Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 16 ақпандағы N 52. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1851. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 (V043189) қаулысы.

      Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығының мынадай өлшемдері белгіленсін: 
      1) "Өз капиталының жеткіліктілігі" (К1); 
      2) "Активтердің абсолюттік өтімділігі" (К2). 
      2. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған К1 "Өз капиталының жеткіліктілігі" қаржы тұрақтылығы өлшемінің мәні мыналарды құрау керек екендігі белгіленсін: 
      1) кемінде 30 эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін кемінде 50.000 айлық есептік көрсеткіш; 
      2) 30-дан 100-ге дейінгі эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін кемінде 40.000 айлық есептік көрсеткіш; 
      3) 100-ден астам эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін кемінде 30.000 айлық есептік көрсеткіш. 
      3. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарға арналған К2 "Активтердің абсолюттік өтімділігі" қаржы тұрақтылығы өлшемінің мәні кемінде 1-ді құрау керек екендігі белгіленсін. 
      4. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және осы қаулы мен Ереже Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап 60 күн аяқталғаннан кейін күшіне енгізілсін. 
      5. Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасымен және 2-тармағымен белгіленген К1 "Өз капиталының жеткіліктілігі" қаржы тұрақтылығы өлшемінің ең төменгі мәні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы  Заңы  26-бабының 2-тармағында көзделген өз капиталының ең төменгі деңгейіне қойылатын талаптар ретінде пайдаланатындығы белгіленсін. 
      6. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 5  қаулысының  1-тармағының және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Тіркеушілерге қойылатын талаптарға өзгерістер туралы" 1998 жылғы 7 қыркүйектегі N 13  қаулысының  күші жойылды деп танылсын. 
      7. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолдансын; 
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және қауымдастық нысанындағы "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін; 
      3) Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына жарияласын. 
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.  

     Ұлттық Банк
      Төрағасы 

"Бағалы қағаздар ұстаушылардың    
тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын ұйымдарға      
арналған қаржы тұрақтылығының     
өлшемдерін есептеудің және     
қолданудың және оларды сақтау   
жөнінде есеп берудің тәртібі   
туралы ережені бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы Ұлттық   
Банкі Басқармасының       
2002 жылғы 16 ақпандағы      
N 52 қаулысымен         
бекітілген            

  Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы 
ереже  

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (бұдан әрі - "Тіркеушілер") сақтауға міндетті қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың тәртібін белгілейді.

  1-тарау. "Өз капиталының жеткіліктілігі" қаржы
 тұрақтылығының өлшемдері  

      1. Тіркеушінің өз капиталының жеткіліктілігі (К1) Тіркеушінің өтімді активтері мөлшерінің және оның міндеттемелерінің арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша есептеледі:
                       К1 = ЛА - О, бұл жерде:
      ЛА - Тіркеушінің осы Ереженің 2-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын активтерінің мөлшері;
      О - Тіркеушінің барлық міндеттемелерінің мөлшері. 

      2. Қандай да болмасын міндеттемелермен жүк артылмаған мынадай активтер Тіркеушінің өтімді активтері ретінде мынадай құны бойынша танылады:
      1) ақшалар (қолдай ақшаларды, жолдағы ақша аударымдарын, банк есепшоттарындағы ақшаны қоса алғанда), - баланстық құны бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, - баланстық құны бойынша;
      3) төменде аталған халықаралық қаржы ұйымдары эмиссиялаған бағалы қағаздар, - баланстық құны бойынша:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі,
      Европа қайта құру және даму банкі,
      Америка аралық даму банкі,
      Халықаралық есеп айырысу банкі,
      Азия даму банкі,
      Африка даму банкі,
      Халықаралық қаржы корпорациясы,
      Ислам даму банкі;
      4) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "А" санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған): 
      акциялар - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      облигациялар - 3 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      5) Брокер-дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне "В" санаты бойынша енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған): 
      акциялар - 20 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      облигациялар - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      6) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, - баланстық құны бойынша; 
      7) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан төмен емес ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      8) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар эмитенттердің мемлекеттік емес облигациялары, - 5 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      9) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан төмен емес ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес облигациялары, - 10 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      10) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары, - 20 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      11) халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан төмен емес ("Standard&Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеулері бойынша) немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік эмитенттердің акциялары, - 20 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      12) Тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын және өз капиталы Тіркеушінің өз капиталының 15 процентінен аспайтын мөлшерде, кемінде 5.000.000.000 теңгені құрайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының өзге де акциялары және облигациялары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған), 40 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      13) жалдау ақысы және Тіркеушінің өз мүлкін және оның бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерін сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықтарын (сақтандыру жарналарын) төлеу жөніндегі болашақ кезең шығыстары - 15 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      14) Тіркеушінің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметін көрсету нәтижесінде ғана туындаған, өтеу мерзімі аяқталмаған және мәміленің бастапқы шарттарымен белгіленген мерзімге қатысты ұзартылмаған нәтижесінде осындай берешек пайда болған дебиторлық берешек - 20 процентке кемітілген баланстық құны бойынша; 
      15) Тіркеушінің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға қажетті негізгі құрал-жабдықтары - оның өз капиталының 30 процентінен аспайтын, 20 процентке кемітілген мөлшердегі қалдық құны бойынша; 
      16) Тіркеушінің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыруға қажетті тауар-материалдық қорлары - оның өз капиталының 10 процентінен аспайтын, 15 процентке кемітілген мөлшердегі баланстық құны бойынша. 

      2-1. Тіркеушінің тарату сатысында тұрған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған ұйымдарға қойылатын талаптарды білдіретін активтері өтімді деп танылмайды.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 19 тамыздағы N 296   қаулысымен

      3. Осы Ереженің 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Тіркеушінің өтімді активтерінің құрамына енгізілген мүліктің құны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушының тиісті бағасымен расталу керек. 

  2-тарау. "Активтердің абсолюттік өтімділігі" 
қаржы тұрақтылығының өлшемдері  

      4. Тіркеуші активтерінің абсолюттік өтімділігі (К2) Тіркеушінің ақша сомасының және қаржылық инвестицияларының баланстық құнының оның ағымдағы міндеттемелерінің мөлшеріне қатысы ретінде мына формула бойынша есептеледі: 
                                 Д + И 
                          К2 = --------- , бұл жерде: 
                                 ТО 
      Д - баланстық құны бойынша ақшалар (қолдай ақшаларды, жолдағы ақша аударымдарын, банктік есепшоттардағы ақшаларды қоса алғанда); 
      И - Тіркеушінің осы Ереженің 2-тармағының 2)-11) тармақшаларында аталған бағалы қағаздарға жасаған қаржылық инвестицияларының баланстық құны; 
      ТО - Тіркеушінің ағымдағы міндеттемелерінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу туралы  заңдарына  сәйкес есептелген мөлшері. 

  3-тарау. Қаржы тұрақтылығы өлшемдерін сақтауды бақылау  

      5. Тіркеушінің қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтауды бақылауды бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      6. Тіркеуші қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау мақсатында: 
      1) әрбір жұмыс күні осы күннің басталу жағдайы бойынша қаржы тұрақтылығы өлшемдерінің мәндерін есептеуді жүргізуге. Осы Ереженің 1-қосымшасындағы үлгі бойынша "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтер" бірыңғай құжат ретінде жазбаша түрде ресімделген аталған есептерге күн сайын: 
      Тіркеушінің бірінші басшысы (Тіркеушінің алқалы атқарушы органының басшысы немесе Тіркеушінің атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және бас бухгалтері немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар қол қоюлары; 
      Тіркеушінің мөрінің таңбасымен расталуы; 
      тиісті журналда тіркелуі; 
      оларды сақтауға арналған жеке файл-регистраторда тіркелуі тиіс; 
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға төменде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған және ресімделген мынадай құжаттарды: 
      есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың бірінші күнінің басталардағы жай-күйі бойынша бухгалтерлік балансты; 
      есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың бірінші күнінің басталардағы жай-күйі бойынша жасалған "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерді"; 
      бухгалтерлік балансқа және "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерге" осы Ереженің 2-қосымшасындағы үлгі бойынша түсіндірме жазбаны; 
      ақшаның бар болуы, Тіркеушінің бағалы қағаздарды меншіктеу құқығы және олардың бар болуы, Тіркеушінің өткен тоқсанда сатып алған мүліктің бағасы расталатын құжаттарды ұсынады; 
      3) бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның жазбаша талап етуі бойынша осындай талап ету алынған күннен кейінгі күннен кешіктірмей өткен жұмыс күнінің немесе бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның талабында көрсетілген өзге де өткен күннің басталу жай-күйі бойынша "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерді" қағазға басып ұсынуға міндетті. 

      7. Белгілі бір күннің жағдайы бойынша жасалған "Қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтерді" Тіркеуші бес жыл бойы сақтауы тиіс. 

      8. Осы Ереженің талаптарына сәйкес Тіркеуші ұсынған құжаттарды қарау кезінде бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган одан қаржы тұрақтылығы өлшемдерінің сақталуы туралы мәліметтердің анықтығын тексеру үшін қажетті қосымша құжаттарды талап етуге құқылы. 

      9. Тіркеушінің қаржы тұрақтылығы өлшемдерінің мәндері бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның жекелеген нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Брокер-дилер сәйкес келмеушілік анықталған сәттен бастап бір жұмыс күнінің ішінде осы сәйкес келмеушілік фактісі және себептері туралы, оны жою жөніндегі шаралар жоспарын қоса бере отырып бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу органына хабарлауға міндетті. 

      10. Осы Ережеде белгіленген қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеу және қолдану тәртібін Тіркеушінің сақтамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. 

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2001 жылғы 16 ақпандағы   
N 52 қаулысымен бекітілген 
Бағалы қағаздар ұстаушылардың 
тізілімін жүргізу жөніндегі  
қызметті жүзеге асыратын    
ұйымдарға арналған қаржы    
тұрақтылығының өлшемдерін   
есептеудің және қолданудың   
және оларды сақтау жөнінде  
есеп берудің тәртібі туралы  
ережеге          
1-қосымша         

[ккаажж форматтағы күн] жағдайы бойынша 
[Тіркеушінің ілік септігіндегі атауы]
қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтер

____________________________________________________________________                                        Азаю     Баланстық   Есеп
N              Баптың атауы            проценті     құны    айырысу 
                                     (проценттер)  (теңге)    құны
                                                            (теңге) 
____________________________________________________________________
1.   Ақшалар (қолдай ақшаларды, әлі де          0%
     жолдағы ақша аударымдарын, банк 
     есепшоттарындағы ақшаларды қоса 
     алғанда)      
2.   Қазақстан Республикасының мемлекеттік      0%
     бағалы қағаздары, оның ішінде басқа
     мемлекеттердің заңдарына сәйкес 
     шығарылған     
3.   Халықаралық қаржы ұйымдары                 0%
     эмиссиялаған бағалы қағаздар      
4.   Тіркеушіге қатысты аффилиирленген          10%
     тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан
     Республикасы ұйымдарының "Қазақстан 
     қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне
     "А" санаты бойынша енгізілген 
     мемлекеттік емес акциялары (оның 
     ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына 
     сәйкес шығарылған)      
5.   Тіркеушіге қатысты аффилиирленген          3%
     тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан
     Республикасы ұйымдарының "Қазақстан
     қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне
     "А" санаты бойынша енгізілген 
     мемлекеттік емес облигациялары (оның
     ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына 
     сәйкес шығарылған)       
6.   Тіркеушіге қатысты аффилиирленген          20% 
     тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан 
     Республикасы ұйымдарының "Қазақстан
     қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми тізіміне
     "В" санаты бойынша енгізілген 
     мемлекеттік емес акциялары (оның 
     мемлекеттердің заңдарына 
     сәйкес шығарылған)      
7.   Тіркеушіге қатысты аффилиирленген          10% 
     тұлғалар болып табылмайтын 
     Қазақстан Республикасы ұйымдарының
     "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның ресми 
     тізіміне "В" санаты бойынша енгізілген 
     мемлекеттік емес облигациялары 
     (оның ішінде басқа мемлекеттердің
     заңдарына сәйкес шығарылған)      
8.   Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы      0% 
     бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's"
     және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
     немесе "А2"-ден ("Moody's Investors
     Service" жіктеуі бойынша) төмен емес 
     кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік
     мемлекеттердің мемлекеттік бағалы
     қағаздары      
9.   Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы      10%
     бойынша "А"-дан төмен, бірақ 
     "ВВ"-дан төмен емес ("Standard&Poor's"
     және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
     немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден 
     төмен емес ("Moody's Investors Service"
     жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік
     рейтинг бағасы бар шетелдік 
     мемлекеттердің мемлекеттік бағалы 
     қағаздары      
10.  Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы      5% 
     бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's" 
     және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
     немесе "А2"-ден ("Moody's Investors
     Service" жіктеуі бойынша) төмен емес 
     кредиттік рейтинг бағасы бар 
     эмитенттердің мемлекеттік емес
     облигациялары      
11.  Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы      10%
     бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан
     төмен емес ("Standard&Poor's" және
     "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша) 
     немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден
     төмен емес ("Moody's Investors 
     Service" жіктеуі бойынша) төмен емес
     кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік
     эмитенттердің мемлекеттік емес
     облигациялары      
12.  Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы      10%
     бойынша "А"-дан ("Standard&Poor's"
     және "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
     немесе "А2"-ден ("Moody's Investors
     Service" жіктеуі бойынша) төмен емес
     кредиттік рейтинг бағасы бар шетелдік
     эмитенттердің акциялары      
13.  Халықаралық кредиттік рейтинг шкаласы      20%
     бойынша "А"-дан төмен, бірақ "ВВ"-дан 
     төмен емес ("Standard&Poor's" және 
     "Fitch IBCA" жіктеулері бойынша)
     немесе "А2"-ден төмен, бірақ "Ва2"-ден
     төмен емес ("Moody's Investors Service"
     жіктеуі бойынша) төмен емес кредиттік
     рейтинг бағасы бар шетелдік 
     эмитенттердің акциялары      
14.  Тіркеушіге қатысты аффилиирленген          40%
     тұлғалар болып табылмайтын және өз 
     капиталы Тіркеушінің өз капиталының
     15 процентінен аспайтын мөлшерде, 
     кемінде 5.000.000.000 теңгені құрайтын 
     Қазақстан Республикасы ұйымдарының 
     өзге де акциялары және облигациялары 
     (оның ішінде басқа мемлекеттердің 
     заңдарына сәйкес шығарылған)      
15.  Жалдау ақысымен және Тіркеушінің өз        15%
     мүлкін және бағалы қағаздар 
     ұстаушылардың тізілімін жүргізу
     жөніндегі қызметін жүзеге асыруға 
     байланысты тәуекелдерді сақтандыру 
     кезінде сақтандыру сыйлықтарын 
     (сақтандыру жарналарын) төлеуге 
     арналған шығыстармен ұсынылған болашақ 
     кезең шығыстары      
16.  Тіркеушінің бағалы қағаздар                20%
     ұстаушылардың тізілімін жүргізу 
     жөніндегі қызметін көрсету нәтижесінде
     ғана туындаған, өтеу мерзімі 
     аяқталмаған және мәміленің бастапқы
     шарттарымен белгіленген мерзімге 
     қатысты ұзартылмаған (ұзартылған),
     нәтижесінде осындай берешек пайда 
     болған дебиторлық берешек       
17.  Тіркеушінің бағалы қағаздар                20%
     ұстаушылардың тізілімін жүргізу 
     жөніндегі қызметін жүзеге асыруға 
     қажетті негізгі құрал-жабдықтары -
     оның өз капиталының 30 процентінен
     аспайтын мөлшердегі қалдық құны 
     бойынша      
18.  Тіркеушінің бағалы қағаздар                15%
     ұстаушылардың тізілімін жүргізу
     жөніндегі қызметін жүзеге асыруға 
     қажетті тауар-материалдық қорлары -
     оның өз капиталының 10 процентінен
     аспайтын мөлшердегі баланстық құны
     бойынша   
     Өтімді активтердің жиынтығы 
     Ұзақ мерзімді міндеттемелер 
     Міндеттемелердің жиынтығы 
     "Өз капиталының жеткіліктілігі" 
     К1 өлшемінің мәні, теңгемен
     "Активтердің абсолютті өтімділігі" 
     К2 өлшемінің мәні
____________________________________________________________________

      Бірінші басшы [лауазымы]      [қолы]            [тегі,аты-жөні]

     Бас бухгалтер     [қолы]                        [тегі,аты-жөні]

     М.О. 

 Қазақстан Республикасы     
 Ұлттық Банкі Басқармасының   
2001 жылғы 16 ақпандағы    
N 52 қаулысымен бекітілген   
Бағалы қағаздар ұстаушылардың 
тізілімін жүргізу жөніндегі  
қызметті жүзеге асыратын    
ұйымдарға арналған қаржы    
тұрақтылығының өлшемдерін   
есептеудің және қолданудың   
және оларды сақтау жөнінде  
есеп берудің тәртібі туралы  
ережеге           
 2-қосымша         

[Тіркеушінің ілік септігіндегі атауы] бухгалтерлік балансына   және қаржы тұрақтылығының өлшемдерін сақтау туралы мәліметтеріне [ккаажж форматтағы күн] жағдайы бойынша
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

     1. Ақша:
     кассадағы қолдай ақша, теңге: 
     банк есепшоттарындағы ақша, теңге: 
____________________________________________________________________
Рет     Банктің атауы     Есепшоттың нөмірі Есепшоттың түрі   Қалдық
NN 
____________________________________________________________________
 А           1                     2                   3         4
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жиынтығы: 
____________________________________________________________________
     өзге де ақша, теңге:   

     2. Қаржылық инвестициялар:
____________________________________________________________________
Рет    Бағалы     Бағалы    Бағалы қағаздың       Атаулы  Баланстық
N    қағаздар   қағаздың    ұлттық немесе   Саны  құны,     құны, 
    эмитентінің   түрі      халықаралық           теңге     теңге 
      атауы                  бірегейлендіру
                                нөмірі
____________________________________________________________________
 А     1           2             3            4      5        6
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жиынтығы:
____________________________________________________________________

     3. Тіркеушінің бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу 
жөніндегі қызметін көрсету нәтижесінде ғана туындаған, өтеу мерзімі
аяқталмаған және мәміленің бастапқы шарттарымен белгіленген мерзімге
қатысты ұзартылмаған, нәтижесінде осындай берешек пайда болған
дебиторлық берешек:
____________________________________________________________________
Рет  Клиенттің   Көрсетілген   Берешектің     Берешектің  Берешектің
N     атауы      қызметтердің  пайда болған  өтелген күні   мөлшері,
                   түрі            күні                      теңге
____________________________________________________________________
 А      1           2               3             4            5
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жиынтығы:
____________________________________________________________________

     4. Негізгі құрал:
____________________________________________________________________
Рет        Атауы          Сатып             Саны        Қалдық құны,
                      алынған күні                         теңге
____________________________________________________________________
 А          1              2                  3             4
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жиынтығы:
____________________________________________________________________

     5. Тауар-материалдық запастар:
____________________________________________________________________
Рет        Атауы          Сатып             Саны        Қалдық құны,
 N                     алынған күні                         теңге
____________________________________________________________________
 А           1              2                 3              4
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жиынтығы: 
____________________________________________________________________

     6. Болашақ кезеңдер шығысы:
____________________________________________________________________
Рет   Контрагенттің атауы  Алынған қызметтердің  Болашақ кезеңдердің
 N                               атауы           келтірілген шығыс.
                                                 тарының мөлшері,
                                                 теңге
____________________________________________________________________
A           1                    2                        3
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Жиынтығы:
____________________________________________________________________

      Бірінші басшы [лауазымы]        [қолы]       [тегі,аты-жөні]

     Бас бухгалтер                   [қолы]       [тегі,аты-жөні]

     М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады