Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаудың, тасымалдаудың және қолданудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылңы 13 шілдедегі N 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2998. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012.02.13 № 10-1/52 Бұйрығымен.

      "Келісілді"          
Қазақстан Республикасының   
Мемлекеттік санитарлық   
бас дәрігері,        
Денсаулық сақтау вице-министрі
14 мамыр 2004 жыл      

"Келісілді"        
Қазақстан Республикасының 
Қоршаған ортаны қорғау  
вице-министрі      
29 маусым 2004 жыл    

"Келісілді"       
Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар
министрі        
9 маусым 2004 жыл    

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаудың, тасымалдаудың және қолданудың ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі

"Пестицидтерді (улы химикаттарды)
сақтаудың, тасымалдаудың және   
қолданудың ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2003 жылғы 13 шілдедегі     
N 373 бұйрығымен бекітілген   

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаудың,
тасымалдаудың және қолданудың ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерді болғызбау мақсатында пестицидтерді (улы химикаттарды) (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы аумағында сақтаудың, тасымалдаудың және қолданудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ереже "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес әзірленген және өсімдіктерді қорғау саласында қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті.

      3. Осы Ережеде мына негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) пестицидтер - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ өнімді жинар алдында жапырақтарын кептіріп аластауға, өсімдіктердің өсуін реттеуге қолданылатын химиялық, биологиялық және басқа заттар;
      2) әсер етуші зат - препараттық форманың құрамында болатын, пестицидтің биологиялық белсенді бөлігі;
      3) тұқым дәрілеу - тұқым бетінде, қабықта және тұқым қабығының астында, тұқым ішіндегі ұрықта орналасатын ауру қоздырғыштарынан өсімдіктерді қорғау, сондай-ақ қоздырғыштары топырақта орналасатын аурулардан өсімдіктерді сақтау үшін тұқымды және отырғызылатын материалды химиялық заттармен өңдеу;
      4) аэрозольдік тәсіл - пестицидтерді аэрозольдік генераторларды пайдалана отырып аэрозольді бөлшектер (сұйықтықтың ұсақ тамшыларының немесе пестицидтердің қатты бөлшектерінің ауада қалқып тұрған) түрінде қолдану;
      5) фумигациялық тәсіл - ауыл шаруашылығы объектілерін (өсімдік текті өнімді, астықты және басқа карантинге жатқызылған өнімді өсіруші, дайындаушы, қоймалаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының қоймалық және өзге үй-жайларын, астық қабылдау орындарын, астық қоймаларын, жылыжайларын, топырақтарын) бу немесе газ күйіндегі пестицидтермен өңдеу жолымен залалсыздандыру;
      6) пестицидтердің тізімі - Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген, тіркелген пестицидтердің тізбесі;
      7) қолдану регламенті - пестицидтердің тізімінде көрсетілген қолданудың тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптар.

2. Пестицидтерді сақтаудың тәртібі

      4. Пестицидтерді сақтау экологиялық, құрылыстық және санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормалардың талаптарына жауап беретін арнайы арналған қоймалық үй-жайларда (бұдан әрі - қоймалар) жүзеге асырылады.

      5. Қоймаларда мына атқарымдық бөлімдер (секциялар) көзделуі керек:
      1) пестицидтерді сақтауға арналған жалпы бөлім;
      2) өртену және жарылу қауіпі бар заттарды сақтауға арналған бөлім;
      3) төтенше қауіпті (қауіптілігі 1-сынып) заттарды сақтауға арналған бөлім.

      6. Қоймаларда пестицидтер табандықта, сөрелер мен стелаждарда сақталуы керек, олардың араларындағы және ғимараттың қабырғасына дейінгі қашықтық бір жарым метрден аз болмауы керек. Пестицидтерді қапшықтарда, темір барабандарда, сыйымдылығы бес литрден көп емес бөшкелерде, картон және полимер қораптарда, құтыларда сақтағанда штабельдің биіктігі үш қабат болуына рұқсат етіледі. Стелаждарды пайдаланғанда қоймалау биіктігін көбейтуге болады. Стелаждардағы препараттарды жарамдылық мерзімі және сақтауға келіп түсу мерзімі бойынша топтастыру қажет. Пестицидтерді ақтарылған түрде сақтауға тыйым салынады.

      7. Қоймалар ағылғыш және ауаны тартқыш вентиляциямен жабдықталады. Ауаны тартқыш вентиляция құрғақ сүзгі элементтерімен жабдықталады.

      8. Қоймада пестицидтерді сақтау санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тиісті аумақтық органдары өкілдерімен бірлесіп тексеріп, оған қорытынды рәсімдеп, улы химикаттарды алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалынғаннан кейін рұқсат етіледі.

      9. Сақталатын пестицидтердің мөлшері қойманың жобасымен көзделген сыйымдылықтан аспау керек.

      10. Қоймада жүк тиеу-түсіру жұмыстары механикаланған болуы керек (қатарлағыштар, монорельстер, кран-балкалар, электркаралар, автотиегіштер, арбалар және автокаралар).

      11. Пестицидтерді жіберу көлемі бойынша ыдыс саны көрсетіліп жүргізіледі.

      12. Пестицидтерді қабылдау мен беру қойманың уәкілетті лауазымды тұлғасы жүргізетін кіру-шығу журналында тіркеледі.

3. Пестицидтерді тасымалдаудың тәртібі

      13. Пестицидтерді тасымалдау қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерімен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      14. Пестицидтермен бірге, немесе бұрын пестицидтерді тасымалдау үшін пайдаланылған көлік құралдарында, азық-түлікті, жемді және ауыз суды тасымалдауға қатаң тыйым салынады.

      15. Пестицидтерді тасымалдауға пайдаланылған көлік құралдарын, алдын ала тазалау мен залалсыздандыруды және тазалау тиімділігін зертханада бақылауды жасамай, басқа да азық емес жүктерді тасымалдау үшін пайдалануға болмайды.

4. Пестицидтерді қолданудың тәртібі

      16. Жеке және заңды тұлғаларды пестицидтерді қолдану жөніндегі жұмыстарға жіберу тиісті нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      17. Қолдануға тек халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізбесіне енгізілген пестицидтер жатады.

      18. Пестицидтерді қолдану тек тіркеулік куәлігі болғанда рұқсат етіледі.

      19. Пестицидтермен жасалынған барлық жұмыстар, беттері нөмірленген және тігілген журналдарда тіркеліп, оларда міндетті түрде мына мәліметтер көрсетіледі:
      1) пестицидтердің атауы;
      2) әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтердің топтауына сәйкес оның көрсетілген қауіп-қатері (препараттың сыныпы);
      3) зиянды организм атауы;
      4) шығын мөлшері;
      5) ерітіндінің көлемі;
      6) ерітіндінің дайындалған күні;
      7) өңдеудің түрі (жер үсті, авиациялық, аэрозольдік);
      8) өңдеудің орны мен алаңы;
      9) өңдеудің күні;
      10) өңделген дақылдың түрі.

      20. Пестицидтермен жұмыс жасалып жатқан орындарда көрнекі құралдардың болуы, нұсқаулар, пестицидтерді қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шаралары туралы жаднамалар ілінуі керек.

      21. Уақытша сақтауға арналған арнайы орындардан басқа жұмыс орындарында пайдаланылмаған пестицидтерді қалдыруға тыйым салынады.

      22. Пестицидтерді қолдану, пайдалану (қолдану) регламенттеріне (шығу мөлшері, тәсілі және өңдеу есесі, шектеулер) сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

      24. Жеке және заңды тұлғалар пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларды басшылыққа алады.

5. Жауапкершілік

      25. Осы Ереженің бұзғаны үшін кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 220 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил хранения, транспортировки и применения пестицидов (ядохимикатов)

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 июля 2004 года № 373. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 августа 2004 года № 2998. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года № 10-1/52

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 13.02.2012 № 10-1/52.

      "Согласовано"           
Вице-министр здравоохранения,    
Главный государственный санитарный врач 
Республики Казахстан        
14 мая 2004 года         

"Согласовано"         
Вице-министр         
охраны окружающей среды    
Республики Казахстан     
29 июня 2004 года      

"Согласовано"         
Министр           
транспорта и коммуникаций   
Республики Казахстан     
9 июня 2004 года      

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О защите растений" приказываю:
      1. Утвердить прилагаемые Правила хранения, транспортировки и применения пестицидов (ядохимикатов).
      2. Настоящий приказ вступает в силу с момента государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      Министр сельского хозяйства
         Республики Казахстан

      

Утверждены приказом      
Министра сельского хозяйства   
Республики Казахстан      
от 13 июля 2004 года N 373    
"Об утверждении Правил хранения, 
транспортировки и применения   
пестицидов (ядохимикатов)"   

Правила
хранения, транспортировки и применения пестицидов (ядохимикатов)

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок хранения, транспортировки и применения пестицидов (ядохимикатов) (далее - Правила) с целью предотвращения вредного воздействия на здоровье человека и окружающую среду на территории Республики Казахстан.
      2. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О защите растений" и обязательны для исполнения всеми физическими и юридическими лицами, осуществляющими деятельность в области защиты растений.
      3. В настоящих Правилах используется следующая терминология:
      1) пестициды - химические, биологические и другие вещества, используемые против вредных и особо опасных вредных организмов, а также для предуборочного просушивания, удаления листьев и регулирования роста растений;
      2) действующее вещество - биологически активная часть пестицида, содержащаяся в препаративной форме;
      3) протравливание семян - обработка семян и посадочного материала химическими веществами для защиты растений от возбудителей заболеваний, которые находятся на поверхности семян, в оболочке и под оболочкой семян, внутри семян в зародыше, а так же предохранения растений от болезней, возбудители которых находятся в почве;
      4) аэрозольный способ - применение пестицидов в виде аэрозольных частиц (взвеси мелких капель жидкости или твердых частиц пестицидов в воздухе) с использованием аэрозольных генераторов;
      5) фумигационный способ - обеззараживание сельскохозяйственных объектов (почвы, хлебоприемных пунктов, зернохранилищ, теплиц, складских и иных помещений организаций, выращивающих, заготавливающих, складирующих, перерабатывающих и реализующих продукцию растительного происхождения, зерна и другой подкарантинной продукции) путем обработки пестицидом, находящимся в парообразном или газообразном состоянии;
      6) список пестицидов - перечень зарегистрированных пестицидов, разрешенных к применению на территории Республики Казахстан;
      7) регламент применения - требования к условиям и порядку применения, указанные в списке пестицидов.

  2. Порядок хранения пестицидов

      4. Хранение пестицидов должно осуществляться в специально предназначенных для этого складских помещениях, отвечающих требованиям экологических , строительных и санитарно-эпидемиологических правил и норм (далее - склады).
      5. В складах должно предусматриваться наличие следующих функциональных отделений (секций):
      1) общее отделение для хранения пестицидов;
      2) отделение для хранения огнеопасных и взрывоопасных веществ;
      3) отделение для хранения чрезвычайно опасных веществ (1 класс опасности).
      6. В складах пестициды должны хранится на поддонах, полках и стеллажах, расстояние между которыми и до стен здания должно быть не менее полтора метров. Высота штабеля при хранении пестицидов в мешках, металлических барабанах, бочках вместимостью не более пяти литров, картонных и полимерных коробках, флягах допускается в три яруса. При использовании стеллажей высота складирования может быть увеличена. Препараты на стеллажах необходимо классифицировать по срокам годности и по срокам поступления на хранение. Запрещается хранение пестицидов навалом.
      7. Склады оборудуются приточной и вытяжной вентиляцией. Вытяжная вентиляция оборудуется сухими фильтрующими элементами.
      8. Хранение пестицидов на складе допускается только после того, как помещение будет обследовано органами санитарно-эпидемиологической и пожарной службы совместно с представителями соответствующих территориальных органов Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан с оформлением заключений и с последующим составлением санитарного паспорта на право получения и хранения ядохимикатов.
      9. Количество хранимых пестицидов не должно превышать емкости склада, предусмотренного проектом.
      10. Погрузо-разгрузочные работы на складах должны быть механизированы (штаблеры, монорельсы, кран-балки, электрокары, автопогрузчики, тележки и автокары).
      11. Отпуск пестицидов производится по объему с указанием количества тарных единиц.
      12. Прием и выдача пестицидов фиксируется в журнале прихода-расхода который ведет уполномоченное должностное лицо склада.

    3. Порядок транспортировки пестицидов

      13. Транспортировка пестицидов осуществляется в порядке установленном нормативными правовыми актами по вопросам перевозки опасных грузов транспортными средствами.
      14. Категорически запрещается перевозка совместно с пестицидами или в транспортных средствах, ранее использованных для перевозки пестицидов, пищевых продуктов, фуража и питьевой воды.
      15. Транспорт, использованный для перевозки пестицидов, не может быть использован для перевозки других, не пищевых грузов без предварительной очистки и обеззараживания транспортного средства с последующим лабораторным контролем эффективности очистки.

  4. Порядок применения пестицидов

      16. Допуск физических и юридических лиц к проведению работ по применению пестицидов осуществляется в порядке, предусмотренном соответствующими нормативными правовыми актами .
      17. Применению подлежат только те пестициды, которые включены в Список пестицидов, разрешенных к применению на территории Республики Казахстан, утвержденный приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и в области охраны окружающей среды Республики Казахстан.
      18. Применение пестицидов должно осуществляться только при наличии регистрационного удостоверения.
      19. Все работы с пестицидами регистрируются в журналах, страницы которого подшиты и пронумерованы, где в обязательном порядке должны быть указаны следующие сведения:
      1) наименование пестицида;
      2) наименование действующего вещества и опасность, которую он представляет (класс препарата), в соответствии с принятой классификацией пестицидов;
      3) наименование вредного организма;
      4) норма расхода;
      5) объем раствора;
      6) дата приготовления раствора;
      7) вид обработки (наземная, авиационная, аэрозольная);
      8) место и площадь обработки;
      9) дата обработки;
      10) вид обработанной культуры.
      20. На местах работы с пестицидами должны иметься наглядные пособия, вывешены инструкции, памятки о мерах безопасности при проведении работ по применению пестицидов.
      21. Запрещается оставление неиспользованных пестицидов на местах работ, кроме специально предназначенных для временного хранения мест.
      22. Применение пестицидов осуществляется в соответствии с регламентами использования (применения) (нормы расхода, способ и кратность обработки, ограничения).
      23. Деятельность физических и юридических лиц по применению пестицидов аэрозольным и фумигационным способами осуществляется на основании лицензии, выданной в установленном законодательством порядке.
      24. Физические и юридические лица при хранении, транспортировке и применении пестицидов руководствуются действующими Санитарными правилами и нормами.

  5. Ответственность

      25. За нарушение настоящих Правил, виновные лица привлекаются к административной ответственности в соответствии со статьей 220 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.