Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2138 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2003 жылғы 27 қаңтар - 9 ақпанда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 229 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2424 тіркелген) қаулысымен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61 және 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20 бірлескен қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2794 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауындағы, 1-тармағындағы және қосымша мәтінінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
мәтіннің жоғарғы оң жақ бұрышындағы, атауындағы және 1-тармағындағы "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта:
"мен қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне" деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "беретін" деген сөз өзгермейді;
3-тармақтағы:
"мен қаржылық есепке қосымша мәліметтері" деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "жасалады" деген сөз өзгермейді;
7-тармақта:
бірінші абзацтағы "және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзац алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "5-қосымшаға сәйкес ұсынылған заемдар және қаржы лизингі туралы есеп және осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп" деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацтағы ", қаржылық есепке қосымша мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;
1, 2, 3 және 3-1-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышындағы "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің
Төрағасы
2004 жылғы 23 желтоқсан