Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.03 № 143 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамының мемлекеттiк тiзiлiмiн тәртiпке келтiру мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 240-I бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1948 болып тiркелген, "Официальная газета" газетiнiң 2002 жылғы 31 тамыздағы N 35-шi нөмiрiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу ережесiнде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Темiр жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдары үшiн мынадай тiркеу санаттары белгiленедi:
1) магистралдық жолдар бойынша кез келген санаттағы поездарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);
2) кең жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);
3) тар жолтабанды магистралдық, станциялық және кiрме жолдарда сорапта маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);
4) тар және кең жолтабанды магистралдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);
5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистралдық пен станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ);
6) жолдың жоғарғы құрылысын, жасанды құрылыстарды, түйiспе тораптың және энергиямен жабдықтаудың, байланыстың, сигнализацияның, орталықтандырудың және бұғаттаудың құрылғалары мен желiлерiн күтiп-баптау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темiр жол қатынасы торабында төтенше жағдайларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жылжымалы құрам, соның iшiнде мотор-вагонды (ЖҚМВТО).";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) жылжымалы құрамды пайдалануға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi."
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға және берiлген куәлiктердi қайтарып алуға байланысты даулар заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.";
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Тiркеушi орган, егер жылжымалы құрамға иелiк ету құқығына байланысты даулы ситуациялар туындаған жағдайда заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, жылжымалы темiр жол құрамын мемлекеттiк тiркеу туралы берiлген куәлiктi сот шешiмi бойынша керi қайтарып алады.".
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (Қ.C Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi Е.Ж.Қошановқа жүктелсiн.
4. Бұйрық ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр