Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы (одан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орталық депозитарийдің органдары болып төмендегілер белгіленсін:
1) Жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы;
2) Басқару органы - Директорлар кеңесі;
3) Атқарушы орган - Басқарма;
4) Бақылаушы орган - Ішкі аудит қызметі.
2. Акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің, Басқарманың, орталық депозитарийдің Ішкі аудит қызметінің функциялары, өкілеттігі мен тәртібінің орталық депозитарийдің жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен белгіленетіндігі белгіленсін.
3. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысымен сайланады және кемінде үш адамнан және он үш адамнан аспайтын тақ саннан тұрады. Директорлардың кеңесіне Басқарманың Төрағасы - қоғамның Президенті, қоғам акционерлерінің өкілдері, сонымен қатар шақырылған мамандар-сарапшылар кіреді.
4. Директорлар Кеңесі өзінің отырыстарын жылына кемінде екі рет өткізеді және Директорлар кеңесі Төрағасының жеке бастамасы бойынша, Директорлар кеңесінің кез-келген мүшесінің, Ішкі аудит қызметінің, қоғам аудиторының, Басқарманың, сондай-ақ бірігіп қоғам акцияларының оннан асатын процентіне иелік ететін акционерлердің талап етуі бойынша арызды бергеннен кейін он бес күннің ішінде шақырыла алады.
5. Басқарма үш адамнан кем болмайтын және жеті адамнан артық болмайтын мүшелердің тақ санынан тұрады. Басқарманың мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
6. Басқарманың отырысы қажеттілігіне орай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.
7. Ішкі аудит қызметі қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысымен бір жыл мерзімге сайланады және Акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілетін директорлар Кеңесінің мүшелері болып табылмайтын және басқа лауазымдарды атқармайтын акционерлердің үш өкілінен тұрады.
8. Орталық депозитарийдің органдарын құруға қойылатын басқа талаптар жарғымен және (немесе) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
9. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
10. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Жақамбаев А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және орталық депозитарийге жіберсін.
11. Орталық депозитарий осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде жарғы мен өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкестендірсін.
12. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
13. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға