде көзделмеген ерекше жағдайларды ескерудi қажет ететiн мәселелердi, оларды Комитет Төралқасының қарауын ескере отырып, өз құзыретiнiң шегiнде Комитет шешедi.
Осы Ережелермен реттелмеген даулар, оның iшiнде ғылыми атақтардан айыру (қалпына келтiру) мәселелерi жөнiндегi, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған тәртiппен шешiледi.
Ғылыми атақтар беру жөнiндегi түпкiлiктi шешiмдi мемлекет атынан Комитет қабылдайды.
2. Ғылыми атақ ізденушілерге қойылатын талаптар
4. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, жоғары оқу орнының немесе кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау ұйымының профессоры, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтiк жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
2) докторлық диссертация қорғағаннан кейiн сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде бес ғылыми еңбегi, оның iшiнде кем дегенде үшеуi тiзбесiн Комитет бекiткен басылымдарда жарияланған;
3) белгiленген тәртiппен ұсынылған және соңғы үш жылда жарияланған, көлемi он баспа табақтан кем емес, оның iшiнде кем дегенде бес баспа табағы iзденушiнiң жеке үлесiн құрайтын, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралдары бар немесе Комитет ғылыми дәреже берген екi шәкiрт дайындаған ғылым докторларына берiледi.
5. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлiмшелерiнде бас, жетекшi ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң (секторының, лабораториясының) меңгерушiсi (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми жұмыс стажы 10 жылдан кем емес; <*>
2) докторлық диссертация қорғағаннан кейiн сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде он ғылыми еңбегi, Комитет бекіткен тізбесіндегі басылымдарда бес және кем дегенде үш жеке жарияланымдары жарияланған; <*>
3) Комитет ғылыми дәреже берген үш шәкiрт дайындаған ғылым докторларына берiледi. <*>
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығымен , 2005 жылғы 2 наурыздағы N 127 бұйрығымен .
6. Профессор ғылыми атағы, айырықша жағдай ретiнде, Қазақстан Республикасы (КСРО) Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, профессор, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген, белгiленген тәртiппен ұсынылған және диссертация қорғағаннан кейiн жарияланған көлемi кем дегенде он баспа табақ, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралдары бар ғылым докторларына берiлуi мүмкiн.
7. Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарындағы, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүйелерiндегi және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiндегi офицерлердiң атқарып жүрген қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, айрықша жағдай ретiнде, жоғарыда көрсетiлген ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарының профилi бойынша арнаулы кафедра (кафедралар Комитеттің арнаулы тiзбесiмен анықталады) бастығы, сондай-ақ жоғары оқу орнының бастығы, оның ғылыми немесе оқу жұмыстары жөнiндегi орынбасары қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтiк жұмыс стажы 7 жылдан кем емес;
2) белгiленген тәртiппен ұсынылған және соңғы үш жылда жеке өзi жазып жариялаған, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқулығы бар немесе Комитет ғылыми дәреже берген шәкiрт дайындаған;
3) доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн әзiрлеген, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оперативтiк-тактикалық (арнайы тактикалық) тапсырмалары бар ғылым кандидаты-доценттерге профессор ғылыми атағы берiлуi мүмкiн.
8. Профессор ғылыми атағы өнер және сәулет саласының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңымен белгiленген Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие, профессор, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген, жоғары оқу орындарында өз мамандығы бойынша оқытушылық етушi:
1) шығармашылық-педагогтiк жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
2) шығармашылық еңбектерi бар;
3) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан 5 жыл бұрын алған;
4) доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн жеке өзi жалпы көлемi үш баспа табақтан кем емес немесе басқа авторлармен бiрге, оның iшiнде iзденушiнiң жеке үлесi үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған және белгiленген тәртiппен ұсынылған, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы бар;
5) халықаралық конкурстардың, көрмелердiң, фестивальдардың, байқаулардың, үш лауреатын (дипломантын) дайындаған қызметкерлерiне берiлуi мүмкiн.
9. Педагогика профессоры ғылыми атағы профессор, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) "Еңбегi сiңген жаттықтырушы" атағы бар;
2) жаттықтырушылық-педагогтiк жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
3) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан 5 жыл бұрын алған;
4) доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн жеке өзi жалпы көлемi үш баспа табақтан кем емес, немесе басқа авторлармен бiрге, оның iшiнде iзденушiнiң жеке үлесi үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған және белгiленген тәртiппен ұсынылған, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы бар;
5) Азияның, Еуропаның екi чемпионын, әлем және Олимпиада ойындарының жүлдегерлерiн дайындаған дене тәрбиесi және спорт маманы ғылым кандидаттарына берiлуi мүмкiн.
10. Доцент ғылыми атағы жоғары оқу орнының, кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау ұйымының доцентi, профессоры, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми-педагогтiк жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
2) диссертация қорғағаннан кейiн сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде үш ғылыми еңбегi (тезисi емес) жарияланған (депоненттелмеген);
3) белгiленген тәртiппен ұсынылған және соңғы 3 жылда жеке өзi жазған, көлемi екi баспа табақтан кем емес, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы жарияланған немесе Комитет ғылыми дәреже берген бiр шәкiрт дайындаған ғылым докторлары мен кандидаттарына берiледi.
11. Доцент ғылыми атағы ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлiмшелерiнде бас, жетекшi, аға ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң (секторының, лабораториясының) меңгерушiсi (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) ғылыми жұмыс стажы 5 жылдан кем емес; <*>
2) жоғары оқу орнындағы немесе кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау ұйымдарындағы педагогтік жұмыс стажы бір жылдан кем емес немесе олардың жетекшілігімен алты бітіруші білікті жұмыс қорғалған, немесе Комитеттің ғылыми дәрежесі берілген бір оқушы дайындаған;
3) диссертация қорғағаннан кейін сұралып отырған мамандық бойынша кем дегенде алты ғылыми жұмысы жарияланған, оның ішінде кем дегенде үшеуі Комитет бекіткен тізбесіндегі басылымдарда және кем дегенде өзінің екі жеке жарияланымы. <*>
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығымен .
12. Сонымен қатар доцент ғылыми атағы өнер және сәулет саласының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңымен белгiленген Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие, доцент, профессор, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) шығармашылық-педагогтiк жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
2) шығармашылық еңбектерi бар;
3) халықаралық және республикалық конкурстардың, көрмелердiң, фестивальдардың, байқаулардың, сыйлықтардың екi лауреатын (дипломантын) дайындаған;
4) белгiленген тәртiппен ұсынылған және жеке өзi жазған, көлемi екi баспа табақтан кем емес, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы жарияланған қызметкерлерiне;
доцент, профессор, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбегi үшiн берiлген құрметтi атағы немесе "Еңбегi сiңген жаттықтырушы" атағы бар;
2) жаттықтырушылық-педагогтiк жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
3) белгiленген тәртiппен ұсынылған және соңғы үш жылда жеке өзi жазып жариялаған, көлемi екi баспа табақтан кем емес, бiлiм беру процесiнде кем дегенде бiр оқу жылы бойы қолданылып жүрген оқу құралы бар;
4) әлемдiк универсиадалардың, Азия, Еуропа, әлем чемпионаттарының, Азия және Олимпиада ойындарының кем дегенде екi жүлдегерiн дайындаған дене тәрбиесi және спорт мамандарына берiлуi мүмкiн.
13. Ғылыми атақтар белгiленген тиiстi талаптар сақталған жағдайда осы Ережелердiң 4, 6, 8, 9, 10, 12-тармақтарында аталған қызметтердi қоса атқарып (жылдық жүктемесi 240 сағаттан кем емес) жүрген тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
3. Ғылыми атақтарды беру рәсiмi
14. Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес алдында ғылыми атақ беру туралы өтiнiш кафедраның, бөлiмнiң және т.б. пiкiрiн ескере отырып iзденушiнiң өз тарапынан қозғалуы мүмкiн.
15. Ғылыми атақ беру жөнiндегi аттестациялық iстердiң ресiмделу тәртiбiн Комитет белгiлейдi.
Тiзбесiн Комитет белгiлейтiн ғылыми атақ беру жөнiндегi құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде тапсырылады.
Ғылыми атақ iзденушiлердiң Комитетке жiберiлетiн аттестациялық iстерiн ресiмдеуге байланысты шығындарды төлеу ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестер жұмыс iстейтiн, Комитетке тиiстi ұсыныстарды әзiрлеген ұйымдарға жүктеледi.
16. Ғылыми атақ беру жөнiндегi аттестациялық iстердiң қаралу мерзiмi аттестациялық iстiң Комитетте тiркелген күнiнен бастап профессор үшiн - 4 ай, доцент үшiн - 3 ай.
Аттестациялық iстердi ұзағырақ уақыт сараптаудан өткiзудi талап ететiн ерекше жағдайларда бұл мерзiмдi ұзарту мәселесiн нақты әр iс бойынша Комитет шешедi.
Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес ғылыми атақ беру жөнiндегi жаңа өтiнiштi осы атақты беруден бас тарту туралы Комитет шешiмi шыққаннан кейiн кем дегенде бiр жылдан соң бере алады. Қайталап өтiнiш беру үшiн мiндеттi түрде iзденушiнiң жаңадан жарияланған ғылыми еңбектерi, оқулықтары, оқу құралдары және (немесе) жаңа дайындаған шәкiрттерi болуы керек.
4. Аттестаттарды ресiмдеу және беру
17. Профессорлар мен доценттерге белгiленген мемлекеттiк үлгiдегi аттестаттар берiледi.
Профессор немесе доцент ғылыми атағын беру туралы шешiм оны Комитет қабылдаған күннен күшiне енедi.
Профессор немесе доцент аттестатын жоғалтқандарға жаңа реттiк нөмiрмен төлқұжат берiлуi мүмкiн.
Аттестаттарды және олардың телқұжаттарын ресiмдеу мен беру тәртiбiн Комитет белгiлейдi.
5. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды
қайта аттестаттау
18. Қазақстан Республикасында тек Комитет берген профессор және доцент аттестаттары танылады.
Басқа елдердiң мемлекеттiк аттестаттау органдары берген ғылыми атақтары бар Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдiктердi және азаматтығы жоқ тұлғаларды қайта аттестаттау олар жұмыс iстейтiн ұйымның немесе өздерiнiң жеке өтiнiшiмен бiрге Комитет белгiлеген тiзбе бойынша құжаттарын ұсынған жағдайда жүргiзiледi.
19. Мемлекеттiк емес ұйымдар ғылыми атақ берген тұлғаларға қайта аттестаттау жасалмайды. <*>
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығымен .
6. Апелляцияларды қарау
20. Ғылыми атақтарды беру, сондай-ақ жоғары бiлiктi кадрларды қайта аттестаттау мәселелерi туралы Комитет Төралқасының шешiмiне шешiм шыққан күннен кейiн екi ай мерзiмде Комитетке апелляция беруге болады.
Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн апелляция Комитеттің қарауына қабылданбайды. Апелляцияны Комитеттің апелляциялық комиссиясы қарайды. Апелляцияларды қарау рәсiмi Комитет бекiтетiн Комитеттің апелляциялық комиссиясы туралы ережемен белгiленедi.
Комитеттің апелляция жөнiндегi түпкiлiктi шешiмi шағымданушыға (шағымданушыларға) хабарланады.