Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласының Әділет департаментінің 2005 жылғы 1/10-2-5975 хатымен.
___________________________________
"Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысында және 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың қалалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты, Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ
"Шағын кәсіпкерлік
субъектілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы" (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 30 қаңтарда N 242 болып тіркелген, және 2003 жылдың 8 ақпанындағы N 18-19 "Астана ақшамы" және 2003 жылдың 6 ақпанындағы N 14 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) қаулысының 2-тармағына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Астана-инновация" бизнес-инкубаторының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры, комиссия төрағасы;
Мұқанов Елтай Жанәбілұлы - Астана қаласы Қаржы департаменті бастығының орынбасары;
Ережепова Ләззат Рахымжанқызы - Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Әлібеков Абзал Советұлы - Астана қаласы әкімі аппараты экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы;
Асқаров Абай Асқарұлы - Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаменті шағын бизнесті дамыту бөлімінің бастығы;
Ілиясов Төлеубек Әубәкірұлы - "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" МКК-ның директоры.
Жоғарыда атап көрсетілген комиссияның құрамынан шығарылсын: Т.И. Яковлева, Ә.Н. Түсіпбеков, О.Қ.Тәуірбеков.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар: