Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2614. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 101 бұйрығымен (V053547)

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының негiзiнде БҰЙЫРАМЫH:
      1. Қоса берiлiп отырған Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Аумақтық әдiлет органдарының бастықтары бекiтiлген Нұсқаулықтың тиiсiнше қолданылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет бірінші вице-министрі И.Д.Меркельге жүктелсiн.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .
      4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастан күшiне енедi.

       Министр

Қазақстан Республикасы   
Әдiлет министрiнiң     
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 259 бұйрығымен      
бекiтiлген         

  Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн
 конкурс өткiзу жөнiнде нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық жекеше нотариустардың бос орнына орналасуға конкурстық iрiктеу өткiзудiң (бұдан әрi - Конкурс) өткізу жөніндегі аумақтық әділет органдарының әрекетін егжей-тегжейлі көрсетеді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      2. Жекеше нотариустардың бос орнына орналасуға конкурстық іріктеу нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамдар және жеке нотариаттық практикамен айналысқысы келетіндердің арасынан жүзеге асырылады.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      3. Бос лауазым ретiнде нотариусты нотариаттық палата мүшелерiнiң қатарынан шығаруға және оны есептiк тiркеуден алып тастауға байланысты, сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  (бұдан әрі - Заң) 32-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекіткен жағдайда құралған бос орын танылады.
       Ескерту: 3-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 100   бұйрығымен 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      4. Конкурстық комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) бос орын құралғаны туралы мәліметті аумақтық әділет органдары нотариаттық палатадан жекеше нотариустың оның қатарынан шығарылғаны және жекеше нотариусты есептік тіркеуден алып тастағаны туралы мәліметті алған күннен бастап, сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін бекіткен жағдайда бес күн мерзімде ұсынады.
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

  2. Конкурстық комиссияны құру және оның
 жұмысын ұйымдастыру тәртiбi

      5. Комиссияны аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып құрады.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      6. Комиссия құрамын аумақтық әділет органы нотариаттық палатаның келісімі бойынша бекітеді.
       Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .
      7. <*>
       Ескерту: 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      8. Аумақтық әділет органы бос орындар туралы мәліметтерін Комиссияға ұсынуына қарай Комиссия отырысын өткізуге бастамашылық етеді.
       Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      9. Комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету аумақтық әділет органына жүктеледі.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      10. Аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатасымен бірлесе отырып әзірленген Конкурстық комиссиясы туралы Үлгі ережесінің негізінде Комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      11. <*>
      12. <*>
      13. <*>
       Ескерту: 11, 12, 13-тармақтар алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .      

  3. Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн
 конкурсты ұйымдастыру және өткiзу

      14. Аумақтық әділет органы:
      1) жекеше нотариустың бос орынына орналасу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялайды;
      2) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан (бұдан әрі - үміткерлер) құжаттарды қабылдауды ұйымдастырады;
      3) үміткерлерге Комиссия шешімін береді.
       Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      15. <*>
       Ескерту: 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      16. Конкурсқа:
      1)  алынып тасталды ;
      2) Заңның  12-бабының  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған;
      3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  41-бабына  және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  52-бабына  сәйкес заңды күшiне енген сот шешiмiмен белгiлi бiр мерзiм iшiнде нотариаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылған;
      4) Заңның  6-бабының  1-тармақшасының екінші абзацына сәйкес өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған;
      5) Заңның 6-бабының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес өзiне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған;
      6) Заңның  6-бабының  1-тармағының үшінші абзацына сәйкес лицензиясы керi қайтарылып алынғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттік нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам осындай оқиға болғаннан кейiн үш жыл бойы жiберiлмейдi.
       Ескерту: 16-тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      17. Аумақтық әдiлет органы бос орын пайда болғаны туралы мәлiметті алған күннен бастап он күн мерзiмде хабарландыру жариялайды.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 100   бұйрығымен .

      18. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады.

      19. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi:
      аумақтық әдiлет органының орналасқан жерi, пошталық мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетiлген толық атауын;
      нотариаттық округтiң атауы және жекеше нотариустың бос орны пайда болған қаланы, ауданды көрсетудi;
      жекеше нотариусқа қойылатын біліктiлік талаптарына сәйкес айқындалған үмiткерге негізгi талапты;
      құжаттарды қабылдау тәртібi және мерзiмдерін:
      конкурсты өткiзу орнын:
      Комиссияның қарауына ұсынылған құжаттардың тізбесін қамтиды.
      Хабарландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.

      20. Аумақтық әділет органы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде үміткерлердің өтініштерін Комиссияға үлгі нысан бойынша, осы Ереженің қосымшасына сәйкес мынадай құжаттарды қабылдайды:
      1) үмiткердің фотосуреті бар жеке іс парақ (оның нақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы мен телефонын және байланыс телефонын көрсете отыра);
      2) жеке куәлiктің немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының көшірмесi;
      3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның көшiрмесi;
      4) еңбек кiтапшасының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      5) Комиссияға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден берiлген медициналық анықтама;
      6) бүкiл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, Комиссияға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын тұрғылықты жерi бойынша үмiткерге берiлген соттылығы жоқтығы туралы анықтаманы қоса бередi.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 100   бұйрығымен 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      21. Аумақтық әділет органы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен үміткердің беделіне (біліктілігін арттыруы, ғылыми дәреже мен атақ берілгені туралы құжаттардан көшірмелер, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және т.б.) қатысты қосымша ақпарат қабылдайды.
       Ескерту: 21-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      22. Комиссияға түскен құжаттар аумақтық әдiлет органы кеңсесiнiң арнайы жеке журналында тiркеледi.
      Өтiнiш тiркелгеннен кейiн үмiткерге аумақтық әдiлет органы үш күн iшiнде ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығына тексерiс жүргiзедi.
      Құжаттар дұрыс ресiмделмеген не құжаттар пакетi толық тапсырылмаған жағдайда аумақтық әдiлет органы үмiткерге құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталғанға дейiн белгiленген талаптарға сәйкес құжаттарды алып келудi жазбаша түрде ұсынады.

      23. Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыруда белгiленген мерзiм аяқталған күнi аяқталады.

      24. <*>
      25. <*>
      26. <*>
       Ескерту: 24, 25, 26-тармақтар алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      27. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлерге аумақтық әділет органы Конкурстың өткізілуіне дейінгі он күннен кешіктірмей Конкурсқа жіберілуі туралы, сонымен қатар әңгімелесудің өтетін жері, күні мен уақыты туралы жазбаша хабарлайды.
       Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      28. Конкурсқа қатысуға жiберiлмеген Үмiткерлерге тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн аумақтық әділет органы хабардар етедi.
      Аумақтық әділет органы бұл жағдайда Конкурсқа қатысушыға заңнама нормаларына сiлтемесiмен, сондай-ақ оның Конкурсқа қатысуға жiберiлмеуi туралы шешiмдi қабылдау үшiн негiз болған басқа да дәлелдер мен себептер көрсетiлген Комиссияның дәлелденген шешімін оның енгiзiлген күнiнен бастап бес күн кешiктiрмей береді.
       Ескерту: 28-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      29. <*>
      30. <*>
      31. <*>
       Ескерту: 29, 30, 31-тармақтар алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      32. Заңның  33-бабы  1-тармағының 7) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жекеше нотариустың бос лауазымына орналасуға үмiткерлердiң конкурстық iрiктеуден өтуi туралы Комиссияның шешiмi тиiстi нотариаттық округтың нотариаттық палатасы мүшелiгiне жекеше нотариустың бос лауазымына үмiткерлердi қабылдау үшiн және оның аумақтық әдiлет органында есептiк тiркелуiне негiз болып табылады.
       Ескерту: 32-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      33. Егер Конкурс Комиссиясының нәтижесiнде бос орынға орналасуға ұсынылатын үмiткерлер iрiктелмеген болса, аумақтық әділет органы қайталама конкурс жариялауы қажет.
       Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      34. Аумақтық әділет органы жекеше нотариустың бос лауазымына конкурстық іріктеуден өтпеген үміткерге кейінгі конкурстарға қайталама қатысуға кедергі келтіруге құқығы жоқ.
       Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .
      35. Комиссия шешiмi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.

  4. Қорытынды ережелер

       Ескерту: 4-тарау (36-39-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

Қазақстан Республикасы     
Әдiлет министрiнiң       
2003 жылғы 9 желтоқсандағы  
N 259 бұйрығымен бекiтiлген 
Жекеше нотариустың бос орнына
орналасу үшiн конкурс өткiзу 
жөнiнде нұсқаулыққа     
қосымша            

_____________________облысының  
конкурстық комиссия төрағасына  
______________________________  
______________________________  
мекен-жайы: __________________  
______________________________  

Үлгі өтініш

      Ескерту: Қосымшаның атауы өзгертілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 295   бұйрығымен .

      Менi ________________________________________________________
            (бос орын бар нотариаттық округтiң әкiмшілiк-аумақтық
             бiрлiгi көрсетiледi)

_____________ жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурсқа
қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшiн конкурс өткiзу нұсқаулығының негiзгі талаптарымен таныстым және оларды орындауға мiндеттенемiн.

      Мен тапсырған құжаттардың түпнұсқалығына өзiмнiң толық жауапкершiлiгiмдi растаймын.

_____________                                _____________________
  (қолы)                                           (аты-жөнi)

"___"___________ 200__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады