Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2162. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 488 Бірлескен бұйрықтарымен.

      Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.12.14 N 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.22 N 488 бірлескен бұйрықтарымен.

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбiн одан әрi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбi туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң N 65 бұйрығымен және 2000 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң N 388 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбi туралы Нұсқаулықтың күш жойылды деп есептелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы -
      Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      генерал-полковник

      "Келісілген"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      генерал-лейтенант
      2002 жылғы 19 желтоқсан

                  Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттiк хатшысы -   
Сыртқы iстер министрiнiң  
2002 жылғы 24 желтоқсандағы
N 08-1/77 бұйрығымен және 
Қазақстан Республикасы  
Iшкi iстер министрiнiң  
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 806 бұйрығымен     
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының визаларын
беру тәртібі туралы нұсқаулық

1. Жалпы ереже

       Ескерту. Барлық мәтін бойынша "ІІБ-ІІББ, ІІББ-ІІБ, ІІБ" қысқартылған атаулары "ІІД" атауымен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.03.13 N 08-1-1-1/55-1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009.03.27 N 116 бірлескен бұйрығымен .

      1. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, жарамды паспорты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және екi жақты қатынастар үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады.
      Осы Нұсқаулықтың ережелерi азаматтығы жоқ тұлғаларға да қолданылады.

      2. Визалар төмендегi санаттарға бөлiнедi:
      1) дипломаттық (ДВ);
      2) қызметтiк (ҚВ);
      3) инвесторлық (ИНВ);
      4) iскерлiк (IСВ);
      5) жеке (ЖСВ);
      6) туристiк (ТСВ);
      7) оқуға арналған (ОУВ);
      8) жұмысқа арналған (ЖЕВ);
      9) емделуге арналған (ЕАВ);
      10) тұрақты тұруға арналған (ТТВ);
      11) транзиттiк (ТВ).

2. Дипломаттық визалар (ДВ)

      3. Дипломаттық визалар дипломаттық паспорттары бар шетел азаматтарына берiледi.

      4. Дипломаттық визалар халықаралық ұйымдардың паспорттары немесе ұлттық паспорттары бар шетел азаматтары болып табылатын:
      1) халықаралық ұйымдардың қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне;
      2) Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде, консулдық мекемелерде қызметкер - дипломаттардың отбасы мүшелерiне;
      3) Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнектi қоғамдық және саяси қайраткер шетел азаматтарына;
      4) құрметтi консулдарға, олардың отбасы мүшелерiне берiлуi мүмкiн.

      5. Дипломаттық визалар:
      1) Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмаған дипломаттық паспортты көрсеткен тұлғаларға;
      2) егер дипломаттық паспорты болмаса, дипломатиялық поштаны тасымалдаушы тұлғаларға берiлмейдi.

3. Қызметтiк визалар (ҚB)

      6. Қызметтiк визалар мыналарға берiледi:
      1) Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң қызметтiк, техникалық және қызмет көрсету персоналына жататын шетел азаматтарына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне;
      2) курьерлiк парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны тасымалдаушы тұлғаларға, егер олардың дипломаттық паспорты болмаса;
      3) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкiлдiктердiң, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк немесе қоғамдық iстермен Қазақстан Республикасына келетiн шетел азаматтарына;
      4) қызметтiк немесе қоғамдық iстер бойынша Қазақстан Республикасына келетiн, қызметтiк паспорттары бар шетел азаматтарына.

4. Инвесторлық визалар (ИHB)

      7. Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкiлдерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне берiледi.

      8. Бiр мәртелiк инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - ҚР CTM) басшылығының нұсқауы бойынша, болмаса шетелдiк компаниялардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiнiң қолдаухаты болған жағдайда ҚР CІM шетелдегi мекемелерi басшыларының келiсiмi бойынша ТМД-на қатысушы мемлекеттердiң аумағына кiруге шектiлер жоқтығы алдын-ала тексерiлiп
виза  берілген дерегі туралы кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі - ҚР ҰҚК) өз кезегінде хабарлайтын ҚР СІМ-н хабардар ету арқылы өтініш білдірілген күні шақырусыз беріледі. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру кезінде ҚР СІМ-нің келісімі талап етіледі.

      8-1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты бойынша және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық мәліметі бар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) (бұдан әрі - АӨҚО қатысушылары) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелеріне көп мәртелік инвесторлық визалар беріледі. Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қолдаухатын ұлттық қауіпсіздік органында келісу 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.
      Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның белгіленген тәртіпте келісілген қолдаухаты бойынша АӨҚО қатысушыларға өтініш берілген күні бір айға дейінгі мерзімге бір мәртелік инвесторлық виза беріледі.
      Осы тармақта ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК-ке беру туралы көзделген мәліметтің уақтылығы мен дұрыстығы үшін өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган жауапты болады.
      Ескерту: 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 08-1/276, ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 468 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бірлескен бұйрығымен.
 

      5. Іскерлік визалар (ІСВ)

      9. Іскерлік визалар (іссапар, іскерлік және коммерциялық сипаттағы іскерлік келіссөздерге, кеңесулерге, симпозиумдарға, конференцияларға, тендерлерге қатысу, келісім-шарттар жасасу, бірлескен кәсіпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, аукциондарға, көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысу, сауда операцияларын және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру, консультативті және аудиторлық қызмет көрсету) Қазақстан Республикасына іскерлік мақсатпен келетін, сондай-ақ болатын шетел азаматтарына:
      1) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың шетел азаматтарын шақырған жағдайында ішкі істер органдарының рұқсаты;
      2) халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттері өкілдіктерінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды ұйымдардың шақыруы;
      3) тізімін ҚР СІМ, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ҚР ІІМ) және ҚР ҰҚК белгілейтін елдердің азаматтары үшін заңды тұлғалардың шақыруы негізінде беріледі;
      4) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Корея Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Польша Республикасының, Венгрия Республикасының, Словак Республикасының, Израиль Мемлекетінің, Хорватия Республикасының, Оман Сұлтандығының, Чех Республикасының, Румынияның, Болгар Республикасының, Мальтаның, Кипр Республикасының, Словения Республикасының, Литва Республикасының, Латвия Республикасының, Эстония Республикасының, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының Қазақстан Республикасының бір мәртелік іскерлік визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2003.12.03. N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003.12.18. N 724 бірлескен бұйрығымен , 2004.05.25. N 08-1/123, 2004.06.23. N 357 бірлескен бұйрығымен , ҚР Ішкі істер министрінің 2007.07.04. N 272, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007.06.29. N 08-1-1-1/200 бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.09.06. N 365, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007.09.03. N 08-1-1-1/257 Бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.24. N 494, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007.12.07. N 08-1-1-1/415 (тұңғыш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен , ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.03.13 N 08-1-1-1/55-1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009.03.27 N 116 бірлескен бұйрығымен .

6. Жеке визалар (ЖСВ)

      10. Жеке визалар жеке мақсатпен келетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында болатын шетел азаматтарына:
      1) Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының Ішкі істер департаментімен (бұдан әрі - ІІД) берген уақытша келуге арналған шақыруы. Шақыру берілген күнінен бастап бір жылға жарамды;
      2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттерінің дипломатиялық және өзге де өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы негізінде ресімделген визалық қолдау;
      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан тұлғалармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген виза беру туралы ҚР СІМ-нің нұсқауы;
      4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алушыға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларының (департаменттерiнiң) шақыруы негiзiнде ресiмделген визалық қолдау;
      5) ҚР СIМ-нiң келiсiмi бойынша бiр айға дейінгi, бiрақ бiр жыл ішінде екi реттен артық емес мерзiмге, шетел азаматтары болып табылатын - жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бiрге келетiн Қазақстан Республикасының азаматтарының өтiнiшi (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бiрге келетiн кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды);
      6) бiр айға дейiнгi мерзiмге Қазақстан Республикасына туыстарын немесе таныстарын жерлеуге келетiн (сондай-ақ, ауыр науқастанған жағдайларда) шетелдiк азаматтары үшiн нотариалды куәландырылған қайтыс болу туралы анықтаманың көшiрмелерi, болмаса дәрiгер куәландырған халықаралық жеделхат (телеграмма);
      7) ҚР СIМ-мен келiсiмi бойынша үш айға дейiнгi мерзiмге туған жерлерiне, туысқандарының зираттарына болып қайту мақсатымен келетiн Қазақстан Республикасынан қоныс аударған шетел азаматтары үшiн ҚР СIМ-нiң шетелдегi мекемесiне олар жеке өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасымен байланыстығын растайтын құжаттары (мыс.: ұлттық паспорттағы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлiгi, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендiгi туралы құжаттың, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшiрмесi);
      8) ҚР СIМ-мен келiсiм бойынша үш айға дейiнгi, бiрақ бiр жыл ішінде екi реттен аспайтын мерзiмге қазақ диаспорасының өкiлдерi болып табылатын шетел азаматтары үшiн Қазақстан Республикасында әлеуметтiк-экономикалық жеңiлдiктерге арналған куәлiк негiзiнде берiледi;
      9) Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Корея Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Польша Республикасының, Венгрия Республикасының, Словак Республикасының, Израиль Мемлекетінің, Хорватия Республикасының, Оман Сұлтандығының, Чех Республикасының, Румынияның, Болгар Республикасының, Мальтаның, Кипр Республикасының, Словения Республикасының, Литва Республикасының, Латвия Республикасының, Эстония Республикасының, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының жеке шаруаларына қатысты сапары үшін Қазақстан Республикасының жеке визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      Ескерту: 10-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724 бірлескен бұйрығымен , 2004 жылғы 25 мамырдағы N 08-1/123,  2004 жылғы 23 маусымдағы N 357 бірлескен бұйрығымен , ҚР Ішкі істер министрінің 2007.07.04. N 272, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007.06.29. N 08-1-1-1/200 бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 365, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 08-1-1-1/257 Бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.24. N 494, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007.12.07. N 08-1-1-1/415 (тұңғыш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен , өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.03.13 N 08-1-1-1/55-1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009.03.27 N 116 бірлескен бұйрығымен .

7. Туристiк визалар (ТСВ)

      11. Туристiк визалар шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы болған жағдайда берiледi.

      12. Тiзiмiн ҚР СIМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК белгiлейтiн елдердiң азаматтарын - туристерiн шақырған кезде iшкi iстер органының рұқсаты талап етiлмейдi. Сондай-ақ аталған азаматтарға туристiк ұйымдардың қолдаухаты бойынша туристiк визалар ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерiнде ресiмделуi мүмкiн.

      12-1. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Корея Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Польша Республикасының, Венгрия Республикасының, Словак Республикасының, Израиль Мемлекетінің, Хорватия Республикасының, Оман Сұлтандығының, Чех Республикасының, Румынияның, Болгар Республикасының, Мальтаның, Кипр Республикасының, Словения Республикасының, Литва Республикасының, Латвия Республикасының, Эстония Республикасының, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарының Қазақстан Республикасының туристік визасын беру жөніндегі жазбаша өтініші бар болған жағдайда бір мәртелік туристік визалар 30 тәулік мерзімге немесе екі мәртелік туристік визаны 60 тәулік мерзімге берілуі мүмкін
      Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды, толықтыру енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724 бірлескен бұйрығымен , 2004 жылғы 25 мамырдағы N 08-1/123,  2004 жылғы 23 маусымдағы N 357 бірлескен бұйрығымен , ҚР Ішкі істер министрінің 2007.07.04. N 272, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007.06.29. N 08-1-1-1/200 бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 365, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 08-1-1-1/257 Бірлескен бұйрығымен ,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.24. N 494, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007.12.07. N 08-1-1-1/415 (тұңғыш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен , ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.03.13 N 08-1-1-1/55-1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009.03.27 N 116 бірлескен бұйрығымен .

8. Оқуға арналған визалар (OУB)

      13. Оқуға арналған визалар оқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресiмделетiн ҚР CIM-ның визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына оқуға, оқу тәжiрибесiнен өтуге, сынақ мерзiмiне және осыларға тәрiздi себептермен келетiн, сондай-ақ болатын шетел азаматтарына берiледi.

9. Емделуге арналған визалар (ЕАВ)

      14. Емделуге арналған визаларды медициналық мекемелердiң шақыру мақсатын растайтын құжаттары негiзiнде ресiмделетiн ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетiн, сондай-ақ болатын шетел азаматтарына берiледi.

10. Жұмысқа арналған визалар (ЖЕВ)

      15. Жұмысқа арналған визалар:
      1) шетелдiк жұмыс күшiн тарту құқығына арналған рұқсаты мен белгiленген тәртiпте ресiмделген ұйымдардың шақыруы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына жұмыс iстеуге келетiн шетел азаматтарына берiледi. Рұқсатқа Қазақстанда жұмыс iстеу үшiн тартылған тұлғалардың паспорттық мәлiметтерiмен бiрге еңбекпен қамту мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның мөрiмен куәландырған және лауазымды тұлға қол қойған тiзiм мiндеттi түрде қоса берiлуi қажет;
      2) егер жұмыс iстеуге арналған рұқсаттарды алу талап етiлмейтiн жағдайда халықаралық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасына жұмыс iстеуге келетiн шетел азаматтарына;
      3) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істеуге арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына;
      4) жоғарыда аталған санаттағы тұлғалардың жұмыс iстемейтiн отбасы мүшелерiне берiледi.
      Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 08-1/126 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 661 бірлескен бұйрығымен .

11. Тұрақты тұруға арналған визалар (ТТВ)

      16. Тұрақты тұруға арналған визаларды ҚP ҰҚК мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - ҚР КДА) келiсiмi бойынша ресiмделген ҚР СIМ-нiң визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтiнiштерi негiзiнде ҚР СIМ-нiң шетелдегi мекемелерi Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетiн шетел азаматтарына бередi.
      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және одан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетел азаматтарына шығу визаларын Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған тәртiппен ресiмделген рұқсаттар негiзiнде облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының IIД бередi.

12. Транзиттiк визалар (TB)

      17. Транзиттiк визалар үшiншi елге кiруге жарамды құжаттары (визасы) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтулерi үшiн берiледi.

      18. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн шетел азаматтарының өзiмен бiрге өздерiнiң кiрген күнiн растайтын құжаттары (жол билетi) болуы тиiс, ол туралы Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi хабардар етедi.

13. Визалардың түрлерi

      Визалар мынадай түрлерi бойынша бөлiнедi:
      1) кiру
      2) кiру-шығу
      3) шығу
      4) шығу-кiру

      19. Кiру визалары Қазақстан Республикасына оқуға, емделуге, сондай-ақ тұрақты тұруға келетiн шетел азаматтарына 6 айға дейiнгi қолданыс мерзiмiмен берiледi.

      20. Кiру-шығу визалары Қазақстан Республикасына келетiн шетел азаматтарына екi жылдан аспайтын қолданыс мерзiмiмен берiледi.

      21. Шығу визалары жұмысы, оқуы, емделуi аяқталғаннан кейiн немесе басқа да себептер бойынша Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi кетуiне байланысты шетел азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан басқа елдерге тұрақты тұруға кететiндерге берiледi.
      Шығу визалары берiлген күнiнен бастап 15 тәулiктен аспайтын, ал тұрақты тұруға кететiндерге 3 айдан аспайтын қолданыс мерзiмiмен берiледi.

      22. Шығу-кiру визалары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын сондай-ақ Қазақстан Республикасына оқуға немесе емделуге келген шетел азаматтарына егер уақытша елден тысқары шығатын кездерде берiледi.
      Кiру-шығу визалары 3 айға дейiнгi қолданыс мерзiміне берiледi.

14. Қазақстан Республикасының визаларын
алмастыратын құжаттар

      23. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары:
      1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының жарамды ұлттық паспорттары мен ықтиярхат куәлiгi;
      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру орны бойынша тiркелгендiгi туралы белгiсi бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi негізiнде Қазақстан Республикасына келе алады, онда бола алады және Қазақстан Республикасынан кете алады

      24. Қазақстан Республикасынан шығарылған шетел азаматтары олардың шығарылуы туралы шешiмнiң және шығарылуы туралы мөртабан қойылған ұлттық паспорттың немесе оны алмастыратын құжаттың негiзiнде визасыз Қазақстан Республикасынан кете алады.

15. Визалардың болу мақсатына сәйкестiгi

      25. Визаларды беру негiздемесi шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мақсаттарымен сәйкес келуi тиiс.
      Қазақстан Республикасына туыстарының және таныстарының шақырулары бойынша, яғни, жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаса алмайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсаттарымен байланысты емес өзге қызметпен айналыса алмайды.

16. Визалардың қолданыс мерзiмi

      26. Визалар онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасына келуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық бередi.

      27. "Дипломаттық", "қызметтiк", "инвесторлық" санаттағы визалар, әдетте 1 жылға дейiнгі мерзiмге берiледi.
      Өзара кепiлдiк қағидасы ескерiлiп "дипломаттық", және "қызметтiк" санаттағы визалар 2 жылға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында есептiк тiркелiмi бар шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел компаниялары өкiлдiктерiнiң және филиалдарының бiрiншi басшыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне ҚР CIM-нiң келiсiмi бойынша 2 жылға дейiнгi мерзiмге көп мәртелiк инвесторлық виза берiлуi мүмкiн.

      28. "Iскерлiк", "жұмыс iстеуге арналған", "оқуға арналған" санаттағы визалар 1 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Бұл орайда, "оқуға арналған" санаттағы бастапқы визалар 1 айға дейiнгi мерзiмге берiледi және талапкер оқуға түскен кезде ұзартылуға жатады.

      29. "Емделуге арналған" санаттағы визалар 6 айға дейiнгi мерзiмге берiледi.

      30. "Тұрақты тұруға арналған", "жеке" санаттағы визалар 90 күнге дейiнгi мерзiмге берiледi.

      31. "Туристік" санаттағы виза: бірмәртелік – 30 тәулік мерзімге, екімәртелік – 60 тәулік мерзімге беріледі. Бұл ретте туристің Қазақстан Республикасында болу мерзімі әр ретте 30 тәуліктен аспауы тиіс.
      Шақырушы туристік ұйым туристік топтың (туристің) Қазақстан Республикасының аумағына екі рет кіруінің қажеттігін негіздейтін сапар бағытын көрсеткен жағдайда, 12-1-тармағында көрсетілмеген елдер азаматтарына мерзімі 60 тәуліктен аспайтын екімәртелік туристік виза берілуі мүмкін.
       Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.03.13 N 08-1-1-1/55-1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009.03.27 N 116 бірлескен бұйрығымен .

      32. "Транзиттiк" санаттағы визалар бес тәулiк iшiнде бiр бағытта транзиттiк өту кезiнде 30 тәулiкке дейiнгi мерзiмге оның иесiне жоғарыда көрсетiлген мерзiм кезеңiнде Қазақстан Республикасында болу құқығымен берiледi.

17. Визаның мәртелiгi

      33. Бiр мәртелiк визалар Қазақстан Республикасына бiр рет келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық бередi, тиiсiнше екi, үш және көп мәртелiк визалар оның қолдану шегінде Қазақстан Республикасына екi, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге құқық бередi.

      34. "Дипломаттық", "қызметтiк", "инвесторлық", "iскерлiк", және "жұмыс iстеуге арналған" санаттағы визалар бiр мәртелiк, сондай-ақ екi, үш, көп мәртелiк сапарларға, "туристiк" - екi мәртелiк сапардан артық емес, "жеке", "оқуға арналған", "емделуге", "тұрақты тұруға арналған" - тек бiр мәртелiк сапарға берiлуi мүмкiн.

   18. Топтық визалар

      35. Топтық визалар шетел азаматтары топтарының Қазақстан Республикасына ұйымдасып кiрулерi, Қазақстан Республикасынан шығулары немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде, мақсатқа сай және орынды немесе жеке визаларды ресiмдеу үшiн қиындықтар болғанда ресiмделедi.
      Мұндай визаларды беру үшiн барлық топ мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына кiруi және Қазақстан Республикасынан шығуы кезiнде шекарадағы бақылау-өткiзу пунктiне (БӨП) бiр уақытта келуi және өтуi Қазақстан Республикасы аумағы бойынша топ құрамында жүрiп-тұруы мен қандай да бiр пунктте болуы мiндетті шарттар болып табылады.

      36. Топтық визаларды ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi және шетелдегi мекемелерi, егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзге тәртiп көзделмесе, құзырлы органдармен келiсiлген ҚР СІМ-нiң визалық қолдауы бойынша бередi.
      Сонымен қатар, топтық визаларды Қазақстан аумағында ҚР IIМ, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының ІІД бередi.

      37. Топтық визалар алфавиттiк тәртiпте түзiлетiн нысан бойынша атаулы тiзiмдерде ресiмделедi:
___________________________________________________________________
N | тегi, аты |   күнi, айы    | Жынысы | паспорт | Азаматтығы
   |           |және туған жылы |        | нөмірі  |
___________________________________________________________________
1        2             3            4        5           6
___________________________________________________________________

      Виза бөлек жеке қағаз парағына жабыстырылады және осы Нұсқаулықтың 19 тарауына (Визаларды ресiмдеу) сәйкес толтырылады. "Паспорттың N/passport N" бағанында "топтық", жазылады, "қосымша мәліметтер/additional information" бағанында тiзiм бойынша кiретiн (шығатын) тұлғалардың саны көрсетiледi (мысалы: "25 адамға тiзiм қоса берiлiп отыр").
      Визасы бар парақтың төменгi бөлiгiне мынадай жазу жазылады:
      "Қоса берiліп отырған тізімде көрсетiлген әрбiр адам (______ тегiнен басталатын және ________ тегiмен аяқталатын) БӨП-де жеке басын куәландыратын паспорт немесе фотосуреті бар басқа құжатын көрсеткен кезде ғана осы виза жарамды".
      Визалы парақ тiзiммен бiрге жоғары сол бұрышын майыстыру жолымен тiгiледi, ол консулдық мекеменiң мөрімен немесе Қазақстан Республикасы iшкi iстер органының визалық мөрiмен бекiтiледi.
      Визаны берген консулдық лауазымды адам (көшi-қон полициясының лауазымды адамы) тiзiмнiң төменгі жағына (лауазымын және тегiн көрсетiп) қол қояды, қойылған қол Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң немесе iшкі iстер органының мөрiмен расталады.
      Жабыстырылған визамен тiзiм бiр данада жасалынады, түпнұсқа топ жетекшiсiнде қалады, ксерокөшiрмелерi: бiреуi Қазақстан Республикасына кiру (шығу) кезiнде БӨП-не тапсырылады, екіншiсi визаны берген Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде немесе iшкi iстер органында қалады.
      Тiзiмге түзетулер мен толықтырулар жасауға жол берiлмейдi.

19. Визаларды ресiмдеу

      38. Барлық санаттағы визалар жалған көшiрмелерден қорғайтын өзiндiк ерекшелiктерi бар арнайы парақта жасалған жапсырма түрiнде болады. Визалық жапсырма бiрдей сериясы және нөмiрi бар визаның өзінен (түпнұсқа) және көшiрмесiнен тұрады.

      39. Визаны ресiмдеу кезiнде ДВ (дипломаттық), ҚВ (қызметтiк), ИНВ (инвесторлық), ІCB (iскерлiк), ЖСВ (жеке), ТСВ (туристiк), ОУВ (оқуға арналған), ЕАВ (емделуге арналған), ЖЕВ (жұмыс iстеуге арналған), ТТВ (тұрақты тұруға), ТВ (транзиттiк) - санаттағы визалар кодының сол жағынан оны берген мекеменiң коды қойылады.  Консулдық лауазымды адамның (көшi-қон полициясының лауазымды адамының) тегі көрсетілiп, қолы қойылады.
      ҚР CIM қажеттiлiк шаралар бойынша реттік кодын өзгертедi, ол туралы ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерiн және шетелдегі мекемелерiн, ҚР IIМ және ҚР ҰҚК өз уақытында хабардар етедi.

      40. Визалардың толтырылуы қолмен немесе компьютерде жасалады.
      Визаларды беру күнi және қолдану мерзiмi араб сандарымен қойылады (мысалы: 15.09.2002).

      41. Кiру визасын ресiмдеу кезiнде, "түpi/type" бағанындағы "шығу/ехit" - "кipy/entry" сөздерi сызылып тасталынады.

      42. Шығу визасын ресiмдеу кезiнде, "түрi/type" бағанында "кipу/entry" сөздерi сызылып тасталынады.

      43. Кiру-шығу визаларын ресiмдеу кезiнде, "түрi/type" бағанының оң жақ шетiндегi "кiру/entry" сөзi сызылып тасталынады.

      44. Шығу-кiру визаларын беру кезiнде "түрi/type" бағанның сол жағы шетiндегi "кipy/entry" сөзi сызылып тасталынады.

      45. Бiр мәртелiк немесе көп мәртелiк (eкi мәртелiк, үш мәртелiк) визаларды беру кезiнде "мәpтeci/entries" бағанындағы қажетсiз белгiлер сызылып тасталынады.

      46. "Басталу мерзiмi/vаlid from" бағанында визаның басталу күнi қойылады және "аяқталу мерзiмі/vаlid until" бағанында визаның аяқталу мерзiмi қойылады.

      47. "Берiлген күнi/date of issue" бағанында визаның берiлген күнi қойылады.

      48. "Паспорттың N/passport N" бағанында виза алған шетел азаматының паспорт нөмiрi қойылады.

      49. "Дипломаттық", "қызметтiк", "инвесторлық", "iскерлiк", "туристiк", "оқуға арналған", "емделуге арналған", "жұмыс iстеуге арналған", санаттағы визаларда "шақырған мекеме/inviting organization" бағанында шақырушы ұйымның атауы көрсетiледi (мысалы: "ҚР Қаржы министрлiгi", "Ақ бота" ЖШС, "Астанасервис" АҚ және т.б.).
      "Жеке" санаттағы визада шақыруды ресiмдеген органның аты көрсетiледi (мысалы: Астана қаласының IIБ). Осы Нұсқаулықтың 10 тармағындағы 5, 6, 7, 8 тармақшаларының негiзiнде жеке визаны беру кезiнде виза беру үшiн негiз болып табылатын Нұсқаулықтың тармағы мен тармақшалары көрсетiледi (мысалы: "Нұсқаулықтың 10 т. 7 тш.").
      "Тұрақты тұруға арналған: санаттағы визада кiруге (мысалы. "ҚР КДА") немесе шығуға (мысалы: "IIБ 062") рұқсат берген органның аты көрсетiледi.
      Егер визаны беру туралы шешiмдi ҚР СIМ-нiң шетелдегi мекемесiнiң басшысы қабылдаған жағдайда, ҚР CIM-нiң шетелдегi мекемесiнiң аббревиатурасы көрсетiледi (мысалы: "ГФР-дағы ҚРЕ", "Майндағы Франкфурттегi ҚPBК").

      50. Бiр адамға ресiмделген визаның "өзiмен бipге/accompanied by" бағанында сызықша қойылады.
      Егер виза иесiнiң паспортына оның отбасы мүшелерi кіргiзiлсе және олар онымен бiрге заңды негiзде ерiп жүрсе өзiмен бipгe/accompanied by" бағанында олардың саны жазбаша түрде көрсетiледi, ал оның қатарына жақшаның iшiнде "паспорт бойынша" деп жазылады (мысалы: "(паспорт бойынша) бiр балақ", "(паспорт бойынша) екi бала") және т.б.
      Егер отбасы мүшелерi төлқұжат иесiнiң паспортына жазылмай, өздерiнiң жеке жол жүру құжаттары болса, ол кезде бұл бағанда адамдардың саны көрсетiледi, ал оның қатарына жақшаның iшiне "бөлек" деп жазылады (мысалы "бiр бала (бөлек)"), ал "қосымша мәліметтер/additional information" бағанында баланың жол жүру құжатының түрi мен нөмiрi көрсетiледi.
      Егер паспорт иесiмен бiрге өзiнiң жеке жол жүру құжаттары бар үш баладан артық жүретiн жағдайларда, онда бөлек визалар берiлiп, "қосымша мәліметтеp/additional information" бағанында олармен бiрге жүретiн тұлғаның паспорттың түрi, сериясы және нөмiрi көрсетiледi.

      51. Сонымен қатар, "қосымша мәліметтеp/additional information" бағанына мынадай қажеттi мәлiметтер енгiзуге болады:
      1) "визаны ұзарту" деген жазу мен ұзартылатын визаның нөмірі (мысалы: "943 ДВ N 0275386 визаны ұзарту");
      2) паспорт иесiнiң жүрген көлiк құралының маркiсi, моделi (тұрпаты) (мысалы: "автомобиль Toyota Land Cruser Prado, АF-723 R");
      3) егер туыстарының бiреуiнiң қайтыс болған фактiсiн (немесе ауыр науқастың жай-күйiн) растайтын жеделхат негiзiнде виза берiлген жағдайда, халықаралық жеделхаттың жiберiлген күнi мен нөмiрi;
      4) шетел азаматтарының баруына жабық елдi-мекеннiң атауын, егер көрсетiлген санатты тұлғалардың оған баруына рұқсат етiлген жағдайда ҚР СIМ растамасының нөмiрi мен күнi (мысалы: "Kypчатов қаласы, N 01-027/3 11.04.2002 жыл");
      5) шетелдiк мемлекеттердiң халықаралық жолаушы және жүк тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк компанияларының жүргізушiлерiне (мамандарына, механиктерiне, бухгалтер-кассирлерiне) eгep, виза берудiң негiздемесi тасымалдауды жүзеге асыру болып табылса "халықаралық тасымалдар" жазуы;
      6) мақсатқа сай және қажет болған кезде Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету пункттерi;
      7) жұмыс күшін тартуға құқық беретін уәкілетті органның рұқсатының нөмірі немесе визаны беруге негіздеме болған осы Нұсқаулықтың тармақшасы (мысалы: "Нұсқаулықтың 15т.2тш." немесе "Нұсқаулықтың 15т.3тш.");
      8) визалық қолдаудың нөмiрi немесе ҚР CІM сауалға жауабының күнi мен нөмiрi (шақырған жақ болмаған жағдайда), жеке шақырудың күнi мен нөмiрi;
      9) транзиттiк визаны беру кезiнде (басқада қажеттi қосымша мәлiметтер болмаған жағдайда) сапарға баратын ел;
      10) "Жұмысқа арналған" санаттағы виза иегерiнiң отбасының жұмыс iстемейтiн мүшелерiне тәрiздес визаны ресiмдеген кезде "жұмысқа орналасуға құқықсыз" деген жазба;
      11) шетелдiк азаматтықтағы қазақ диаспорасы өкiлдерiне куәлiгiнiң нөмiр" және "КДО" жазбасы;
      12) қысқа мерзiмдi iс-сапарға келетiн тұлғалар үшiн iскерлiк виза беру кезiнде "iс-сапар" жазбасы;
      13) басқа қосымша мәлiметтер.
      Осы бағанда қосымша мәлiметтер болмаған жағдайда сызықша қойылады.
      Ескерту: 51-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 08-1/254, ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 605 бірлескен бұйрығымен .

      52. Дипломаттық, қызметтік және инвесторлық визаларды беру кезінде визалық жапсырманың "қосымша мәліметтер/additional іnformatіon" бағанындағы бірінші үш цифр визаны берген консулдық мекеменің кодын, ал келесілері - тіркеудің реттік нөмірін білдіретін (мысалы: ҚР СІМ тірк. N 929/15) тиісті жазба енгізу арқылы шетел азаматтарының паспорттарын тіркеу қатар жүргізіледі. Бұл ретте, визаны берген орынға қарамастан "ҚР СІМ" қысқарған сөздері өзгермейді.
      Визаны бергендігі және оның тіркелгендігі туралы ҚР СІМ-не кідірместен, "Ескертпе" бағанында Қазақстан Республикасында тұруы ықтимал жер көрсетілетін бекітілген үлгідегі хабарлама жолданады. ҚР СІМ хабарламаны алған кезден бастап үш тәулік ішінде ҚР ҰҚК-і мен ҚР ІІМ-не алынған ақпаратты жолдайды.
      Ескерту: 52-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 08-1/254, ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 605 бірлескен бұйрығымен .

      53. Визалардың мәтінiнде өзгертулерге жол берiлмейдi. Мәтіндерi (сандары) түзетiлген немесе осы тарауда көрсетiлгеннен өзгеше түрде ресiмделген визалар жарамсыз болып есептеледi.

20. Визаларды алу үшiн ұсынылған құжаттарға
қойылатын талаптар

      54. Қазақстан Республикасының визалары шетел азаматтарына паспорттарды немесе оларды алмастыратын, Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды көрсеткенде, егер оның түпнұсқалылығына және иесінікi екендiгiне күмән келтiрмейтiн болса берiледi.
      Паспорттардың немесе оны алмастыратын құжаттың қолданыс мерзiмi сұраған визаның қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн үш айдан аспай бiту керек.
      Паспортта немесе оны алмастыратын құжатта ескертiлмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгiлгендiгі табылған жағдайда осындай құжаттардың иелерiне визалар берiлмейдi.
      Құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы, оларда жасалған ескертiлмеген түзетулердiң себебi бойынша виза беруден бас тарту жағдайы туралы мiндеттi түрде ҚР CIM-н хабардар ету қажет.

21. Визаларды беру тәртiбi

      55. ҚР СIМ шетелдегi мекемелерi осы нұсқаулықпен қарастырылған негiздер болған жағдайда барлық санаттағы визаларды бередi.
      Жеке жағдайда, визаларды беру туралы шешiмдi ҚР CIM-нiң шетелдегi мекемесiнiң басшысы заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi негiзiнде ҚР ҰҚК-не бұл туралы өз уақытысында мәлiмдеп отыратын ҚР СIМ-не кейiн хабарлап, қабылдауы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері тарапынан Австралия Одағы, Австрия Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Бельгия Корольдігі, Германия Федеративтік Республикасы, Грекия Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Корея Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Польша Республикасының, Венгрия Республикасының, Словак Республикасының, Израиль Мемлекетінің, Хорватия Республикасының, Оман Сұлтандығының, Чех Республикасының, Румынияның, Болгар Республикасының, Мальтаның, Кипр Республикасының, Словения Республикасының, Литва Республикасының, Латвия Республикасының, Эстония Республикасының, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Княздігі, Люксембург Ұлы Герцогтығы, Малайзия, Монако, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Португалия Республикасы, Сингапур Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі азаматтарына Қазақстан Республикасының бір мәртелік дипломаттық, қызметтік, іскерлік, жеке және туристік визалары олардың жазбаша өтініші негізінде шақырусыз және визалық қолдаусыз осы Нұсқаулықтың 55-тармағының 2-абзацы мен 59-тармағының 1), 2), 4)-тармақшаларының нұсқаулары сақталып берілуі мүмкін
      Визалық қолдауда көрсетiлген визаны алу орны өзгерген жағдайда, ҚР СIМ-не бұл жөнiнде хабарланып, виза өтiнiш жасаған орны (Қазақстан Республикасының аумағындағы консулдық пункттердi қоспағанда) бойынша берiледi.
      Қазақстан Республикасының екімәртелік туристік визасы осы Нұсқаулықтың 12-1 тармағында көрсетілген азаматтар үшін жазбаша өтініш беру арқылы шақырусыз және визалық қолдаусыз, 55-тармақтың екінші абзацының және осы Нұсқаулықтың 59-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларының нұсқамаларын сақтағанда беріледі.
      Ескерту: 55-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724 бірлескен бұйрығымен , 2004 жылғы 25 мамырдағы N 08-1/123, 2004 жылғы 23 маусымдағы N 357 бірлескен бұйрығымен , ҚР Ішкі істер министрінің 2007.07.04. N 272, ҚР Сыртқы істер министрінің 2007.06.29. N 08-1-1-1/200 бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі N 365, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007 жылғы 3 қыркүйектегі N 08-1-1-1/257 Бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007.12.24. N 494, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2007.12.07. N 08-1-1-1/415 (тұңғыш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен , ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.03.13 N 08-1-1-1/55-1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009.03.27 N 116 бірлескен бұйрығымен .

      56. Қазақстан Республикасының аумағында визаларды:
      1) ҚР CIM - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттер өкiлдiктерiнiң өтiнiштерi бойынша шетел азаматтарына бередi;
      ҚР СІМ консулдық пункттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында, оның ішінде мемлекеттік шекарадан өту мезгілінде визалық жапсырмада қателер табылған кездерде де визалар беруді жүзеге асырады. ҚР СІМ-нің консулдық пункттері өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның белгіленген тәртіпте келісілген қолдаухаты бойынша АӨҚО қатысушыларға инвесторлық виза береді; V070005060
      2) ҚР IIМ, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының IIД заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша ("дипломаттық" және "инвесторлық" санаттағы визалардан басқа) бередi.
      Ескерту: 56-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2004.10.19 N 08-1/254, ҚР Ішкі істер министрінің 2004.11.01 N 605 бірлескен бұйрығымен, ҚР Сыртқы істер министрінің 2006.09.22 N 08-1/276, ҚР Ішкі істер министрінің 2006.09.25 N 468 бірлескен бұйрығы.

      57. Шетел азаматтарының келуi үшiн құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн ҚР ҰҚК-iмен келiсiмi бойынша өздерiнiң құзыретiне сәйкес ҚР СIМ мен ҚР IIM айқындайды.

      58. Қазақстан Республикасына келу үшiн визалар беру туралы шетел азаматының өтiнiшiн алу кезiнде Қазақстан Республикасының консулдық мекемесi мыналарды тексередi:
      1) ҚР IIМ-IIД-нің белгiленген үлгідегi шақыру түпнұсқасының немесе ҚР CІM-нiң визалық қолдауының болуын;
      2) ұсынылған паспорттың түпнұсқалылығы мен жарамдылығын;
      3) фотосурет жапсырылған визалық сауалнаманың (сауалнамадағы аты-жөнi қосымша латын әрiптерiмен көрсетiледi) толтырылуының дұрыстығын.
      Бұдан басқа өтiнiш бiлдiрушiден визаны ресiмдеу жөнiндегi қажеттi шешiмдi қабылдау үшiн оның сапары мақсаты және басқа да сұрақтар анықталады.
      ҚР CIM-нiң визалық қолдауы болған жағдайда шақырудың болуы талап етiлмейдi.

      59. Өтiнiштi зерделеу кезiнде мыналар қажет:
      1) өтiнiш бiлдiрушiнiң ТМД-на қатысушы мемлекеттер аумағына кiруi шектелмегендiгiне көз жеткiзу;
      2) өтiнiш бiлдiрушiмен әңгiме барысында немесе басқа деректемелерден алынған мәлiметті және паспорттың мағлұматын визалық сауалнамадағы сұрақтарға жауаптардың мазмұнымен салыстыру;
      3) шетел азаматының мәлiмдеген сапардың мақсаты шақырушы тарап көрсеткен мақсатпен сай келетiне көз жеткiзу;
      4) өтiнiш бiлдiрушiнiң Қазақстан Республикасында болғаннан кейiн паспорттық құжаты оған тұрақты тұратын елге қайтып оралуына немесе басқа елге кетуiне құқық беретiндiгiн анықтау;
      5) Қазақстан Республикасына кіруге арналған виза немесе визалық қолдау беруді ҚР ҰҚК-мен келісу.
      ҚР ІІД-ІІМ-нің шақыруы, ҚР СIМ-нің нұсқауы немесе визалық қолдауы болмаған жағдайда ҚР СIМ-нің шетелдік мекемелері ҚР СІМ-не белгіленген үлгіде сұрау салу жолдайды. Сұрау салуға ҚР СІМ-нің жауабы немесе басқа да нұсқаулары болмаған жағдайда, бір мәртелік виза ҚР СІМ-нің сұрау түскендігі туралы растауын алғаннан кейін 5 күннен соң берілуі мүмкін.
      Осы Нұсқаулықтың 12-1-тармағында көрсетілген елдер азаматтары үшін екімәртелік туристік визаны қоспағанда, көпмәртелік (екімәртелік, үшмәртелік) визаға берілген сұратудың жауабы ҚР СІМ-нен келіп түскенінен кейін беріледі.
      ҚР СІМ-нің шетелдік мекемесінің басшысының шешімі негізінде осы Нұсқаулықтың 55-тармағының екінші және үшінші абзацтарының ережелеріне сәйкес бір мәртелік визалардың берілу дерегі бойынша 52-тармақтың екінші абзацында белгіленген тәртіппен хабарлама жолданады
      Ескерту: 59-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 19 қазандағы N 08-1/254, ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 қарашадағы N 605 бірлескен бұйрығымен , ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.03.13 N 08-1-1-1/55-1 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009.03.27 N 116 бірлескен бұйрығымен .

      60. Өтiнiштi зерделеу нәтижесiнде консулдық мекеме осы Нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, виза беру немесе виза беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      61. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесi ТМД-на қатысушы мемлекеттер аумағына кiрулерi шектелген шетел азаматтарына виза беруден бас тартады және өз уақытында кiруге жабық туралы нұсқаулық хаттың күнiне және нөмiрiне сiлтеме жасай отырып, осындай тұлғалардың виза үшiн өтiнiш бiлдiрген Фактiсi туралы ҚР СIМ-н хабардар етедi.
      Өтінiш бiлдiрген тұлғаларға виза беруден бас тартудың себептерi хабарланбайды.

      62. ҚР СІМ ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi мен шетелдегi мекемелерiн ТМД-на қатысушы мемлекеттер аумағына кiрулерi шектелген шетел азаматтары туралы хабардар етедi.

      63. Шетел азаматына Қазақстан Республикасының визасын беруден мынадай жағдайда бас тартылуы мүмкiн:
      1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi немесе тұрғындардың денсаулығын қорғау мүдделерiнде;
      2) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгiне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
      3) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса;
      4) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
      5) егер ол террористтiк қимыл үшiн айыпталса немесе сот оны аса қауіптi қылмыскер деп мойындаса;
      6) егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылса;
      7) егер ол бұның алдында Қазақстан Республикасында болған уақытында Қазақстан Республикасындағы шетелдiк азаматтардың құқықтық жағдайы туралы заңдарын, кедендiк, валюталық немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны туралы фактiлерi анықталса;
      8) егер ол кiру туралы өтiнiш бiлдiрген кезiнде өзi туралы жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды бермесе;
      9) егер өтiнiштi зерделеу немесе әңгiмелесу барысында шетел азаматы мен шақырушы жақтың мәлiмдеген сапар мақсаты сай келмейтiнi анықталса;
      10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген өзге де негiздерде.

      64. Шетел азаматына шығу визасы мынадай жағдайда берiлмеуi мүмкiн:
      1) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздемелер бар болса iстiң аяқталу мерзiмiне дейiн;
      2) егер ол жасаған қылмысы үшiн сотталса - жазасын өтеуге дейiн немесе жазадан босатылғанға дейiн;
      3) егер ол сотпен оған жүктелген мiндеттемелердi орындаудан жалтарса - мiндеттемелерiнiң орындалуына дейiн;
      4) Қазақстан Республикасының заңды актiлерiмен белгiленген өзге де негiздемелер бойынша.
      Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасынан шығу мерзiмi Қазақстан Республикасынын азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiне байланысты мүлiктiк мiндеттемелерiн орындағанға дейiн ұзартылуы мүмкiн.

      65. Қазақстан Республикасының визаларын ресiмдеу, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзге ережелер белгiленбесе, мемлекеттiк баж (консулдық алымдар) және нақты шығыстардың сомалары төленгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.

22. Визаны ұзарту тәртiбi

      66. Визалардың қолданыс мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдердi ҚР СIМ мен Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қабылдаған заңды (жеке) тұлғалардың немесе шетел азаматтарының өздерiнiң жазбаша өтiнiш берген сәттен бастап, бескүндiк жұмыс күннiң iшiнде қабылдайды.
      Визалардың қолданыс мерзiмiн ұзарту "қосымша мәліметтер/additional information" бағанында қолданыс мерзiмi өтiп кеткен визаның нөмiрiн (мысалы. "943 IСВ  0275386 визаны ұзарту") көрсетумен, сол санаттағы жаңа виза беру жолымен жасалады.
      Визалардың қолданыс мерзiмдерiн ұзарту шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн ұзарту қажеттiлiгiн растайтын құжаттары болған жағдайда (лицензия, келiсiм-шарт және т.б.) ғана рұқсат етіледi.

      67. Туристiк визалар тек ерекше жағдайларда (туристің науқастануы, табиғаттық катаклизмдер, төтенше жағдайлар және т.б.) ұзартылады.

      68. ҚР СIМ-де тiркелген шетелдiк дипломатиялық және консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың және өзге де шетел мемлекеттерiнiң өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң болу мерзiмiн ұзартуды тiркелу мерзiмнен аспайтын кезеңге ҚР СIМ жүзеге асырады.

      68-1. Визалардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ АӨҚО қатысушыларға визалардың санатын өзгерту осы нұсқаулыққа сәйкес өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қолдаухаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай жүзеге асырылуы мүмкін
      Ескерту: 68-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 08-1/276, ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 468 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бірлескен бұйрығымен.

      69. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзiмiн ұзарту кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарымен қосымша келiсу талап етiлмейдi.

      70. ҚР СIМ-нiң нұсқауы бойынша пайдаланылмаған визалардың орнына жаңа виза беру үшiн ҚР СIМ-нiң қосымша келiсiмi талап етiледi. Бұл туралы сұрау салуда визалардың пайдаланылмаған себептерi көрсетiлуi тиiс. Жаңа виза беру кезiнде консулдық алым алынады.

23. Визаларға қол қою құқығы

      71. Қазақстан Республикасының визаларына:
      1) ҚР СIМ-нiң бұған уәкiлетті ҚР СІМ-нiң қызметкерлерi, сондай-ақ ҚР CIM консулдық пункттерi мен шетелдiк мекемелерiнiң басшылары мен консулдық лауазымды тұлғалары;
      2) ҚР IIМ-нiң Көшi-қон полициясы департаментiнiң, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД көшi-қон полициясы басқармаларының (бөлiмдерiнiң) бастықтары немесе олардың орынбасарлары қол қояды.

      72. ҚР CІМ-нiң шетелдегi мекемелерi және ҚР IIМ-нiң Көшi-қон полициясы департаментi визаларға қол қоюға уәкiлеттi тұлғалар туралы (тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы) ҚР СIМ-н хабардар етiп, олардың қолдарының үлгiлерiн үш данада, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визасын беретiн мекеменiң (органның) дөңгелек гербтiк (визалық) мөрi таңбаларын жiбередi.
      ҚP СIМ өз уақытында Қазақстан Республикасының визаларға қол қоюға уәкiлетті құқығы бар тұлғалар туралы ҚР ҰҚК Шекаралық қызметiн және ҚР IIM-н хабардар етедi.

24. Берiлген визалардың есебi

      73. Ресiмделген визалар туралы деректер визалардың әр санаты үшiн жеке есеп журналына енгiзiледi. Журналдар нөмiрленген, жiппен тiгiлген, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктердiң консулдық бөлiмдерi, Консулдық мекемелер, ҚР CIM КҚД, ҚР IIМ Көшi-қон полициясы департаментi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының IIД Көшi-қон полициясы басқармалары мөрiмен және басшыларының (аға дипломатының) қолымен расталған болуы керек (қосымшада).
      ҚР CIM, ҚР СIМ-нiң консулдық пункттерi мен шетелдегi мекемелерiнiң ресiмдеген визалары жөнiндегi мәлiметтер бұдан басқа "Консул" автоматтандырылған деректер қорына қосымша енгiзiледi.

      74. Визалық жапсырмалар бланкiлерi қатаң есеп-қисапты құжат болып табылады.
      ҚР CIM-нiң консулдық пункттерi мен шетелдегі мекемелерi әр айдың 5-i күнi ҚР СIМ КҚД-не берiлген визалар, түскен консулдық алымдардың сомасы туралы және күтiлмеген шығыстардың (нақты шығыстардың) өтеу есебiне, сондай-ақ визалық жапсырмалар шығыстары туралы белгiленген үлгiдегi статистикалық есебiн тапсырады.

      75. Толтыру кезiнде бүлiнген визалық жапсырмалар блокта (кiтапшадан қалады. Мұндай әр фактi бойынша тиiстi акт жасалынады.

      76. Әртүрлi себептер бойынша (мерзiмдердiң, санаттардың, түрлердiң т.б. өзгеруi) паспорттағы (жол жүру құжатында) визалардың күшiн жоюы жағдайларында, құжаттан фотосурет және паспорттық деректерi бар беттерiнiң, сондай-ақ күшi жойылған виза бар бетiнiң ксерокөшiрмесi алынады. Сонымен бiрге тиiстi акт жасалынады.

      77. Қолданылған визалық кiтапшалар қатаң есептiлiк бланкілердi сақтау үшiн әзiрлеген талаптарға сәйкес сақталынады. Визалық кiтапшаларды есептен шығарған кезде мiндетті тәртiпте есептен шығарылғаны туралы акті толтырылады.

25. Халықаралық шарттар

      78. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Нұсқаулықта қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережесi қолданылады.

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік хатшысы -   
Сыртқы істер министрінің  
2002 жылғы 24 желтоқсандағы 
N 08-1/77 бұйрығымен және 
Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2002 жылғы 27 желтоқсандағы 
N 806 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының  
визаларын беру тәртібі   
туралы Нұсқаулыққа     
қосымша          

ҚР-ның ДИПЛОМАТТЫҚ (ДВ), ҚЫЗМЕТТІК (ҚВ), ІСКЕРЛІК (ІСВ) ВИЗАЛАРЫНЫҢ БЕРІЛУ ЕСЕБІНІҢ ЖУРНАЛДАРЫНЫҢ НЫСАНЫ

____________________________________________________________________
N |құжат.|виза.|аза.|тегі,|туған|пас.|виза  |шақыр.|виза. |виза.
т/б|тарды |ның  |мат.|аты- |күні,|порт|беру  |ған   |ның   |ның
   |қабыл.| N   |тығы|жөні |айы, |се. |негіз.|тұлға |түрі  |мәрте.
   |дау   |     |    |     |жылы |рия.|демесі|      |      |лігі
   |күні  |     |    |     |     |сы, |(виза.|      |      |
   |      |     |    |     |     |N   |лық   |      |      |
   |      |     |    |     |     |    |қолдау|      |      |
   |      |     |    |     |     |    | N)   |      |      |
____________________________________________________________________
1    2      3     4    5     6    7     8      9      10     11
____________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
___________________________________________________________
виза. |консулдық алым/ |тү. |нақты |тү. |виза  |алушы.|ес.
ның   |мемлекеттік баж |бір.|шығыс.|бір.|беріл.| ның  |кер.
қолда._________________|тек |тар   |тек |ген   |қолы  |ту
ныс   |тариф |жеделдету| N  |      | N  |күн   |      |
мер.  |бойын.|  үшін   |    |      |    |      |      |
зімі  |  ша  |         |    |      |    |      |      |
___________________________________________________________
12      13       14     15   16     17    18     19    20
___________________________________________________________

ҚР-ның ИНВЕСТОРЛЫҚ (ИНВ), ЖЕКЕ (ЖСВ), ТУРИСТІК (ТВ), ОҚУҒА АРНАЛҒАН (ОАВ), ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН (ЖЕВ), ЕМДЕЛУГЕ АРНАЛҒАН (ЕАВ), ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА АРНАЛҒАН (ТТВ) ВИЗАЛАРЫНЫҢ БЕРІЛУ ЕСЕБІНІҢ ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

____________________________________________________________________
N |құжат.|виза. |аза.|тегі,|туған|пас.|виза  |ша. |виза.|виза.|виза.
т/|тарды | ның  |мат.|аты- |күні,|порт|беру  |қыр.|ның  |ның  |ның
б |қабыл.|серия.|тығы|жөні |айы, |се. |негіз.|ған |сана.|түрі |мәр.
  |дау   | сы   |    |     |жылы |рия.|демесі|тұл.|ты   |     |телі.
  |күні  |  N   |    |     |     |сы, |(виза.| ға |     |     |гі
  |      |      |    |     |     |N   |лық   |    |     |     |
  |      |      |    |     |     |    |қолдау|    |     |     |
  |      |      |    |     |     |    | N)   |    |     |     |
____________________________________________________________________
1    2      3     4    5     6    7     8       9    10    11   12
____________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
___________________________________________________________
виза. |консулдық алым/ |тү. |нақты |тү. |виза  |алушы.|ес.
ның   |мемлекеттік баж |бір.|шығыс.|бір.|беріл.| ның  |кер.
қолда._________________|тек |тар   |тек |ген   |қолы  |ту
ныс   |тариф |жеделдету| N  |      | N  |күн   |      |
мер.  |бойын.|  үшін   |    |      |    |      |      |
зімі  |  ша  |         |    |      |    |      |      |
___________________________________________________________
13      14       15     16   17     18    19    20     21
___________________________________________________________

ҚР-ның ТРАНЗИТТІК (ТВ) ВИЗАЛАРЫНЫҢ БЕРІЛУ ЕСЕБІНІҢ
ЖУРНАЛЫНЫҢ НЫСАНЫ

__________________________________________________________
N |құжат.|виза.|аза.|тегі,|туған|пас.|виза беру|визаның
т/б|тарды |ның  |мат.|аты- |күні,|порт| негізде.|қолданыс
   |қабыл.| N   |тығы|жөні |айы, |се. |  месі   |мерзімі
   |дау   |     |    |     |жылы |рия.|(баратын |
   |күні  |     |    |     |     |сы, | елдің   |
   |      |     |    |     |     | N  | визасы, |
   |      |     |    |     |     |    | билет)  |
___________________________________________________________
1    2      3     4    5     6    7       8         9
___________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
______________________________________________________
консулдық алым/ |тү. |нақты |тү. |виза  |алушы.|ес.
мемлекеттік баж |бір.|шығыс.|бір.|беріл.| ның  |кер.
________________|тек |тар   |тек |ген   |қолы  |ту
тариф |жеделдету| N  |      | N  |күн   |      |
бойын.|  үшін   |    |      |    |      |      |
  ша  |         |    |      |    |      |      |
______________________________________________________
10      11       12    13    14     15    16     17
______________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады