Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2138 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 5 суәірде тіркелді. Тіркеу N 2794. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына , "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2138 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 27 қаңтар - 9 ақпанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2138 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 229 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2424 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықтың:

      1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті органға)";

      2-тармақтағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ алынып тасталсын;

      5-тармақтың:
      3) тармақшасындағы:
      "ақша қозғалысы туралы есеп" деген сөздерден кейін "(жанама әдіс)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "." белгісі ";" белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп - N 4 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-1-қосымшасы);
      5) есепке түсіндірме жазба.";

      6-тармақтың:
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалды нормативтерді есептеу үшін қосымша деректер (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы);";
      3) тармақшасы алынып тасталсын;
      4) тармақшадағы "." белгісі ";" белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың балансы;
      6) есепті жылға қаржылық есепке жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар уәкілетті органға мынадай кезеңділікпен қаржылық есепті және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есеп) ұсынады:
      ай сайын, есепті айдан кейінгі төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың балансы, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сай кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша деректер;
      тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есеп, 5-қосымшаға сәйкес ұсынылған заемдар және қаржы лизингі туралы есеп және осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп;
      жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есеп, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс), осы Нұсқаулықтың 3-1 қосымшасына сәйкес меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп, қаржылық есепке қосымша мәліметтер, есепке түсіндірме жазба, есепті жылға қаржылық есепке жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп";

      8-тармақтағы "Ұлттық Банктің филиалы" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тасталсын;

      11-тармақ алынып тасталсын;

      14-тармақтағы "Ұлттық Банктің филиалы" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтағы "Ұлттық Банктің филиалы" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ алынып тасталсын;

      17-тармақтағы "Ұлттық Банктің филиалы" деген сөздер "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ алынып тасталсын;

      19-тармақтағы "Ұлттық Банк" деген сөздер "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақтағы "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;

      1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Кредиттік серіктестіктердің 
және ипотекалық      
компаниялардың қаржылық есеп 
пен қаржылық есепке қосымша  
мәліметтер беру тізбесі,   
нысандары мен мерзімдері   
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша  
N 1 нысан          

200___ жылғы жағдай бойынша
бухгалтерлік баланс
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                      мың теңгемен

___________________________________________________________________
             Активтер                    |Ескерту|200_    |есепті
                                         |       |жылғы   |кезеңнің
                                         |       |31      |соңында
                                         |       |жел.    |
                                         |       |тоқсанда|
___________________________________________________________________
                 1                           2       3       4
___________________________________________________________________
Қолма-қол валюта                            1
Қазақстан Республикасының Ұлттық            2
Банкіндегі салымдар мен корреспонденттік
шоттар
Саудаға арналған бағалы қағаздар (ықтимал
шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 3
Банктердегі және банк операцияларының       4
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттiк
шоттар (ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)
Заемдар және қаржылық жалдау (ықтимал
шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 5
Клиенттерге қойылатын басқа талаптар
(ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                     6
Басқа бағалы қағаздар (ықтимал
шығындарға арналған резервтерді
шегергенде)                                 7
Капиталға инвестициялар және реттелген
борыш                                       8
Материалдық емес активтер (амортизацияны
шегергенде)                                 9
Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны
шегергенде)                                 10
Басқа активтер (ықтимал шығындарға
арналған резервтерді шегергенде)            11
Активтердің жиынтығы                        12
___________________________________________________________________
         Міндеттемелер
___________________________________________________________________
Банктердiң және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын
ұйымдардың салымдары                        13
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары       14
мен ағымдағы шоттары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің алдындағы 15
берешек
Банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың алдындағы берешек                16
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар         17
Басқа тартылған қаражат                     18
Реттелген борыш                             19
Салық міндеттемелері                        20
Басқа міндеттемелер                         21
Міндеттемелердің жиынтығы                   22
Азшылық үлесі                               23
Азшылық үлесін ескере отырып
міндеттемелердің жиынтығы                   24
___________________________________________________________________
          Меншік капитал
___________________________________________________________________
Жарғылық капитал, оның ішінде:              25
жай акциялар                                26
артықшылықты акциялар                       27
Сыйлықақылар  (Қосымша төленген капитал)    28
Алынған капитал                             29
Резервтік капитал                           30
Басқа резервтер                             31
Таза пайда (шығын):                         32
Алдыңғы жылдардың таза пайдасы (шығыны)     33
Есепті кезеңнің таза пайдасы (шығыны)       34
Капиталдың жиынтығы:                        35
Меншік капитал мен міндеттемелердің
жиынтығы:                                   36
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны";

      2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық 
есеп пен қаржылық есепке қосымша 
мәліметтер беру тізбесі, нысандары 
мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа 
2-қосымша              
N 2 нысан               

200___ жылғы жағдай бойынша
кірістер мен шығыстар туралы есеп
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                   мың теңгемен

___________________________________________________________________
Баптардың атауы           |Ескерту|Есепті |Ағымдағы|Алдыңғы|Алдыңғы
                          |       |кезеңге| жылдың |жылдың |жылдың
                          |       |       |басынан |ұқсас  |басынан
                          |       |       |кезеңге |есепті |ұқсас
                          |       |       |(өспелі |кезеңі.|кезеңге
                          |       |       |жиынтық.|не     |(өспелі
                          |       |       |пен)    |       |жиынтық.
                          |       |       |        |       |пен)
___________________________________________________________________
           1                 2       3      4         5      6
___________________________________________________________________
Сыйақы алуға байланысты
кірістер, оның ішінде:      1
корреспонденттік шоттар
және орналастырылған
салымдар бойынша            2
берілген заемдар және
қаржылық жалдау бойынша     3
бағалы қағаздар бойынша     4
сыйақы алуға байланысты
басқа кірістер              5
Сыйақы төлеуге байланысты
шығыстар:                   6
ағымдағы шоттар және
тартылған салымдар бойынша  7
алынған заемдар бойынша     8
бағалы қағаздар бойынша     9
сыйақы төлеуге байланысты
басқа шығыстар              10
Заемдар бойынша ықтимал
шығынға арналған резервті
қалыптастырғанға дейін
сыйақы алуға байланысты
таза кіріс (шығын)          11
Заемдар бойынша ықтимал
шығынға арналған резервтер
/(резервтерді қалпына
келтіру)                    12
Сыйақы алуға байланысты
таза кіріс (шығын)          13
Дивидендтер түріндегі
кірістер                    14
Комиссиялық және алымдар
түріндегі кірістер          15
Комиссиялық және
алымдарды төлеу жөніндегі
шығыстар                    16
Бағалы қағаздарды сатып
алудан/сатудан түскен
кірістер (шығындар)
(нетто)                     17
"РЕПО" операциялары
бойынша кірістер
(шығындар) (нетто)          18
Саудаға арналған және
сату үшін қолда бар
бағалы қағаздар
құнының өзгеруінен
кірістер (шығындар)
(нетто)                     19
Шетел валютасымен
операциялар бойынша
кірістер (шығындар)
(нетто)                     20
Шетел валютасында
көрсетілген қаржылық
активтерді қайта бағалау
кірістері (шығындары)
(нетто)                     21
Қауымдасқан ұйымдарға
қатысуға байланысты
кірістер                    22
Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
алудан түскен кірістер      23
Сыйақы алуға байланысты
емес басқа операциялық
кірістер                    24
Сыйақы алуға байланысы
жоқ таза кіріс (шығын)      25
Жалпы және әкімшілік
шығыстар                    26
оның ішінде:
еңбекақы және іссапар
төлемдеріне арналған
шығыстар                    27
амортизациялық аударымдар
және тозу                   28
корпоративтік табыс
салығын қоспағанда салықтар
және бюджетке басқа
міндетті төлемдер төлеу
бойынша шығыстар            29
Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
беруден шығыстар            30
Сыйақы төлеуге байланысы
жоқ басқа операциялық
шығыстар                    31
Басқа операциялар бойынша
резервтерді
қалыптастырғанға дейінгі
және салық салғанға
дейінгі пайда (шығын)       32
Басқа операциялар бойынша
ықтимал шығынға арналған
резервтер/(резервтерді
қалпына келтіру)            33
Болжанбаған кірістер
(шығын)                     34
Салық салғанға дейінгі
пайда (шығын)               35
Корпоративті табыс салығы   36
Азшылық үлесіне дейінгі
таза пайда (шығын)          37
Азшылықтың үлесі            38
Таза кірістің (шығын)
жиынтығы                    39
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны";

      3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың     
қаржылық есеп пен қаржылық    
есепке қосымша мәліметтер   
беру тізбесі, нысандары мен    
мерзімдері туралы нұсқаулыққа  
3-қосымша          
N 3 нысан          

200___ жылғы жағдай бойынша
ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                     (мың теңгемен)

___________________________________________________________________
Баптың атауы                              |Ескерту|Ағымдағы|Алдыңғы
                                          |       |жылдың  |жылдың
                                          |       |басынан |басынан
                                          |       |кезеңге |ұқсас
                                          |       |(өспелі |кезеңге
                                          |       |жиынтық.|(өспелі
                                          |       |пен)    |жиынтық.
                                          |       |        |пен)
___________________________________________________________________
           1                                  2      3        4
___________________________________________________________________
Салық салғанға дейінгі кіріс (шығын)          1
Ақшалай емес операциялық баптарға түзету:     2
амортизациялық аударым және тозу              3
күмәнды борыштар бойынша резервтер
бойынша шығыстар                              4
шетел валютасымен операциялар бойынша
жұмсалмаған кірістер мен шығыстар             5
алынатын сыйақы түрінде есептелген кірістер   6
сыйақы төлеу бойынша есептелген шығыстар      7
ақшалай емес баптарға басқа түзетулер         8
Операциялық активтер мен міндеттемелер
өзгергенге дейінгі операциялық кіріс (шығын)  9
Операциялық активтердегі (ұлғаю) азаю         10
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
салымдар мен корреспонденттік шоттардың
(ұлғаюы) азаюы                                11
Саудаға арналған және сату үшін қолда
бар бағалы қағаздардың (ұлғаюы) азаюы         12
Банктердегі және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттік
шоттардың (ұлғаюы) азаюы                      13
Заемдар мен қаржылық жалдаудың (ұлғаюы)
азаюы                                         14
Клиенттерге басқа талаптардың (ұлғаюы)
азаюы                                         15
Басқа активтердің (ұлғаюы) азаюы              16
Операциялық міндеттемелердегі (ұлғаю) азаю    17
Банктердегі және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардағы салымдардың (ұлғаюы) азаюы        18
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен
ағымдағы шоттарының (ұлғаюы) азаюы            19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы
берешектің (ұлғаюы) азаюы                     20
Банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың алдындағы берешектің (ұлғаюы)
азаюы                                         21
Басқа тартылған қаражаттың (ұлғаюы) азаюы     22
Салық міндеттемелерінің (ұлғаюы) азаюы        23
Басқа міндеттемелердің (ұлғаюы) азаюы         24
Операциялық қызметтен ақшаның ұлғаюы
немесе азаюы                                  25
Есептелген корпоративтік табыс салығы         26
Салық салғаннан кейін операциялық қызметтен
ақша ұлғаюының (азаюының) жиынтығы            27
Инвестициялық қызметке байланысты ақша
түсімі мен төлемдер                           28
Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды
сатып алу                                     29
Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды
сату                                          30
Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық
емес активтерді сатып алу                     31
Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
емес активтерді сату                          32
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар және реттелген борыш            33
Басқа түсімдер мен төлемдер                   34
Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаның
ұлғаю немесе азаю жиынтығы                    35
Қаржылық қызметке байланысты ақшалай
түсімдер мен төлемдер                         36
Жарғылық капиталдағы өзгерістер               37
Борыштық міндеттемелерді шығару               38
Сатып алынған меншік акциялар немесе
қатысушылардың үлестері                       39
Дивидендтерді төлеу                           40
Азшылықтың үлесін ұлғайту (азайту)            41
Басқа түсімдер мен төлемдер                   42
Қаржылық қызметтен түскен ақшаның ұлғаю
немесе азаю жиынтығы                          43
Есепті кезеңдегі ақшаның ұлғаю немесе азаю
жиынтығы                                      44
Есепті кезеңнің басындағы ақшаның қалдығы     45
Есепті кезеңнің соңындағы ақшаның қалдығы     46
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны";

      мынадай мазмұндағы 3-1 қосымшамен толықтырылсын:

"Кредиттік серіктестіктердің және 
ипотекалық компаниялардың қаржылық 
есеп пен қаржылық есепке қосымша  
мәліметтер беру тізбесі, нысандары 
мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа 
3-1-қосымша           
N 4 нысан              

200___ жылғы жағдай бойынша
меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)

                                                      мың теңгемен
___________________________________________________________________
                          |Жар. |Сыйлық-|Алын.|Ре.  |Бас. |Таза|Жи.
                          |ғы.  |ақылар |ған  |зерв.|қа   |пай.|ын.
                          |лық  |(Қосым.|капи.|тік  |ре.  |да  |ты
                          |ка.  |ша тө. |тал  |капи.|зерв.|(шы.|ғы
                          |питал|ленген |     |тал  |тер  |ғын)|
                          |     |капи.  |     |     |     |    |
                          |     |тал)   |     |     |     |    |
___________________________________________________________________
               1             2      3      4     5     6    7    8
___________________________________________________________________
Есепті кезеңнің басындағы
сальдо
Есеп жүргізу саясатындағы
өзгерістер және түбірлі
қателерді түзету
Есепті кезеңнің басында
қате есептелген сальдо
Есепті кезеңдегі қосымша
шығарылған (сатып
алынған) меншікті
акциялар
Дивидендтер
Негізгі құрал-жабдықтарды
қайта бағалау
Сатуға қолда бар бағалы
қағаздар құнының өзгеруі
Есепті кезеңдегі таза
пайда (шығын)
Ішкі аударымдар
Резервтік капиталды
қалыптастыру
Негізгі құрал-жаб.
дықтарды жинақталған
қайта бағалаудың
амортизациясы
негізгі құрал-жаб.
дықтардың жинақталған
өзгерісі
Басқа операциялар
Есепті кезеңнің
соңындағы сальдо
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны";

      4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Кредиттік серіктестіктердің және 
ипотекалық компаниялардың қаржылық  
есеп пен қаржылық есепке қосымша   
мәліметтер беру тізбесі, нысандары  
мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа   
4-қосымша            

200___ жылғы "___"_________
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)
кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалдық нормативтерді
есептеуге арналған қосымша деректер

                                                      мың теңгемен
___________________________________________________________________
Белгі|         Белгінің атауы                              |Сомасы
___________________________________________________________________
8001  Кредиттік серіктестік қатысушыларының қосымша
      жарналары
8002  Кредиттік серіктестіктің қатысушыға қоятын талабының
      (оның ішінде берілген заем, ұсынылған лизинг бойынша)
      сомасы, сондай-ақ кредиттік серіктестік қатысушысының
      ақша түріндегі, оның ішінде кредиттік серіктестіктің
      банктік шоттарындағы міндеттемелері бойынша
      қамтамасыз ету сомасын шегергенде кредиттік
      серіктестік қатысушысының алдындағы шартты
      міндеттемелер (оның ішінде кредиттік серіктестік
      қатысушылары үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін
      банктік кепілдік, кепілдеме және өзге де
      міндеттемелер), мемлекеттік бағалы қағаздар, екінші
      деңгейдегі банктердің кепілдіктері мен бағалы
      қағаздары, сауда-саттық ұйымдастырушының ресми
      тізіміне ең жоғары санатпен кірген бағалы қағаздар,
      кредиттік серіктестікке сейфтік сақтауға берілген
      тазартылған қымбат металдар. Осы сомалардың есебіне
      кредиттік серіктестіктің қатысушыға "Аграрлық
      кредиттік корпорация" акционерлік қоғамынан алынған
      кредиттер есебінен сатып алынған талаптар қосылмайды.
8003  Мемлекеттік бағалы қағаздар
8004  Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы
8006  "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының "А"
      санатындағы ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар
8007  Оларды қайта сатып алу талабымен сатылған немесе
      кредиттік серіктестіктің міндеттемелері бойынша
      қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздар
8008  Екінші деңгейдегі банктердегі талап ету бойынша
      депозиттер, "Қазақстан қор биржасы" акционерлік
      қоғамының "А" санатындағы ресми тізіміне қосылған
      бағалы қағаздар
8009  Талап ету бойынша басқа міндеттемелер, оның ішінде
      төлемдер мен ақша аударымдары, жүзеге асыру мерзімі
      бір айдан аспайтын немесе олар бойынша оларды жүзеге
      асыру мерзімдері белгіленбеген қолма-қол ақша беру
      бойынша міндеттемелер
8010  "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамынан
      алынған кредиттер бойынша міндеттемелер
8011  Өз қатысушыларына "Аграрлық кредиттік корпорация"
      акционерлік қоғамынан алынған кредиттер есебінен
      берілген кредиттер бойынша талаптар
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________
      Бас бухгалтер:  _______________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны";

      5-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Кредиттік серіктестіктердің және 
ипотекалық компаниялардың қаржылық  
есеп пен қаржылық есепке қосымша   
мәліметтер беру тізбесі, нысандары  
мен мерзімдері туралы нұсқаулыққа  
5-қосымша               

200___ жылғы "___"_________
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)
берілген заемдар мен қаржылық лизинг туралы есеп

                                                       мың теңгемен
___________________________________________________________________
Заемдар                             |Символ |Есепті күнгі
                                    |       |заемдардың қалдығы
___________________________________________________________________
               1                        2          3
___________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға заемдар:                     100
Заңды тұлғаларға заемдар:              200
      Ауыл шаруашылық мақсаттарға      210
      Өндірістік мақсаттарға           220
      Құрылысқа                        230
      Жылжымайтын мүлік сатып алуға    240
      Қызмет көрсету саласын дамытуға  250
      Басқа заемдар                    260
Жеке тұлғаларға заемдар:               300
      Ауыл шаруашылық мақсаттарға      310
      Тұтынушылық мақсаттарға          320
      Тұрғын үй сатып алуға            330
      Құрылысқа                        340
      Қызмет көрсету саласын дамытуға  350
      Басқа заемдар                    360
___________________________________________________________________

      Кепіл типі бойынша заемдар:
___________________________________________________________________
      Ломбардтық                       410
      Жылжымайтын мүлік                420
      Кепілдіктер және кепілдемелер    430
      Басқа қамтамасыз ету             440
      Бланктік                         450
      Заемдардың жиынтығы              400
___________________________________________________________________

      Олардың ішінде:
      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
      берілген заемдар:
___________________________________________________________________
      Заңды тұлғаларға                 510
      Жеке кәсіпкерлерге               520
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
берілген заемдардың жиынтығы, оның
ішінде                                 500
      Ауыл шаруашылық мақсаттарға      501
      Өндірістік мақсаттарға           502
      Құрылысқа                        503
      Жылжымайтын мүлік сатып алуға    504
      Қызмет көрсету саласын дамытуға  505
      Басқа заемдар                    506
___________________________________________________________________

      Қаржы лизингі
___________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға                              610
Заңды тұлғаларға                       620
Жеке тұлғаларға                        630
Қаржы лизингінің жиынтығы              600
___________________________________________________________________
Анықтама үшін: Заемдар бойынша орташа
алынған сыйақы ставкасы (проценттерде)
___________________________________________________________________
Банктерге және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға заемдар                      700
Заңды тұлғаларға заемдар               800
Жеке тұлғаларға заемдар:               900
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы: _______________    күні ___________
      Бас бухгалтер:  _______________  күні _____________
      орындаушы: _________________
      телефоны:_____________
      Мөр орны".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, кредиттік серіктестіктерге, ипотекалық компанияларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке (3-тармақ бойынша) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға (4-тармақ бойынша) жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы          
      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі
      агенттігінің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады