Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.12.14 N 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.22 N 488 (қолданысқа 2010.03.01 бастап енеді) бірлескен бұйрықтарымен.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
_____________________
2004 жылғы 17 тамыз
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін ырықтандыру мақсатында бұйырамыз :
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724 бірлескен бұйрығына енгізілген толықтырулармен және өзгертумен бірге, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің N 25-26 бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2162 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықтағы:
9-тармақтың 4) тармақшасындағы, 10-тармақтың 9) тармақшасындағы, 12-1-тармақтағы және 55-тармақтың үшінші абзацындағы "Жапония" деген сөзден кейін "Корея Республикасы" деген сөздер енгізілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі