Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға түспеген).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1230қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.С.Мамытбековке жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
Әкім аппараты құжаттамалық
сараптама бөлімінің меңгерушісі
Әкім аппараты экономикалық
талдау және мониторинг
бөлімінің меңгерушісі
Күрделі құрылыс
департаментінің директоры
Мемлекеттік сатып алу
департаментінің директоры
Энергетика және су ресурстары
департаментінің директоры
Коммуналдық мүлік
департаментінің директоры
"Астана су арнасы"
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
"Астанаэнергосервис"
акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы
"Қалалық электр желілері"
жабық акционерлік қоғамының
бас директоры
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 17 тамыздағы
N 3-1-1640қ қаулысымен
Бекітілді
Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік
қабылдау және оны әрі қарай пайдалану
ережесі
Осы Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" зандарына сәйкес Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау және оны әрі қарай пайдалану процесін реттеу мақсатында әзірленген.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1230қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
1-тарау. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
әкімдік - Астана қаласының әкімдігі;
мүлік - ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары, жабдықтар, құрал-сайман, көп жылдық екпе ағаштар және басқа да мүліктер түрлері;
коммуналдық заңды тұлға - жергілікті бюджет есебінен қаржыланатын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;
тапсырушы тарап - Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік тапсыратын тарап (айырбас шартында тапсырушы тарап мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлға болып табылады);
қабылдаушы тарап - мүлікті Астана қаласының коммуналдық меншік мүлігін меншік балансына шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында қабылдайтын тарап (айырбас шартында қабылдаушы тарап мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлға болып табылады);
уәкілетті орган - мемлекеттік коммуналдық мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге Астана қаласы әкімімен уәкілетті мемлекеттік орган.
2-тарау. Коммуналдық меншікке мүлік қабылдау
2. Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік келесі негіздер бойынша қабылдануы мүмкін:
1) коммуналдық заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен салынған объектілерді пайдалануға енгізу;
2) коммуналдық заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен мүлік сатып алу;
3) мүлікті республикалық меншіктен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалар) коммуналдық меншігінен өтеусіз тапсыру;
4) айырбас шарттарының негізінде мүлік сатып алу;
5) мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғалармен мүлікті өтеусіз тапсыру;
6) коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті сатып алу (белгіленген тәртіпте иесіз болып танылған; мұралану құқығы бойынша мемлекетке өткен, оның ішінде өлген адамнан қалған мұра; олжаларды, қадағалаусыз жануарларды, тарихи және мәдени мұраларға жататын заттары жоқ қазыналардың үлестерін сатып алу; басқа негіздер бойынша мүлікті сатып алу).
$1. Коммуналдық заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен салынған объектілерді пайдалануға енгізу
3. Коммуналдық заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен салынып жатқан ғимараттарға, құрылыстарға және басқа да мүліктерге шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы осы мүліктің құрылысы аяқталған сәттен бастап пайда болады.
4. Егер заңнамалық актілермен немесе шартпен құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау қарастырылса, онда осы қабылдаудан кейін тиісті мүліктің құрылысы аяқталған болып саналады.
5. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі (мемлекеттік нормативтермен белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) тіркеу органындағы дайын құрылыс өніміне мүліктік құқықты тіркеудегі бастапқы құжат болып табылады.
$2. Коммуналдық заңды тұлғалардың қаражаттары
есебінен мүлік сатып алу
6. Коммуналдық заңды тұлғалар өз қаражаттары есебінен мүлікті сатып алуды бюджеттік заңнамаға, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік кәсіпорындар туралы заңнамаларға сәйкес жүзеге асырады.
7. Қабылдау-тапсыру актілері, фактура шоттары немесе басқа да қосымша құжаттардың негізінде коммуналдық заңды тұлғаның балансына бекітілген сәттен бастап сатып алынған мүлік коммуналдық меншікке түскен болып саналады.
$3. Мүлікті республикалық меншіктен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалар) коммуналдық меншігінен өтеусіз тапсыру
8. Мүлікті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне тапсыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Облыстардың (республикалық маңызы бар қала) коммуналдық меншігінен мүлік тапсыру Астана қаласының әкімімен келісілгеннен кейін шығарылатын тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала) әкімдігі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Облыс (республикалық маңызы бар қала) әкімдігінің Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік тапсыру туралы шешімінде қабылдаушы тарап және тапсыру объектісі туралы қажетті деректер көрсетіледі.
$4. Айырбас шарттарының негізінде мүлік сатып алу
10. Коммуналдық заңды тұлғалар олардың балансына бекітілген мүлікті мемлекеттік емес заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың мүлкіне әкімдіктің шешімі және уәкілетті орган мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғалармен жасасқан айырбастау шарты негізінде айырбастауға құқылы.
11. Меншік мүлкін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне айырбастауға ниет еткен коммуналдық заңды тұлға әкімдікке мүлікті айырбастау жөнінде шешім шығару туралы өтініш білдіреді. Айырбастау қажеттілігі дәлелденген өтінішке: тапсырушы тараптың жазбаша келісімі және әр айырбас объектісі бойынша баға беру туралы екеуден кем болмайтын есеп қоса беріледі.
12. Әкімдіктің тапсырмасы бойынша уәкілетті орган ұсынылған құжаттар мен деректерді тексереді, қажет болған жағдайда айырбас объектілердің тікелей қарауын жүргізеді, ол туралы акт жасалады. Уәкілетті орган айырбас объектілері бойынша қосымша деректер сұратуға құқылы.
13. Коммуналдық заңды тұлға мүлкінің құны ретінде уәкілетті орган ұсынылған екі есептен ең жоғарғы бағалау құнын қабылдайды; мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлға мүлкінің құны ретінде орташаланған бағалау құны қабылданады.
14. Ұсынылған құжаттар мен деректерге тексеру жүргізілгеннен кейін, айырбас негіздігіне қарай уәкілетті орган мүліктің айырбасын жүргізу мүмкіндігі немесе мүліктің айырбасынан бас тарту қажеттілігі туралы қорытынды шығарады.
15. Уәкілетті органның қорытындысы әкімдікпен қарастырылады, содан соң тиісті шешім қабылданады.
Коммуналдық заңды тұлғаның мүлкін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне айырбастау туралы әкімдіктің шешімімен уәкілетті органға мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғалармен айырбас шартын жасасу жүктеледі.
16. Айырбас шарты негізінде коммуналдық заңды тұлға мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғалармен бірлесіп, уәкілетті орган бекітетін қабылдау-тапсыру актілерін жасайды.
$5. Мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғалармен
мүлікті өтеусіз тапсыру
17. Мемлекеттік емес заңды немесе жеке тұлғалар, оларға меншік құқығымен тиесілі мүлікті Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтеусіз тапсыруға құқылы.
18. Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлікті өтеусіз тапсыруға ниет еткен тапсырушы тарап осы туралы әкімдікке тапсырылып жатқан мүліктің атауы мен сипаттамасын, құнын және басқа да деректерді көрсетіп, одан кейін мүлікті қайтару бойынша талаптары жоқ өтініш береді.
Тапсырушы тарап басқа да деректерді көрсетуіне және (немесе) тапсыру объектісі бойынша құжаттарды қоса беруіне болады.
19. Өтеусіз тапсыру объектісі кез келген мүлік, оның ішінде болашақта салынатын мүлік бола алады.
20. Мүлікті коммуналдық меншікке өтеусіз тапсыру туралы түскен өтініштер уәкілетті органға және (немесе) инженерлік коммуникацияларды немесе басқа да қалалық инфрақұрылымдардың объектілерін тапсырған жағдайда тиісті пайдаланушы ұйымдарға коммуналдық меншікке мүлікті өтеусіз қабылдау мүмкіндігін және тиісті қорытынды беру мәселесін пысықтау үшін жолдайды.
Уәкілетті органның және (немесе) пайдаланушы ұйымның қорытындысы әкімдікте қарастырылады.
21. Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдаудан бас тартуға негіз болмаған жағдайда уәкілетті орган немесе қабылдаушы тарап мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы ұсыныспен келісетіндігі туралы әкімдік шешімінің жобасын әзірлейді. Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы ұсыныспен келісетіндігі туралы әкімдіктің шешімінде қабылдаушы тарап, тапсыру объектісі туралы қажетті деректер, сондай-ақ уәкілетті органға мүлікті сыйға беру шартын жасасу тапсырмасы көрсетіледі (шарттың жобасын қабылдаушы тарап әзірлейді).
22. Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдаудан бас тартуға негіз болған жағдайда уәкілетті орган немесе қабылдаушы тарап тапсырушы тарапқа уәждемелі бас тарту береді.
$6. Коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша
түскен мүлікті сатып алу
23. Коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша түскен мүлік (белгіленген тәртіпте иесіз болып танылған; мұралану құқығы бойынша мемлекетке өткен, оның ішінде өлген адамнан қалған мұра; олжаларды, қадағалаусыз жануарларды, тарихи және мәдени мұраларға жататын заттары жоқ қазыналардың үлестерін сатып алу; басқа да мүліктер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың Ережесінде қарастырылған тәртіпте уәкілетті органмен есепке алынады.
24. Егер аталған мүлік коммуналдық заңды тұлға үшін мүдделі болса, ол аталған тұлғаның өтініші негізінде қабылданатын уәкілетті органның шешімімен оның балансына бекітілуі мүмкін.
25. Жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке түскен мүлікті балансына қабылдауға ниет еткен коммуналдық заңды тұлға болмаған жағдайда, уәкілетті орган жоғарыда аталған Ережеде белгіленген тәртіпте мүлікті сату шараларын қабылдайды.
3-тарау. Коммуналдық меншікке түскен мүлікті пайдалану $1. Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдауды ресімдеу
26. Астана қаласының коммуналдық меншігіне мүлік қабылдау туралы шешім қабылданғаннан кейін отыз күннен аспайтын мерзімде (16-тармақта көрсетілген жағдайлардан басқа) тапсырушы және қабылдаушы тараптармен қол қойылатын және уәкілетті органмен бекітілетін мүлікті қабылдау-тапсыру актісі ресімделеді. Объектімен бірге қажетті техникалық және басқа да құжаттар тапсырылады.
27. Мүлік коммуналдық меншікке коммуналдық заңды тұлғаның балансына бекітусіз тапсырылатын жағдайда уәкілетті орган қабылдау-тапсыру актісінде қабылдаушы тарап болып табылады (оның балансына қоюсыз). Бұдан кейін мұндай мүлік коммуналдық заңды тұлғаның балансына уәкілетті органның шешімімен бекітілуі мүмкін.
28. Қабылдау-тапсыру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде, рәсімдеуге қатысушы әр тарапқа бір-бір данадан үш данада жасалады.
$2. Мүлікті пайдалану
29. Осы Ережемен белгіленген тәртіпте Астана қаласының коммуналдық меншігіне түскен мүлік уәкілетті органның шешімімен коммуналдық заңды тұлғаның балансына, егер мүлік құрылтайшылық құжаттармен белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес пайдаланылатын болса, соңғысының өтініші бойынша бекітілуі мүмкін.
30. Астана қаласының коммуналдық меншігіне түскен мүлікті мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға тапсыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
4-тарау. Қорытынды ереже
31. Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.12.21 № 16-1230қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
32. Осы Ережеде аталмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.