Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.03 № 143 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 308-бабына сәйкес Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1948 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 167-І бұйрығымен енгізілген өзгерістермен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2846 болып тіркелген) 2002 жылғы 11 шілдедегі N 240-І бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесінде:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу, қайта тіркеу және кепілге қою тәртібі және шарттары";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сатып алған-сатылған, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға (жалға беру), сыйға берілген, айырбастаған жағдайларда, растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін, сондай-ақ тіркелген күнінен бастап үш жыл өткен соң жылжымалы темір жол құрамы тіркейтін органда қайта тіркеуге жатады. Жылжымалы темір жол құрамы шетелдік тұлғаларға сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға Қазақстан Республикасының шегінен тыс одан әрі пайдалануға берілген жағдайда қайта тіркелмейді.";
12-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Тіркеуші орган жылжымалы темір жол құрамының кепілін тіркеу үшін жылжымалы темір жол құрамы кепілін тіркеу тізілімін жүргізеді және кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды, кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілдікке алынған жылжымалы темір жол құрамын иеліктен айыруға жол бермейді.";
15-тарау "тіркеу" деген сөзден кейін "қайта тіркеу және жылжымалы темір жол құрамының кепілі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Жылжымалы темір жол құрамын тіркеу, қайта тіркеу және кепілге беру туралы куәлік қатаң есептегі құжат болып табылады, оның есептік сериясы мен нөмірі болады. Куәліктерді жасауды, есепке алуды, сақтауды қамтамасыз ету тіркеуші органға жүктеледі.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрінің "Қазақстан
Республикасында жылжымалы темір жол
құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 240-І бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
2004 жылғы 21 шілдедегі
N 280-І бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрінің
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 240-І бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында жылжымалы
темір жол құрамын тіркеу ережесіне
5-қосымша
__________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін тартымды және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тізбесі
____________________________________________________________________
Р/|Сериясы|Зауыт.|Мүкәммал|Жасалған|Норматив| Іс- | КЖ-1 | КЖ-2
с | | тық | нөмірі | жылы |бойынша |жүзінде| соңғы |соңғы
N | |нөмірі| | | қызмет |қызмет |жөндеу.|жөндеу.
| | | | | ету | ету | дің | дің
| | | | | мерзімі|мерзімі| күні | күні
____________________________________________________________________
| | | | | | | |
____________________________________________________________________
кестенің жалғасы
_______________________________
ЭПТ |Санаты |Пайдалануда
жабдықтал. | | болуы
ған (жол. | | немесе
қоз. қолд.)| | бос тұруы
_______________________________
| |
_______________________________
М.О. Басшы
Бас бухгалтер
________________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін жылжымалы жүк құрамының тізбесі
____________________________________________________________________
Р/с|Вагон|Нөмірі|Жасалған|Нормативтік|Іс-жүзінде|ДЖ соңғы |КЖ соңғы
N |түрі | | жылы |қызмет ету |қызмет ету|жөндеудің| жөндеу.
| | | | мерзімі | мерзімі | күні | дің күні
____________________________________________________________________
| | | | | | |
____________________________________________________________________
кестенің жалғасы
_____________________________________________
Пайдалануда|Техника.| Жол жүру | Тіркелген
болуы | лық | өңірі* | станциясы**
немесе бос |жай-күйі| |
тұруы | | |
_____________________________________________
| | |
_____________________________________________
* жол жүру өңірі - республикаішілік (РІ), мемлекетаралық (МА), техникаішілік (ТІ)
** жүк вагондарының меншік иелері үшін
М.О Басшы
Бас бухгалтер
________________________________________________________
(иесінің толық атауы)
тиесілі кепілге берілетін жылжымалы жолаушы құрамының тізбесі
____________________________________________________________________
Р/с|Вагон|Нөмірі|Жасалған|Нормативтік|Іс-жүзінде|ДЖ соңғы | КЖ-1
N |түрі | | жылы |қызмет ету |қызмет ету|жөндеудің| соңғы
| | | | мерзімі | мерзімі | күні | жөндеу.
| | | | | | |дің күні
____________________________________________________________________
| | | | | | |
____________________________________________________________________
кестенің жалғасы
________________________________________
КЖ-2 | Пайдал. | Техник.| Тіркелген
соңғы | болуы |жай-күйі| депосы
жөндеу.| немесе | |
дің күні|бос тұруы| |
________________________________________
| | |
________________________________________
М.О Басшы
Бас бухгалтер