Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 123 қаулысымен.
Зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2386 тiркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы", (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2386 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2003 жылғы 30 маусым - 13 шiлде аралығындағы "Вестник Национального Банка Казахстана" және "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" басылымдарында жарияланған, N 14), 2003 жылғы 29 мамырдағы N 176 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
атаудағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесiнде:
жоғарғы оң жақтағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
атаудағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңына
және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалынған және жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрi - Қор), олардың құрылтай құжаттарына, Қорлардың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруге өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру тәртiбiн, мұндай рұқсат беруге бас тарту негiздемелерiн айқындайды.";
1-тармақта:
"реттеу және қадағалау жөнiндегi функцияларды және өкiлеттiктердi" деген сөздер "реттеу және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi құрылтай құжаттары үш данамен (түпнұсқа және екi көшiрме);";
3)-тармақшада:
екiншi абзацтағы құжаттарды "өткiзер алдындағы соңғы айдағы" деген сөздер "соңғы тоқсанның аяғындағы" деген сөздермен ауыстырылсын";
мынадай мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қызметiнiң стратегиясын, қызметiнiң бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кiрiстер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететiн Қордың бизнес-жоспары.";
2-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үш данасы (түпнұсқа және екi көшiрме).";
3 және 6-тармақтардағы "жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында" деген сөздер "Қорларды әдiлет органдарында, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларға, Қорлардың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат берудi, осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды, сонымен қатар Қордың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiмдердi жазбаша нысанда берудi жүзеге асырады.";
5-тармақтағы:
"орыс тiлдерiндегi" деген сөздерден кейiн "мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың көшiрмелерi" деген сөздермен толықтырылсын";
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2- тармақтарымен толықтырылсын:
"5-1. Қордың филиалын ашуға келiсiм алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
1) филиалды ашуға келiсiм алуға еркiн нысандағы өтiнiш;
2) Қордың жарғысына сәйкес уәкiлеттi органның Қордың филиалын ашу туралы шешiмi;
3) Қордың уәкiлеттi органы бекiткен мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi Қордың филиалы туралы ереже, үш данамен (түпнұсқа және екi көшiрме);
4) үй-жайдың, ұйымдастыру техникасының, телекоммуникациялық жабдықтың бар екендiгiн растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен келiсiлу рәсiмiнен өту үшiн филиал мен өкiлдiктiң басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық қызметiне кандидаттардың құжаттары.
Қордың өкiлдiктерiн ашуға келiсу алу үшiн осы тармақтың 1)-3), 5)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
Әдiлет органдарында филиалды (өкiлдiктi) есепке алуды тiркегеннен кейiн он төрт күннiң iшiнде Қор уәкiлеттi органға есепке алуды тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi.
5-2. Филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде Қор әдiлет органдарында оларды есепке алуды тiркеген күннен бастап он төрт күннiң iшiнде филиал (өкiлдiк) туралы ережеге нотариалды түрде куәландырылған өзгерiстер мен толықтыруларды, сонымен қатар есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмелерiн уәкiлеттi органға ұсынады.);
6-тармақтағы "4-тармақта көрсетiлген" деген сөздер "6-2-тармақта көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 6-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Қордың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беруде жазбаша нысанда бас тартады.
6-2. Әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды, Қордың филиалдарын (өкiлдiктерiн) ашыуға келiсiмдердi осы Ережеде көрсетiлген құжаттар топтамасын берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi орган қарайды.";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы:
"N" белгiсi алынып тасталсын;
"сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм берудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 қосымшада:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасының резидентi/резидент емесi ______________";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны.";
7-тармақтың 3)-тармақшасындағы "(үлесiнен)" деген сөз "акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
"жарғылық капиталда" деген сөзден кейiн "дауыс берушi акцияларға иелiк етуде және/немесе пайдалануда, және/немесе иеленуде" деген сөздермен толықтырылсын;
2 қосымшада:
9-тармақтың 3)-тармақшасындағы "(үлесiнен)" деген сөз "акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күннен өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуды және жабуды келiсу тәртiбi туралы" Ереженi бекiту туралы" 1998 жылғы 7 қаңтардағы N 4-П
бұйрығының
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 467 тiркелген);
2) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитеттiң "Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1998 жылғы 7 қаңтардағы N 4-П бұйрығымен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуды және жабуды келiсу тәртiбi туралы Ережеге" өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 27 маусымдағы N 70-П
бұйрығының
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1218 тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З. С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Қаржыгерлерiнiң қауымдастығына және Зейнетақы қорларының қауымдастығына жiберсiн.