Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 123 қаулысымен.
Ескерту: Қаулының атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242 қаулысымен , 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10 қаулысымен .
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi реттеудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
,
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттігінiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 31-Ө
бұйрығы
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 452 тiркелген, 1998 жылы, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, II том);
2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілiк талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 9 наурыздағы N 28-Ө
бұйрығы
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде N 74 тiркелген, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтік актiлер жинағында жарияланған, II том).
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов C.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
2003 жылғы 29 мамырдағы
N 176 қаулысымен бекiтiлген
Ескерту: Жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережеcін бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10 қаулысымен .
Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай
құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды
әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге
рұқсат беру ережесi
Ескерту: Ереженің атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242 қаулысымен , 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10 қаулысымен .
Осы Ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңына
және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалынған және жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрi - Қор), олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру тәртiбiн, мұндай рұқсат беруге бас тарту негiздемелерiн айқындайды.
Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
,
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшiн мынадай құжаттарды тапсырады:
1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi құрылтай құжаттары үш данамен (түпнұсқа және екi көшiрме);
3) осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жасалған құрылтайшылар (заңды және жеке тұлғалар) туралы мәлiметтер, оған мынадай құжаттар қоса берiледi (құрылтайшы заңды тұлғалар үшiн):
құрылтайшының соңғы екі жылдағы және құжаттарды соңғы тоқсанның аяғындағы қаржылық есебi;
құрылтайшының соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есебiн тексеру нәтижелерi туралы аудиторлық есебi;
құрылтайшылардың бағалы қағаз ұстаушыларының тізілім жүйесінен уәкiлеттi органға рұқсат алуға құжаттарды берген күннiң алдындағы күнi оның дауыс берушi акцияларының бес және одан астам процентiне ие болған адамдары көрсетiлген жазбасы;
құрылтай құжаттарының, мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктердiң және статистикалық карточкалардың көшiрмелерi;
жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының (жалғыз құрылтайшының шешiмiнiң) көшiрмесi;
4) Қызметiнiң стратегиясын, қызметiнiң бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кiрiстер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететiн Қордың бизнес-жоспары.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
,
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін уәкілеттi органға мынадай құжаттар тапсырылады:
1) рұқсат алуға арналған еркiн нысандағы өтiнiш;
2) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы акционерлердiң жалпы жиналысы шешiмiнiң (жалғыз акционер шешiмiнiң) көшiрмесi;
3) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi үш данасы (түпнұсқа және екi көшiрме).
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
.
3. Қорларды әдiлет органдарында, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларға мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беру кезiнде құрылтай құжаттарының титул беттерiнiң оң жақтағы жоғары бұрышына: "20___ жылғы "____"__________ Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы рұқсат еткен" тұжырымдауымен расталады, уәкiлеттi органның басшысы (басшының орынбасары) қол қояды және уәкiлеттi органның мөрімен бекiтiледi.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
,
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
4. Уәкiлеттi орган әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат берудi, осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды жүзеге асырады.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
,
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстерi мен толықтыруларын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткізгеннен кейiн екi апта мерзiмде мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың көшiрмелерi құрылтай құжаттарының (құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) нотариат куәландырған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға бередi.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
.
5-1. <*>
Ескерту: 5-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
5-2. <*>
Ескерту: 5-2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
6. Уәкiлеттi орган Қорларды әдiлет органдарында, олардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларға мемлекеттiк тiркеуге рұқсат беруден 6-2-тармақта көрсетiлген мерзiмде:
1) осы Ереженің 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын берген;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңында
белгіленген жарғылық капиталдың талаптарын және оны төлеу тәртібін бұзған жағдайларда жазбаша нысанда бас тартады.
Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
,
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
6-1. <*>
Ескерту: 6-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
6-2. Әдiлет органдарында Қорды мемлекеттiк тiркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды осы Ережеде көрсетiлген құжаттар топтамасын берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде уәкiлеттi орган қарайды.
Ескерту: 6-2-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
,
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
Жинақтаушы зейнетақы қорларын,
олардың құрылтай құжаттарына
өзгерiстерi мен толықтыруларын
әдiлет органдарында мемлекеттiк
тiркеуге рұқсат беру ережесiне
1 қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер және толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
;
жоғарғы оң жақ бұрышындағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталды -ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
Құрылтайшы туралы мәліметтер
(заңды тұлға)
__________________________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
1. Құрылтайшы
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
2. Тұрған жерi
__________________________________________________________________
(почталық мекен-жайы, телефоны, факс)
3. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
(куәлiктiң номерi, берiлген күнi, кiм берген)
3-1. Қазақстан Республикасының резидентi/резидент емесi_____
4. Қызметтiң түрi
__________________________________________________________________
(қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
5. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны___________________ __________________________________________________________________
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшы заңды тұлғасының бiрiншi басшысы туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты)
7. Құрылтайшының жарғылық капиталындағы акциялардың бес және одан астам процентiне ие болатын акционерлердiң (қатысушылардың) тiзбесi, мыналар көрсетiлсiн:
1) заңды тұлғалардың атауы және мекен-жайы, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы деректер
__________________________________________________________________
2) қызметтiң түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________
3) құрылтайшының жарғылық капиталына акциялар акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен
__________________________________________________________________
8. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына дауыс берушi акцияларға иелiк етуде және/немесе пайдалануда, және/немесе иеленуде қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн:
1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________
2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________
3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға дауыс берушi акцияларға иелiк етуде және/немесе пайдалануда, және/немесе иеленуде акциялары (үлестерi)
__________________________________________________________________
Құрылтайшы құжаттарға қоса берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына, сондай-ақ осы мәлiметтердi қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпаратты уәкiлеттi органға уақтылы берiлуiне жауап бередi.
Қосымша (жiберiлетiн құжаттардың тiзбесi, олардың әрқайсысы бойынша даналарының және парақтарының саны көрсетiлсiн):
Құрылтайшы заңды тұлғаның басшысының қолы
Құрылтайшы заңды тұлғаның мөрi
Жинақтаушы зейнетақы қорларын,
олардың құрылтай құжаттарына
өзгерiстерi мен толықтыруларын
әдiлет органдарында мемлекеттiк
тiркеуге рұқсат беру ережесiне
2 қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер және толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242
қаулысымен
;
жоғарғы оң жақ бұрышындағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталды -ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10
қаулысымен
.
Құрылтайшы туралы мәліметтер
(жеке тұлға)
__________________________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
1. Құрылтайшы
__________________________________________________________________
(Фамилиясы, аты, бар болса әкесiнiң аты)
2. Туған күні ______________________________________________
3. Азаматтығы ______________________________________________
4. Жеке басын растайтын құжат (номерi, сериясы, берiлген күнi және кiм берген) _________________________________________________
__________________________________________________________________
5. Тұрған жерi _____________________________________________
6. Жұмыс орны, лауазымы ____________________________________
7. Бiлiмi __________________________________________________
(оқу орны, аяқтаған жылы, мамандығы көрсетiлсiн)
8. Соңғы үш жылдағы еңбек қызметi туралы қысқаша резюме
__________________________________________________________________
(ұйымы, атқаратын қызметi, жұмыс кезеңi)
9. Құрылтайшының жеке тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы (тiкелей немесе жанама) туралы мәлiметтер, мыналар көрсетiлсiн:
1) әрбiр заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы
__________________________________________________________________
2) әрбiр заңды тұлғаның қызмет түрлерi (қызметтiң негiзгi түрлерi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________
3) әрбiр заңды тұлғаның жарғылық капиталға акциялары акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санынан немесе үлесiнен
__________________________________________________________________
10. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретiн акцияларының саны.
_________________
(қолы, күні)
Жинақтаушы зейнетақы қорларын,
олардың құрылтай құжаттарына
өзгерiстерi мен толықтыруларын
әдiлет органдарында мемлекеттiк
тiркеуге рұқсат беру ережесiне
3 қосымша
Ескерту: Жоғарғы оң жақ бұрышындағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталды -ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10 қаулысымен .
(Уәкiлеттi органның
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген
бланкiсiне басылады)
Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы
қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен
толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген
N __ РҰҚСАТ
Осы рұқсат _________________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)
жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлдi
Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге берiлген рұқсат әдiлет органдарына құрылтай құжаттарымен бiрге берiлуi тиiс.
Жинақтаушы зейнетақы қорын (жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуге рұқсаттың берiлген күнiнен бастап алты айдың iшiнде заңды күшi бар.
Уәкiлеттi органның басшысы (Басшының орынбасары)
________________ _____жылғы "___" _________
мөрдiң орны