Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 121 Қаулысымен.
------------------ Бұйрықтан үзінді -------------------
2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
3-бабының
2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,
49-бабына
және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
9-бабының
1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. ...
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. ...
6. ...
7. ...
8. ...
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 121 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3189 тіркелген).
2. ...
3. ...
4. ...
Ескерту: Қаулының атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңының
3-бабының
2-тармағының 11), 15)-тармақшаларына,
49-бабына
, Қазақстан Республикасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының
9-бабының
1-тармағының 5), 6)-тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.
2. Қоса беріліп отырған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арнап пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелері бекітілсін.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 310
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
)
қаулысымен
.
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап мыналар күшін тоқтатты деп есептелсін:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16-ақпандағы N 52 "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қаржы тұрақтылығының межелерін есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы"
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1851 тіркелген, 2002 жылдың мамыр айында "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" атты журналында N 5 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 19-тамыздағы N 296 "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 1851 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 16-ақпандағы N 52 "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арнап қаржы тұрақтылығының межелерін есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы"
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2487 нөмірімен тіркелген, 2003 жылдың 8-21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарының N 19 жарияланған).
4. Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.
5. Агенттіктің стратегия және талдау Департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Агенттіктің Заң Департаментімен бірге (Байсынов М.Б.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге алу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде осы қаулыны бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, ұйымдарына, "Қазақстан тізілім ұстаушылар ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2004 жылғы 25 қыркүйектегi
N 265 қаулысымен бекiтiлдi
Ескерту: Жоғарғы оң бұрыштағы мәтiн жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) .
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін
жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативті есептеу
Ережелері
Ескерту: Ереженің атауына және кіріспесіне өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрлерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалды нормативтерді есептеу ережелері (әрі қарай - Ережелер) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауына міндетті "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін (бұдан әрі - тіркеушілер) белгілейді.
1-Тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік
коэффициенті" - пруденциалдық нормативін
есептеу тәртібі
1. Тіркеушінің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К=(ЛА-О)/МРСК, бұл жерде
ЛА - Осы Ережелердің 2-тармағына сәйкес өтімді деп мойындалатын тіркеушінің өтімді активтері;
О - тіркеушінің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);
МРСК - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын тіркеушінің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері - 8 миллион теңге.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 40
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен
.
2. Тіркеушінің өтімді активтері ретінде келесі активтер мойындалады:
1) ақша, сондай-ақ:
кассадағы ақша, бірақ тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он проценттен жоғары емес;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептеріндегі ақшалар;
"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;
2) бағалы қағаздары ең жоғарғы санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе резидент емес-бас ұйымдарының ықтимал шығын резервтерін шегеріп тастағанда ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) жеке рейтингі бар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) еншілес банктер-резиденттер болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне салынған салымдар;
2-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
3) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес айналымға шығарылғандар) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақыны есепке ала отырып);
4) Қазақстан Республикасының және ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастап, ең жоғарғы санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлға болып табылмайтын басқа да мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қор биржасы мен облигацияларының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
5) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастап, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
5-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)
6) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ облигациялары ( негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
7) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда, кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) рейтинг бағасы бар шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздары;
8) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда, "ВВВ" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа2" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) төмен болмайтын рейтинг бағалауы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
9) борыштық бағалы қағаздары ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда "ВВВ" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа2" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) төмен болмайтын рейтинг бағалауына ие шетелдік эмитенттердің акциялары;
10) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
10-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;
11) аффиниирленген алтын;
12) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасының елу процентке азайтылған сомасын есепке ала отырып) (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда) ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (сонымен қатар басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар);
12-1) ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып (елу процентке азайтылған) ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;
12-2) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары;
13) жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда), сондай-ақ:
шарттың талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшерде жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффиниирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда);
шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде елу процентке азайтылған жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда);
14) тіркеушінің баланс құны бойынша негізгі қаражаттары, сонымен қатар меншігіндегі жер немесе тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер;
тіркеушінің балансы бойынша активтердің сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі ғимараттар мен имараттар;
тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының бес процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі машиналар мен жабдықтар;
15) бағдарламалық қамтамасыз ету-баланс құны бойынша, тіркеушінің балансы бойынша активтердің сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
тіркеуші оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
тіркеуші автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы
N 389
,
2006 жылғы 27 мамырдағы
N 126
,
2007 жылғы 23 ақпандағы
N 40
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен
.
3. Тіркеуші бағалы қағаздардың нарығындағы кәсіби қызметті біріктірген жағдайда "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін" - пруденциалдық нормативті және басқа да нормативтерді есептеу бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (әрі қарай - өкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
4. Тiркеушi осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 9, 10-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнiне пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз жазбадағы пруденциалдық нормативтiң есебiне бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қойып, мөрмен куәландырылады және тiркеушiде сақталады.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 310
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.07.16.
N 211
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
4-1. Уәкiлеттi орган пруденциалдық нормативтi тiркеушi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге де есеп берудiң негiзiнде тоқсан сайын есептейдi.
Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебін және пруденциалдық
нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтердi ұсыну
тәртiбi
Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 211 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
5. Есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін пруденциалдық нормативтiң есебі мен пруденциалдық нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - Қосымша мәлiметтер) уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
6. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі.
7. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және тіркеушіде сақталады. Тіркеуші уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
8. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
9. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебіне тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
10. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
11. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн тіркеушінің бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
12. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, тіркеуші бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.
13. Осы Ережелермен реттелмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте шешіледі.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
тізілім жүйесін жүргізуді жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативті есептеу
Ережелеріне
Қосымша
Ескерту: Оң жақтағы жоғары бұрыштағы мәтін өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
_______________________________________
(тіркеушінің толық атауы)
пруденциалдық нормативтің есебі
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) , 2005 жылғы 29 қазандағы N 389 , 2006 жылғы 27 мамырдағы N 126 қаулыларымен .
(мың теңге)
___________________________________________________________________
N | Көрсеткіштің атауы |Баланс | Есепке |Есептесу
| |бойынша|алынатын | сомасы
| | сома |көлем (%)|
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
1. Ақша-барлығы (жол сомасы
1.1.-1.3.), сонымен қатар: 100
1.1 Кассадағы ақша (5-бағанада
тіркеушінің балансы бойынша актив
сомасының он процентінен аспайтын
мөлшері есепке алынады 100
1.2 Екінші деңгейдегі банктердің
есебіндегі ақша 100
1.3 "А" санатынан төмен емес 100
("Standard & Poor's" және
"Fitch" рейтинг агенттіктерінің
жіктеуі бойынша) немесе "А2"
санатынан төмен емес ("Moody's
Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша)
ұзақ мерзімді және/немесе қысқа
мерзімді, жеке рейтингісі бар
резидент емес-банктер
шоттарындағы ақша
2. Бағалы қағаздары ең жоғарғы санат
бойынша қор биржасының ресми
тізіміне енгізілген немесе резидент
емес-бас ұйымдарының ықтимал шығын
резервтерін шегеріп тастағанда ұзақ
мерзімді және/немесе қысқа мерзімді
"А" санатынан төмен емес ("Standard
& Poor's" және "Fitch" рейтинг
агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "А2" санатынан төмен емес
("Moody's Investors Service"
рейтинг агенттігінің жіктеуі
бойынша) жеке рейтингі бар (негізгі
қарыз бен есептелген сыйақының
сомаларын есепке ала отырып)
еншілес банктер-резиденттер болып
табылатын Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріне
салынған салымдар 100
2.1 ықтимал шығындардың резервтерін 100
шегеріп тастағандағы "А" санатынан
төмен емес ("Standard & Poor's" және
"Fitch" рейтинг агенттіктерінің
жіктеуі бойынша) немесе "А2"
санатынан төмен емес ("Moody's
Investors Service" рейтинг агент.
тігінің жіктеуі бойынша) ұзақ
мерзімді және/немесе қысқа мерзімді,
жеке рейтингісі бар резидент емес-
банктердегі салымдар (негізгі
қарыз бен есептелген сыйақы сомасын
есепке ала отырып)
3. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы
қағаздары (оның ішінде басқа
мемлекеттердің заңдарына сәйкес
айналымға шығарылғандар) (негізгі
қарыз бен есептелген сыйақыны
есепке ала отырып) 100
4. Қазақстан Республикасының және
ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастап, ең жоғарғы санат
бойынша қор биржасының ресми
тізіміне енгізілген тіркеушіге
қатысты аффинаждалған тұлға болып
табылмайтын басқа да мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарылған
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
беймемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздары ("Қазақстанның Даму
Банкі" АҚ қор биржасы мен
облигацияларының ресми тізіміне
енгізілген ипотекалық
облигацияларды есепке алмағанда)
(негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала отырып) 100
5. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастап, қор биржасының
ресми тізіміне енгізілген Қазақстан
Республикасының ұйымдарының
ипотекалық облигациялары (негізгі
қарыз бен есептелген сыйақы
сомаларын есепке ала отырып) 100
5-1. Ықтимал шығындар резервін 100
шегере отырып, Қазақстан
Республикасы ұйымдарының
инфрақұрылымдық
облигациялары (негізгі
қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала
отырып)
6. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы "Қазақстанның
Даму Банкі" АҚ облигациялары
(негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомаларын есепке ала отырып) 100
7. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда, кредиттік
рейтингтің халықаралық шәкілі
бойынша "АА" ("Standard & Poor's"
және "Fitch" рейтинг
агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "Аа2" ("Moody's Investors
Service" рейтинг агенттігінің
жіктеуі бойынша) төмен емес
(негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала отырып)
рейтинг бағасы бар шетелдік
мемлекеттердің бағалы қағаздары 100
8. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда, "ВВВ" санатынан
("Standard & Poor's" және "Fitch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "Ваа2" санатынан
("Moody's Investors Service"
рейтинг агенттігінің жіктеуі
бойынша) (негізгі қарыз бен
есептелген сыйақы сомасын есепке
ала отырып) төмен болмайтын рейтинг
бағалауы бар шетелдік эмитенттердің
борыштық бағалы қағаздары 100
9. Борыштық бағалы қағаздары ықтимал
шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда "ВВВ" санатынан
("Standard & Poor's" және "Fitch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "Ваа2" санатынан
("Moody's Investors Service"
рейтинг агенттігінің жіктеуі
бойынша) (негізгі қарыз бен
есептелген сыйақы сомасын есепке
ала отырып) төмен болмайтын рейтинг
бағалауына ие шетелдік
эмитенттердің акциялары 100
10. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
(негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала отырып) 100
10-1. Ықтимал шығындар резервін 100
шегере отырып, (негізгі
қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала
отырып) шетел мемлекет-
тердің немесе Қазақстан
Республикасының
ұйымдастырылған
рыноктарында айналыста
жүретін, "ВВ"-ден
("Standard & Poor's" және
"Fіtch" рейтинг
агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "Ва2"-ден төмен емес
("Moody's Investors Servіce"
рейтинг агенттігінің жіктеуі
бойынша) рейтингтік бағасы бар
немесе Қазақстан Республикасының
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі
бойынша "А" рейтингтік бағасы бар
тіркеушіге қатысты аффилиирленген
тұлға болып табылмайтын
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
акциялары және шетел мемлекеттердің
немесе Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған рыноктарында
айналыста жүретін, "ВВ"-ден емес
("Standard & Poor's" және "Fіtch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен
емес ("Moody's Investors Servіce"
рейтинг агенттігінің жіктеуі
бойынша) рейтингтік бағасы бар
немесе Қазақстан Республикасының
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі
бойынша "А" рейтингтік бағасы бар
тіркеушіге қатысты аффилиирленген
тұлға болып табылмайтын
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
борыштық бағалы қағаздары
11. Тазартылған алтын 100
12. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы (негізгі қарыз
бен есептелген сыйақы сомасының елу
процентке азайтылған сомасын есепке
ала отырып) (қор биржасының ресми
тізіміне енгізілген ипотекалық
облигацияларды есепке алмағанда) ең
жоғарғыдан кейінгі санат бойынша
қор биржасының ресми тізіміне
енгізілген тіркеушіге қатысты
аффилиирленген тұлға болып
табылмайтын Қазақстан Республикасы
ұйымдарының мемлекеттік емес
эмиссиялық бағалы қағаздары
(сонымен қатар басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарылған бағалы
қағаздар) 50
12.1. Ықтимал шығындар резервтерін шегере 50
отырып ашық және/немесе аралық
инвестициялық пай қорларының пайлары
12.2 бағалы қағаздармен сауда-саттықты 50
ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар
орталық депозитарийінің және
акционерлері бағалы қағаздар
рыногының кәсіпқой қатысушылары
болып табылатын, бағалы қағаздар
рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі
болып табылатын өзге заңды тұлғалар.
дың ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы, елу процентке
азайтылған акциялары
13. Жұмыскерлер мен басқа да
тұлғалардың дебиторлық қарыздарын
шегеріп тастағандағы тіркеушіге
қатысты аффилиирленген тұлғалар
болып табылмайтын ұйымдардың
дебиторлық қарыздары (ықтимал
шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда)-барлығы (13.1 және
13.2 жолдарының сомасы) сондай-ақ: х
13.1 Шарттың талаптары бойынша үш күннен
аспайтын мерзімге кешіктірілген
тіркеушінің балансы бойынша актив
сомасының жиырма процентінен
аспайтын мөлшерде жұмыскерлер мен
басқа да тұлғалардың дебиторлық
қарыздарын шегеріп тастағандағы
тіркеушіге қатысты аффилиирленген
тұлғалар болып табылмайтын
ұйымдардың дебиторлық қарыздары
(ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда) 100
13.2 Шарттың талаптары бойынша тоқсан
күннен аспайтын мерзімге
кешіктірілген тіркеушінің балансы
бойынша актив сомасының он
процентінен аспайтын мөлшерде елу
процентке азайтылған жұмыскерлер
мен басқа да тұлғалардың дебиторлық
қарыздарын шегеріп тастағандағы
тіркеушіге қатысты аффилиирленген
тұлғалар болып табылмайтын
ұйымдардың дебиторлық қарыздары
(ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда) 50
14 Тіркеушінің баланс құны бойынша
негізгі қаражаттары-барлығы
(14.1-14.3 жолдарының сомасы),
сонымен қатар: х
14.1 меншігіндегі жер немесе тіркеушінің
балансы бойынша актив сомасының он
процентінен аспайтын мөлшерде
тұрақты жер пайдалану құқығындағы
жер 100
14.2 тіркеушінің балансы бойынша
активтердің сомасының он
процентінен аспайтын мөлшердегі
меншігіндегі ғимараттар мен
имараттар 100
14.3 тіркеушінің балансы бойынша актив
сомасының бес процентінен аспайтын
мөлшердегі меншігіндегі машиналар
мен жабдықтар 100
15 Бағдарламалық қамтамасыз ету-баланс
құны бойынша, тіркеушінің балансы
бойынша активтердің сомасының он
процентінен аспайтын мөлшерде 100
16 Барлық өтімді активтер
(1 - 15 жолдарының сомасы) - ЛА х
17 Баланс бойынша міндеттемелер х
18 Меншікті капиталдың ең төменгі
мөлшері (МРСК) х х
19 К
1
"Меншікті капиталдың
жеткіліктілік нормативі"
(16-жол, 17-жол)/18-жол)
1 аз емес х х
___________________________________________________________________
200__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
_______________________________________
(тіркеушінің атауы)
Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған
қосымша мәліметтер
Ескерту: Кестеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 389 , 2006 жылғы 27 мамырдағы N 126 қаулыларымен .
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Белгі.| Көрсеткіштің атауы | Баланс
нің N | | бойынша сома
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
8001 Меншікті немесе тұрақты пайдалану
құқығындағы жер
8002 Меншікті үйлер мен ғимараттар
8003 Меншікті машиналар мен жабдықтар
8005 Басқа негізгі қаражаттар
8006 шарттың талаптары бойынша үш күннен
аспайтын мерзімге кешіктірілген жұмыскерлер
мен басқа да тұлғалардың дебиторлық
қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге
қатысты аффиллиирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары
(ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда)
8007 шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен
аспайтын мерзімге кешіктірілген жұмыскерлер
мен басқа да тұлғалардың дебиторлық
қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге
қатысты аффилиирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары
(ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда)
8008 Басқа дебиторлық қарыз (ықтимал шығындардың
резервтерін шегеріп тастағанда)
8009 Тазартылған алтын
8010 Бағдарламалық қамтамасыз ету
8011 Басқа да бейматериалды активтер
8012 Қазақстан Республикасының және ықтимал
шығындардың резервтерін шегеріп тастап,
ең жоғарғы санат бойынша қор биржасының
ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге
қатысты аффилиирленген тұлға болып
табылмайтын басқа да мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан
Республикасы ұйымдарының беймемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаздары ("Қазақстанның
Даму Банкі" АҚ қор биржасы мен
облигацияларының ресми тізіміне енгізілген
ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда)
(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы
сомасын есепке ала отырып)
8013 ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп
тастағандағы (негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала отырып) (қор
биржасының ресми тізіміне енгізілген
ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда)
ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша қор
биржасының ресми тізіміне енгізілген
тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлға
болып табылмайтын Қазақстан Республикасы
ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық
бағалы қағаздары (сонымен қатар басқа
мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған
бағалы қағаздар)
8014 Ықтимал шығындар резервін шегере отырып,
(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын
есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің
немесе Қазақстан Республикасының ұйымдас.
тырылған рыноктарында айналыста жүретін,
"ВВ"-ден төмен емес ("Standard & Poor's"
және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес
("Moody's Investors Servіce" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік
бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша
"А" рейтингтік бағасы бар тіркеушіге
қатысты аффилиирленген тұлға болып табыл.
майтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының
акциялары және шетел мемлекеттердің немесе
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған
рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден
төмен емес ("Standard & Poor's" және
"Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес
("Moody's Investors Servіce" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік
бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша
"А" рейтингтік бағасы бар тіркеушіге
қатысты аффилиирленген тұлға болып
табылмайтын Қазақстан Республикасы
ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары
8015 Басқа бағалы қағаздар
8016 Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банктерінің шоттарындағы ақша
8017 "А" санатынан төмен емес
("Standard & Poor's" және "Fitch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "А2" санатынан төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ
мерзімді және/немесе қысқа мерзімді,
жеке рейтингісі бар резидент емес-
банктердің шоттарындағы ақша
___________________________________________________________________
Бірінші басшы ________ күні ___________
Бас бухгалтер ________ күні ___________
Орындаушы ____________ күні ___________
Телефон: _____________
Мөрге арналған орын