Орталық депозитарийдiң қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 4265. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 238 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылады - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 238 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Орталық депозитарийдiң қызметтi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, орталық депозитарийге, брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы 
27 мамырдағы N 128    
қаулысының 1-қосымшасы  

Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру
ережесi

      Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру ережесi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", " Төлемдер және ақша аударымдары туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрлендi және орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметiн жүзеге асыру талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бастапқы дилер (бастапқы агент) - мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жiберiлген номиналды ұстаушы есебiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру лицензиясына ие ұйым;
      2) депонент клиентi - номиналды ұстаушы қызметiн көрсету туралы олармен жасалған шартқа сәйкес депонент қызметiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      3) есеп айырысу ұйымы - орталық депозитарийдiң тапсырмасы бойынша ұлттық валютадағы (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi) және шетел валютасындағы (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында және шетелде кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын банктер, халықаралық депозитарийлер, шетел депозитарийлерi және кастодиандар) ақшаны аударуды және есепке алуды жүзеге асыратын ұйым;
      4) есепке алу ұйымы - номиналды ұстауға берiлген қаржы құралдарын есепке алу үшiн орталық депозитарий атына жеке шоттары ашылған тiркеушi, кастодиан банк, халықаралық және шетел депозитарийлерi;
      5) қосалқы шот - уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бағалы қағаздар рыногында дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын депонетке (депонент клиентiне) немесе ұйымдарға тиесiлi қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот шеңберiнде ашылатын қосалқы шот;
      6) резерв орталығы - орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiн құрайтын электронды деректердiң сақталуын жүзеге асыратын ұйым;
      7) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
      2. Орталық депозитарийдiң ұйымдық құрылымына бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi орталық депозитарийдiң жүзеге асыру тәртiбiне iшкi бақылауды жүзеге асыратын бөлiмше енгiзiледi, бөлiмше орталық депозитарийдiң директорлар кеңесiне тiкелей бағынады және орталық депозитарийдiң бөлiмшелерiнде басқа қызмет атқармайтын және бағалы қағаздармен мәмiлелердi орындау мен тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындау құқығымен уәкiлеттi органның бiлiктiлiк куәлiгiне ие үш немесе одан да көп қызметкерлерден тұрады.
      Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi орталық депозитарийдiң жүзеге асыру тәртiбiне iшкi бақылауды жүзеге асыратын бөлiмше құрылымы, мiндеттерi, функциялары, өкiлеттiлiгi және жауапкершiлiгi орталық депозитарийдiң директорлар кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген ережемен реттеледi.
      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде орталық депозитарий органдарын құру және функциялау жүзеге асырылады.

      3. Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыру кезiнде оның ұйымдық құрылымын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыратын жеке бөлiмше және депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын жеке бөлiмше құрайды.
      Бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң басқа бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн қоса атқаруға жол берiлмейдi.

      4. Орталық депозитарий мыналардың құрылуы мен қызметiне қатыса алады:
      1) рейтингтiк агенттiктердiң;
      2) ақпараттық-талдау қызметiн көрсететiн ұйымдардың;
      3) орталық депозитарийдiң қызметiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдардың;
      4) клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының;
      5) сауда-саттықты ұйымдастырушылардың;
      6) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың.

2-тарау. Депозитарлық қызмет көрсету шарты
және банк шоты шарты

      5. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыру барысында орталық депозитарий клиенттерi болып уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар рыногында дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын депоненттер, олардың клиенттерi және ұйымдар болып табылады.
      Банк шоттарын ашу мен жүргiзу жөнiндегi операцияларды орталық депозитарий жүзеге асырған кезде орталық депозитарийдiң клиенттерi болып уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар рыногында дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, орталық депозитариймен банк (ағымдағы немесе корреспонденттiк) шоты шарттарын жасаған депоненттер және ұйымдар болып табылады.

      6. Орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығын сақтау орталық депозитарийдiң депоненттерi болып табылатын және (немесе) орталық депозитарий қызметiн пайдалану арқылы мәмiлелердi жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
      Орталық депозитарий өз клиенттерi мен сауда-саттықты ұйымдастырушыларды ережелер жиынтығындағы барлық өзгерiстер мен толықтыруларды оларды қолданысқа енгiзген күнге дейiн он бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей хабарлайды.

      7. Орталық депозитарий уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар рыногында дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын депоненттермен және ұйымдармен депозитарлық қызмет көрсету шарттарын және банк шоты шарттарын жасайды. Шарттар жазбаша нысанда жасалады.
      Орталық депозитарий қаржы құралдарының номиналды ұстау қызметiн көрсету кезiнде депозитарлық қызмет көрсету шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау туралы шарттың нормалары болуы тиiс.
      Банк шоты шартын жасау талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығында белгiленедi.

3-тарау. Орталық депозитарийдiң бағалы
қағаздар рыногындағы қызметi

      8. Орталық депозитарий өз клиенттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге қаржы құралдары жөнiндегi мәмiлелерiн тiркеу, құқықтарын есепке алуды жүргiзу және растау мақсатында жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) ашады және күнiн, уақытын әрi оларды жүргiзу негiздерiн көрсете отырып, жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша барлық операциялардың есебiн жүргiзедi.

      9. Орталық депозитарий клиенттерiнiң қаржы құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн қаржы құралдарын депозитарийдiң өзiне тиесiлi қаржы құралдарынан оқшаулап сақталуын қамтамасыз етедi.
      Орталық депозитарийге номиналды ұстауға берiлген қаржы құралдары орталық депозитарийдiң балансында ескерiлмейдi.

      10. Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде жеке шоттар мынадай заңды тұлғаларға ашылады:
      1) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның берген лицензиясына ие;
      2) номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның берген лицензиясына ие;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне;
      4) бағалы қағаздар рыногында дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның берген лицензиясына ие;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясыз дилерлiк қызметтi жүзеге асырушыларға;
      6) шетел депозиттерi мен кастодиандарға.
      Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде жоғарыда аталған заңды тұлғаларға бiр ғана жеке шот ашылуы мүмкiн.

      11. Осы Ереженiң 10-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жеке шоттарда осы жеке шот ашылған орталық депозитарий клиентiне тиесiлi қаржы құралдарын есепке алу үшiн арналған бiр ғана қосалқы шот ашылады.

      12. Депоненттер мен олардың клиенттерiнiң қаржы құралдарының бөлек есепке алынуын қамтамасыз ету үшiн депоненттiң жеке шотында мынадай қосалқы шоттар ашылады:
      1) депонент атына ашылған және депонентке тиесiлi қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттiң қосалқы шоты;
      2) депонент клиентiнiң атына ашылған және депоненттiң белгiлi бiр клиентiне тиесiлi қаржы құралдарын есепке алуға арналған ұстаушының қосалқы шоты;
      3) номиналды ұстаушының атына ашылған және номиналды ұстаушыға берiлген қаржы құралдарын есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты. Номиналды ұстаушының қосалқы шоты мыналарға ашылады:
      шетелдiк депозитарийдiң және кастодианның клиентiне;
      басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшiн кастодианның клиентi болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент номиналды ұстаушысы;
      кастодиан клиентi болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес номиналды ұстаушысы;
      4) бағалы қағаздардың қайталама рыногында эмитент сатып алған эмитент атына ашылған және қаржы құралдарын есепке алу үшiн арналған сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу yшiн эмитенттiң қосалқы шоты;
      5) эмитент атына ашылған және осы эмитенттiң орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттiң қосалқы шоты.
      Жеке шотта депоненттiң бiр ғана қосалқы шоты ашылуы мүмкiн.

      13. Орталық депозитарийдiң депонентi номиналды ұстаушы есебiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен кастодиандық, брокерлiк және дилерлiк қызметтi қоса атқарған кезде:
      1) осы Ереженiң 12-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген қосалқы шоттар номиналды ұстау қызметiн көрсету арқылы брокерлiк қызметтi көрсету туралы шарт негiзiнде ашылады;
      2) осы Ереженiң 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген қосалқы шоттар кастодиандық шарт негiзiнде мыналардың атына ашылады:
      кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген оларға тиесiлi қаржы құралдарын есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi;
      басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi номиналды ұстаушылар;
      Қазақстан Республикасының резидент еместерi номиналды ұстаушылары.

      14. Орталық депозитарий клиенттерiнiң жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) ашу және жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығымен белгiленедi.

      15. Осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының тиiсiнше бұйрықтарының негiзiнде орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асырады. Ақпараттық операциялар орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығымен көзделген жағдайларда депонент клиенттерiнiң бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

      16. Орталық депозитарий бұйрықты алған сәттен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде оның орындалмау себептерiн көрсете отырып жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда ресiмдейдi:
      1) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға орталық депозитарий клиентiнiң iс-қимылын тоқтатып тұрғанда немесе лицензиясын қайтарып алғанда (басқа депонентке номиналды ұстауға бағалы қағаздарды аудару жөнiндегi немесе орталық депозитарийдiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздарды шығарған операциялар мен ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      2) бағалы қағаздардың айналысқа жiберiлуiн тоқтата тұруға немесе тоқтатуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органмен немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бағалы қағаздардың айналысқа жiберiлуiн тоқтатып тұрған немесе тоқтатқан кезде (ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      3) бағалы қағаздар шығарылымының талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуын тоқтатып тұрған немесе тоқтатқан кезде (ақпараттық операцияларды қоспағанда);
      4) бұйрықтың орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығымен белгiленген нысанға сәйкес келмегенде;
      5) толтыру үшiн мiндеттi бұйрық деректемелерiнiң жоқтығы, сондай-ақ дұрыстаулар немесе түзетулер болған кезде;
      6) бұйрықтардағы қойылған қол үлгiлерiнiң (мөр бедерлерiндегi) нотариатта куәландырылған үлгiлерге (бедерлерге) сәйкес келмегенде;
      7) бұйрықта көрсетiлген жеке шот немесе қосалқы шот оқшауланғанда;
      8) бұйрықта көрсетiлген бағалы қағаздардың қиындығы болған кезде;
      9) орталық депозитарий клиенттерiнiң шоттарында (қосалқы шоттарында) бағалы қағаздардың және/немесе ақшаның тиiстi мөлшерi болмаған кезде;
      10) қарсы бұйрық болмаған кезде;
      11) номиналды ұстаудағы/номиналды ұстаудан бағалы қағаздарды енгiзуге/шығаруға орталық депозитарийдiң бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған кезде;
      12) мәмiленiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;
      13) орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығымен белгiленген өзге жағдайларда.

      17. Орталық депозитарий құжат нысанында шығарылған қаржы құралдарын және клиенттердiң олар бойынша құқықтары туралы жазбаларды, оның iшiнде көрсетiлген ақпаратты көшiру жүйесiн және жазбаларды сақтаудың қауiпсiз жүйесiн пайдалану арқылы сақтау үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етедi.

      18. Орталық депозитарий құжат нысанында шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыруды өзiнiң орталық депозитарий клиенттерiнiң жеке шоттарындағы (қосалқы шоттарындағы) номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде көрсетiлген қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу және куәландыру арқылы жүзеге асырады.
      Орталық депозитарий қаржы құралдары бойынша клиенттердiң құқықтарын орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзiндi жазбаны беру арқылы растайды.

      19. Орталық депозитарий материалсыздандырылған қаржы құралдарын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiппен сақтауды жүзеге асырады.

      20. Номиналды ұстаудағы қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеу бойынша және оларды өтеген кезде төлем агентiнiң функцияларын орындау мақсатында орталық депозитарий бiр мезгiлде клиенттерге номиналдық ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шоттар (қосалқы шоттар) мен банк шоттарын ашады.

      21. Орталық депозитарий клиенттерiнiң ақшасын есептеудi баланстан тыс шоттарда жүзеге асырады.
      Орталық депозитарий депоненттiң және оның клиенттерiнiң ақшасын екi банк шотын ашу арқылы бөлiп есепке алады.

      22. Қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасаған кезде ақша бойынша есеп айырысуды орталық депозитарийдiң тапсырмасы бойынша орталық депозитарий немесе есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.

      23. Орталық депозитарий қаржы құралдарын номиналды ұстау бойынша функцияларды орындау шеңберiнде орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәлiмет жоқ оның клиентiнiң артықшылығы бар сатып алу құқығын iске асыруға өтiнiмдi депоненттен алғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы өтiнiмдi эмитентке жiбередi.

      24. Орталық депозитарий номиналды ұстау қызметiн көрсету мақсатында өз атына:
      1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде номиналды ұстаушының жеке шотын;
      2) қаржы құралдарын есепке алу үшiн кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдiк депозитарийлердегi жеке шоттарын;
      3) орталық депозитарий кiрiстi төлеген кезде және/немесе орталық депозитарийдiң номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын өтеген кезде алатын ақшаны есептеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасау үшiн кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдiк депозитарийлерде банк шоттарын ашады.

      25. Орталық депозитарий кемiнде аптасына бiр рет резервтi көшiрменi және орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiн құрайтын электронды деректердi сақтауды жүзеге асырады. Резервтi көшiрмелер ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткiзiлiмнен қорғалуға жатады және оларды жаңартылған резервтi көшiрмелермен ауыстырғанға дейiн сақталады.
      Резерв орталығында не сейфтiк операцияларды жүзеге асыратын ұйымда ақпараттың сыртқы тасымалдағыштарында резервтi көшiрмелердi сақтау жүзеге асырылады.
      Резервтi көшiрмелердi сақтау шартын жасаған (бұзған) сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде орталық депозитарий бұл туралы уәкiлеттi органға шарт жасаған (бұзған) ұйымның атауын, сондай-ақ шарт жасалған күн мен нөмiрдi көрсете отырып хабарлайды.

      26. Мемлекеттiк бағалы қағаздарды есепке алу және олар бойынша құқықтар орталық депозитарийдiң бастапқы дилерлердiң (бастапқы агенттердiң) жеке шоттарының шеңберiнде ашылған тек қосалқы шоттар бойынша жүзеге асырылады.
      Орталық депозитарийдiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерге депозиторлық қызмет көрсетудiң жүзеге асырудың шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығымен айқындайды.

      27. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу бойынша қызметтi орталық депозитарийдiң жүзеге асыру шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығымен белгiленедi.

      28. Орталық депозитарий клиенттерi алдында олардың жеке шоттарының (қосалқы шоттарының), банк шоттарының және көрсетiлген шоттар бойынша жасалатын операциялар туралы есеп бередi.
      Клиенттердiң жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) және банк шоттарынан үзiндi жазбаларды ұсыну мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдiң ережелер жиынтығымен белгiленедi.

      29. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыру барысында туындайтын және осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының 2006 жылғы 
27 мамырдағы N 128    
қаулысының 2-қосымшасы   

Күшi жойылды ден танылатын
нормативтiк құқықтық актiлер тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2586 тiркелген, "Казахстанская правда" газетiнде 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 10 санында жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiгi, олардың шешiмдердi қалыптастыру және қабылдау тәртiбi туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 270 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3181 тiркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң заңды тұлғаларды құру мен олардың қызметiне қатысуы туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 271 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3197 тiркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң заңды тұлғаларды құру мен олардың қызметiне қатысуы туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегi N 271 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 105 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3566 тiркелген).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 111 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3613 тiркелген).
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 314 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3845 тiркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады