"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
33-бабы 2-тармағы 3) тармақшасын орындау барысында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"
бұйрығына
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылы 12 желтоқсанда N 2614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 100
бұйрығымен
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылы 21 сәуірде N 2812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта "Әділет вице-министрі C.Н. Баймағанбетовке" деген сөздер "Әділет бірінші вице-министрі И.Д.Меркельге" деген сөздермен ауыстырылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақта "тәртібін, шарттарын және мерзімін белгілейді" деген сөздер "өткізу жөніндегі аумақтық әділет органдарының әрекетін егжей-тегжейлі көрсетеді" деген сөздермен ауыстырылсын:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жекеше нотариустардың бос орнына орналасуға конкурстық іріктеу нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамдар және жеке нотариаттық практикамен айналысқысы келетіндердің арасынан жүзеге асырылады.";
3-тармақта "бірлігін" деген сөзден кейін "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрі" деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Конкурстық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) бос орын құралғаны туралы мәліметті аумақтық әділет органдары нотариаттық палатадан жекеше нотариустың оның қатарынан шығарылғаны және жекеше нотариусты есептік тіркеуден алып тастағаны туралы мәліметті алған күннен бастап, сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін бекіткен жағдайда бес күн мерзімде ұсынады.
6-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"6. Комиссия құрамын аумақтық әділет органы нотариаттық палатаның келісімі бойынша бекітеді.";
8, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аумақтық әділет органы бос орындар туралы мәліметтерін Комиссияға ұсынуына қарай Комиссия отырысын өткізуге бастамашылық етеді.
10. Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатасымен бірлесе отырып әзірленген Конкурстық комиссиясы туралы Үлгі ережесінің негізінде Комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Аумақтық әділет органы:
1) жекеше нотариустың бос орынына орналасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялайды;
2) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан (бұдан әрі - үміткерлер) құжаттарды қабылдауды ұйымдастырады;
3) үміткерлерге Комиссия шешімін береді."
15-тармақ, 16-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақта:
2) тармақша "заңнамада" деген сөздің алдынан "Заңның 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "заңды" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
41-бабына
және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
52-бабына
сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "өтелмеген" деген сөздің алдынан "Заңның
6-бабының
1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша "өзіне қатысты" деген сөздердің алдынан "Заңның
6-бабының
1-тармағының үшінші абзацына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "лицензиясы" деген сөздің алдынан "Заңның
6-бабының
1-тармағының үшінші абзацына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Аумақтық әділет органы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде үміткерлердің өтініштерін Комиссияға үлгі нысан бойынша, осы Ереженің қосымшасына сәйкес мынадай құжаттарды қабылдайды:"
3) тармақшада "нотариалды куәландырылған" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақша қазақша мәтінде мынадай толық редакцияда жазылсын:
"21. Аумақтық әділет органы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен үміткердің беделіне (біліктілігін арттыруы, ғылыми дәреже мен атақ берілгені туралы құжаттардан көшірмелер, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат қабылдайды."
27-тармақ қазақша мәтінде мынадай толық редакцияда жазылсын:
"27. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлерге аумақтық әділет органы Конкурстың өткізілуіне дейінгі он күннен кешіктірмей Конкурсқа жіберілуі туралы, сонымен қатар әңгімелесудің өтетін жері, күні мен уақыты туралы жазбаша хабарлайды.";
28-тармақта:
бірінші абзацта "Комиссия" деген сөз "аумақтық әділет органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "Комиссия" деген сөз "аумақтық әділет органы" деген сөздермен, "беруге міндетті" деген сөздер "береді" деген сөзбен "дәлелденген шешімді" деген сөздер "Комиссияның дәлелденген шешімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақ "жекеше" деген сөздің алдынан "Заңның 33-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;