Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Вице-Министрі -
Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігер
2002 жылғы 29 желтоқсан
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау
Вице-Министрі
2003 жылғы 8 қаңтар
"Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы Ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуін жүргізудің Ережелері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
2. Өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті (Хасенов С.С.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтан шығып келетін өзге шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 қаңтарда N 1023 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 226 бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрдiң мiндетiн атқарушы
2002 жылғы 26 желтоқсандағы
N 432 бұйрығымен Бекiтiлген
"Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк сынақтарын жүргiзудiң
және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасында пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеулiк, өндірістік сынақтарын жүргiзудiң және мемлекеттiк тiркеудiң Ережесi
Ескерту. Ереженің атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
1. Жалпы жағдайы
1. Бұл ереже Қазақстан Республикасында пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк тiркеу сынақтарына қатысты, пестицид шығарушы, тiркеушiлердiң (мәлiмдеушi) препараттары жайлы қажеттi көлемдегi негiзгi құжаттарын анықтап, сонымен қатар тiркеу сынақтарын жүргiзу жүйесiне кiрген ғылыми-зерттеу мекемелерiне қатысты ақпараттық хабарларын регламенттiк тәртiбiн жүзеге асырып белгiлейдi.
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды тiркеулiк сынақтарын ұйымдастыруды, мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, "Өсiмдiктердi қорғау жайлы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 16) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) болып табылады.
3. Бұл Ережеде келесi түсiнiктемелер қолданылады:
1) өсiп-өну кезеңi (өсiмдi маусым) - нақты ауыл шаруашылығы дақылдарының егiлген мерзiмнен бастап пiскенге дейiнгi кезеңi;
2) Зиянды организм - ауыл шаруашылығы өнiмдерiне өсiмдiктерге және топыраққа керi әсер ететiн, зиянкестер, арам шөптер және өсiмдiктер ауруы;
3) Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу - препараттардың биологиялық шаруашылық тиiмдiлiгiне, токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық және экологиялық тiркеулiк сынақтары нәтиже бағасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жайлы заңына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан аймағында қолдануға құқықтық тiркеу куәлiгi берудiң рәсiмдеу процесiнiң аяқталуы;
4) Әсер етушi (әсерлi) заты - препараттық форма құрамын құрайтын, пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық активтi бөлiгi;
4-1) пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне толықтырулар - қосымша тіркелетін және бекітілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне енгізілетін пестицидтердің (улы химикаттардың) тізбесі;
5) Тыйым салынған пестицид (улы химикат) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың қорытындыларына немесе тiркеуге өтiнiшi қабылданбаған, пайдаланудың тiркелген барлық түрiне тыйым салынған препарат;
6) Өсiмдiктердi қорғау - Өсiмдiктерден алынатын өнiмдердi зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерден келетiн шығындарды кемiтудiң және алдын алудың әдiстерi мен қолдану тәсiлдерiнiң фитосанитарлық мониторингiсiн, фитосанитарлық шараларды қолдануды жүзеге асыратын саласы;
7) Құрамдастырылған пестицид (улы химикат) - құрамында екi және одан да көп әсер етушi заты бар препарат;
8) пестицидтiң қолдану мөлшерi (улы химикаттардың) - өңделетiн алаңға кететiн пестицидтiң массалық өлшем бiрлiгi (бiр гектарға килограмм немесе литрi);
9) жалпы қабылданған атауы - пестицидтiң (улы химикаттың) әсер етушi затына стандарттау жөнiндегi Халықаралық ұйыммен берiлген немесе жекелiк стандарттаудың ұлттық органдармен туыстық (топтық) немесе жекелiк (тек белгiлi бiр әсер етушi затқа) атау ретiнде қолдануға қабылданған атауы;
10) орындаушы мекеме - ғылыми-зерттеу, ғылыми өндiрiстiк және басқа мекемелер пестицидтерге (улы химикаттарға) биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiктерiне баға беретiн, оларды экологиялық және санитарлық-гигиеналық қолданудың қауiпсiздiгi, пестицидтiң қалдық мөлшерi, динамикасын анықтау әдiстемесiн бейiмдеп, мақұлдап жетiлдiрiп бақылауды жүзеге асыратын осы негiзде құқылығы бар орындар;
11) пестицидтiң қауiптiлiгi (улы химикаттың) - адамға және қоршаған ортаға қолайсыз әсер келтiру мүмкiндiгi;
12) тәжiрибе үлгiсi - арнайы әдiстемеге сәйкес тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге, зертханалық, өндiрiстiк және шағын мөлтек тәжiрибелердi танаптарда қоюға жеткiлiктi мөлшерде қолдануға арналған пестицид (улы химикат);
13) пестицидтiң қалдық мөлшерi (улы химикаттың) - өсiмдiктерден алынатын азықтарда және қоршаған орта нысандарындағы пестицидтің (улы химикаттың) мөлшерi, осының көмегiмен оның адамдарға және жануарларға қауiптiлiк көрсеткiшiн бағалау;
14) айырмашылық (саудалық) атауы - аталған, пестицидтi (улы химикатты) тек өндiрушiсi ғана осы атаумен этикеткалайтын, тiркейтiн және жарнамалайтын, өнiмде дәл сондай әсер етушi заты бар басқа пестицидтерден (улы химикаттардан) айрықша ету мақсатымен тек оны өндiрушiнiң пайдалануы мүмкiн болған атау;
15) пестицидтер (улы химикаттар) - өсiмдiк өнiмдерiне залал келтiретiн зиянды организмдерге және аса қауiптi организмдерге, өсiмдiктердiң өсуiн реттегiштер, өнiмдi жинар алдында жапырақтарын кептiрiп аластауға қарсы қолданылатын химиялық, биологиялық зат;
16) қолдануы шектелген пестицидтер (улы химикаттар) - қолданудың тек жекеленген түрлерiне рұқсат етiлген препарат;
17) қайта тiркеу - пестицидтi қайталап тiркеу (улы химикатты) тiркеулiк куәлiктiң күшiнде болу мерзiмi өткен соң, қосымша сынақ жүргiзбей-ақ қайта тiркеу;
18) препараттық нысаны - физикалық-химиялық қасиетiне, нысанына (концентрат эмульсия, суспензиялық концентрат, түйiршiктелген, микрокапсулденген препараттар, дымқылданатын ұнтақ және тағы сондай) улылығына, қолдану және тәсiлiне қолдану нысанына байланысты пестицид (улы химикат);
19) пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынағы - тiркеуге ұсынылған пестицидтердiң (улы химикаттардың) қолдану регламентiн сақтап өндiрiстiк жағдайда сынақтан өткiзiп тiркеуге ұсыну;
20) тiркелушi (мәлiмдеушi) - пестицидтi (улы химикатты) тiркеуге өтiнiш берушi заңды немесе жеке тұлға;
21) тiркеу процесi - пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеудi рәсiмдеу тәртiбiн жүргiзудiң негiзгi кезеңдерi: тiркелушi өтiнiш сараптамасы, тiркеу сынағы, өндiрiстiк сынағы, экологиялық және санитарлық-гигиеналық регламенттiк қолдану бағасы жайлы материалдарды тiркеуге дайындау;
22) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулiк сынақтары - пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiгiнiң, адамдарға қоршаған табиғи ортаға қауiптiлiгiн зерттеу жүйесiнiң регламентi;
23) пайдалану регламентi (қолдану) - пестицидтердi (улы химикаттарды) қолданудың шарттары мен тәртiбiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн ереже;
24) қатер - пестицидтердi (улы химикаттарды) оны пайдаланудың (қолданудың) нақты жағдайында болатын қауiптiң мүмкiндiк дәрежесi;
25) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзiмi - Қазақстан Республикасы аймағында қолдануға рұқсат етiп тiркелген пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiзбесi;
26) арнайы техника - пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған арнайы құрылғы және (немесе) жабдық;
27) эталондық пестицид (улы химикат) үлгiсi - өндiрiсте кең көлемде қолданысқа енген, химиялық тобы ұқсас және фитосанитарлық қолдануға арналып сынақтан өтiп тiркелген пестицид (улы химикат).
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулiк сынақтары
4. Пестицидтердiң тiркеулiк сынақтары олардың пайдалану (қолдану) регламентiн тиiмдiлiгiн тексерiп және адамдардың денсаулығы қоршаған табиғи ортаның қауiпсiздiгiмен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
5. Пестицидтердiң биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгiн бағалап тiркеулiк сынақтарының бөлiгiн, Ауылшарминi анықтаған ғылыми-зерттеу және басқа мекемелер көрсетiлген заңдар тәртiбiмен жүргiзедi.
6. Тiркеу сынақтарын ағымдағы өсiп-өну маусымына жүргiзуге өтiнiштi 30 наурызға дейiн бередi.
7. Пестицидтердiң тiркеу сынақтарын жүргiзуге әсерлi затының уыттылығы ерекше және құрамы қолдануға тыйым салынған белгiлi препараттарға өтiнiштер қабылданбайды. Әсерлi затының негiзiн құрайтын Қазақстан Республикасы патентiмен қорғалатын пестицидтер, тiркеу сынағына берiлген өтiнiштер қабылданбайды, сонымен қатар Қазақстан Республикасында және көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД) мемлекеттерiнде ұқсас дақылдардың зиянды организмдерiне қарсы тiркелген қолдану мөлшерiнен айтарлықтай айырмасы болса төмендетiлген мөлшермен мәлiмделген өтiнiштер қабылданбайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
8. Тiркеу сынағына берiлетiн пестицидтi Ауылшарминге тiркелушi (мәлiмдеушi) сынақ жүргiзуге пайдалану (қолдану) регламентi бойынша өтiнiштi бередi.
Өтiнiшке қоса берiледi:
1) пестицид жайлы қысқаша дерек;
2) айқындалған пестицидтiң өсiмдiк тектес өнiмдердегi және қоршаған нысандардағы құрамдық нормасы;
3) Өсiмдiктерден алынатын азықтарда және қоршаған орта нысаналарындағы пестицидтiң қалдықтарын анықтау тексеру әдiстемесi жайлы деректер.
9. Тiркеу сынақтарын жүргiзуге тiркелушi (мәлiмдеушi) ұсынады:
1) пестицидтiң тәжiрибелiк үлгiсi;
2) эталондық пестицид;
3) әсерлi затының аналитикалық стандарты және керегiне қарай метаболиттерiнiң аналитикалық стандарты, - далалық және зертханалық тәжiрибе жүргiзуге жетерлiктi мөлшерде.
Пестицидтердiң тiркеу және өндiрiстiк сынауға арналған тәжiрибелiк үлгiсiн "Өсiмдiктердi қорғау жайлы" Қазақстан Республикасы заңының 14 баптың 1 тармағындағы 1) тармақшасына сәйкес лицензия толтырмай-ақ әкелiнедi.
Осы мақсатқа байланысты әкелiнетiн пестицидтiң максималды мөлшерi тiркеу және өндiрiстiк сынауға бүрку көлемi 10 (он) гектардан сынақта қаралған әр аймаққа топырақ-климат жағдайына қарай жеткiлiктi болуы қажет.
10. Пестицидтiң тiркеу сынақтары биологиялық қолдану регламент бөлiгiн жасау дақылдардың егiлетiн аймақтарына оның зиянды организмдерiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып (ұрпақ беру саны, патогенi, төзiмдiлiгi, экономикалық маңызы, таралу аумағы) жүргiзiледi.
Тiркеу сынақтары дақылға және оның зиянды организмiне байланысты 1-3 топырақ-климатты аймақта жүргiзiледi.
11. Тiркеу сынақтарын жүргiзу мерзiмiн құрайды:
әсерлi заты жаңа пестицидтiң сынағының ұзақтығы - 24 ай (2 толық өсу кезеңi);
ал қолдану аумағы кеңейтiлгенде пестицидтiң құрамы өзгерген жағдайда, әсерлi затының пайыздық мөлшерi өзгергенде, саудалық атауы немесе өндiрушiлерi өзгергенде, ұқсас құрамдастырылған препараттар, әсерлi заты мөлшерi тiркелген пестицидтер - 12 ай (1 толық өсу кезеңi).
Қажеттiлiгiне қарай тiркеу сынағы бiр жылға ұзартылуы мүмкiн.
12. Пестицидтердiң динамикалық ыдырауы, қалдықтар мөлшерiнiң өсiмдiк дақылдары өнiмдерiнде және қоршаған ортада анықтаулар сол тiркеу сынағы регламентiмен қолданылған биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiгi жүргiзiлген арнайы аймақта жүргiзiледi.
13. Егер пестицид Қазақстан Республикасында бұрынғы тiркелген мөлшерiмен салыстырғанда төмендетiлген мөлшерге тiркелушi тарапынан тiркеу сынағына өтiнiш берiлсе онда сынақтың мерзiмi кем дегенде 24 ай (2 толық өсу кезеңi) екi негiзгi аймақта өсiрiлетiн дақылдарда жаңа тiркеу сынағы жоспарланады. Бұл сынақ әртүрлi екi мекемелерде жүргiзiледi.
14. Тiркеулiк (өндiрiстiк) сынақ есебінің нәтижесi осы Ережедегi 4 қосымшадағы үлгi бойынша берiледi, оның мазмұнында сынақтың нәтижесi жинақталған, арнайы тұжырымдалған, қолдану регламентi және шектелуi нақты қорытындыланған тiркеуге мүмкiндiлiгi болуы, сонымен бiрге пестицидтiң қосымша негативтi жақтары айтылуы қажет.
15. Қазақстан Республикасында тiркеу сынағы жүргiзiлген кезде алынған нәтижесi осындай ұқсас зерттеулер басқа мемлекеттерде жүргiзiлген нәтижелерге қарама-қайшы болған жағдайда сынақты тiркелушi өтiнiшiне орай қайта жалғастырылады.
16. Демонстрациялық (көрсетiлген) тәжiрибелер тек тiркелген пайдалану (қолдану) регламентi "Пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiнде" көрсетiлген пестицидтерде жүргiзiледi.
3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынағы
17. Пестицидтердiң өндiрiстiк сынағы мемлекеттiк тiркеудiң қорытындылау кезеңi яғни биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгiнiң тұрақтылығын, тiркеуге ұсынылған қолдану мөлшерiнiң өндiрiстiк жағдайда жүзеге асыру мақсаты.
18. Пестицидтердiң өндiрiстiк сынағын Ауылшарминнiң анықтауымен ғылыми-өндiрiстiк мекемелер, белгiленген заңдар талабымен жүргiзедi.
19. Пестицидтердiң өндiрiстiк сынағына тiркелушi өтiнiшi (мәлiмдеушi) ағымдағы өсiп-өну кезеңiнiң 30 наурызына дейiн қабылданады.
20. Пестицидтердiң өндiрiстiк сынағының мерзiмi 12 айды (бiр өсiп-өну кезеңiн) құрайды. Өндiрiстiк сынақты жүргiзу үшiн тiркелушi (мәлiмдеушi) ұсынады:
1) пестицидтiк тәжiрибелiк үлгiсi;
2) эталондық пестицид, - өндiрiстiк тәжiрибенi жүргiзуге жетерлiктей мөлшерде.
21. Өндiрiстiк сынақ, дақылға және зиянды организмдерге байланысты, 1-3 топырақты-климатты аймақтарда жүргiзiледi.
22. Пестицидтердiң өндiрiстiк сынағы аяқталғанғанда орындаушы-мекеме ұсынады:
1) өндiрiстiк сынақтың нәтижесi жайлы есепті 2 қосымшаға сәйкес бередi.
Қазақстан Республикасы "Өсiмдiктердi қорғау" заңының 7 бабына сәйкес өсiмдiктердi қорғаудың мемлекеттiк инспекторлары өздерiне тән аумақтағы мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырушы, пестицидтiң өндiрiстiк сынағының нәтижесiне байланысты осы Ереженiң 3 қосымшасына келiсе отырып акт жасалынады.
23. Егер пестицидтiң қолдану мөлшерiнде сыналған нәтижесi тiркеуге бiр мәндi нақты болмаған жағдайда, тiркелушiнiң (мәлiмдеушiнiң) өтiнiшiмен өндiрiстiк сынақты бiр жылға ұзартады немесе пестицидтi бастапқы тiркеу сынағына қолдану мөлшерiн анықтауға келешекте қайта өндiрiстiк сынақты жүргiзуге немесе ары қарай мемлекеттiк сынақтан алынып тасталады.
24. Пестицидтердiң тiркеулiк және өндiрiстiк сынақтары тiркелушiнiң (мәлiмдеушiнiң) қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
4. Пестицидтердi мемлекеттiк тiркеу
25. Қазақстан Республикасы территориясында пестицид тек мемлекеттiк тiркеуден кейiн ғана қолдана алады.
26. Мемлекеттiк тiркеуге отандық және шетелдiк өндiрiлген барлық препараттық формадағы пестицидтер жатады.
27. Мемлекеттiк тiркеуге қабылданатын пестицидтерге арналып жасалынған:
1) пайдалану регламентi (қолдану);
2) өсiмдiк тектес азықтарда және қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтердiң нормалық құрамы қалдық мөлшерi;
3) өсiмдiк тектес азықтарда және қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтердiң нормалық құрамы қалдық мөлшерiн анықтау тәсiлi.
Пестицид жайлы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қанағаттанарлық сараптамалық қорытындысы берiлуi қажет.
28. Пестицидтердiң тiркеулiк және өндiрiстiк сынақтары бiткеннен соң, әсерлi заты белгiсiз жаңа болғанда, Қазақстан Республикасы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" заңының 4-баптың 22 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi пестицид материалдарына санитарлық- эпидемиологиялық сараптама жүргiзiп, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бередi. K090193
Әсерлi заты белгiсiз жаңа пестицидтерге мемлекеттiк тiркеу, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берiлген соң жүргiзiледi.
29. Пестицидтердi мемлекеттiк тiркеуге тiркелушi (мәлiмдеушi) мемлекеттік немесе орыс тілінде мынандай құжаттар бередi:
1) тiркелуге өтiнiш 2 дана;
2) пестицидтiң тiркеу сынағы нәтижесi 3 қосымшаға сәйкес 2 дана;
3) пестицидтiң өндiрiстiк сынағы нәтижесi 3 қосымшаға сәйкес 2 дана;
4) тiркеуге берген өтiнiшiмен пестицидтiң материалы осы Ережедегi 4 қосымшаға сәйкес 2 дана; көрсетiлген материалдар дискетте жазылады;
пестицидтердiң қолдану аумағы кеңейгенде - 1 және 2 тарауға сәйкес 4 қосымша;
саудалық атауы мен өндiрушiсi өзгергенде 1 тараудағы 1 және 2 тармақшалар 3 бөлiмдегi 3 тараудағы 4 қосымша;
пестицидтiң препараттық формасы өзгергенде - 1, 2, тарау 3 бөлiмi, 3 тарау 2, 3 бөлiмдер, 4 тарау 4, 5, 6 қосымшалар;
құрамын құрайтын әсерлi заты белгiлi Қазақстанда және ТМД мемлекеттерiнде лицензиялық келiсiммен өндiрiлетiн пестицидтер үшiн - 1, 2 тарау 1, 2 бөлiмшелер, 3 бөлiмдегi 3 тарау 4 және 5 қосымшаға;
құрамын құрайтын әсерлi заты белгiлi құрамдастырылған пестицидтер үшiн тiркелушi (мәлiмдеушi) - тараудағы 1, 2, бөлiмдегi 3, 3 тараудағы 2, 3 тараудағы 4, 5, 6 қосымшалар;
негiзi микроорганизмдерден (микробиологиялық препараттардан) титрлық өзгергенде, препараттық формасы ауысқан пестицидтер үшiн тiркелушi (мәлiмдеушi) - бөлiмдердегi 1, 5, 6 тарау 9 қосымша 4, қосымшамен 5, 6;
жаңа белгiсiз әсер етушi заты бар, ТМД мемлекеттерiнде тiркелуде жоқ, бiрақ Халықаралық анықтамаға енген пестицидтер үшiн тарау 1, 2 бөлiмдегi 1, 2, 3, 3 тарау бөлiмдегi 1, 2, 3 тарау 4, тараулар 5 - 8 қосымша 4, қосымшалар 5, 6;
жаңа белгiсiз әсер етушi заты бар, Қазақстан Республикасы территориясында немесе ТМД елдерiнде өндiрiлетiн пестицидтер үшiн тараулар 1, 2 бөлiмдегi 1, 2, 3 тарау 3, бөлiмдегi 1, 2, 3 тармақтар, 4 тарау 5 - 8, 4 қосымша, 5, 6 қосымшалар;
микробиологиялық жаңа препараттар үшiн - 9 тараудағы бөлiмдер 1-6 тарау 5, 4 қосымша, 5, 6 қосымшалар осы негiзгi Ережеге сай.
5) өсiмдiктерден өндiрiлетiн азықтарда және қоршаған орта нысандарында пестицидтiң қалдық мөлшерiн анықтау әдiстемесi;
6) өсiмдiктерден өндiрiлетiн азықтарда және қоршаған орта нысандарында пестицидтiң қалдық нормасы (өсiмдiк азықтарындағы пестицидтiң максималды жiберу деңгейi, суда су қоймаларындағы санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы пестицидтiң шектелген жiберу концентрациясы, жұмыс орнындағы ауадағы шектелген жiберу концентрациясы, жұмыс аймағындағы және атмосфералық ауадағы пестицидтiң жобаланған қауiптi әсер етуi, топырақтағы пестицидтiң шектелген жiберу концентрациясы);
7) осы Ереженiң 6 қосымшасына сүйене отырып ыдыс этикеткасының үлгiсi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ақпараттар бередi;
8) осы Ереженiң 5 қосымшасына сүйенiп пестицидтердi қолданудың ұсыныстары берiледi.
Сараптамаға берiлген ғылыми-зерттеу ұйымдары, сонымен бiрге мемлекеттiк мекемелердегi барлық пестицидтердiң материалдарын жария етуге болмайды.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
30. Қазақстанда және ТМД елдерiнде шетел фирмасы-тiркелушiнiң келiсiмiмен өндiрiлiп (формуляцияланатын) тiркелетiн болса, тiркеу және өндiрiстiк сынақтар тiркелген түпкi негiзгi пестицидпен салыстырылып сыналады және мынандай құжаттар берiледi:
1) осы Ережедегi бесiншi бөлiмшедегi абзацтағы 4) бөлiмнiң 29 келiсiп материалдар берiледi;
2) препараттық форма рецептурасы;
3) өндiруге (формуляцияға) техникалық шарты;
4) тiркеу және өндiрiстiк сынақтардың нәтижелерi;
5) осы Ережедегi 8 қосымшаға байланысты ыдыс этикеткасының үлгiсi;
6) келiсiм көшiрмесi;
7) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн (формуляцияланатын) пестицидке шетелдiк тiркелушi-фирма рұқсаты.
31. Егер пестицид, Қазақстанда келiсiм арқылы өндiрiлiп (формуляцияланып) бiрақ отандық өндiрушiге тiркелмейтiн болса онда Ауылшарминге өндiруге (формуляциялауға) келiсiмнiң көшiрмесi және ұйымның стандарты; бұл жағдайда тiркеулiк куәлiк берiлмейдi. Әрбiр өндiрiлген пестицид партиясына әсерлi затын өндiрушiсi жайлы құжат берiледi.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
32. "Пестицидтердiң тiзiмiнде (улы химикат)" тiркелетiн пестицидке Қазақстанда және ТМД елдерiнде келiсiм арқылы өндiрiлген (формуляцияланған) пестицидке оның әсерлi затын шығарушысы жазылады.
Пестицидтi өндiру (формуляциялау) кезiнде әсерлi затын өндiрушiсiн ауыстырып немесе препараттық форма рецептiн өзгертсе онда тiркеудiң күшiн жоюға және қайтадан тiркеу және өндiрiстiк сынақты қайта жүргiзедi.
33. Сараптама жүргiзудiң жалпы мерзiмi бiр пестицид үшiн 30 күннен аспауы керек.
34. Пестицид жайлы оның материалдары және тiркеу құжаттары бiр мерзiмде қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарға тiркеу келiсiмiне жiберiледi.
Келесi пестицидтердi тiркеу (қолдану аумағы кеңейген, қайта тiркеу) жоғарғы мекемелермен сараптамалық қорытынды бермей-ақ келiсiледi.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
35. Пестицидтiң тiркеу материалдары бекiтiлген соң мемлекеттiк тiркеу номерi берiледi, осы Ережедегi 7 қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiде арнайы қорғаныш нысан бойынша жасалынған тiркеулiк куәлiк берiледi. Тiркеу және қайта тiркеудiң номерi арнайы тiзiмдемеде тiркеледi және "Пестицидтердiң тiзiмiнде (улы химикаттардың)" көрсетiледi.
Тiркеулiк куәлiгiнiң түп нұсқасы тiркелушiге (мәлiмдеушiге) берiледi, көшiрмесi Ауылшарминде сақталады.
36. Мемлекеттiк тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi 10 жыл, тiркеу талаптарының өзгерiстерiне сәйкес мерзiмi бiткен пестицидтер қайта тiркеуге алынады.
37. 1) мемлекеттік тіркеу сәтіне пестицид туралы материалдар толық көлемде берілмеген, бірақ көрсетілген пестицидке арналған ұсынылған тіркеу материалдары бойынша қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың оң қорытындылары бар болған;
2) таралуы фитосанитариялық болжамға сәйкес фитосанитариялық жағдайды нашарлатуы мүмкін жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен, сондай-ақ карантиндік объектілермен Қазақстан Республикасының аумағында күресуге арналған пестицидтердің қажетті түрі болмаған, бірақ ғылыми-зерттеу институттарының оң ұсынымдары мен ұқсас қолдану саласы бойынша (дәл сол дақылда және дәл сол зиянды организмдерге қарсы) көрсетілген пестицидті ТМД мемлекеттерінде тіркелгенін растау болған жағдайларда пестицидті 2 жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.
Бұл ретте көрсетілген пестицидті 10 жылға дейінгі мерзімге тіркеу үшін 1) тармақшада көрсетілген жағдайда тіркелуші (мәлімдеуші) пестицидті уақытша тіркеу мерзімі ішінде жетіспейтін мәліметтерді ұсынады, ал 2) тармақшада көрсетілген жағдайда соңынан препаратты қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдармен келістіре отырып, пестицидті тіркеулік және өндірістік сынаулар және оны токсикологиялық бағалау өткізіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
38. Пестицид уақытша тiркелген жағдайда, Ауылшарминi арқылы пестицидтiң қолдануы, нысанның мақсаты және жалпы өсiру алаңы мен дақылдардың жалпы көлемi анықталады.
39. Пестицидтiң қауiптiлiгi туралы бұрын белгiсiз мәлiметтер алынған кезде, сонымен бiрге пестицидтi өндiру технологиясы немесе рецептурасы өзгертiлген болса мемлекеттiк тiркеуден алынуы мүмкiн.
40. Пестицидке тыйым салынғаны жөнiндегi деректер жыл сайынғы шығатын "Пестицидтердiң тiзiмiнде (улы химикаттардың)" толықтыруларында көрсетiледi.
41. Пестицидтi мемлекеттiк тiркеуге алмаудың негiздерi болып:
1) осы Ереженiң 28 тармағында көрсетiлгенi бойынша берiлген құжаттардың толық болмауы;
2) осы Ереженiң талаптарына сай болмай құжаттардың бұзылып толтырылмауы;
3) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда тiркелмеуi келiсiмдерiнiң болмауы;
4) пестицидтiң адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қауiптi әсерi жайлы бұрын белгiсiз мәлiметтердiң алынуы;
5) пестицидтi тiркеу және өндiрiстiк сынақты жүргiзудiң әдiстемелiгiнiң бұзылуы;
6) көптеген ТМД елдерiндегi ұқсас дақылдардың тура сондай зиянкестерiне қарсы тiркелген қолдану мөлшерiнен тiркеуге ұсынылған мөлшердiң айтарлықтай айырмашылығының болуы;
7) пестицидтiң өндiру технологиясы және рецептурасының өзгеруiне, әсерлi затының өндiрушiсi ауысқанда (Қазақстан және ТМД елдерiнде келiсiммен өндiрiлетiн пестицидтер үшiн).
Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Пестицидтердi (улы химикаттарды) қайта тiркеу
42. Қайта тiркеуге бұрын тiркелген, мерзiмi өтiп кеткен пестицидтер жатады. Қайта тiркеу пестицидтерге қайталап сынақ жүргiзбей-ақ жүзеге асырылады.
43. Пестицидтiң қауiпсiздiгi немесе өндiрiсте тиiмдiлiгi жеткiлiксiз, бұрын белгiсiз мәліметтер алынған жағдайда қайта тiркеуге алынбайды.
Пестицидтi өндiрiсте қолданған кезде биологиялық тиiмдiлiгi тiркелген қолдану мөлшерiнде жеткiлiксiз болғанда, сонымен бiрге құрамы және препараттық формасының компоненттiк құрылымы өзгергенде, әсерлi затын өндiрушi тиiмдi қолдану мөлшерiн анықтау үшiн жаңадан тiркеу және өндiрiстiк сынақты жүргiзедi.
44. Тiркелушi (мәлiмдеушi) пестицидтi қайта тiркеуге мынандай құжаттар бередi:
1) өтiнiш 2 дана пестицидтiң саудалық атауы расталған, өндiрушiсi, әсерлi заты, препараттық формасы және оның құрамы, пайдалану (қолдану) регламентi;
2) бұрын берiлген тiркеулiк куәлiктiң түп нұсқасы;
3) бұрын берiлген материалдарға кiрмеген жаңа материалдар.
Қайта тiркеуге өтiнiш және басқа құжаттарды тiркеу мерзiмi бiтуiне екi ай қалғанға дейiн бередi.
45. Тiркелушi (мәлiмдеушi) пестицидтiң құрамындағы барлық өзгерiстерi және рецептурасы оның қауiптiлiгi жөнiндегi жаңа мәлiметтердiң пайда болуы жайлы ақпараттар бередi.
Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiне
1 қосымша
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрыштағы атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Пестицидтерді тіркеу және өндірістік сынақты жүргізетін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралуына қажетті тіркеудің ауа райы - топырағы климаты
___________________________________________________________________
Дақылдарды|Әкімшілік |Температура | Ылғалдану | Дақылдар
өсіретін | бөлінуі | жиынтығы |коэффициенті |
аудан | | С о Ғ | |
___________________________________________________________________
Солтүстік Ақмола, 2500-3400 0,55-1,0 жаздық дәнді
Солтүстік- дақылдары,
Қазақстан, карточка, мал
Қостанай, азықтық,
Қарағанды көкөністер
Оңтүстік Оңтүстік 3400-4000 0,33-0,55 күздік және
Қазақстан, жаздық дәнді
Алматы, дақылдар, күріш,
Жамбыл, қызылша, қытай
Қызылорда бұршақ, нұт,
мақсары, бақша,
жеміс, жүзім,
мақта, көкөністер
Батыс Батыс- 3400-4000 0,33-0,55 Күздік, жаздық
Қазақстан, дәнді дақылдар,
Атырау, тары мал азықтық,
Ақтөбе, карточка,
Маңғыстау бақшалық,
көкөністер
Шығыс Шығыс- 1600-2000 1,33 Жаздық дәнді
Қазақстан, дақылдары,
Павлодар көкөніс,
карточка, күнбағыс
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiн
2 қосымша
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрыштағы атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақтың өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты
Жарияланбайды
Бекітемін
Қазақтың ғылыми зерттеу
институтының директоры
_______________________
"___"______ 200_ ж.
Есеп
пестицидтің тіркеулік (өндірістік) сынақтың
биологиялық және шаруашылық тиімділігі нәтижесіне баға
1. Пестицидтің (саудалық атауы), препараттық формасы, тіркелуші мемлекет, әсерлі заты (ІSO бойынша) қолдануы (фитотазалығы)
2. Сынақ жүргізілетін орны
3. Дақыл, сорты, екпе ағаш жасы, отырғызу схемасы
4. Топырағы (түрі, механикалық құрамы, гумус (шірінді) мөлшері, рН)
5. Агротехника (алғы егіс, топырақты өңдеу, егу мерзімі, егу нормасы, қатараралық ені, егістікті өңдеу шаралары)
6. Зиянды организмдер (қарсы препарат сынағы, нақты зиянды объектіні көрсету)
7. Тәжірибе схемасы
8. Тәжірибе түрі (далалық шағын мөлдекте, өндірістік) тәжірибе мөлдегінің көлемі, қайталау саны
9. Пестицидті қолдану мерзімі (ауыл шаруашылық дақылдарының және зиянды организмдердің өсіп өну даму кезеңі) және тәсілдері (жалпылай бүрку, кедергілер арқылы бүрку, шағын мөлшерде, ультрашағын мөлшерде бүрку, улы қармақ жемді пайдалану, қамбалық орындарды фумигациялау және т.б.)
10. Бүріккіштердің түрі, жұмыс сұйықтықтарының жұмсалу мөлшері
11. Ағымдағы жылдағы ауа райының ерекшеліктері (жауын шашын мөлшері, температурасы және ауаның ылғалдылығы) (орташа көпжылдық көрсеткіштермен салыстыра кету)
12. Зиянды организмдерді есепке алу әдістемесі
13. Өнімді есепке алу әдістемесі
14. Биологиялық және шаруашылық тиімділігі (кесте түрінде келтіру)
15. Пестицидтің қосымша әсерінің байқалуы, оның ішінде мақсатсыз объектілерге (түрлерін көрсету), теріге әсерін байқау, препаратпен жұмыс істейтіндердің тыныс жолдары, басқа да қолайсыз тиімсіз жақтары
16. Сынақтан өткен пестицидтің қоршаған орта объектілері және ауыл шаруашылық азықтарындағы қалдық құрамдарының мөлшері
17. Сынақтан өткен пестицидтің биологиялық және шаруашылық тиімділігінің нәтижесін талдап нақты қорытындылау
18. Препараттың сыналған нормасын тіркеу мақсатына ұсыныстар немесе қолдану регламентін, тіркеу және өндірістік сынау арқылы жалғастырып, мақсатты анықтау арқылы пестицидті тіркеуге ұсыну
Жұмысты орындаушылар:
Әкесінің аты, фамилиясы, лауазымы, Қолы
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiне
3 қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің облыстық аумақтық
инспекциясының бастығы
_____________________
А.Ж.Ф.
"____" ________ 200 ж.
Өндірістік тексеру актісі
өндірістік сынақтан тексерілген препарат ___________ (әсерлі заты)
фирмасы _________ қарсы ___________________ (зиянды организмдер)
Біз төмендегі қол қоюшылар, _________ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин бөлімінің бастығы ______________ (А.Ж.Ф.), Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бастығы ________________ (А.Ж.Ф.), шаруашылық басшысы (немесе ауыл әкімі округі)____________ (А.Ж.Ф.), жұмысқа жауапты орындаушы _________ (А.Ж.Ф.), осы актіні толтырдық, онда _______ жерінде (шаруашылығы немесе ауыл әкімінің округі) _________ ауданы, _________ облысында препарат __________ фирма "_____" өндірістік тексеру сынағы ________ қарсы ________ егістікте (немесе ауыл шаруашылығына жарамсыз жерде) ____________________
Қолданылған аппаратура______ Тәжірибе мөлтегінің көл ____ га.
Бүрку еселігі _________________________________ (бүрку саны).
Тексеру барысының нәтижесіне сүйеніп препарат ____ егістікте (немесе ауылшаруашылығына жарамсыз жерде) ___ қарсы (зиянды организмдерге) қолдану мөлшері _____ (л/т. кг/га), ______ тәсілімен қолдануға ұсыныс береді.
Тексерілген қорытындысына _____ бет есеп беріледі.
Шаруашылық басшысы (немесе ауыл округінің әкімі А.Ж.Ф.
_____ облыстық аумақтық өсімдіктерді қорғау
және карантин бөлімінің бастығы А.Ж.Ф.
____ аудандық аумақтық басқарманың бастығы А.Ж.Ф.
Жұмысты жауапты орындаушы
"____" _______ 200 ж.
Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiне
4 қосымша
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ бұрыштағы атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Тіркеуге өтінішіне ұсынылған материалдар
Жарияланбайды
Тарау 1. Тіркелуші өтініші
1. Тіркелуші (атауы, мекен-жайы, телефон, факсы)
2. Өнімді өндіруші және әсерлі заты (атауы, мекен-жайы, телефон, факсы)
3. Қазақстан Республикасында тіркелушіге өндірушінің рұқсатын ұсыну
4. Айырмашылық атауы (саудалық)
5. Пестицидтің қолдануы
6. Әсерлі заты (ІSO, ІUPAK, N CAS)
7. Химиялық класы
8. Концентрациясы (г/л немесе г/кг)
9. Препараттық формасы
10. Басқа мемлекеттерде тіркелуі (тіркеу куәлігінің нөмері, қолдану саласы және регламенті)
Тарау 2. Биологиялық ерекшелігіне байланысты мағлұмат
1. Әрекет спектрі
2. Зиянды организмдерге (латынша атауы) қолдану аясы (тіркеу қандай дақылдарға жорамалданады)
3. Ұсынылған қолдану мөлшері және қолдану тәсілі
4. Ұсынылған қолдану регламенті (бүркуді жүргізу мерзімі, бүрку аралығындағы еселік, шектелуі)
5. Ұсынылған күту мерзімі (өнімді жинауға дейінгі күні)
6. Зиянды организмге әсер ету механизмі
7. Қорғау әсерінің ұзақтығы
8. Іріктемелігі
9. Әсер ету жылдамдығы
10. Басқа препаратпен қосылуы
11. Биологиялық тиімділігі (далалық кіші мөлдектерде және өндірістік сынақтарда)
12. Дақылдарға фитоуыттылығы, толеранттығы
13. Резистентность (бейімделушіліктің) пайда болу мүмкіндігі
14. Басқа мемлекеттердегі биологиялық бағаларының нәтижесі
15. Басқа мемлекеттердегі ауыл шаруашылығы дақылдарындағы және қоршаған объектілердегі пестицидтердің қалдықты мөлшерінің айқындаудың нәтижелері
16. Пестицидті бүркігеннен кейінгі улылығының мерзімі
Тарау 3. Физикалық-химиялық қасиеті
1. Әсерлі затының физика-химиялық ерекшелігі:
1) әсерлі заты (ІSO, ІUPAK, N CAS);
2) құрылымдық формуласы (оптикалық изомерін көрсету);
3) эмпирикалық формуласы;
4) молекулярлық массасы;
5) агрегаттық күйі;
6) иісі, түсі;
7) бу қысымы мм. сын. бағ. t-20 о С және 40 о С;
8) суда еруі;
9) органикалық еріткіштерде еруі, мг/100 мл;
10) бөліну коэффициенті п-октонол/су;
11) балқу температурасы;
12) қайнау температурасы және қатуы;
13) тұтану температурасы және жалындауы;
14) сулы ерітіндінің тұрақтылығы (рН 3-5, 7, 10) t-20 о С,
аралығында оның ішінде төменгі құрамада (1мг/дм 3 кем емес);
15) тығыздығы (заттың газ күйіндегі жағдайы t-0 о С және 760 мм. сын. бағ.).
2. Техникалық өнімнің физика-химиялық қасиеті:
1) техникалық өнімдегі, қоспаның сандық сапалық қоспасы;
2) агрегаттық күйі;
3) иісі, түсі;
4) балқу температурасы;
5) тұтану температурасы және жалындауы;
6) тығыздығы (заттың газ күйіндегі жағдайы тығыздық көрсету t-0 о С және 760 мм. сын. бағ.);
7) жылу және бейне тұрақтылығы;
8) техникалық азықтағы тазалықты анықтаудың аналитикалық тәсілі, азықтағы құрамдарды анықтау, изомерлер, қоспалар құрамдарды анықтау мүмкіндігі т.б.
3. Препараттық формасы физика-химиялық қасиеті:
1) әр құрамдас бөлімінің ІSO, ІUPAK, N CAS бойынша химиялық атауы;
2) препараттық формасының құрамдас бөліміндегі функционалдық мәні;
3) агрегаттық күй;
4) иісі, түсі;
5) сулы эмульсия немесе суспензия тұрақтығы;
6) рН;
7) ылғалдылық құрамы (%);
8) жабысқақтық;
9) ыдырауы;
10) тығыздық;
11) бөлшек размері (ұнтақ, түйіршік т.б.);
12) сулануы;
13) тұтану температурасы;
14) кристалдану температурасы, суыққа төзімділігі;
15) ұшпалық;
16) нығыздығы жайлы мәліметтер;
17) коррозиялық қасиеті;
18) сандық және сапалық қоспа құрамы;
19) сақтау кезіндегі тұрақтылық.
Тарау 4. Токсикологиялық гигиеналық сипаттама
1. Әсерлі затқа токсикологиялық сипаттама (техникалық өнім):
1) пероральды өткір улы (тышқан, егеуқұйрық) LD 50;
2) теріге улылығы өткірлігі - LD 50;
3) ингаляциялық өткір улылығы - LD 50;
4) интоксикациялық созылмалы өткір клиникалық уланудың пайда болу механизмі (мүше нысаналары);
5) тыныс жолдары және теріні тітіркендіру;
6) біртіндеп тауықтың нерв жүйелеріне әсер етуі (фосфороорганикалық пестицидтерге арналған, басқаларға талапқа сай);
7) пероральды асты өткір улы (кумулятивті қасиетті) кумуляция коэффициенті;
8) теріасты өткір улануы;
9) иммунотоксичность, сескену әсері;
10) созылмалы улану (тиімсіз мөлшердің шегі);
11) жануарлардың екі түріне онкогендік агентті сынау (тышқан, егеуқұйрық) екі жыл аралығында тексерілген материалдардың тіршілік қабілетіне қарай (кесте, қисық сызықпен); қатерлі және қатерсіз ісіктердің жиілігі барлық гистологиялық түрі және таратпаушылығын тиімділігіне қарай санап анықтап (жануарлардың саны, алғашқы ісік пайда бола бастағанға дейінгі тірі қалғаны) интеркуррентті өлім (Каплана-Мейера); тарихи эксперименталды мәліметі бойынша;
12) жемістегі анамалии және улылығы, әдістемені пайдалана отырып тератогенносы және эмбриотоксикасын анықтау;
13) репродуктивті улылық екі ұрпақ тәсілімен және гонадотоксикалық;
14) мутагендік:
гендік мутация метаболиттік активация және активациясыз Эймс тестісі;
адамның перифериялық қаны лимфоциттерінің (хромосомдық аберрациялар) культурасындағы цитогенетикалық іn vіtro тестісі;
кемірушілердің сүйек миының (хромосомдық аберрациялар, микроядролар) цитогенетикалық іn vіvo тестісі.
Басқа тестілер жіберіледі, үштен кем емес, Эймс және сүт қоректілерге іn vіvo тест қосқанда.
15) сүт қоректілер организміндегі метаболизм, негізгі метаболиттер, олардың улылығы, токсикокинетика және мүмкіндігіне қарай токсикодинамика;
16) зиянды әсердің шектелу көрсеткіші;
17) адам салмағы денесіне, тәуліктік рұқсат мөлшері (ТРМ) мг/кг;
18) қоршаған орта объектілері, оның ішінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері метаболизмі.
2. Препаративтік формаға токсикологиялық сипаттама:
1) пероральды өткір улы (тышқан, егеуқұйрық) - LD 50;
2) теріге өткір улылығы - LD 50;
3) ингаляциялық өткір улылығы LC 30;
4) тыныс жолдары және теріні тітіркендіру;
5) пероральды асты өткір улы (кумулятивті қасиетті) кумуляция коэффициенті;
6) тері үсті әсер ететін асты өткір (жабын терілерге қауіп тудыратын препараттар үшін);
7) ингаляциялық өткір улылық (ингаляциялық қауіп тудыратын препараттар үшін);
8) түршігу әрекеті;
9) препаративтік форманың токсикологиялық сыңарларына сипаттама (толықтырғыш, эмульгаторлар, стабилизаторлар, еріткіштер т.б.). Препарат құрамында улы заттар болған жағдайда әсерлі затына қарағанда, препараттың токсикологиялық мәліметтері, әсер ету заттарының қоспалары және сыңарларына препаративтік формасы сонымен бірге метаболизмі;
10) оны өндіруші берген пестицидтің қауіпсіздік паспорты.
Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
3. Препаративтік форманың гигиеналық сипаттамасы, өндірісте тасымалдау және сақтау, қолданудың санитарлық нормасы және ережесі:
1) гигиеналық нормативі және күту мезгілі;
2) препаратты әртүрлі технологияда, ең жоғарғы мөлшердегі есеппен және еселігіне байланысты қолданылған жағдайдағы гигиеналық баға;
3) жұмыс істеу кезінде, сақтау, тасымалдауда, өндіруде сақтанудың ұсынылған жолдары Жұмысқа шығу уақытының қауіпсіздік мезгіл негіздемесі;
4) қатты улану кезінде, емдеу және диагностика жасау оның ішінде уланған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек, антидоты жайлы ұсыныс сипаттама;
5) пестицидтерді залалсыздандыру (улы химикаттарды) жайлы ұсыныс сипаттама.
Препараттың әсерлі зат құрамы жаңа болса, күту мезгілін анықтау жайлы зерттеулер, міндетті түрде Қазақстан жағдайында тіркелуге жоспарланған жекеленген дақылдарға жүргізіледі. Қазақстан жағдайында барлық пестицидтер егер көкөністерде, жеміс-жидек, көксөк, бақша дақылдарында күту мерзіміне міндетті түрде зерттеулер жүргізіледі. Басқа дақылдарға пестицидтердің ыдырауына МЖД (максималды жіберу деңгейі) ауыл шаруашылығы дақылдарында және ШЖК (шегіне жіберу саны) топырақтан өнімді жинар алдында пестицид қалдықтарына алынады. Мұндай зерттеулер келесі егіс мерзімінде келісім шарт арқылы тіркелуші мен орындаушы мекеме арасында жүргізіледі.
Тарау 5. Пестицидтер қалдығы мөлшерін анықтаудың әдістемелік көрсеткіші
1. Ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдеріндегі, пестицид қалдығы мөлшерін анықтаудың әдістемелік көрсеткіші (азық оларды өңдеуде, азық тамақтарда, шикізаттарында, жемдік азықтарында және т.б.).
Бейімделген әдістеме беріледі.
2. Қоршаған орта объектілерінде пестицид қалдықтарын (топырақта, суда және ауадағы) қалдық мөлшерін анықтаудың әдістемелік көрсеткіші.
Бейімделген әдістеме беріледі.
Тарау 6. Пестицидке эколого-токсикологиялық баға
1. Әсерлі заттың ыдырау жылдамдығы (Т50 және Т90) топырақта дала жағдайында.
2. Әсерлі заттың топырақтағы ыдырау кезіндегі, метаболиттердің құрылымының және құрамының пайыздық құрамы.
3. Әсерлі заттың топыраққа сіңірілуі белгілі бөлігінің бөлініп шығу көрсеткіші.
4. Әсерлі заттың топырақта дала жағдайында ауысу, көшу көрсеткіші.
5. Әсерлі заттың топырақтан булану көрсеткіші (ұшатын препараттарға).
6. Пестицидтің құстарға улылығы (LD 50).
7. Пестицидтің жауын құртына улылығы (LC 50).
8. Пестицидтің топырақтағы микроорганизмдерге улылығы.
9. Пестицидтің ауыспалы егіске және өсімдікте жылжу кезіндегі фитотоксикалығы.
10. Күріштің суғармалы элементіндегі пестицидтің бет алысы:
1) атыз танабы (су қабаты толы және топырақтағы динамика құрамы);
2) тоспа-дренажды тор (күріштің суғармалы жүйесі арқылы препараттың жоғарғы және жер асты ағысы тор жағалауы сыртындағы шығымның көлемін анықтау);
3) түбіне дейін жетіп жауған жаңбырдың әсерінен топыраққа сіңу, қайта бөлініп шығу көрсеткіші.
Бұл бөлімдегі 1-6 мәлімет әсерлі затын көрсетеді, ал бөлімшедегі 2-3 бөлімдегі 10 бөлімдер 7-10 препаративтік формасын көрсетеді. Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде препараттың бет алысын міндетті түрде 1-ші тексереді, егер пестицидтің құрамы белгісіз әсерлі заттан болса. Басқа пестицидтер үшін бұл зерттеулер егер бірінші жылы тіркеу сынағы ұсынған қолдану мөлшері өнімдегі қалдық мөлшері санитарлық-гигиеналық нормадан артық болса онда келесі мерзімге пестицидтің топырақтағы динамикалық ыдырауы далалық жағдайда зерттеледі. Егер 1-10-ші бөлімдеріне тиісті мәліметтері тіркелушілер арқылы берілмесе, онда Қазақстан Республикасы ғылыми-зерттеу мекемелері арқылы жүргізіледі. Қазақстан жағдайында 10 бөліммен зерттеулер күрішке тіркелетін пестицидтерге жүргізіледі.
Тарау 7. Мал шаруашылығы және бал арасына пестицидтің қауіптілігі жайлы ветеринарлық санитарлық
экотоксикологиялық баға
Пестицидтің бал арасына улылығын лабораториялық анықтау (тұқым дәрілеу, көшет материалдары, жер бетіне шыққанға дейінгі қолданылған гербицидтерге қажет емес).
1. Дала жағдайындағы бал арасына қауіптілік класы (ұсынылған тәртіппен оны практикада пайдалану).
2. Ұсыныстағы сипаттама тәртібі бал арасына қауіпті болатын қатерді азайтады.
3. Қыстаған бал арасы азығындағы МЖД қалдық мөлшері.
4. Жылы қанды жануарларға, құстарға препараттың параметрі және уыттылық класы: уыттылықтың клиникалық белгілері, уланудың симптомы.
5. Ауыл шаруашылық мал, құстар азығындағы препарат қалдық мөлшерін анықтау тәсілі (шөп, сабан, дәнді дақылдар, тамыржемістілер (тауарға арналған азықтарды зерттеулердің әдістемелері қабылданады).
6. Ауыл шаруашылығы мал және құстар азықтарындағы МЖД (шөп, сабан, дәнді дақылдар, тамыржемістілер (тауарға арналған азықтардың нормативіне жасалынған).
7. Құстар және мал азығындағы пестицид қалдықтарымен ыластану деңгейін төмендету мүмкіндігіне түсініктеме ұсыныс сипаттамасы МЖД асқан жағдайда.
п. 4-7 жемдік азыққа арналған дақылдарды бүркуге бағытталған.
Тарау 8. Балық шаруашылығында - пестицидке
токсикологиялық баға
1. Пестицидтің судағы әсерлі затын анықтаудың әдістемесі.
2. Пестицидтің сулы ортадағы тұрақтылығы рН 7-8 (уақыт 50 және ыдырауы 95%). Суда ыдырау барысында әсерлі заттың пайда болу, метаболиттердің пайыздық қатары және құрамы.
3. Пестицидтің құрамасының орташа өлтіретін (LD 50), балықтың 50%-ын 96 сағат ішінде жояды.
4. Пестицидтің орташа өлтіретін құрамы (LD 50), бекіре балықтың 50% личинкасын немесе балықтардың басқа түрлерін 48 сағатта жояды.
5. Пестицидтің және оның метаболиттері судағы ерігіштігі төзімділігі детоксикация мерзімі.
6. Зоопланктондық организмдердің жалпы формына пестицидтің улылығы.
7. Пестицидтің балықтарға улылығы:
1) материалды немесе физиологиялық кумуляциялық баға.
2) бекре балық немесе басқа балықтардың уылдырықтарының даму әсеріне баға (өмірсүргіштік, өсім, морфологиялық анамалия).
8. Гидробионттардың мұтагендік әсері (керектігіне қарай).
9. Гидробионттардың гонадотоксикологиялық әсері (керектігіне қарай).
10. Иммунологиялық әсері гидробионт үшін (керектігіне қарай).
11. Гидробионттарға канцерогендік әсері (керектігіне қарай).
Бұл бөлім 1-11 әсерлі затын (техникалық азығын) және препаративтік форма мәліметін көрсетеді.
Тарау 9. Микробиологиялық препараттар
Препаративтік формасы және белсенді ингредиенттік құрамы, қасиеті туралы мәлімет (бактериалды, саңырауқұлақ, вирус, микроспородиалды препараттар, азық есебінде өмір сүруге қабілетті микроорганизмдер).
1. Өнім шығару - штаммасы қасиеті және препаративтік формасына сипаттама:
1) микроорганизмнің түрлік атауы (латынша атауы);
2) штамма атауы немесе нөмірі (изолята);
3) штамма бөліну көзі;
4) культуральды-морфологиялық және биохимиялық қасиеттерін тесты арқылы теңестіру, дұрыстау (теңестірген мекемесін көрсету);
5) зиянды объектіге қатысты патогендік немесе қарама-қайшылық;
6) бұрыннан белгілі штамма түрінен айырмашылығы;
7) сол микроорганизмдерден басқа штамма клеткалары лизируюии фагаға қатысы;
8) штаммаларды сақтаудың ортасы және жағдайы тәсілі;
9) микроорганизмдердің көбею ортасы және тәсіл жағдайы, вирустар және микроспоридалар үшін өсіретін ерекшелік шикізатын көрсетіп сипаттама беру;
10) микробты ассоциацияда қоршаған ортада және биоматериалда микроорганизмдерді табудың тәсілі;
11) азық, синтезделген штамма (химиялық құрылысы, структуралық формуласы, тұрақтылығы, қалдығын анықтау тәсілі).
2. Препараттық формасына сипаттама:
1) препараттың құрамы: әсерлі құрам басы (тірі клетка титрі немесе тіршілікке бейімделген азық, вирустық өнім, кірістіру) көмекші заттың және оның қолдануы;
2) агрегаттық күйі;
3) сулануы;
4) ылғалды ұстауы;
5) бөтен микрофлораны ұстауы;
6) әрекет басын анықтау тәсілі;
7) сақтау мезгілі және жағдайы;
8) жұмыс сұйықтығын дайындау тәсілі;
9) жарамсыз техникалар және препараттар төгілген, шашылған, олардың ыдыстары, жұмысқа киілген киімдері тазарту тәсілі. Іске жарату тәсілі, қолдануға жарамсыздарын көму;
10) басқа пестицидтермен араласуы.
3. Микроорганизмге токсикологиялық баға (бактерия, саңырауқұлақтар):
1) патогені (уыттылық, улылық, токсигенін диссеминация) бактерияның, саңырауқұлақтың екі түрлі лабораторияда жануарларда бір мәрте ішкі құрсақтары, ішкі қарындары тік ішектері, көз тыныс жолдары, жоғарғы тыныс жолдары арқылы түсетін мүшелері зерттеледі;
2) микроорганизмдердің иммундық системаға әсер етуі (түршігу, аллергенді, иммунотоксикалық иммуномодулды) жоғарғы тыныс жолдары арқылы бір ай аралығында түседі.
4. Микробтық азық синтезіне токсикологиялық баға:
1) пероральды өткір улылықтың (тышқан, егеуқұйрық) - LD 50, өткір әсер ету шегі;
2) теріге өткір улылығы - LD 50;
3) ингаляциялық өткір улылығы - LC 50. Өткір әсерінің шегі;
4) өткір интоксикацияның клиникалық айқындалуы;
5) тері және ауыз шырышты қабықтары қабаттарын тексеру;
6) пероральды асты өткір улы (кумулятивті қасиеті), кумуляция коэффициенті;
7) тері асты өткір улылық;
8) түршігу әсері, иммуноулылық;
9) улану ұзақтығы (шегі тиімділігі жоқ мөлшер);
10) онкогендік (алғашқы жиналған материалдар - ісік жылдамдығының тәжірибе жасалынған жануардың абсолюттік өлшемі қатынас тиімділігі, бір жануардағы ісік саны, гистологиялық ісік түрлерінің саны және жылдамдығы оларды жою, жануарлардың метастазданған, өміршеңдігі, жануарлардың онкогендік ісікке коэффициент қатері, алғашқы ісікті анықтау, эксперимент жануарларға толық тарихи бақылауы және тәжірибе мәліметтері т.б.);
11) эмбриулылық және тератогенді әдістемелерді қолданып, өсімдегі аномалиялық уларды өсімнен шығаруға болады;
12) гонадоулылық және улылықтың қалыптасуы екі ұрпақта;
13) мутагендік;
тест Эймса гендік мутация микросомальды күшейту және күшсіз;
хромосомдық аберация (іn vіvo лабораторияға арналған жануарларға);
іn vіtro адам қанындағы шеткері лимфоцитінде.
Басқа тесті жіберіледі, үш жылдан кем тест Эймса қосқанда.
14) сүт қоректілердегі метаболизм, метаболиттер негізінде, олардың улылығы, токсикокинетика керектігіне қарай токсикодинамикасы;
15) улылықтың лимиттік көрсеткіші;
16) тәуліктік шектелген орташа мөлшері (ТРМ), мг/кг салмақ адам денесіне;
17) қосымша ақпараттар.
5. Микробиологиялық препараттың препаративтік формасына токсикологиялық баға:
1) пероральды өткір улылығы (тышқан, егеуқұйрық) - LD 50;
2) ингаляциялық өткір улылығы - CL 50;
3) тітіркендіргіш және резорбтивті (керегіне қарай) тері және шырышты қабықтарға әсері;
4) түршігу әсері;
5) кумулятивтік қасиеті (тіршілігі азықта өмір сүруге арналған);
6) дисбактериялық әсері;
7) контаминатты микрофлора құрамы (вирустық және микроспородиальды препараттар) жылы қандылар патогені мәліметі бойынша;
8) тератогендік мутагендік әсер соңының алыстауы (токсин түзетін препараттар үшін) (Эйсма тестісі).
6. Микробиологиялық препарат өндірісінде және оларды қолдануға гигиеналық регламентін бекіту:
1) пестицидтің қалдық мөлшерін, динамикасын талапқа сай керектігіне қарай Ережедегі мәліметтерге сүйеніп гигиеналық нормасы зерттеледі;
2) препараттың әр түрлі технологиясы және максималды жұмсалу нормасына еңбек жағдайына гигиеналық баға. Жабық жердегі (теплица) еңбек жағдайы ашық жердегі зерттелген еңбек гигиенасының мәліметтеріне қарамай зерттеледі;
3) препаратты өндіргенде және қолданғанда тұрғындар мен жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гигиеналық нормаларды негіздеп және жасау (керегіне қарай):
МЖД азық түлікте;
ШЖК су көздерінде санитарлық-тұрмыстық суларды пайдалану;
ШЖК ауада жұмыс аумағында;
ЖҚШҒжәне МЖД атмосферада ауада;
ЖҚШ жұмыс аймағы ауада;
МЖД топыраққа (күшті препараттар, өсімдік арқылы жылжып басқа орталарға көшуі);
ЖШК топырақта қалған препараттарға.
Пестицидтің материалдары пестицидтің әсерлі заты мен препараттық нысанының физика-химиялық, биологиялық, экология-токсикологиялық, токсикология-гигиеналық және басқа да қасиеттерін зерттеу үшін жүргізілген тіркелуші фирманың өз зерттеулері нәтижелері бойынша есептердің нотариалды расталған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармаларын қамтуы тиіс.
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiне
5 қосымша
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ бұрыштағы атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Препараттарды пайдалану ұсынысы
1. Айырмашылық атауы, фирма (тіркелуші).
2. Әсерлі заты (ІSO бойынша) немесе микрооганизмдер, штамма немесе изолята атауы.
3. Құрамы (г/л немесе г/кг) (тірі клетканың титрі азықтағы өмір сүру қаблеті, вирус денесіндегі титр қосқанда).
4. Препаративтік формасы.
5. Арналуы, қолдану технологиясы, қолдану мөлшері, жұмыс сұйықтығының мөлшері.
6. Басқа пестицидтермен қосылысы.
7. Фитотоулылығы.
8. Резистенттіктің болу мүмкіндігі.
9. Пайдалы объектілер, флора және фауналарды қорғауға ұсыныстар.
10. Пестицидтермен жұмыс кезінде сақтық тәсілі.
11. Уланған жағдайда көрсетілер алғашқы көмек.
12. Препаратты сақтау, және тасымалдау барысында, жұмыс істеуде сақтану.
13. Төгілгенде, шашылғанда залалсыздандыру, препарат және ыдыс қалдықтарын пайдаға асыру тәсілі.
Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiне
6 қосымша
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ бұрыштағы атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Ыдыс этикеткасы
Қолданар алдында көңіл бөліп оқу керек! Фирма орамы және өндірісі (нақты көрсетіледі, сонымен бірге почта адресі).
1. Айырмашылық атауы, фирма (тіркелуші).
2. Әсерлі заты (ІSO) бойынша) немесе микроорганизмдер, штамма немесе изолята атауы.
3. Әсерлі зат құрамы г/л немесе г/кг (титр тірі клеткадағы немесе азықтың өмір сүру қабілеті).
4. Препаративтік форма.
5. Арнаулы қолдану технологиясы, қолдану мөлшері жұмыс сұйықтығының мөлшері.
6. Барлық дақылдардағы күту мезгілі.
7. Шектелуі.
8. Улылығы (қауіптілік класын көрсету).
9. Пестицидтерді сақтау кезінде, тасымалдауда және қолдануда сақтану шаралары. Төгілген немесе шашылған пестицидтерді залалсыздандыру тәсілі.
Ыдыс этикеткасында барлық ақпараттар бөлім бойынша болады. Дизайн шектелмейді. Егер техникалық мүмкіндік болса барлық ұсыныстарды ыдыс этикеткасына бір құжат есебінде енгізуге болады.
Қазақстан Республикасында
пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеулiк, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк тiркеудiң
Ережесiне
7 қосымша
Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ бұрыштағы атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.11.18 N 661 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ТІРКЕУЛІК КУӘЛІК
N
Осы куәлік берілді______________________________________________
себебі, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік сынақтарын жүргізудің
және мемлекеттік тіркеудің Ережелеріне сәйкес___________________
препаративтік формада___________________________________________
Қазақстан Республикасында тіркелді N ____________________ мерзімге
"____" __________ 200_жыл ________________________________________
__________________________________________________________________
Бұл куәлік көрсетілген пестицидті сатып алуға міндеттелмейді
Өкілетті адам
_______________________ ______________
лауазымы А.Ж.Ф. қолы