N 2614 тіркелген, "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2812. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы N 101 бұйрығымен (V053547)

      Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2614 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
      3-тармақ "байланысты" деген сөзден кейін "сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін бекіткен жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақтағы "бір ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтағы "45" деген сан "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-Министрі
С.Н.Баймағанбетовке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады