Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 1 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5715 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 11 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.02.25 № 11(қолданысқа 2011.07.01 енгізіледі) Қаулысымен.

      Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік ұсыну тәртібін оңтайландыру және нысандарын бірегейлендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г. Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және
      қаржы ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі агенттігі
      Төрайымы _______ Бахмутова Е.Л.
      2009 жылғы 5 маусым

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 25 мамырдағы  
N 49 қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ипотекалық ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2138 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген).
      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2371 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 417 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2637 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармаларының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 23 ақпандағы N 20 және 2004 жылғы 23 ақпандағы N 61 бірлескен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2794 тіркелген).
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 168 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3365 тіркелген).
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы " 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3374 тіркелген).
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 170 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3380 тіркелген).
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 171 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3388 тіркелген).
      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3366 тіркелген).
      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 173 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3381 тіркелген).
      12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 176 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3379 тіркелген).
      13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 177 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3364 тіркелген).
      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3373 тіркелген).
      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3390 тіркелген).
      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3385 тіркелген).
      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 508 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4382 тіркелген).
      18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4371 тіркелген).
      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті электрондық тасымалдауыштарда ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 19 наурыздағы N 27 қаулысына қосымшаның 1, 2, 3, 5 -тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4640 тіркелген).
      20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 44 қаулысына қосымшаның 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4702 тіркелген).
      21. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ипотекалық ұйымдардың, арнайы қаржы компанияларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 84 қаулысының 1 және 2-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4905 тіркелген).
      22. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 69 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 қыркүйекте N 5314 тіркелген).
      23. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілікті ұсыну нысандары бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 70 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5312 тіркелген).

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 25 мамырдағы  
N 49 қаулысымен бекітілген

Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – жекелеген қаржы ұйымдары) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаржылық есептілік тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.

2-тарау. Қаржылық есептілікті ұсыну

      2. Жылдық қаржылық есептілікті жекелеген қаржы ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес өздері дербес әзірлеген нысандар бойынша жасайды және оған мыналар кіреді:
      1) бухгалтерлік баланс;
      2) пайдалар мен зияндар туралы есеп;
      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
      4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
      5) түсіндірме жазба.
      РҚАО-ның ескертуі!
      3-тармақ 2009.07.16 бастап қолданысқа енгізіледі - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.

      3. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, еншілес ұйымдары жоқ жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
      Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, еншілес ұйымдары бар жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
      Шоғырландырылмаған және сол сияқты шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынатын жекелеген қаржы ұйымдарына аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін ғана талап етіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.
      3-1. Еншілес ұйымдары жоқ, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйымның растауы талап етілмейтін шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
      Еншілес ұйымдары бар, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
      Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын, банк және (немесе) банктік холдинг оларда ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.
      4. Жекелеген қаржы ұйымдарының уәкілетті органға ай сайынғы және тоқсан сайынғы негізде ұсынылуға тиісті қаржылық есептілігіне мыналар кіреді:
      1) бухгалтерлік баланс – N 1 нысан (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша );
      2) пайда және зиян туралы есеп – N 2 нысан (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша ).
      Пайда және зиян туралы есепті – N 2 нысанды Ұлттық почта операторы осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынады.
      5. Жекелеген қаржы ұйымдары (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақытымен сағат 18-ден кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға осы Нұсқаулықтың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес тек жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Ұлттық почта операторын, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінен кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Ұлттық почта операторы уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей N 1 нысан және N 2 нысан бойынша ай сайынғы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерді ұсынбайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.
      6. Қаржылық есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесімен көрсетіледі.
      7. Қаржылық есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың Қазақстан теңгесімен белгіленеді. Бес жүз Қазақстан теңгесінен кем сома қаржылық есептілікте нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз Қазақстан теңгесіне тең және жоғары сома мың Қазақстан теңгесіне дейін дөңгелектенеді.
      8. Жекелеген қаржы ұйымдары ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерін уәкілетті органға ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілді жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.
      Жекелеген қаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептілігін уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.
      8-1. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептілігін қағаз тасымалдауышпен орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына, ал Алматы қаласында орналасқан ұйымдар Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсынады.
      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.
      9. Қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және жекелеген қаржы ұйымында сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша жекелеген қаржы ұйымы жазбаша сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағазға басып шығарылған, түзетулері және өшірілгені жоқ қаржылық есептілікті ұсынады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.
      10. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған қаржылық есептілік қағазға басып шығарылған қаржылық есептілікке сәйкес келуі тиіс. Электрондық тасымалдауышта ұсынылған деректердің қағазға басып шығарылған нұсқадағы деректермен бірдейлігін жекелеген қаржы ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
      11. Жекелеген қаржы ұйымы ұсынған қаржылық есептілікте толық емес ақпарат немесе қателер табылған жағдайда, сондай-ақ электрондық тасымалдауышпен ұсынылған жылдық қаржылық есептілік оқылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк бұл туралы жекелеген қаржы ұйымына хабарлайды. Жекелеген қаржы ұйымы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулер ескеріле отырып пысықталған қаржылық есептілікті ұсынады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.
      12. Қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбау, ұсынбау немесе қаржылық есептілікте шынайы емес мәліметтер ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

Жекелеген қаржы ұйымдарының   
қаржылық есептілік тізбесі,   
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 1-қосымша  

      N 1 нысан

      ________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы

      (мың Қазақстан теңгесімен)

Баптың атауы

Жол коды

есепті кезеңнің аяғында

өткен жылдың аяғында

1

2

3

4

Активтер




Ақша қаражаты және ақша қаражаты баламалары

1



Тазартылған қымбат металдар

2



Әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған бағалы қағаздар

3



Туынды құралдар

4



Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

5



Дебиторлық берешек

6



Комиссиялық сыйақылар

7



оның ішінде:




зейнетақы активтерінен




зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен/зияннан




Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

8



"Кері РЕПО" операциясы

9



Орналастырылған салымдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

10



Берілген қаржылық жалдау (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

11



Берілген заемдар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде)

12




Инвестициялық мүлік

13



Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар және реттелген борыш

14



Қорлар

15



Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер (шығатын топтар)

16



Материалдық емес активтер (амортизацияны және құнсызданудан болған шығындарды шегергенде)

17



Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны және құнсызданудан болған шығындарды шегергенде)

18



Пайдаға салық бойынша ағымдағы актив

19



Кейінге шегерілген салық активі

20



Басқа активтер

21







Активтердің жиынтығы

22







Міндеттемелер





Тартылған салымдар

23



Туынды құралдар

24



Шығарылған бағалы қағаздар

25



"РЕПО" операциясы

26



Алынған заемдар

27



Кредиторлық берешек

28



Бағалау резервтері

29



Акциялар бойынша акционерлермен есеп айырысулар бойынша есептелген шығыстар

30



Реттелген борыш

31



Пайдаға салық бойынша ағымдағы міндеттемелер

32



Пайдаға салық бойынша кейінге қалдырылған міндеттеме

33



Басқа міндеттемелер

34







Міндеттемелердің жиынтығы

35







Меншікті капитал




Жарғылық капитал

36



оның ішінде:




жай акциялар




артықшылықты акциялар




Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)

37



Алынған капитал

38



Резервтік капитал

39



Басқа резервтер

40



Бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын)

41



оның ішінде:




өткен жылдардағы




есепті кезеңдегі




Азшылық үлесі

42







Капиталдың жиынтығы

43







Капиталдың және міндеттемелердің жиынтығы (36-жол + 44-жол)

44



      2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
      "Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.

Бірінші басшы   ________________________ күні ________
Бас бухгалтер   ________________________ күні ________
Орындаушы       ________________________ күні ________
Телефон         ________________________
Мөрдің орны

Жекелеген қаржы ұйымдарының   
қаржылық есептілік тізбесі,   
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 2-қосымша  

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 N 121 Қаулысымен.

N 2 нысан

________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
пайда мен зиян туралы есебі

      (мың Қазақстан теңгесімен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті кезеңде

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңде (өспелі жиынтықпен)

Өткен жылдың осындай есепті кезеңінде

Өткен жылдың басынан бергі осындай кезеңде (өспелі жиынтықпен)

1

2

3

4

5

6

Сыйақы алумен байланысты кірістер

1





оның ішінде:






корреспонденттік және ағымдағы шоттар бойынша






орналастырылған салымдар бойынша






берілген заемдар бойынша






берілген қаржылық жалдау бойынша






сатып алынған бағалы қағаздар бойынша






"кері РЕПО" операциялары бойынша






Сыйақы алумен байланысты басқа кірістер

2





Комиссиялық сыйақылар

3





оның ішінде:






зейнетақы активтерінен






зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістен/зияннан






Сыйақы алумен байланысты емес банктік және өзге де қызметті жүзеге асырудан кірістер

4





оның ішінде:






аударым операцияларын жүзеге асырудан болған кірістер






клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер






кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер






сейф операцияларын жүзеге асырудан болған кірістер






инкассациядан болған кірістер






Сыйақы алумен байланысты емес банктік және өзге де қызметтен болған басқа кірістер

5





Қаржы активтері бойынша кірістер (шығыстар) (нетто)

6





оның ішінде:






қаржы активтерін сатып алудан/сатудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)






әділ құн бойынша пайда және зиян арқылы есепке алынған қаржы активтері құнының өзгеруінен болған кірістер (шығыстар) (нетто)






Шетел валютасын қайта бағалаудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)

7





Дивидендтер

8





Қауымдасқан ұйымдарға қатысумен байланысты кірістер

9





Активтерді сатудан (шығарудан) болған кірістер

10





Басқа кірістер

11











Кірістердің жиынтығы (1 – 11 аралығындағы жолдар сомасы)

12











Сыйақы төлеумен байланысты шығыстар

13





оның ішінде:






тартылған салымдар бойынша






алынған заемдар бойынша






алынған қаржылық жалдау бойынша






шығарылған бағалы қағаздар бойынша






"РЕПО" операциялары бойынша






Сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар

14





Комиссиялық шығыстар

15





оның ішінде:






басқарушы агентке сыйақы







кастодиандық қызмет көрсету үшін сыйақы







Сыйақы төлеумен байланысты емес банктік және өзге де қызмет бойынша шығыстар

16





оның ішінде:






аударым операцияларын жүзеге асырудан болған шығыстар






клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар






кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар






сейф операцияларын жүзеге асырудан болған шығыстар






инкассацияны жүзеге асырудан болған шығыстар






Операциялық шығыстар

17





оның ішінде:






еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары






амортизациялық аударымдар






материалдарға жасалған шығыстар






пайдаға салынатын салықты қоспағанда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыстар






Активтерді сатудан немесе өтеусіз беруден болған шығыстар

18





Басқа шығыстар

20











Шығыстардың жиынтығы (13 – 20 аралығындағы жолдар сомасы)

21





Резервтерге (провизияларға) аударылғанға дейінгі пайда (зиян)

21-1





Операциялар бойынша болуы ықтимал шығындарға арналған резервтер (резервтерді қалпына келтіру)

21-2






оның ішінде номиналдық кірістіліктің көрсеткіші мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы айырманы өтеуге арналған






Пайдаға салық салынғанға дейінгі таза пайда (шығын), жиынтығы (12-жол – 21-жол)

22











Пайдаға салық

23











Пайдаға салық төленгеннен кейінгі таза пайда (зиян) (22-жол – 23-жол)

24





Тоқтатылған қызметтен пайда (зиян)

25











Азшылық үлесі

26











Кезеңдегі таза пайда (зиян), жиынтығы (24-жол +/– 25-жол – 26-жол)

27





      2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
      "Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.

Бірінші басшы   ___________________________ күні ________
Бас бухгалтер   ___________________________ күні ________
Орындаушы       ___________________________ күні ________
Телефон         ___________________________
Мөрдің орны

Жекелеген қаржы ұйымдарының   
қаржылық есептілік тізбесі,   
нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулыққа 3-қосымша  

N 2 нысан

________________________________________________________________
(Ұлттық почта операторының толық атауы)
20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
пайда мен зиян туралы есебі

      (мың Қазақстан теңгесімен)

Баптың атауы

Жол коды

Есепті кезеңде

Ағымдағы жылдың басынан бергі кезеңде (өспелі жиынтықпен)

Өткен жылдың осындай есепті кезеңінде

Өткен жылдың басынан бергі осындай кезеңде (өспелі жиынтықпен)

1

2

3

4

5

6

Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан болған кіріс

1





Сатылған дайын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны

2





оның ішінде:






материалдарға жасалған шығыстар






еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары






Жалпы пайда (1-жол – 2-жол)

3





Қаржылық қызметпен байланысты кірістер






Сыйақы алумен байланысты кірістер

4





оның ішінде:






корреспонденттік және ағымдағы шоттар бойынша






орналастырылған салымдар бойынша






берілген заемдар бойынша






берілген қаржылық жалдау бойынша






сатып алынған бағалы қағаздар бойынша






"кері РЕПО" операциялары бойынша






Сыйақы алумен байланысты басқа кірістер

5





Сыйақы алумен байланысты емес кірістер

6





оның ішінде:






аударым операцияларын жүзеге асырудан болған кірістер






клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер






кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған кірістер






инкассацияны жүзеге асырудан болған кірістер






Қаржылық қызметпен байланысты басқа кірістер

7





Қаржы активтері бойынша кірістер (шығыстар) (нетто)

8





оның ішінде:






қаржы активтерін сатып алудан/сатудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)






әділ құн бойынша есепке алынған қаржы активтері құнының өзгеруінен болған кірістер (шығыстар) (нетто)






Шетел валютасын қайта бағалаудан болған кірістер (шығыстар) (нетто)

9





Қаржылық қызметпен байланысты емес басқа кірістер

10





Басқа заңды тұлғалардың капиталына қатысудан болған кірістер

11





Активтерді сатудан (шығарудан) болған кірістер

12





Басқа кірістер

13











Кірістердің жиынтығы (3 – 13 аралығындағы жолдар сомасы)

14











Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатумен байланысты шығыстар

15





Операциялық шығыстар

16





оның ішінде:






еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары






амортизациялық аударымдар






салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша шығыстар (пайдаға салықтан басқа)






Қаржылық қызметпен байланысты шығыстар






Сыйақы төлеумен байланысты шығыстар

17





оның ішінде:






тартылған салымдар бойынша






алынған заемдар бойынша






алынған қаржылық жалдау бойынша






шығарылған бағалы қағаздар бойынша






"РЕПО" операциялары бойынша






Сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар

18





Сыйақы төлеумен байланысты емес қаржылық қызмет бойынша шығыстар

19





оның ішінде:






аударым операцияларын жүзеге асырудан болған шығыстар






клирингтік операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар






кассалық операцияларды жүзеге асырудан болған шығыстар






инкассацияны жүзеге асырудан болған шығыстар






Басқа шығыстар

20











Шығыстардың жиынтығы (15 – 20 аралығындағы жолдар сомасы)

21











Пайдаға салық салынғанға дейінгі таза пайда (зиян), жиынтығы (14-жол – 21-жол)

22











Пайдаға салық

23











Пайдаға салық төлегеннен кейінгі таза пайда (зиян) (22-жол – 23-жол)

24





Тоқтатылған қызметтен болған пайда (зиян)

25











Азшылық үлесі

26











Кезең ішіндегі таза пайда (зиян), жиынтығы (24-жол +/– 25-жол – 26-жол)

27





      2-бағанда түсіндірме жазбада көрсетілген баптар бойынша ескертпелердің нөмірлері көрсетіледі.
      "Азшылық үлесі" бабы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасаған кезде толтырылады.

Бірінші басшы   ___________________________ күні ________
Бас бухгалтер   ___________________________ күні ________
Орындаушы       ___________________________ күні ________
Телефон         ___________________________
Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады