«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және министрдің міндетін атқарушысының мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1948 болып тіркелген 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 167-1 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2846 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің, № 1948 болып тіркелген 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 280-І бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2960 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2006 жылғы 14 ақпандағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4102 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасында жылжымалы темір жол құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-1 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 384 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5808 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 380 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7038 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апта мерзімде хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Министр А. Жұмағалиев